Сонымен, іс жүзінде миф дегеніміз не? Он сегізінші I асырдың тілінде «бойлымның» сыртына шығып кететіннің барлығы да «миф» деп есептелген: Адамның жаратылуы немесе көзге көрінбейтін адам, сондайақ, зулустар әңгімелеген дүние тарихы, немесе Гесиодтың Теогониясы — осының барлығы да «миф» болған еді. Агатты және Позитивизм заманының басқа да клишелеріне сияқты, қарабайыр христиандық бойынша, Өсиеттің біреуіне немесе екіншісіне жасалған сілтемелер арқылы «дәлелденбегенінің» барлығыда «ойдан шығарылған» деп есептелгендіктен, бұлар да христиандық шығу тегіне не құрылымға ие болған еді. Бірақ, этнологтардың ізденістері бізді, мәжуси дүниеге қарсы бағытталған христиандық полемиканың семантикалық мұрасын қайта қарауға мәжбүр етті. Біз ақыр аяғында мифтің, оған «қарабайыр» және бағзы қоғамдардың, яғни, миф қоғамдық өмір мен мәдениеттің кәміл негізі болып табылатын адамзат қабатының тарапынан салынған мән маңызын сезіне және түсіне бастағандаймыз. Ендігі жерде мынадай факт бірден көзге түседі: осындай қоғамдарда миф, қасиетті тарихты, яғни, адамнан жоғары тұрған, Ұлы Уақыттың таң атарында, бастаудың in illo tempore қасиетті уақытында болып өткен көңіл ашарды кәміл (абсолют) ақиқатты жеткізіп береді деп есептелген. Болымды және қасиетті (киелі) болған миф типтік (дағдылы, үйреншікті) сипатқа ие болды, үлгі етер модель және, белгілі бір дәрежеде күллі адамдық жүрістұрыс атаулыны ақтап алушысы болып табылатындықтан, қайталанып түратын дүниеге айналды. Басқа сөздермен айтқанда, миф уақыт бастауларында болып табылады және адамның жүрісі алады. Құдайдың немесе мистикалық әрекеттерін көшіре (қайталай) олардың бастан кешкендерін жай ғана (егжейтегжейлі түрде) баяндай отырып, бағзы адамның адамы өзін дүниәуйлік уақыттан ажыратып алады және магиялық жолмен қайтадан Ұлы қасиетті уақытта болған болып шығады. Даусыз анығы, бұл жерде біз мұрат құндылықтардың толық орын ауыстыруымен (перестановка) істес болып отырмыз, өйткені, қазіргі заман тілі мифті «ойдан шығарумен» шатастырып алып жүрген шақта, дәстүрлі мәдениеттің адамы одан ақиқаттың мүмкін болар жауыз көңіл ашарын көреді. Осындай қорытынды шығарылғаннан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Біртебірте біз миф мүмкін емес және адам сенгісіз туралы әңгімелейді деген фактіні қорғаштамайтын болдық, миф біздікінен өзгеше ойлау машығы болып табылады деген тұжырымды қанағат ететін болдық, және, кез келген жағдайда да біз мифке о бастан (априорлық) қателесу болмақ деп қарай алмайтын болдық. Біз одан ары қарай жылжи отырып, мифті, ақылойдың жалпы тарихындағы ұжымдық ой машықтың неғұрлым маңызды формасы ретіңде, интеграциялауға тырыстық. Ешбір қоғамда (оның даму деңгейіне қарамастан) ұжымдық ой машық ешқашан да толықтай жоққа шығарылмайтын болғандықтан, біз, қазіргі дүниенің мистикалық жүріс тұрыстың іздерін әлі де болса сақтап отырғандығын көрмей қала алмайтын едік: мәселен, символдардың бүкіл қоғам тарапынан қабылдануы ұжымдық ой машығының сақталу деп жорылады (түсіндіріледі). Өзінің барлық түсінілуімен қоса алғандағы Ұлттық тудың функциясының бағзы мәдениеттердің кез келген символдарының бірінің «дабылдануынан» мүлде айырмасы жоқ екендігін көрсету тым күрделі болмайды.
Бұл қоғамдық өмір жазықтығында бағзы және бүгінгі дүниелердің рет ретімен болатын ауысуында үзіліп қалу жоқ деп айтумен бірдей. Жалғыз тана елеулі айырмашылық бүгінгі қоғамды құрап отырған индивидумдардың көпшілігінде, дәстүрлі қоғамдардың мүшелерінің арасында болмаған, немесе болмаған деуге болатын, дербес (жеке дара) ой машығының болуында жатыр. Бұл жерде «ұжымдық ой машықтың» көтеріп отырған жалпы жөнжосықтарын талқылауды бастауға орын жоқ. Біздің міндетіміз барынша қарапайым: егер миф «қарабайыр» инфантилді немесе қателескен жай ғана туындысы емес, дүниедегі болмыс формасының кескінделуі онда бүгінгі заман мифтері жөнінде не айтуға болар? Немесе барынша нақтылап айтар болсақ, мифтің салтқа негізделген елеулі орнын қандай нәрсе ашып отыр? Тіпті, егер, бүгінгі заман тарапынан кейбір мифтер мен жиынтық символдарды әлі де болса қабылданып» жүрсе де, олары дәстүрлі қоғамдардағы мифтердің атқарған орталық рөлінен тым алыста түр; салыстырғанда біздің қазіргі заманымыз мифтерден ада болған тәрізді көрінеді. Тіпті, қазіргі заманғы адамның барлық індеттері мен дағдарыстары сәйкес (тиісті) мифологияның жоқтығынан болып отыр деген де пікір бар. Ол өзінің кітаптарының бірін «Рух іздеу үстіндегі қазіргі идам» деп атағанда, ол христиандықтан түбегейлі түрде ажырап кеткеннен бері дағдарыста тұрған бүгінгі дүние, тан жаңа рухани қайнарлардан сапырып құйып алуға мүмкіндік бере алатын және оның жасампаздық күштерін жаңартуға мүмкіндік беретін жаңа мифті іздеу үстінде тұр деген ойды ұстанған болатын. Бір қарағанда, бүгінгі заманның (дүниенің) мифтерге сай емес екендігі анық. Мәселен, жаппай ереуілге шығу оқиғасы туралы біздің заманымыздың сирек мифтерінің бірі ретінде әңгімеленген болатын. Бірақ, мұндай түсінікті дұрыс деуге болмайтын: адамдардың басым көпшілігіне кеңінен танымал (популярная) идея, алыс не жақын болашақта мифке айнала алады деп есептеліп жүрген еді. Бірақ, мифтер осылайша «пайда болмайды». Жалпыға ортақ ереуіл саяси тарихы болып табылады және адамның жүріс алады. Құдайдың немесе мистикалық : ісәрекеттерін көшіре (қайталай) олардың бастан кешкендерін жай ғана (егжей тегжейлі түрде) баяндай отырып, бағзы қоғамның адамы өзін дүниәуйлік уақыттан ажыратып алады және магиялық жолмен қайтадан Ұлы қасиетті уақытта тұрған болып шығады. Даусыз анығы, бұл жерде біз мұрат құндылықтардың толық орын ауыстыруымен (перестановка) істес болып отырмыз, өйткені, қазіргі заман тілі мифті «ойдан шығарумен» шатастырып алып жүрген шақта, дәстүрлі мәдениеттің адамы одан ақиқаттың мүмкін болар жалғыз көңіл ашарын көреді. Осындай қорытынды шығарылғаннан бері көп уақыт өте қойған жоқ. Біртебірте біз миф мүмкін емес және адам сенгісіз туралы әңгімелейді деген фактіні қорғаштамайтын болдық, миф біздікінен өзгеше ойлау машығы болып табылады деген тұжырымды қанағат ететін болдық, және, кез келген жағдайда да біз мифке о бастан (априорлық) қателесу болмақ деп қарай алмайтын болдық. Біз одан ары қарай жылжи отырып, мифті, ақылойдың жалпы тарихындағы ұжымдық ой машықтың неғұрлым маңызды формасы ретінде, интеграциялауға тырыстық. Ешбір қоғамда (оның даму деңгейіне қарамастан) ұжымдық ой машық ешқашан да толықтай жоққа шығарылмайтын болғандықтан, біз, қазіргі дүниенің мистикалық жүріс тұрыстың іздерін әлі де болса сақтап отырғандығын көрмей қала алмайтын едік: мәселен, символдардың бүкіл қоғам тарапынан қабылдануы ұжымдық ой машығының сақталу деп жорылады (түсіндіріледі).
Өзінің барлық түсінілуімен қоса алғандағы Ұлттық тудың функциясының бағзы мәдениеттердің кез келген символдарының бірінің «қабылдануынан» мүлде айырмасы жоқ екендігін көрсету тым күрделі болмайды. Бұл қоғамдық өмір жазықтығында бағзы және бүгінгі дүниелердің ретретімен болатын ауысуында үзіліп қалу жоқ деп айтумен бірдей. Жалғыз ғана елеулі айырмашылық бүгінгі қоғамды құрап отырған индивидумдардың көпшілігінде, дәстүрлі қоғамдардың мүшелерінің арасында болмаған, немесе болмаған деуге болатын, дербес (жекедара) ой машығының болуында жатыр. «Қазіргі заман (дүние)» деп автор қазіргі заманғы батыстық қоғамды және қайта өрлеу мен Реформация дәуірлерінен бастап, бірте бірте қалыптасқан ақылойдың белгілі бір жайкүйін түсініп отыр. Бұл мән мағынасында, қала халқының таптарының белсенділігі «қазіргі заманғы» болып табылады — яғни, адамзаттың аздыкөпті ағарту (білім беру) жөне өмір сүріп отырған мәдениеттің қалыптастырған бөлігі болып табылады. Тұрғындардың қалған бөлігі, әсіресе, орталық және оңтүстік шығыс Европада, әлі де болса өздерінің дәстүрлі жөне жартылай христиандық рухани жаһанға жататындығын сақтап отыр. Ауыл шаруашылығы басым мәдениеттер, әдетте, тарих дегенде салғырт; көп жағдайда олар тарихта жай көңілінен бастарынан өткізеді, үлкен тарихи оқиғаларға тап болған жағдайларда (мәселен, ежелгі замандағы басакөктеп кіруі сияқты), оларға тек салғырт қарсыласу түрінде ғана жауап береді. Мифтің өзі де, миф қозғалысқа келтіретін символдар да, психиканың бүгінгі (осы шақтағы) дүниесінен ешқашан да толық жоғалып кетпегенге ұқсайды; ол тек қана өзінің аспектін өзгертеді және өзінің әрекеттерін тұмшалап тастайды. Әлеуметтік деңгейдегі мифтің ісәрекетін ашу және зерттеуімізді жалғастыруымыз сабақ бола ала ма? Тағы бір мысал. Бүгінгі дүниеде атап өтіліп жүрген және сырт көзге таза дүниәуйлік болып көрінетін кейбір мерекелер әлі де болса мифологиялық құрымы мен функциясын сақтап келе жатқандығы анық көрінеді. Жаңа жылды тойлау немесе баланың дүниеге келуімен немесе жаңа үйдің салынып бітуімен байланысты салтанаттар — осылардың барлығы да яғни, толық жаңадан төрі тілуге мүлде жаңа басталуға деген бұлыңғыр түрде болса да сезіліп отырған қажеттілікті көрсетеді . Осынау дүниәуйлік салтанаттардың өзінің мистикалық архетипінен — жаратылудың ауықауық қайталануынан қаншама алыстап кеткеніне қарамастан, қазіргі заман адамының осындай, қаншалықты секулярланып, сценарийлердің ауықауық қайта «ойналып» тұруына деген қажеттілікті әлі де болса сезініп отырғандығы. Қазіргі заман адамының өз мерекелерінің мифологиялық негізін әлі де болса қаншалықты сезіне алатындығын анықтау мүмкіндіктері жоқ; біз үшін осындай салтанаттардың өмірде аз, бұлыңғыр да болса терең серпінге ие болып отырғандығы маңызды. Бұл жалғыз ғана мысал: бірақ та ол бізді заттардың жалпы күйі деп аталатынға қатысты хабардар (қанық) ете алады. Кейбір мифологиялық тақырыптар бүгінгі заманғы мәдениетте әлі де болса сақталып отыр, дегенмен, оларды, ұзаққа созылған секулярлану процесіне түскендіктен де, түстеу оңай болмайды.
Бұл бұрындары ақ белгілі болды: расында да, бүгінгі заманғы қоғамды өмір мен Ғаламның секуляризациясы тыл алысқа әкеткен қоғам деп анықтауға болады. Бүгінгі заманғы дүниенің жаңалығы ежелгі киелі құндылықтарды зайырлы деңгейде қайтадан бағамдауда жатыр . Біз дегенмен, бүгінгі дүниеде «мистикалықтан» ең болмаса бірдеме қалғандығын, одан басқа, әрекет пен құндылықтың, дүниелік деңгейге сәйкес келуі үшін жаңаша жорылған бейнесінің нені көрсететіндігін анықтағымыз келеді. Егер де жарлық құбылыстар осындай сипаттауға сәйкес келіп жатқан болса, бізге, бүгінгі заманғы дүниенің өзіне дейінгі барлық тарихи формаларға қарсы шығып тұр дегенмен келісуге тура келер еді. Бірақ, осындай гипотезаны христиандықтың болуының өзі жоққа шығарады. Христиандық «қазіргі заманғы» мәдениетке тән ғаламға немесе өмірге деген секулярланған көзқарастарды еш мойындамайды. Бірақ уақыт өткен сайын, қазіргі заманғы дүние, христиандық болудан қалды немесе әлі христиандық болып табылмайды деп тұжырымдайтын дауыстар шығып қалып жатады. Біздің алдымызға қойылған міндетті назарда ұстар болсақ, бізге entmythologisierungmке үміт артатындарға, оның мән сүрін (сущность) құрайтын ақиқатты қалпына келтіру мақсатында христиандықты «демифологизациялау» керек деп есептейтіндерге тоқталып жатудың қажеттілігі жоқ. Кейбіреулер мүлде керісінше деп есептейді. Мәселен, Юнга қазіргі заманғы дүниенің дағдарысының себебін христиандық символдар мен «мифтердің» енді уақытта күллі адамдық сүретпен (существо) қабылданбауынан олардың өмірден ада болған, шорланып біткен, сыртқы жайжапсарлармен ғана түсіндіріліп сондықтан да психиканың ғұмыр тұңғиығында ешқандай рөл ойнамайтын сөздер мен қимыл нышандарға дейін қысқаруынан деп түсіндіреді. Біз үшін мәселе басқа болып көрінеді: христиандық, қазіргі заманғы секулярланған және зайырланған (светский, мирской) дүниеде, қаншалықты дәрежеде, бағзы мәдениеттердегі үстемдік еткен мифтің орнымен салыстыруға болатын ұқсас рухани көкжиекті сақтап отыр? Христиандықтың мұндай салыстырудан қорықпауына болатындығын бірден айтуымыз керек; оның ерекшелігі, өздігі, діни дүние сезім sui generis категориясы ретінде және тарихтағы өзінің құндылықтарын ретретімен орналастырған сенімнаныммен сақтандырылған, кепілденген. Иудаизмді есепке алмағанда, христиандыққа дейінгі бірдебір дін, құдайдың дүниемен түзу (тура) және қайтусыз көрісуі ретінде тарихқа да арылудың жалғыз ғана құралы ретінде сенімнанымға да осындай нам бермеген. Сондықтанда, мәжусиліктің діни дүниесіне бағытталған христиандық полемика тарихи жағынан да ескіріп қалып отыр: христиандыққа оны ендігі жерде болмасын басқа бір дінмен немесе гностикалық шатастырылып алу қаупі төніп тұрған жоқ. Осыны барынша жақында ғана белгілі болған «миф дүниедегі белгілі бір жүрістұрыс бейнесін ұсынады» деген жаңалықты көрсете отырып, христиандық, бір ғана фактының, оның болуының арқасында, ең құрығанда, бір мифтік позицияны — литургиялық уақытқа қатысты, яғни, дүниелік ұлы уақыттың ауықауық қайтып қабылдамау позициясын сақтауы тиіс. Христиандар үшін Иисус Христос мифтік тұлға болып есептелмейді, қайта керісінше, ол тарихи кейіпкер болып табылады; оның ұлылығы абсолюттік тарихилыққа негізделген. Христос өзін жай ғана адам, «жалпы алғандағы идам» етіп жасап алған жоқ, арасында дүниеге келуді тандап алған адамдардың тарихи жайкүйін қабылдады да. Және осы тарихилықтан қашу үшін ешқандай да кереметке (мүшелдерді тұрғызып, мерездерді емдеп жаза отырып қаңқалардың «тарихи жағдайын» жұмсарту үшін кереметтерді жасап отырғанына қарамастан) жүгінудің қажеттілігі жоқ.
Соған қарамастан, христианшылдардың діни дүние қабылдауы Христке типтік үлгі ретінде, Құдайдың өмірін қайта тірілуін литургиялық қайталауға және уақытының Христік Вифлеемдегі дүниеге келуімен (рождество) басталатын және шартты түрде оның Самғауымен аяқталатын illus tempus пен дәлме дәл түсуіне биіктеуге негізделеді. Ендігі жерде біз адам үлгісінің кіргізілу типтік сценарийді қайталау және дүниелік уақыттан Ұлы Уақытта ашылатын сәт арқылы шытып кету — «мифтік жүріс тұрыстың», яғни, мифтен өзінің сүрмегінің қайнар көзін көретін бағзы мәдениет адамының жүрістұрысының негізгі нышан көрсеткіштері болып табылатындығын білеміз. Кресттік Азаптар немесе Қайта тірілу арқылы христиан дүниелік уақытты ыдыратылды (шашады, таратады) және ілкі бастаулық және киелі уақытқа бойлап кетеді. Христиандық пен бағзы дүниені ажыратып тұрған түбегейлі өзгешеліктерге тоқталып жатудың қажеттілігі жоқ: дауласпаққа олар тым анық көрініп тұр. Тек біз жаңаға ғана еске салып өткен жүрістұрысты сәйкестендіру ғана қалады. Христиан үшін, бағзы қоғамның адамы сияқты, уақыт біртекті емес, ол өзін «дүниелік» және «киелі» уақытқа бөліп, ауықауық болып тұратын ажыраулардың (үзілулердің) субъектісі болып табылады. Мұндағы «киелі» уақыт, өзін өзі шексіздікке дейін қайталай отырып, бір уақыт болып қала береді, шексіз қайтымсыз болады. Бағзы діндерден айырмашылығы, христиандықтың Уақыттың ақырын жариялайтындығы және күтетіндігі айтылған болатын, мұнысы тарихтың «дүниелік» уақытына қарағанда тұрыс болғанымен, Иисус Христегі құдайлық пен адамдықтың тұтастануынан басталатын литургиялық уақытқа қатысты бұрыс болып шығады. Христиандық illud tempus тарихтың аяқталуымен бітіп қалмайды. Осындай бірнеше үстірт бақылаулар бізге христиандықтың бүгінгі заманғы дүниедегі өмірдің «мифтік» жүрісін нақты қандай мағынада ұзартатындығын көрсетіп берді. Егер біз мифтің кәміл табиғаты мен функциясын есепке (назарға) алатын болсақ, онда христиандықтың бағзы адамның болмысының бейнесінен асып өте алмағанын байқаған болар едік; ол мұны істей алмайтын да еді. Homo naturaliter Christianus . Мифтік жүрістұрыс үшін маңызды болып табылатындардың ішінен типтік үлгінің, қайталаудың, дүниелік шығып о бастағы уақытқа еніп кетудің — ең құрығанда алғашқы екеуінің кез келген адамдық үшін маңызды болып табылатындығын ескерер болсақ, кез келген қоғамның өз мифтерімен толықтай ұштасуы мүмкін емес сияқты болып көрінетін шығар. Мифтер — бұзылмай сақталуы маңызды болған тайпалық (рулық) дәстүрлер мен нормалардың жиынтығы ғана емес, мифтердің, әдетте, құпиялы түріндегі жеткізілуі — азды көпті мөлшерде қазіргі замандағы қоғамның «білім беруіне» эквивалентті. Миф пен біздің көпшілік оқытуымыздың сәйкес фикцияларының гомологиясы европалық білім беру дәстүрі ұстанып отырған типтік модельдердің шығу тегін қарастырған кезде анық байқалады. Ежелгі заманда мифология мен тарихтың арасында ажырату болған жоқ: тарихи кейіпкерлер өздерінің архетиптеріне құдайлар қаһармандарға еліктеуге тырысты. Және, өз кезегінде, бұл кейіпкерлердің өмірі мен іс әрекеттері келесі ұрпақтар үшін үлгіге айналды. Плутарх ғұмыр сипатты (Жизнеописание) — келесі ұрпақтар үшін үлгі болар мысалдардың нағыз қазынасын жазған уақытта жас Римдіктер үшін еліктеудің елеулі мөлшерін қиюластырып қойған еді.
Осы кейіпкерлердің моральдық және азаматтық қасиеттері европалық педагогиканы, әсіресе, Қайта өрлеу дәуірінен кейін ең жоғарғы критерийлермен қамтамасыз етуін жалғастыра берді. Он тоғызыншы ғасырдың ортасына дейін европалық білім беру әлі де болса, европалықтар грек латын мәдениетінің дамуының ең шарықтау нүктесі есептейтін классикалық көнеліктің архетиптеріне ілесіп, щ illo tempore пайда болған, модельдерді үлгі еткен еді. Бірақ, мұндай моделдік өмірлерге еліктеу тек мектептік білім беру құралдары арқылы ғана қолдау тауып қоймайды. Ресми педагогикамен бірге және ол ықпал етуін қойғаннан кейінгі ұзақ уақыт бойына, қазіргі заман адамы, шашыраңқы түрде болса да күшті эсер ететін, еліктеу үшін мысалдардың тұтас тізбегін ұсынатын мифологияның ықпалына түседі. Болымды (реалды) және ойдан шығарылған қаһармандар европалық жас өрендікті қалыптастыруда маңызды рөл ойнатты: шытырман оқиғалы әңгімелердің кейіпкерлері, соғыс қаһармандары, экран нақсүйерлері. Уақыттың өтуіне қарай бүл мифология үнемі байытылып отырады. Біз өзгермелі (айнымалы) сәннің ұсынып отыратын еліктеуге арналған бейнелерінің бірінен соң бірімен кездесіп отырамыз және соларға еліктеуге тырысамыз. Жазушылар мәселен, Дон Жуанның саяси немесе әскери қаһарманның, жолы болмайтын ашынаның, цинктің, нигилистің, меланхолиялық ақынның қазіргі заманғы версияларын жиіжиі көрсетеді — бұл моделдердің барлығы да тоникалық формалары мифтік жүрістұрыста ашылатын мифологиялық дәстүрлерді жалғастырып келеді. Осы архетиптерді көшіріп қайталау адамның өзінің дербес тарихына деген белгілі бір қанағаттанбауын көрсетіп қояды. Бүл жерде өзінің жергілікті провинциялық тарихының кемерінен асып қандай да бір Уақытқа (алғашқы сюрреалисттердің мифтік уақыты немесе экзистенциалисттердің манифесті болсын бәрібір) тап болуды аңсаған бұлыңғыр талпынысы бар. Бірақ, секулярланған, шайылып кеткен, жасырылған мифтер мен мифологиялық бейнелер барлық жерден табылатындықтан, қазіргі заманғы дүниенің мифологияның адекватты анализі тұтас томдарды алар еді; бар болғаны оларды тани (байқай, көре) алу ғана қажет. Біз Жаңа жылдың мерекелеудің және кез келген «жаңа бастауларды» атап өтулердің мифологиялық негізін еске алып өткенбіз. Олардан біз тағы да жаңаруға деген аңсауды, дүниенің жаңаруын қалауды жаңарған яғни, қайтадан тазартылған дүниенің жаңа тарихына кіруге деген тілекті байқай аламыз. Осының сан алуан мысалдарын келтіру қиын емес. Жоғалтып алынған ұжмақ туралы миф әлі күнге шейін ұжмақты арал немесе күнәсіз жер, заңдары жойылған (босатылған, ал уақыты орнынан тапжылмай тұрған жер сақталып отыр.
Қазіргі заман адамының, ең алдымен, оның уақытқа деген позициясын анализдей отырып мифологиялық жүріс тұрысының бетпердесінің арғы жағына (өте, кіре) алатындығымызды айтуымыз қажет. Біз ілкі бастаулық уақытқа шығуды қамтамасыз етудің мифтегі ең маңызды функцияларының бірі болып табылатындығын естен шығармауымыз керек. Бұл «тарихи мезет» деп аталатынды осы шақтық уақытты елеусіз қалдыру, байқамағансу жоққа шығару тенденциясынан көрінеді. Мұны, егер бүгінгі заман адамының пайдаланып отырған «қашып шығудың» екі принципті тәсілін — оқу мен көріністі көңілкөтерулерді байыптырақ қарастырар болсақ, жақсырақ түсінуге болады. Біздің көпшілікке арналған ойынсауықты (зрелищные) көрсетілімдеріміздің барлық мифтік прецедентін қарастырып жатудың қажеттілігі жоқ; бұқалар ұрысының, ат бәйгелері мен атлеттердің жарыстарының жоралғылық шығу тегін еске түсірсек те жеткілікті; олардың барлығы бірыңғай ортақ нәрсеге ие, ол — «шоғырланған» уақыт бойында, жоғарғы дегбірге (напряжение) жеткен уақыт бойында, діни уақытта, немесе оның магиялық ауысымы болған уақытта жүріп жату. Бұл «топтастырылған, жинақталған» уақыт театр мен киноның да ерекше өлшемі болып табылады. Драманың немесе фильмнің ғұрыптық шығу тегі мен мифологиялық құрылымына назар аудармағанның өзінде де — көріністің осындай екі типі бізді «секулярланған ағымнан» сапалы түрде өзгеше болатын уақытта, бір мезгілде жиынтықталған және дәл нақтыланған, эстетикалық тұрғыдан алғанда оқиғаға қатысты болып отырудан басқа, көрерменнің көңілінде терең тебіреніс, туғызатын (оятатын) темпоралдық ырғақта өмір сүруге мәжбүр етеді.