ҚАЗІРГІ ЖАПОНИЯДАҒЫ НЕОЛИБЕРАЛДЫ ӘКІМШІЛІК-САЯСИ РЕФОРМАЛАР

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жеңіліс тапқан Жапония 1947 жылы күшіне енген түбе- гейлі өзгерістерге ұшыраған жаңа Конституция- ны қабылдап, онда қазіргі жоғары дамыған азаматтық қоғамның институттары мен нормалары – адам мен азаматтың либералды құқықтары және бостандығы, кәсіпкерлікпен айналысу бостандығы мен жеке меншікті құрметтеу, билік тармақтарының бөлінуі мен өзара бақылануы, заңның жоғары тұруы, ұлттық егемендік пен бейбітшілік қағидалары тұжырымдалған. Жаңа Конституция негізінде құрылған атқа- рушы билік пен мемлекеттік-әкімшілік басқару- дың (МӘБ) жүйесі соғыстан кейін ұзақ жылдар бойы айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Атқарушы билік пен МӘБ жүйесіндегі кең ау- қымды өзгерістер іс жүзінде ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында жүзеге асып, Жапон басқарушы табының саяси стратегиясында түбегейлі өзгерістерімен белгілі болды. Осы саяси төңкеріс ХХ ғ. 70-80 ж. тоғысында орын алып, Я.Накасонэ үкіметі басқа жоғары дамыған елдермен бірге біруақытта жапон мемлекеттік саясатында неолиберализм идеяларын бекіту жөнінде алғашқы шектеулі қадамдарын жасай бастады [1, 5]. Жалпы «неолиберализм» терминіне қысқа- ша тоқталатын болсақ, «неолиберализм» сөзі «нео» «жаңа» және «либерализм» сөздерінен құрылған. «Либерализм» сөзі 17-18 ғасырларда еуропалық елдерде пайда болған идеялық және қоғамдық-саяси ағым, ол азаматтық, саяси және экономикалық бостандықтар қағидасын жария- лайды. Дж.Локк, А.Смит, Ш.Монтескье және тағы басқалардың тұжырымдамаларындағы ли- берализм бастамалары абсолютизм мен феодал- дық ұстанымдарға қарсы бағытталды. Либера- лизм идеялары алғашқы рет АҚШ Конституция- сында (1787 ж.) және Францияның Адам және азамат құқықтары декларациясында (1789 ж.) өз көрінісін тапты. ХІХ – ХХ ғ. басында либера- лизмнің негізгі ережелері: азаматтық қоғам, же- ке тұлғаның құқықтары мен бостандықтары, құ- қықтық мемлекет, демократиялық саяси инсти- туттар, жеке кәсіпкерлік пен сауда жасау бос- тандықтарын қалыптастырды. Қазіргі либера- лизм – неолиберализм еркін нарық механизмі экономикалық қызметінің тиімді жұмыс жа- сауына, әлеуметтік және экономикалық процес- терді реттеуге неғұрлым қолайлы жағдай туғыз- ды. Жапон ғалымдарының арасында «неолибе- рализм» термині соңғы жылдары көп қолданы- лып жүр. Көптеген зерттеушілер кейнсианшыл- дық қағидасы «мемлекеттің жақсы ғұмыр ке- шуі» (фукуси-кокка) идеологиясынан бас тар- тып, еркін нарық, жеке кәсіпкерлік қағидаларын барынша пайдалануға басым назар аударуды жөн санайды. Жапон неолибералдары саясаттың әр саласында дағдарыстан өту үшін радикалды шешімдерді қабылдауға шақырады. Экономика- да – олар жеке бастаманы қолдауды, мемлекет- тік реттеуді шектеуді, жекешелендіру мен орта- лықтан біршама алшақ болуды (децентрализа- ция), әлеуметтік салада – азаматтардың мемле- кет алдында жауапкершілігін азайтуды, әлеу- меттік кепілдіктерді алып тастауды дұрыс деп санайды. Бірақ осындай өзгерістерге бару үшін қоғамның қарсылығын жеңетін мықты автори- тарлы мемлекет қажет. Қазіргі жапон үкіметі мемлекетті тиімді басқаруды, биліктің әкімшілік ресурстарын күшейтуді қолдаушылар қатарын- да. Жапониядағы неолиберализм тұжырымда- масының белсенді түрде жүзеге асырылуы 1990 – 2000 ж. басындағы кезең болып саналады. Бұл кезең Жапония тарихында «Қырғиқабақ соғыс- тан кейінгі кезең» деген атпен танымал. XX ғ. соңғы он жылында анықталған қосымша фак- торлардың пайда болуы КСРО-ның құлауы, 4 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (57). 2011 социализм жүйесінің жойылуы және «қырғиқа- бақ соғыстың» аяқталуы Қиыр Шығыс пен Ты- нық мұхиты аймағында жаңа әскери-саяси жағ- дайдың туындауы жапон үкіметін «форс-мажор- лық» жағдайда реформа жасауға күштеді [2, 218]. Бұл факторлар жапон үкіметін біріншіден, осы елдің халықаралық жағдайдағы өзгерістері, екіншіден, либерализм мен нарық бостандығы идеясы туралы ойландырды. Сонымен қатар, әлемдік экономиканың жаһандану процестері ұлттық экономиканы басқаруды жетілдіру, бас- қа да либералды әдістерді іздестіру міндеттерін ортаға қойды. 1990 жылдың басындағы Жапо- ниядағы қаржы дағдарысы мемлекеттік басқа- руды «рационалдандыруды», аппаратты және оның шығындарын қысқартуды қажет етті. Жоғарыда келтірілген факторлар жапон басшы- лығын 90-шы жылдардан бастап сөзден іске көшуге итермеледі. 1996 жылдың қараша айын- да сол кездегі премьер-министр Р.Хасимотоның мәліметінде «50 жылдан астам уақыт бойы дамып келген Жапонияның әлеуметтік-эконо- микалық жүйесі өзара байланысты реформа- ларды жүргізу барысында тоқырау жағдайында тұрды. Біздің жұмысымыз – ХХІ ғ. лайық жүйе құру» [3, 18]. Елде осындай ауқымды мақсат- тарға қолжеткізу үшін конституцияны, парла- ментті, сайлау, сот жүйелерін, саяси партия- ларды ұйымдастыру мен т.б. өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Қазіргі әкімшілік реформалар 1980 ж. ба- сында Накасонэ үкіметі билігі кезінде жүзеге аса бастады. 1993 ж. экономика мен қоғамды басқаруды мемлекет тарапынан реттеуді азайту жөніндегі кең ауқымды реформаларды жүзеге асыру мақсатында белгілі қадамдар сол кездегі премьер-министр М.Хосокава тарапынан жасал- ды; сондай-ақ, маңызды заңдардың бірі «Әкім- шілік процедуралар туралы» заң қабылданды. Алайда шынайы жаппай кең ауқымды рефор- малар Р.Хасимото (1996-1998), К.Обути (1998- 2000), И.Мори (2000-2001), Д.Коидзуми (2001 ж. сәуірден бастап) үкіметтері кезінде жүзеге асырылды. Әкімшілік реформаны жүзеге асыру- дың бастапқы құжатына Әкімшілік реформа жөніндегі Үкіметтік кеңестің 3 желтоқсан 1997 жылғы Қорытынды баяндамасы жатады. Баян- дама реформаның міндеттері мен мазмұнын айқындайтын негізгі саяси құжат болып санала- ды. Кейіннен 1998 жылдың маусым айында Қорытынды баяндаманың ережелерін заңды түрде нығайтқан Орталық министрліктер мен басқармаларды реформалау туралы негізгі заң қабылданды. Баяндама мен Негізгі заң реформа- сының кешенді тұжырымдамасын (кейде оны «Хасимотоның көзқарасы») ұсынып, реформа- ның негізгі бағыттарын – бұл мемлекеттің саяси басшылары болып саналатын премьер-министр мен кабинеттің рөлін нығайту, атқарушы билік орталық аппараты – министрліктер мен басқар- малардың құрылымын өзгерту, әкімшілік қыз- метінің жаңа формалары мен әдістерін енгізу, мемлекеттің кадр саясатын реформалау, өзін өзі басқаратын органдардың құқықтары мен мін- деттерін қайта қарастыру және т.б. Осы баянда- ма мен заңды жүзеге асыру үшін бұрынғы Министрлер кабинеті туралы заң қайта қаралып, жаңадан Кабинет кеңсесін құру туралы заң қабылданды. Сонымен бірге, биліктің орталық органдарының жаңа құрылымы мен функция- ларын анықтайтын 1999 жылдың шілдесінде тағы 17 заң, ал 1999 жылдың желтоқсан айында – қосымша 61 заң қабылданды. 14 желтоқсан 2000 жылы кабинет 6 қаңтар 2001 жылдан бастап реформалардың жүзеге асырыла бастау туралы шешім қабылданды. Заңдардың бір бөлігі 1 сәуір 2001 жылдан бастап күшіне ене бастады. Сонымен әкімшілік реформаның ма- ңызды бөлігі жүзеге асырылды. Қазіргі Д.Коид- зумидің кабинеті қызметіне келетін болсақ, оны Жапониядағы сарапшылар «10 жылға кешіккен тэтчеризм» деп бағалайды. «New Left Review» британ журналы қазіргі жапон үкіметінің жаңа саяси іс-әрекеттері тұр- ғысында ой қозғаған Австралия ұлттық универ- ситетінің проф. Г.Маккормактың «Коидзумидің жетістіктері» атты мақаласын жариялайды [4, 64]. Бұл мақалада жапон үкіметінің бағдарла- масын жүзеге асыру барысында Жапония елінің даму перспективасы сипатталады. Төрт жылдық мерзімге сайланған Д.Коидзу- ми соңғы бірнеше онжылдықта өзінің бұрынғы әріптестеріне қарағанда ұзақ билік құрған премьер-министрлердің бірі. Бұл жағдай Коид- зумидің өз дәстүрін берік сақтап келген жапон- дар үшін мемлекетте күрт өзгерістер жасауы на- разылық тудыру қаупіне қарамастан реформа- ларды жүргізуді жалғастырды. Парламент алдында сөйлеген алғашқы сө- зінде Д.Коидзуми «тыйым салынған аймақсыз құрылымдық реформаларды» жүргізу туралы айтты. Осы реформалардың көмегімен Коид- зуми мемлекетті экономикалық тығырықтан шығаруды көздеді. Д.Коидзуми жариялаған үкімет қызметінің жоспары келесі екі бағытта сынға алынды. Бі- ріншіден, «тыйым салынған аймақсыз құры- лымдық реформаларды» жүргізу жоспары ешқандай нақты мазмұнмен белгіленбей, нақты- лықты қажет етті. Екіншіден, реформаларды жүргізу барысында тұрғылықты халық қиын- дыққа кезігетіндіктен «мықты саяси басшылық» керек болды. Осы міндеттерді шешу мақсатында Д.Коид- Вестник КазНУ. Серия востоковедения. №4 (57). 2011 5 зуми бірінші кезекте оның алдынғы әріптестері тарапынан үкіметтік құрылым реформаларын жүзеге асыру нәтижесінде енгізілген мемлекет- тік басқару механизмдерінің новацияларын бел- сенді пайдалануға көшті. Бұл жерде премьер- министр заң жобасын ұсыну арқылы үкімет бас- шысының өкілеттілігін кеңейтіп, осының көме- гімен Коидзуми кабинетке «маңызды саяси іс- тер бойынша принципиалды бағытты» анықтау- ға, сондай-ақ, премьер-министрге тікелей көмек көрсететін құрылымдарды күшейтуге ұсыныс жасай алады [5, 54]. Экономикалық тығырықтан шығу тұжырым- дамасын жасау үшін Д.Коидзуми Экономика- лық және қаржы саясаты жөніндегі кеңесті құр- ды. Елдің экономикалық курсын жасау бары- сында Д.Коидзуми кеңеске арқа сүйеуі оның алдын ала Либералды-демократиялық партияда (ЛДП) осы мәселені қарастыруды қолдамайтын- дығы анықталып, Д.Коидзуми мен ЛДП арасын- да қайшылықтар пайда бола бастады. Сонымен қатар, үкімет банк жүйесін рет- теуді, бюджеттік қаражатты жартылай мемле- кеттік компанияларға беруді, құрылыс пен басқа да қоғамдық жұмыстардың көлемін қысқартуды қарастырды. Премьер-министр «Негізгі курстың» «жеті реформа бағдарламасына» қатты көңіл бөлген болатын. Бұл реформалар келесі бағыттарды қарастырды: 1. «Жекешелендіру мен реттеу реформасы». Бұл реформа ерекше заңды тұлға болып сана- латын қоғамдық кәсіпорындарды жекешелен- діру. Басты міндет жекешелендіру нысандарын зерттеу, әсіресе мемлекеттік пошта қызметін. 2. «Таңдау жасауға қолдау көрсету» рефор- масы жаңа тауарлар мен қызмет өндірісін реттеу мен жаңа кәсіпорындарды ашып, капиталды осы кәсіпорындардың акцияларына айналдыру мақ- сатында салық жүйесінде қолайлы жағдай жа- сауды көздеді. 3. Сақтандыру мүмкіншіліктерін кеңейту. 4. Интеллектуалды капиталды екі есеге арт- тыру. 5. Жергілікті өзін өзі басқаруды күшейту. 7. Бюджеттік реформаны жүзеге асыру. Осы жоспарды жүзеге асыру кезінде Коидзуми мен ЛДП арасындағы жан-жал шие- ленісе түскен болатын. Д.Коидзуми тарапынан бұрынғы тәртіпті ұстанбай мемлекеттік шешімдерді жасауы көп- теген ықпалды либерал-демократтар тарапынан партияның рөлін төмендетіп, премьер-министр авторитарлы билікке ұмтылыс жасап отыр деп қабылданды. ЛДП беделі ішкі қайшылықтардан басқа партия қайраткерлерінің жемқорлық фактілерінің анықталуы салдарынан да төмен- дей бастады. Осындай жағдайда Коидзуми үкі- меті жеке шешім жасау арқылы жоғарыдағы жоспарды жүзеге асыруды мақсат тұтты. Мыса- лы, 2005 жылдың тамыз айында жапон парла- ментінің төменгі палатасы Коидзуми үкіметінің ұлттық пошта қызметін жекешелендіру жөнін- дегі заң жобасын қабылдамағаннан кейін, Коидзуми императордан тиісті жарлыққа қол қойғызып, парламентті таратып жіберді. Оның үстіне Коидзуми өзі саяси билікке шыққан Либералды-демократиялық партия қатарынан өз қарсыластарын жоя бастады. Әрине поштаны жекешелендіру мәселесі жөніндегі талас-тартыс премьер-министрдің осындай тосын қадамдар жасауына себеп бол- ған жоқ. Жапон пошта жүйесі қарапайым хат- тарды жеткізу қызметінен әлдеқайда кең ауқым- ды жұмыстарды атқаратын құрылым. Жапон поштасы әлемдегі ең ірі қаржы институты, оның активтері 3 трлн. АҚШ долларын құрайды. Қарапайым пошта қызметтерінен бөлек ол жи- нақ кассалары мен сақтандыру кеңселерін қам- тиды. Жапон отбасыларының 70% астамы пошта жүйесінде есеп-шоттар ашып, сақтандыру келі- сім-шарттарына отырған. Пошта қызметкерлері- нің саны шамамен 260 мың адамнан тұрады, ал елдегі бөлімшелер саны 25 мыңнан асады. Пошта жапондықтардың өмір-салтының ажыра- мас бөлігі ретінде қабылданады. Мемлекеттің бақылауында болып келген ол көптеген басқа да мемлекеттік корпорациялар секілді ұзақ уақыт бойы көптеген жапондықтарды зейнетақыға шыққанға дейін жұмыс орынмен қамтамасыз етіп, тұрақтылық сезімін ұялатқан болатын. Поштаны жекешелендіру көптеген жапондық- тардың жаппай жұмыстан босауына алып келеді және олардың дүниетанымдық көзқарастарына едәуір әсерін тигізеді. Премьер-министрдің жоспарына сәйкес пошта жүйесі 2007 жылға дейін төрт кезеңмен реформаланып, 2017 жылға қарсы толығымен жеке меншікке берілу қажет деп саналды. Коидзумидің неолибералды көзқарастары АҚШ президенті Дж.Буштың ұстанған позициясымен ұқсас болып келеді. АҚШ бұрыннан Жапония үкіметін пошта жүйесін жекешелендіру туралы ұсыныс жасаған. Міне, сондықтан да, Д.Коидзу- ми жақтастарының парламент сайлауындағы жеңісі Буштың жеңісі деп бағалануда. Реформаның көздеген мақсаты — Жапонияда жаңа банк және іскерлік мәдениеттің дамуы, сондай-ақ, бұл реформалар қазіргі уақыттың нарықтық механизмдеріне сәйкес болуы қажет. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, мемлекет бұрынғы схема бойынша пошта құрылымына қолдау көрсетуді тоқтатып, нарық қағидаларына 6 ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы. №4 (57). 2011 негізделген басқарудың икемді жүйесіне көшуі керек. Д.Коидзуми жоспары жүзеге асқан жағдайда жапон елінен АҚШ-тың көретін экономикалық пайдасы орасан зор болмақ. Профессор Маккор- мактің айтуы бойынша АҚШ Жапониядан Ұлыбританияның Қиыр Шығыстағы үлгісін жа- сап, оған осы аймақтағы американдық мүддесін қорғайтын өкілеттілікті берді. Жапон премьер- министрінің позициясы болса, толығымен Вашингтонның көзқарасымен сәйкес келеді. Д.Коидзумидің пошта қызметін жекешелен- діру үшін жүргізген күресі жапон экономикасын барынша либерализациялауға ұмтылыс жасау- дағы маңыздылығын аңғартып отыр. Қазір үл- кен мемлекеттік корпорациялар тиімді жұмыс жасамай отыр. Ондағы Адам саны қажетті мөл- шерден көп болып, қызметкерлерді басқару өте төменгі деңгейде. Соңында, үлкен мемлекеттік компаниялардағы басқарушы лауазымдарға үміткердің жеке қасиеттеріне қарамай, таныс арқылы тағайындалатыны әкімшілік реформа- ларды қажет етеді. Д.Коидзумидің әкімшілік реформаларға өзіндік үлес қосуы ЛДП құрамының жауапты орындарға 26 әйелді тағайындауы болып та- былады. Бұл жағдай басқарушы партияны қазір- гі заманға сай әрі өзгерістерге әзір екенін аңғар- тады. ЛДП-ның қыркүйек айындағы жеңісі – бола- шақта неолибералды саясаттың күшейетіндігі- нің көрінісі. Егер осы саясат жүзеге асатын бол- са, жапондықтар материалдық пайданы қажет- тілікпен ұштастырып, күнделікті өмір нормала- рынан бас тарту керек болады. Сонымен қатар, премьер-министрдің неолибералды реформала- рының алға жылжуымен бірге американдық ықпалдың өсетіндігі сөзсіз. Әкімшілік реформаларына қатысты оның кабинеті реформаның жеке аспектілеріне басым көңіл бөліп, оларды жетілдіріп нақтылауда. Бұл өзгерістердің басым бөлігі «ашық корпорация- ларға» өзгерістер енгізу, басқаруды ақпараттан- дыруға қатысты кейбір қадамдар жасау және т.б. Реформаның ресми аяқталу мерзімі нақты айтылмады. Мысалы, ашық корпорацияларды реформа жүргізу 2005 жылға қарсы аяқтау көзделген болса, қалған өзгерістер 2010 жылға қарсы жүзеге асыру көзделді. Әлбетте, Жапонияда бүкіл саяси жүйені кең ауқымды көлемде реформаның құрамдас бөлігі іс жүзінде атқарушы билік пен мемлекеттік- әкімшілік басқарудың жаңа жүйесінің қалыпта- суы жалпы осы тақырыптың кеңінен зерттеуді талап етеді. Мемлекеттік басқарудың жаңа жүйесі халықаралық аренада неолиберализм идеологиясы мен саясаты түрінде таралып жатыр. Алайда осындай кең ауқымды өзгерістер отандық және ағылшын тіліндегі ғылыми әде- биеттерде кешенді, жүйелі әрі толыққанды қа- растырылмаған. Көптеген жапон тіліндегі құ- жаттар, ғылыми еңбектер тілдік кедергілерге байланысты жапонтанушылардан басқа зерттеу- шілер үшін зерттеу қиындығын туғызады.

Читайте также:  МАХМУД ҚАШҚАРИ «ДИУАНИ ЛУҒАТ ИТ-ТҮРК» СӨЗДІГІНДЕГІ ОНИМДЕР

Оставить комментарий