Бәрін мәдениет емес, адамдар жасайды

Бәрін мәдениет емес, адамдар жасайды. Мәдениет жұмыс істемейді, қозғалмайды, өзгермейді, бірақ мұның бәрін онымен адамдар жасайды», — деп көрсетеді Линд (Lynd R. Бұл пайымдау а) «тырнақты мәдениет емес, адамдар бояды». Мәдениетте тырнақтың мүлде болмайтынын айтып, әрі қарай жалғастыра берсе болар еді. «Бәрін мәдениет емес, адамдар жасайды» деген көзқарас антропологтар арасында кең таралған. «Өзгерістерді тудыратын күштер абстрактілі мәдениетте емес, әлеуметтік топтарға бірігетін адамдарда болады», — дейді Боас (Boas F. 1928: 236). Мәдениет ешқашан дәл мағынасында, кездескен емес және ешқашан кездеспейді. Әлеуметтік өзара әрекет, аккультурация процесінің нәтижесінде бір немесе екі халықтың өмір салтында өзгерістер болуы адамдардың кездесуінде екендігі ескеріледі, өзара әрекеттесу процесінің динамикалық орталығы индивидтер болып табылады», — деп көрсетеді Халлоуэл (HallowellA. L. 1945:175). Мәдениеттердің әрекеттестігі туралы пікірді Радклиф ­ Браун келекеледі: «Бірнеше жыл бұрын мәдениет антропологиясында қоғамды зерттеуден мәдениетті зерттеуге бетбұрыс нәтижесінде, біз осындай зерттеулерден бас тартып, мәдени байланыстарды зерттеуге назар аударуды ұсынған едік. Күрделі қоғамды зерттеудің орнына, Африкада болып жатқан мәдени өзгерістерді зерттеу ұсынылды. Африкандық мәдениет, еуропалық немесе батыс мәдениеті деп аталатын бірлікпен әрекеттесу нәтижесінің салдары вестернизацияланған африкандық мәдениет деп суреттеуге болады. Маған осының бәрі абстракцияның фантастикалық реификациясы болып көрінеді. Еуропалық мәдениет абстракция, африкалық тайпалардың мәдениеті де абстракция. Егер Эйнштейн тыныс алмаса, онда ол салыстырмалық теориясы туралы ешқашанда ойланбас еді. Бірақ біз осы теорияның пайда болуы немесе дамуы тарихын зерттегенде омың тыныс алуы туралы айтудың тіпті де қажеті жоқ. Бәрін мәдениет емес, адамдар жасайды деп қайталап айта (беретіндер, суреттеуді түсіндірумен шатастырады. Сенаттың галлереясында отырып, адамдардың заңды қалай жазатын, жаза верфьтерде адамдардың кемені қалай жасайтынын; зертханаларда адамдардың энзималды қалай синтездейтінін, егіс алқаптарында адамдардың қалай тұқым және т.б. көруге болады. Бақылау негізінде осы тәрізді процестерді суреттеу бұл зерттеушілер үшін түсіндіру; адамдардың өздері заңдарды жазады, тұқым себеді, энзималарды синтездейді. Бүл қарапайым және аңғырт антропоцентриз формасы. Бірақ, ғылыми түсіндіру — бүл анағүрлым күрделі іс. Егер біреу қытайша сөйлесе, қайын енесінен қашқақтаса, сүт өзінің әйелінің үйіне қоныстанса, өлгендердің мүрдесін төсеме тақтаға орналастырса, симфония жазса немесе энзималарды синтездесе — мұны ол біз мәдениет деп атайтын барлық осы элементтер бар белгілі бір экстрасоматикалық дәстүрде туылғандықтан немесе өскендіктен жасайды. Адамдардың мінез­құлықтары — мәдениеттің қызметі. Мәдениет — тұрақты мінез­құлық — өзгермелі; егер мәдениет өзгерсе, мінез­құлық та өзгереді. Мұның бәрі антропологияны кіріспе курсының бірінші аптасында айтылатын белгілі нәрсе. Әрине, адамдардың өздері ауруларды дұғалар және дуалармен немесе вакциналар және антибиотиктермен емдейді. «Неліктен біреулер ауруды үшкірумен, ал басқаларды басқа жолымен емдейді?» — деген сұраққа құлықтар негізінде жауап беруге болмайды. Өйткені, адамдар неліктен осылай жасайды деген сұраққа жауап беру қажет. Осыны ғылыми түсіндіру үшін адамдардың өздері соншалықты маңызды емес. «Бір экстрасоматикалық дәстүрде дуалар, ал басқа дәстүрде вакцина қолданылуы неліктен?» — деген сұраққа жауап бергенде тірі, нақты адамдар назарға алынбайды. Бұл сұраққа жауап беруге тек мәдениеттану қабілетті. Лауи атап көрсеткендей, мәдениетті тек мәдениеттің өз терминдерінде түсіндіруге болады. «Мәдениетті шынайы өмірде индивидті жасайтын идеялар және сезімдер бірлігінен бөлуге болмайды, яғни мәдениетті индивидтен айыруға болмайды» деп пайымдайды Сепир (Sapir Е. 1932: 233). Әрине, ол дұрыс айтады, шынайы өмірде мәдениет адамнан ажырамас бірлікте, бірақ, егер шынайы өмірде мәдениетті адамнан айыруға болмаса, мұны логикалық (ғылыми) талдауда жасауға болады. Эдвард Сепир осыны жан­жақты ашып көрсеткен. Оның «Оңтүстік шешен тілі» («Southern Paiute, Shoshonean Language» 1930) атты монографиясында бірде­бір үндіс, бірде ­ бір нерв бұлшық ет немесе сезім мүшесі. «Америка аборигендерінің мәдениетіндегі уақыт көкжиегі» (Tite Perspective in Aboriginal American Cultuve», 1916) атты кітабында адамдар саяхат жасамайды. «Ғылыми сөзсіз бір элементтерден абстракцияланады және басқа бір элементтерді елемейді. өйткені барлық заттар бір­біріне қатынасы бола алмайды» деп көрсетеді Моррис (астын сызған Уайт) (Cohen М. 1931: 226). Осы фактіні мойындау және ұғыну этнологиялық теорияда ілгері жасалған маңызды қадам болды. Нақты өмірде адамзаттық көздің түсінетін ажыратуға болмайды, өйткені әрбір адамзаттың көзі бар, ал көздің түсі болады, бірақ көздің түсі, қалай болғанда да Құрама Штаттарда адамзаттық еш қатысы жоқ: «Барлық заттардың бәрі дерлік бір ­ біріне қатынасты емес». «Адамдар бір­бірімен кездеседі және әрекеттеседі» деп айтқан Халлоуэл, Радклиф ­ Браун және басқалардың пікірлері дұрыс. Бірақ бұл бізді белгілі мәселелерді шешкенде, еңбек құралы, аспаптар, әдет­ғұрыптар, наным­сенімдер, қатынастар — бір сөзбен айтқанда, мәдениет сынды символаттарды экстрасоматикалық контексте назарға алудан тоқтатпауы тиіс. Еуропалық мәдениеттің, африкандық мәдениетпен кездесуі салдарынан еуро ­африкалық мәдениеттің пайда болуы Радклиф ­ Браун және басқаларға «абстракцияның фантастикалық реификациясы» болып көрінуі мүмкін. Бірақ, көптеген жылдар ағымында антропологтар осы тәрізді мәселелермен шұғылданды, келешек те бүл мәселелермен айналыса бермек. Әдет­ғұрыптар, технологиялар, идеологиялардың әрекеттесуі, адам ағзалары немесе гендерінің әрекеттесуі сияқты маңызды ғылыми мәселе. Біз, жалпы алғанда антропологтар мәдениетті sui generis процесі ретінде, тірі адамдарды назарға алмай көрсете алмады деп айтқан жоқпыз және айтқымыз келмейді. Көбісі дәл осымен әрқашан айналысты. Теория саласында олардың кейбірі осындай түсіндірменің ғылыми құндылығын мойындамайды. Радклиф ­ Браунның өзі мәселенің таза мәдениет танушылық тұрғыдан қойылуы мен мәселені таза мәдениет танушылық тұрғыдан шешу үлгісін, «австриялық тайпалардың әлеуметтік ұйымдасуы» және «Оңтүстік Африкадағы ананың ағзасы» (Radkliff ­ Broun A. R1930­31,1924) еңбектерінде береді. Бірақ ол философ киімін киген сәтте, осы процедураның ғылыми құндылықтарын теріске шығара бастайды. Сонда да болса көптеген антропологтар тірі адамдарсыз ­ ақ мәдениетті зерттеуге болатынын ережелік деңгейде мойындады. Ет пен сүйектен тұратын адам турлы түсінік экстрасоматикалық дәстүрмен байланысты мәселелерді шешуге еш қатысы жоқ. Біз олардың бірқатарына, атап айтсақ. Тайлор, Дюркгейм, Кребер, Лоуиға сілтеме жасадық. Алайда, біз тағы бірнеше сілтеме жасау орынды деп санаймыз. «Мәдени феномендерді келтесінен, айқын суреттеу мен түсіндіру үшін ең жақсы мүмкіндікті индивидтер және тұлғалардан барынша аулақтану негізінде осындай мәдени формалар мен процестерді зерттеу береді», — деп жазады Кребер және Клакхон (Kreber A. L Kluckhohn C. 1952:167). Стюардтың пайымдауынша, «Қазіргі заманғы мәдениеттің белгілі бір аспектілерін индивидуалды мінез­ құлықтан абстракциялану арқылы зерттеу ең тиімді. Мысалы, ақша жүйелерінің, банк және несие ісінің құрылымы мен қызметі мәдениеттің индивидуалды аспектілерін көрсетеді. Саяси басқару формалары, құқықтық жүйе, діни ұйым, білім беру жүйесі және т.б. белгілі, жалпы алғанда ұлттық аспектілерге ие. Оларды тірі адамдардың мінез ­ құлықтарынан аулақтану негізінде түсіндіруге болады» (Steward J. Н. 1955: 46,47). Мұнда ешқандай жаңашылдық жоқ. Дәл осымен көптеген жылдар бойында қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілер мен антропологтар айналысты. Алайда, тәжірибеде бірнеше рет қолданылған принцип, теориялық тұрғыда талайлар үшін жеңе алмайтын кедергі болып шықты.

Читайте также:  САЯСИ ЛИБЕРАЛИЗМ

Оставить комментарий