ҚАЗІРГІ ЖАПОНИЯДАҒЫ ӘКІМШІЛІК-САЯСИ РЕФОРМАЛАР

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңіліс тапқан Жапония 1947 жылы күшіне енген түбегейлі өзгерістерге ұшыраған жаңа Ата заң- ды қабылдап, онда қазіргі жоғары дамыған аза- маттық қоғамның институттары мен нормалары – адам мен азаматтың либералды құқықтары және бостандығы, кәсіпкерлікпен айналысу бостандығы мен жеке меншікті құрметтеу, билік тармақтарының бөлінуі мен өзара бақылануы, заңның жоғары тұруы, ұлттық егемендік пен бейбітшілік қағидалары тұжырымдалған. Жаңа Конституция негізінде құрылған атқа- рушы билік пен мемлекеттік-әкімшілік басқару- дың (МӘБ) жүйесі соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Атқарушы билік пен МӘБ жүйесіндегі кең ауқымды өзгерістер іс жүзінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында жүзеге асып, Жапон басқарушы табының саяси стратегия- сында түбегейлі өзгерістерімен белгілі болды. Осы саяси төңкеріс ХХ ғ. 70-80 жж. тоғысында орын алып, Я.Накасонэ үкіметі басқа жоғары дамыған елдермен бірге біруақытта жапон мемлекеттік саясатында неолиберализм идеяла- рын бекіту жөнінде алғашқы шектеулі қадамда- рын жасай бастады /1, 5/. Жалпы «неолиберализм» терминіне қысқа- ша тоқталатын болсақ, «неолиберализм» сөзі «нео» «жаңа» және «либерализм» сөздерінен құрылған. «Либерализм» сөзі 17-18 ғасырларда еуропалық елдерде пайда болған идеялық және қоғамдық-саяси ағым, ол азаматтық, саяси және экономикалық бостандықтар қағидасын жария- лайды. Дж.Локк, А.Смит, Ш.Монтескье және тағы басқалардың тұжырымдамаларындағы либерализм бастамалары абсолютизм мен феодалдық ұстанымдарға қарсы бағытталды. Либерализм идеялары алғашқы рет АҚШ Конституциясында (1787 ж.) және Францияның Адам және азамат құқықтары декларациясында (1789 ж.) өз көрінісін тапты. ХІХ–ХХ ғғ басында либерализмнің негізгі ережелері: аза- маттық қоғам, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық мемлекет, демокра- тиялық саяси институттар, жеке кәсіпкерлік пен сауда жасау бостандықтарын қалыптастырды. Қазіргі либерализм – неолиберализм еркін нарық механизмі экономикалық қызметінің тиімді жұмыс жасауына, әлеуметтік және экономикалық процестерді реттеуге неғұрлым қолайлы жағдай туғызды. Жапон ғалымдарының арасында «неолибе- рализм» термині соңғы жылдары көп қолданы- лып жүр. Көптеген зерттеушілер кейнсианшыл- дық қағидасы «мемлекеттің жақсы ғұмыр кешуі» (фукуси-кокка) идеологиясынан бас тартып, еркін нарық, жеке кәсіпкерлік қағида- ларын барынша пайдалануға басым назар аударуды жөн санайды. Жапон неолибералдары саясаттың әр саласында дағдарыстан өту үшін радикалды шешімдерді қабылдауға шақырады. Экономикада – олар жеке бастаманы қолдауды, мемлекеттік реттеуді шектеуді, жекешелендіру мен орталықтан біршама алшақ болуды (децен- трализация), әлеуметтік салада – азаматтардың мемлекет алдында жауапкершілігін азайтуды, әлеуметтік кепілдіктерді алып тастауды дұрыс деп санайды. Бірақ осындай өзгерістерге бару үшін қоғамның қарсылығын жеңетін мықты авторитарлы мемлекет қажет. Қазіргі жапон үкіметі мемлекетті тиімді басқаруды, биліктің әкімшілік ресурстарын күшейтуді қолдаушылар қатарында. Жапониядағы неолиберализм тұжырымда- масының белсенді түрде жүзеге асырылуы 1990 – 2000 жж. басындағы кезең болып саналады. Бұл кезең Жапония тарихында «Қырғиқабақ соғыстан кейінгі кезең» деген атпен танымал. 20 ғасырдың соңғы он жылында анықталған қосымша факторлардың пайда болуы КСРО- ның құлауы, социализм жүйесінің жойылуы және «қырғиқабақ соғыстың» аяқталуы Қиыр Шығыс пен Тынық мұхиты аймағында жаңа әскери-саяси жағдайдың туындауы жапон үкіметін «форс-мажорлық» жағдайда реформа жасауға күштеді /2, 218/. Бұл факторлар жапон үкіметін біріншіден, осы елдің халықаралық жағдайдағы өзгерістері, екіншіден, либерализм мен нарық бостандығы идеясы туралы ойлан- дырды. Сонымен қатар, әлемдік экономиканың жаһандану процестері ұлттық экономиканы басқаруды жетілдіру, басқа да либералды әдіс- терді іздестіру міндеттерін ортаға қойды. 1990 жылдың басындағы Жапониядағы қаржы дағда- рысы мемлекеттік басқаруды «рационалданды- руды», аппаратты және оның шығындарын қыс- қартуды қажет етті. Жоғарыда келтірілген фак- торлар жапон басшылығын 90-шы жылдардан бастап сөзден іске көшуге итермеледі. 1996 жылдың қараша айында сол кездегі премьер- министр Р.Хасимотоның мәліметінде «50 жыл- дан астам уақыт бойы дамып келген Жапония- ның әлеуметтік-экономикалық жүйесі өзара байланысты реформаларды жүргізу барысында тоқырау жағдайында тұрды. Біздің жұмысымыз – ХХІ-ға лайық жүйе құру» /3, 18/. Елде осындай ауқымды мақсаттарға қолжеткізу үшін конституцияны, парламентті, сайлау, сот жүйе- лерін, саяси партияларды ұйымдастыру мен т.б. өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Қазіргі әкімшілік реформалар 1980 ж. ба- сында Накасонэ үкіметі билігі кезінде жүзеге аса бастады. 1993 ж. экономика мен қоғамды басқаруды мемлекет тарапынан реттеуді азайту жөніндегі кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру мақсатында белгілі қадамдар сол кездегі премьер-министр М.Хосокава тарапынан жасал- ды; сондай-ақ, маңызды заңдардың бірі «Әкім- шілік процедуралар туралы» заң қабылданды. Алайда шынайы жаппай кең ауқымды рефор- малар Р.Хасимото (1996-1998 жж.), К.Обути (1998-2000 жж.), И.Мори (2000-2001 жж.), Д.Коидзуми (2001 ж. сәуірден бастап) үкі- меттері кезінде жүзеге асырылды. Әкімшілік ре- форманы жүзеге асырудың бастапқы құжатына Әкімшілік реформа жөніндегі Үкіметтік кеңес- тің 3 желтоқсан 1997 жылғы Қорытынды баян- дамасы жатады. Баяндама реформаның міндет- тері мен мазмұнын айқындайтын негізгі саяси құжат болып саналады. Кейіннен 1998 ж. мау- сым айында Қорытынды баяндаманың ереже- лерін заңды түрде нығайтқан Орталық министр- ліктер мен басқармаларды реформалау туралы негізгі заң қабылданды. Баяндама мен Негізгі заң реформасының кешенді тұжырымдамасын (кейде оны «Хасимотоның көзқарасы») ұсынып, реформаның негізгі бағыттарын – бұл мемлекет- тің саяси басшылары болып саналатын премьер- министр мен кабинеттің рөлін нығайту, атқару- шы билік орталық аппараты – министрліктер мен басқармалардың құрылымын өзгерту, әкім- шілік қызметінің жаңа формалары мен әдістерін енгізу, мемлекеттің кадр саясатын реформалау, өзін өзі басқаратын органдардың құқықтары мен міндеттерін қайта қарастыру және т.б. Осы баяндама мен заңды жүзеге асыру үшін бұрын- ғы Министрлер кабинеті туралы заң қайта қара- лып, жаңадан Кабинет кеңсесін құру туралы заң қабылданды. Сонымен бірге, биліктің орталық органдарының жаңа құрылымы мен функция- ларын анықтайтын 1999 ж. шілдесінде тағы 17 заң, ал 1999 ж. желтоқсан айында – қосымша 61 заң қабылданды. 14 желтоқсан 2000 ж. кабинет 6 қаңтар 2001 ж. бастап реформалардың жүзеге асырыла бастау туралы шешім қабылданды. Заңдардың бір бөлігі 1 сәуір 2001 ж. бастап күшіне ене бастады. Сонымен әкімшілік рефор- маның маңызды бөлігі жүзеге асырылды. Қазір- гі Д.Коидзумидің кабинеті қызметіне келетін болсақ, оны Жапониядағы сарапшылар «10 жылға кешіккен тэтчеризм» деп бағалайды. «New Left Review» британ журналы қазіргі жапон үкіметінің жаңа саяси іс-әрекеттері тұр- ғысында ой қозғаған Австралия ұлттық универ- ситетінің профессоры Г.Маккормактың «Коид- зумидің жетістіктері» атты мақаласын жария- лайды /4, 64/. Бұл мақалада жапон үкіметінің бағдарламасын жүзеге асыру барысында Жап- ония елінің даму перспективасы сипатталады. Төрт жылдық мерзімге сайланған Д.Коидзу- ми соңғы бірнеше онжылдықта өзінің бұрынғы әріптестеріне қарағанда ұзақ билік құрған пре- мьер-министрлердің бірі. Бұл жағдай Коидзу- мидің өз дәстүрін берік сақтап келген жапондар үшін мемлекетте күрт өзгерістер жасауы нара- зылық тудыру қаупіне қарамастан реформалар- ды жүргізуді жалғастырды. Парламент алдында сөйлеген алғашқы сө- зінде Д. Коидзуми «тыйым салынған аймақсыз құрылымдық реформаларды» жүргізу туралы айтты. Осы реформалардың көмегімен Коид- зуми мемлекетті экономикалық тығырықтан шығаруды көздеді. Д. Коидзуми жариялаған үкімет қызметі- нің жоспары келесі екі бағытта сынға алын- ды. Біріншіден, «тыйым салынған аймақсыз құрылымдық реформаларды» жүргізу жоспа- ры ешқандай нақты мазмұнмен белгіленбей, нақтылықты қажет етті. Екіншіден, реформа- ларды жүргізу барысында тұрғылықты халық қиындыққа кезігетіндіктен «мықты саяси бас- шылық» керек болды. Осы міндеттерді шешу мақсатында Д. Ко- идзуми бірінші кезекте оның алдынғы әріп- тестері тарапынан үкіметтік құрылым рефор- маларын жүзеге асыру нәтижесінде енгізілген мемлекеттік басқару механизмдерінің нова- цияларын белсенді пайдалануға көшті. Бұл жерде премьер-министр заң жобасын ұсыну арқылы үкімет басшысының өкілеттілігін ке- ңейтіп, осының көмегімен Коидзуми каби- нетке «маңызды саяси істер бойынша прин- ципиалды бағытты» анықтауға, сондай-ақ, премьер-министрге тікелей көмек көрсететін құрылымдарды күшейтуге ұсыныс жасай алады /5, 54/. Экономикалық тығырықтан шығу тұжы- рымдамасын жасау үшін Д. Коидзуми Эконо- микалық және қаржы саясаты жөніндегі ке- ңесті құрды. Елдің экономикалық курсын жа- сау барысында Д. Коидзуми кеңеске арқа сүйеуі оның алдын ала Либералды-демокра- тиялық партияда (ЛДП) осы мәселені қарас- тыруды қолдамайтындығы анықталып, Д. Ко- идзуми мен ЛДП арасында қайшылықтар пайда бола бастады. Сонымен қатар, үкімет банк жүйесін рет- теуді, бюджеттік қаражатты жартылай мемле- кеттік компанияларға беруді, құрылыс пен басқа да қоғамдық жұмыстардың көлемін қысқартуды қарастырды. Д. Коидзуми тара- пынан бұрынғы тәртіпті ұстанбай мемлекет- тік шешімдерді жасауы көптеген ықпалды либерал-демократтар тарапынан партияның рөлін төмендетіп, премьер-министр автори- тарлы билікке ұмтылыс жасап отыр деп қабылданды. ЛДП беделі ішкі қайшылық- тардан басқа партия қайраткерлерінің жем- қорлық фактілерінің анықталуы салдарынан да төмендей бастады. Осындай жағдайда Коидзуми үкіметі жеке шешім жасау арқылы жоғарыдағы жоспарды жүзеге асыруды мақсат тұтты. Мысалы, 2005 жылдың тамыз айында жапон парламентінің төменгі палатасы Коидзуми үкіметінің ұлттық пошта қызметін жекешелендіру жөніндегі заң жобасын қабылдамағаннан кейін, Коидзуми императордан тиісті жарлыққа қол қойғызып, парламентті таратып жіберді. Оның үстіне Коидзуми өзі саяси билікке шыққан Либералды- демократиялық партия қатарынан өз қарсылас- тарын жоя бастады. Әрине, поштаны жекешелендіру мәселесі жөніндегі талас-тартыс премьер-министрдің осындай тосын қадамдар жасауына себеп бол- ған жоқ. Жапон пошта жүйесі қарапайым хат- тарды жеткізу қызметінен әлдеқайда кең ау- қымды жұмыстарды атқаратын құрылым. Жа- пон поштасы әлемдегі ең ірі қаржы институты, оның активтері 3 трлн. АҚШ долларын құрай- ды. Қарапайым пошта қызметтерінен бөлек ол жинақ кассалары мен сақтандыру кеңселерін қамтиды. Жапон отбасыларының 70%-дан астамы пошта жүйесінде есеп-шоттар ашып, сақтан- дыру келісім-шарттарына отырған. Пошта қыз- меткерлерінің саны шамамен 260 мың адамнан тұрады, ал елдегі бөлімшелер саны 25 мыңнан асады. Пошта жапондықтардың өмір-салтының ажырамас бөлігі ретінде қабылданады. Мемле- кеттің бақылауында болып келген ол көптеген басқа да мемлекеттік корпорациялар секілді ұзақ уақыт бойы көптеген жапондықтарды зейнетақыға шыққанға дейін жұмыс орынмен қамтамасыз етіп, тұрақтылық сезімін ұялатқан болатын. Поштаны жекешелендіру көптеген жапондықтардың жаппай жұмыстан босауына алып келеді және олардың дүниетанымдық көзқарастарына едәуір әсерін тигізеді. Премьер-министрдің жоспарына сәйкес пошта жүйесі 2007 жылға дейін төрт кезеңмен реформаланып, 2017 жылға қарсы толығымен жеке меншікке берілу қажет деп саналды. Коидзумидің неолибералды көзқарастары АҚШ президенті Дж. Буштың ұстанған позициясымен ұқсас болып келеді. АҚШ бұрыннан Жапония үкіметін пошта жүйесін жекешелендіру туралы ұсыныс жасаған. Міне, сондықтан Д.Коидзуми жақтастарының парламент сайлауындағы жеңісі Буштың жеңісі деп бағалануда. Реформаның көздеген мақсаты — Жапонияда жаңа банк және іскерлік мәдениеттің дамуы, сондай-ақ, бұл реформалар қазіргі уақыттың нарықтық механизмдеріне сәйкес болуы қажет. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, мемлекет бұрынғы схема бойынша пошта құрылымына қолдау көрсетуді тоқтатып, нарық қағидаларына негізделген басқарудың икемді жүйесіне көшуі керек. Д. Коидзуми жоспары жүзеге асқан жағдай- да жапон елінен АҚШ-тың көретін экономика- лық пайдасы орасан зор болмақ. Профессор Маккормактің айтуы бойынша АҚШ Жапония- дан Ұлыбританияның Қиыр Шығыстағы үлгісін жасап, оған осы аймақтағы американдық мүдде- сін қорғайтын өкілеттілікті берді. Жапон премьер-министрінің позициясы болса, толығы- мен Вашингтонның көзқарасымен сәйкес келе- ді. Д. Коидзумидің пошта қызметін жекешелен- діру үшін жүргізген күресі жапон экономикасын барынша либерализациялауға ұмтылыс жасау- дағы маңыздылығын аңғартып отыр. Қазір үлкен мемлекеттік корпорациялар тиімді жұмыс жасамай отыр. Ондағы Адам саны қажетті мөлшерден көп болып, қызметкерлерді басқару өте төменгі деңгейде. Соңында үлкен мемле- кеттік компаниялардағы басқарушы лауазым- дарға үміткердің жеке қасиеттеріне қарамай, таныс арқылы тағайындалатыны әкімшілік ре- формаларды қажет етеді. Д. Коидзумидің әкімшілік реформаларға өзіндік үлес қосуы ЛДП құрамының жауапты орындарға 26 әйелді тағайындауы болып табы- лады. Бұл жағдай басқарушы партияны қазіргі заманға сай әрі өзгерістерге әзір екенін аңғар- тады. ЛДП-ның қыркүйек айындағы жеңісі – болашақта неолибералды саясаттың күшейетін- дігінін көрінісі. Егер осы саясат жүзеге асатын болса, жапондықтар материалдық пайданы қажеттілікпен ұштастырып, күнделікті өмір нормаларынан бас тарту керек болады. Сонымен қатар, премьер-министрдің неолибе- ралды реформаларының алға жылжуымен бірге американдық ықпалдың өсетіндігі сөзсіз. Әкімшілік реформаларына қатысты оның кабинеті реформаның жеке аспектілеріне басым көңіл бөліп, оларды жетілдіріп нақтылауда. Бұл өзгерістердің басым бөлігі «ашық корпорация- ларға» өзгерістер енгізу, басқаруды ақпараттан- дыруға қатысты кейбір қадамдар жасау және т.б. Реформаның ресми аяқталу мерзімі нақты айтылмады. Мысалы, ашық корпорацияларды реформа жүргізу 2005 жылға қарсы аяқтау көзделген болса, қалған өзгерістер 2010 жылға қарсы жүзеге асыру көзделді. Әлбетте, Жапонияда бүкіл саяси жүйені кең ауқымды көлемде реформаның құрамдас бөлігі іс жүзінде атқарушы билік пен мемлекеттік- әкімшілік басқарудың жаңа жүйесінің қалып- тасуы жалпы осы тақырыптың кеңінен зерттеуді талап етеді. Мемлекеттік басқарудың жаңа жү- йесі халықаралық аренада неолиберализм идео- логиясы мен саясаты түрінде таралып жатыр. Алайда осындай кең ауқымды өзгерістер отан- дық және ағылшын тіліндегі ғылыми әдебиет- терде кешенді, жүйелі әрі толыққанды қарасты- рылмаған. Көптеген жапон тіліндегі құжаттар, ғылыми еңбектер тілдік кедергілерге байланыс- ты жапонтанушылардан басқа зерттеушілер үшін зерттеу қиындығын туғызады.

Читайте также:  Шәкәрімтану тарихынан

Оставить комментарий