Қазіргі заман өнеріндегі «ғаламның ақыры»

Батыстық оркениетгер коммунистік эсхатология мен ілкі қауымдық халықтардың милленаризмімен теңесе алмайды. Бүгінде, күннен күнге өсіп келе жатқан термоядролық қарудың кесірінен дүниенің апатты ақырының болуы қаупі бар. Батыстың тұрғындарының санасында бүл ақыр толық және біржолата болмақ, оның артында дүниені жаңадан жарату болмақ емес. Бүл жерде біздің қолымызда бүгінгі дүниедегі атомдық апат алдындағы үрейдің көп санды көріністерін жүйелі түрде талдау мүмкіндігі жоқ. Бірақ, Басқа, батыс европалық мәдениеттің осымен сабақтасқан домендері бізге назар аударарлық сияқты болып көрінеді. Біздің ғасырымыздың басынан бастап пластикалық өнерлер, ондай ­ ақ, әдебиет пен музыка соншама түбегейлі формацияны басынан кешірді, нақты осы жағдайда көркем тілдің бұзылуы» жөнінде айтуға болады. Бейнелеу өнерінен бастап, осынау «көркем тілдің қиратылуы» поэзияны, прозаны, ал, соңғы уақыттарда, Ионескодан театрды да жайлай бастады. Жекелеген жағдайларда біз бүткіл жаһандық өнердің жойылғандығы жөнінде айтуға болады. Жуық арада жасалған шығармаларды зерттеу олардың авторлары, құдды, бейнелеу өнерінің бүкіл тарихын қазуға дейін жеткізуге талпынып отырғандай әсер қалдырады. Бұл ілкі бастаулық ұқсас бірдеме сияқты, Хаосқа батудан да асып түсетін қиратуға пара­пар. Бірақ, осындай туындыларға қарап отырып, автордың әлденені іздеп жүргенін, бірақ әлденесін көрсете алмағанын аңғаруға болады. Оған мистикалық өнердегі өзінен бұрынғы революциялардың қалдырып кеткен мұрасының қирандылары мен сынықтарын құрту, отан, өнер тарихын нөлден бастауға мүмкіндік тану үшін материяның тумақтық формаларына жақындап кету қажет болды. Бүгінгі суретшілердің көпшілігінде мистикалық тілді қирату» анағүрлым күрделі процестің бірінші фазасы ғана, одан кейін міндетті түрде жаңа жаһан жаратылады деген түсінік бар сияқты көрінеді. Бірінші революционерлер мен қиратушыларға тән болған нигилизм мен пессимизм — қазіргі заманғы өнер үшін ескіріп қалған дүние қабыл (мировосприятие).

Біздің уақытымызда түскен суретшінің бірде­біреуі өз өнерінің деградациясына сөзсіз жоқ болатындығына сенбейді. Бұл көзқарас тұрғысынан алғанда олардың позициясы «қарабайыр» позицияны еске түсіреді: олар, жаңа дүниенің жаратылуына мүмкіндік беру үшін, дүниенің қирауына олардың дүниесінің, олардың көркем жаһанының құрылуына) «қолғабыс жасады». Мұндай мәдени құбылыстың » шуы нақ суретшілердің ғана өркениеттің немесе қоғамның күштері болып табылатындығынан, төтенше тақта анықталмаған (беймәлім) масса маңызды. Суретші өзінің шығармашылығында әлеуметтік және мәдени өмірдің басқа салаларында бір немесе екі ұрпақ, өткен соң келуі тиіс нәрсені алдын­ала көрсете алады. Көркем тілдің қиратылу уақытының психоанализ дамуындағы шарықтау уақытына сәйкес келгендігін атан өтуге болады. Жан дүниенің тұңғиығының психологиясы бастауларға деген жоғарғы дәрежеде бағзы қоғамның адамына тән қызығушылыққа айрықша мән береді. Бүгінгі өнердегі Заман ақыры туралы мифке деген қызығушылық процесінің бірте­бірте қайта жаңғыруын бүге­шігесіне дейін зерттеу төтенше қызықты болар еді. Біз, суретшілердің, кейде айтылып жүргендей, жай тана неврастеник емес екендігін, керісінше, психикалық тұрғыдан қарағанда олардың көптеген замандастарының көпшілігіне қарағанда анағүрлым сау екендігін көрер едік. Олар кәміл жаңарудың нағыз ақырдан бұрын жүзе аспайтындығын түсініп те қойған. Өз замандастарының ішінен суретшілер бірінші болып, ішінде адам баласы бір мезгілде өмір сүре, көзайым бола және армандай алатын, шығармашылық елестетудің жаһанын, жаңадан төрісу үшін өз дүниесін шыныменен қиратуға барлық күшін жұмсады.

Читайте также:  Лексикалық семантика және семантикалық валенттілік

Оставить комментарий