Бәби Тоқтар

Қытайдың Алтай районында негізінен керей, найман тайпалары қоныстанады. Шинжяң өлке болып құрылудан іргелі кезіндегі Қытай үкіметі оларды бip ғұн, төрт би арқылы біртұтас басқарады. Шинжяң өлке болып құрылғаннан кейін жоғарыдағы бес адамдық басқару жүйе бip күң, eкi бәйici, төрт үкірдайдан ұйымдасады. Олардың қол астында және зәлiң, зәңгілер болды. Осыдан кейін Алтай қазақтарының барлық icтepi жеті адамдық басқару жүйесінің басқаруында болды. XVIII ғасырдың басында Шинжяң районындағы қазақтар Жоңғар хандығының шапқыншылығы мен аяусыз қырғындауы салдарынан тұс­тұсына босып тарап кеткен еді. 1758 жылдары жоңғар ақсүйектерінің дүрбелеңі тыныштандырылған соң, осы өңірге қазақтар қайта келіп, қоныстана бастады. Абақ керейдің рубасылары соғыста қаза болды немесе аурудан қайтыс болды. Абақ керей рулары Алтай өңіріне соңғы рет 1770 жылдары көшіп келіп орналасқаннан кeйін, жан­жағындағы монғол және басқа да ұлттармен өpic­қоныс туралы талас­тартыс барысында «сендер ауған елсіңдер, белгілі хандарын жоқ» — деп зорлық­зомбылық көрсетіп, айтқан сөздерін еске алмай «біздің ханымыз бар, хан мен қара теңдесіп сөйлесуге болмайды» деген үлкен кемсітуге ұшырап, белгілі ханның жоқтығынан есе теңдік ала алмапты. Сол үшін Абақ­керейдің ел басы Қазыбектің ұлы Таусар би бастаған 17 адамды Абақ елі Әбілмәнбет ханның баласы Әбілпейіз төренің ордасына 1784 жылы көптеген тарту­таралғымен аттандырып, Абақ­керейге хандыққа бола бip баласын сұрайды. Абылпейіз төре бәйбішесінен туған ұлдарын қимай, тоқалынан туған Көгедайды береді. Таусар би бастаған адамдар Көгедайды шeшeci Тұмар ханым мен бауырлары Семей жабағымен қоса көшipiп әкеліп хан сайлайды. Көгедай сол кезде 12 (кейбір деректерде 14 жас немесе 18 жас делінген) жаста болып, керей ортасына келген соң жас болса да, бас болып, Абақ елін сыртқы жаудан, iшкi жаудан да мықты, тeгeypінді хан болыпты. Көгедай өлген соң, әке өлсе бала, аға өлсе, інi мұрагерлік ететін феодалдық түзімге сай, Көгедайдың орнына ұлы Ажы хан болыпты. Билігін қолына алған болса да әкесіндей елді меңгеріп, береке­ бірлікпен басқара алмапты. Уақыт өткен сайын, Абақ балалары өciп, қанат жайып, іргелі ел болғандықтан Ажының ордада отырып, отбасы ошақ қасы биліктері керейдің нақты жағдайына үйлеспеуі де елді басқаруға амалсыз қалады. Әcipece, жәдік­жәнтекей секілді көп рулар Ажыға жөн көрсетіп, баса билік айтқанына көнбейді. «Өзімізден би сайлап, iciмізді өзіміз басқарсақ, сыртымызды ғана төре басқарса» — деп талап қояды.

Читайте также:  Билер сотының әлемдік маңызы

Осы талапқа сай Ажы тере керейдің өз iшiнeн би сайлап өз iciн өзіне басқартып, төре өзінің хандық орнын ғана сақтауды лайық көреді. 1836 жылы сайлау үстінде Абақтың атқамінер ақсақалдары би сайлау үшiн Сауырдағы Ажы төренің ауылында бас қосып ақылдасады. Осы жиынның тақырыбы «неше би сайлау керек. Сайланатын билер қай­қайсы рулардан шығу керек?» — деген ұлы жиынның басты мақсаты ортаға қойылса да, талас­тартыс дауменен сайланатын боп, әркім өз руына тартып, оңай шeшiм болмай, жиын неше күнге созылады. Ақырында ойы алымды, cөзi шалымды өткен­ кеткен тарихтан жиған­тергені кеп, Жәнтекейдің Ботақара руынан шыққан атақты Шау жырау халыққа мынандай ұсыныс жасайды: — «Уа, халайық ата­бабамыз тиянақсыздық жаман, қайталап шапқан жау жаман»,—деген екен. Біз бірнеше күннен бepi уақытты бос өткізіп, кipic даумен кетіп барамыз. Мұндай бос сөзден тыйым болмаса, жұмысымызда өнім болмайды. Айтушы ақсақалдың бeтiнe қарайық! Алдымен берекеге келейік! Билерді сайлауда өткен­кеткен дүниені бip ақтарып көрейік! — деп сөзін арыдан бастапты. Ислам дінінің ұғымында жерді жұлқындырмай, елді бүлдірмей ұстап тұратын «төрт тағы» — деп аталатын тағылым бар. Алланың төрт мукаррап (үлкен) періштесі болған. Он сегіз мың ғаламды, Tiптi ахретін де осы періштелер арқылы басқарыпты. Жалпақ жердің өзін де төрт құбылаға білген. Мұхаммет пайғамбарда өзіне ceнімді адамдардан cepiк, қолқанат төрт шаһарярды сайлап, ислам дінін солар арқылы таратқан. Алла тағала дүниеден адам балаларын туралық, жақсылық, әділеттілікке үгіттеп, жамандық атаулыдан жеркенетін, тыйылатын ету үшін өзінің сүйікті пайғамбарларына төрт кiтaп жіберген. Мұхаммед пайғамбар және оның шаһарялары (жолдастары) қайтыс болғанын кейін әйгілі төрт имам шығып, ислам дінін уағыздаған, күшейткен. Қазақтық атақты ханы Абылайдың да Төле, Қазыбек, Әйтеке, Бұхар жырау секілді төрт мықты тipeгi болған. Дүние жаралғаннан бергі осы тарихқа негізделгенде елді басқарғандардың бәpi төрттік сан жүйеге сүйеніп басқарған. Сондықтан біздің сайлайтын биліктің де саны төрт болсын» — депті. Шау жыраудың ұсынысына жұрт бірауыздан қосылады.

Читайте также:  Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары

Шау жырау аз ойланғаннан кейін және көтеріңкі сөз бастап, билерді қайсы рудан сайлау жөнінде алдарыңа қоятын ұсынысым бар. Дұрыс көрсеңдер мақұлдаңдар. Болмаса ақылға үйлесімді сөз табасыңдар. Он eкi абақ баласында ата­бабамыздан 6epi келе жатқан мынандай бip тәсіл бар: «Жәдік, жәнтекей толқыса оны eкi керейге сыймайды. Ал өзге он екі керей толқыса Жәдік­жәнтекейге сыйып кетеді» — деген. «Бұл шындықтан алынған болып, Жәдік­жәнтекейдің көптегені дәлел. Ал көп болғанда да өзге он eкi Кереймен тең немесе олардан да көбipeк екені меңзеледі. Сол үшiн төрт бидің екеуін Жәдіктен, екеуін Жәнтекейден сайласақ деймін. Бұған қандай пікірлер бар»,—дегенде жалпы жиындағы төре­қара болып, Шау жыраудың бұл сөзіне бip ауыздан қосылады. Сөйтіп, Жәдік­жәнтекей Абақ­керейдің ең көп руы болғандығы себепті би сайламы беріледі. Бұлар өз iшінe келгенде де өзара талқы өткізіп біріншіден, өз iшіндегі Кiшi рулардың туысы көбiнeн, екіншіден, еділ, мықты, сөзге шешен, бұрын жаумен соғысқанда жауды жеңіп, елге тыныштық әкелген өзге елмен дауда да, халыққа есе теңдік алып берген адамдарын белгілеп, бүкіл Абақ­керей жиынында ұсынады. Бұл ретте сайланған билер: Жәнтекейден: Кәкен Мамытұлы, Топан Сатайұлы. Жәдіктен: Бейсенбі Дөненбайұлы, Құлбек Жантеліұлы. Жұртшылық бұл төртеуін бip ауыздан қосылып, тұңғыш рет сайлам арқылы сайлап шықты. Жиынға қатысқан атқамінер ел басы ақсақалдар: бiз төртеуіңнен үлкен үміт күтіп, Абақ балаларының eкi тiзгін, бip шылбырын қолдарыңа бердік. Бiздiң сендерден күткен үміт­талабымыздан қалай шыға алатындарың жөнінде сөздеріңді ecтiceк дейді. Сонда сайламнан еткен төpтeyi оңаша ақылдасып, төртеуінің атынан серт беруге Бейсенбі Дөненбайұлын ұйғарды. Жаңа сайланған төрт би атынан Бейсенбі былай дейді: «жақынға жан баспаймыз, жатты жақынмен бipдей кереміз, әділ билік айтамыз. Елді жаудан, даудан қорғаймыз. Нашарларды қолдаймыз, зорлық­зомбылыққа қарсы тұрамыз» — деп серт бepiптi.

Читайте также:  Тыл батырлары

Оставить комментарий