БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА

Опубликовано Август 17, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Елдің бəсекелік артықшылықтарына əсер ететін факторлар маңызды орынға ие болып табылады. М. Портер теориясында бұл факторлар бəсекелік артықшылықтар детерминанттарының сызбасы ретінде берілген (1-сурет). Бəсекелік артықшылықтар детерминант- тарының құрамына келесілер кіреді: — өндіріс факторларының параметрлері; — тауарлар мен қызметтерге сұраныстың параметрлері; — елдегі фирмалардың стратегиясы,олардың құрылымы мен бəсекесі; — біртектес жəне қолдаушы салалардың сипаты. /1/ Сонымен қатар бұл жүйеге «кездейсоқ оқиғалар — жағдайлар» мен «үкіметтің əрекеті» кіреді, олар елдің бəсекелік артықшылықтарын күшейтуі де, əлсіретуі де мүмкін. Факторлар параметрлері. Өндіріс факторлары – жекелеген экономикалық агенттердің өндірістік процесінде бəсекелік артықшылықты қалыптастыруға қажет материалдық (заттай) жəне материалдық емес (институттар) шарттар. Жағдай Фирма стратегиясы, оның құрылымы жəне бəсекелестік Факторлардың параметрлері Сұраныстың параметрлері Ұлттық экономиканың біртектес жəне қолдаушы салалары Үкімет Ұлттық экономиканың дамуының əлеуметтік- экономикалық концепциясымен шарттастырылған, экономикалық қызметті реттеу принциптері 14 Вестник КазНУ. Серия экономическая, №5 (87). 2011 Ұлттық экономиканың белгілі бір саласында қызмет ететін фирма нақты фактор мəніне (параметрлерге) байланысты бəсекелік артықшылықты құруға жəне оны ұстап тұруға қажет қолайлы не болмаса тиімсіз өндіріс шартына жолығуы мүмкін. Бұл факторлар жалпы жəне арнайы болып бөлінеді, яғни барлық фирмаларға немесе жекелеген нақты бір фирмаларға қатысты факторлар болады. Фирма стратегиясы, оның құрылымы мен бəсеке. Əрбір фирма бəсекелік артықшылықтан көбірек пайда табуы жəне ең жақсы позицияны жаулап алу үшін өзінің жеке бəсекелік стратегиясын ұстанады. Бұл дегеніміз бəсекелес фирмалардың акциялары мен контракция- лары фирманың қызмет етуінің жаңа шарттары мен жағдайларын құруға алып келеді. Егер елде бəсеке болмаса немесе бəсекелік орта əлсіз жетілген болса, фирмалар арасында бақталастық болмаса, егер фирмалардың стратегиялары бəсеке жағдайындағы қызметке икемделмеген болса, ішкі, сыртқы нарықтарда бəсекелік артықшылықтың пайда болуына сенуге болмайды. Сұраныс параметрлері. Оған, ең алдымен, сатып алушылардың тауар, қызмет сапасына талап қойғыштығы, сұраныстың бағалық икемділігі, табыстық сұраныс икемділігі, əлеуметтік топтардың қажеттіліктің өзектілігін зерделеу деңгейі, ұлттық салт-дəстүр, сұраныстың өмірлік циклінің фазалары мен сұраным көлемін, оның динамикасын көрсететін көрсеткіштер жатады. Біртектес жəне қолдаушы салалар. Ұлттық экономикада біреткес жəне қолдаушы салалардың болуы, яғни фирмаларды қажетті материалдармен, жартылай фабрикаттармен, жиынтықтаушы бұйыммен жəне басқа да материалды жабдықпен, ақпараттық объектілермен жабдықтаушы салалардың болуы, елдегі əр фирманың бəсекелік артықшылығын жасап, оны ұстап отырудың бірден-бір шарты болып табылады. Тектес салалар өздері нарыққа субститут-тауарлар, жаңа материалдар, технологиялар шығаратын бəсекелес орнына болуы мүмкін. Олар жаңалық енгізуші немесе инновациялық имитатор болуы мүмкін. Сондықтан оларды жеке фирмаларды немесе қызмет көрсетуші саласында ғылыми-техникалық прогресті ынталандырушы (стимуляторы) ретінде қарастыруға болады. Жағдай ролі. Ел экономикасының дамуымен қатысы шамалы жəне фирма да, үкімет те əсер ете алмайтын оқиғалар кездейсоқ болып табылады. Бұл – өнертапқыштық, ірі технологиялық жарып-өтпе жобалар, халықаралық нарықтардағы бағалардың күрт өзгеруі. Көбінесе форс-мажорлы жағдайлар улкен əсер тигізеді: табиғи апат, соғыс, эпидемия. Сонмен қатар ескеретін бір жайт, кейбір «кездейсоқтықтар» белгілі бір деңгейде детерминделген (анықталған) болуы мүмкін. Егер үкімет немесе қандай да бір қорлар фунламенталды немесе қолданбалы зерттеулерді қаржыландармаса, онда «кездейсоқ» техникалық немесе технологиялық жарып-өтпелер (прорыв) болмайды. Кездейсоқ оқиғалар бəсекелесуші фирмалардың позияциясын өзгертуі мүмкін. Үкіметтің ролі. Бұл контексте үкімет ретінде биліктің заңнамалық, сонымен қатар атқарушылық деңгейлерін қабылдаймыз. Үкіметтің бəсекелік артықшылықтарды қалыптас- тырудағы маңызды ролі болып барлық детерминанттарға əсер етуі табылады.Үкімет барлық детерминанттарға əсер етуі мүмкін, сонымен қатар детерминанттар үкіметке əсер етуі мүмкін (позитивті, негативті). Факторлар параметрлеріне, сонымен қатар сұраныс параметр- леріне үкіметтің ақша-несие, салықтық, бюджеттік, əлеуметтік саясаттары əсер етеді. Осы жəне басқа да детерминанттар заң шығарушы немесе атқарушы биліктің шешіміне экономикалық агенттердің қызығушылығын лоббирлеу немесе қоғамдық ұйымдардың қызметі арқылы əсер етеді. «Ұлттық ромбтың» (М.Портер терминологиясы бойынша) детерминанттарының өзара бір-біріне əсері жекелеген фирмалардың, сонымен қатар тұтас ұлттық экономиканың бəсекелік артықшылығын қалыптастырып, оны өсіруге жағдай жасайды /2/. Белгілі бір бəсекелік артықшылықтың болу-болмауын, оның тұтас ұлттық экономикаға немесе жекелеген салалар мен экономикалық агенттерге маңызын (жоғары немесе төмен деңгейдегі) бəсекеге қабілеттіліктің алғышарттары ретінде қарастыруға болады. Егер қандай ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №5 (87). 2011 15 да бір бəсекелік артықшылық детерминанты қажет деңгейге сəйкес болмаса, ішкі нарықта, əсіресе сыртқы нарықта жекелеген фирмалар да, жалпы экономика да бəсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейіне жете алмайды. Бəсекелік артықшылықтың аймақтық детерминанттары. Ел территориясы үлкен болғанда жеке экономикалық бірліктердің бəсекелік артықшылықтарының аймақтық факторлары жоғары маңызға ие болады. Бірінші топқа қоғамдық еңбек бөлінісінде аймақтың ойнайтын геосаяси ролінің тарихи шарттастырылу факторлары жатқызылады. Қазақстанның «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзит дəлізі тарихи транспорттық маңызын ескере отырып, қолға алынған инвестициялық мегажоба мысал бола алады. Қазақстан Еуропа мен шығыс елдері саудагерлерін ерте заманнан жалғаушы буын ретінде қызмет атқарған. Əсіресе орта ғасырларда қазіргі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болған (Исфиджаб, Отырар, Құлан, Мерке Аспара). Бүгінгі таңда да бұл аймақтар жалғаушы буын ретінде күшін жойған жоқ, керісінше стратегиялық маңызы арта түсті. Сондықтан осы облыстардағы салалар мен кəсіпорындардың бəсекелік артықшылықтарына қол жеткізіп, сақтап қалудың аймақтық стратегиялық бағыты – түрлі транспорттық байланысқа (коммуникацияға) қызмет көрсетуге икемделу, бағдарлану болып табылады. Сондықтан осы стратегиялық мақсатқа сəйкес қызмет ететін кəсіпорындар мен фирмалар бəсекелік күресте республиканың басқа аймақтарының субъектілерін, орталық Азияның бірқатар елдерін озып, жеңуі мүмкін. Алайда «тарихи бұйыру» деп əр аймақ немесе субъект автаркияға ұмтылмауы керек, сонымен қатар тек қана глобалды стратегиялық мақсатқа жетуге жұмыс жасайтын салаларды ғана дамыту керек деген ұғым қалыптаспауы керек. Аймақтың геосаяси маңызы экономикалық дамудың стратегиясын мақсатты етуі тиіс. Факторлардың екінші тобы аймақтың иелігіндегі ресурстардың территориялық орналасуы мен сипатымен байланысты. Бəсекелік артықшылықты қамтамасыз етуге қажет ресурстардың болуы немесе болмауы аймақ территориясында орналасқан кəсіпорындардың шығынына əсер етеді. Бұл шығындар басқа аймақтардың кəсіпорындарымен салыстырғанда бір нарықта бəсекеге қабілеттілікке қол жеткізбейтіндей жоғары болуы мүмкін. Ресурстардың болу-болмауы сонымен қатар аймақтағы кəсіпорындардың экономикалық қауіпсіздігіне де əсер етеді. Стратегиялық ресурстар зонасы орналасқан территориядағы аймақта форс-мажорлы жағдайдың пайда болуы кəсіпорындар үшін аймақтық экономикалық қауіпсіздігі жоғалуы мүмкін. Сондықтан ел территориясында немесе одан тыс орналасқан стратегиялық ресурстардың резервтік зонасының «жүйесі» болуы қажет. Бұндай жүйе өзара пайдаоы келісімшарттарға отыру негізінде қалыптасады. Факторлардың үшінші тобы — фирма негізделетін (орналасатын) аймақтың өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылымының даму деңгейін сипаттайтын факторлар. Инфрақұрылым дамыған аймақтарда фирманың бəсекелік артықшылығының жоғары дең- гейіне қол жеткізу оңайырақ жəне арзанырақ. Ал өндірістік жəне əлеуметтік инфрақұрылым- ның базалық негізгі элементтері жоқ немесе құрылымының элементтері экономикалық агенттің миссиялық сипатына сəйкес емес аймақтарда бəсекелік артықшылықтың жоғары деңгейіне қол жеткізу əлдеқайда қиынырақ. Мысалы, халықаралық нарықта кəсіпорындары шекарадан 100 км қашықтықта (шамамен) орналасқан фирмалар бəсекелік күресте жеңіске жетеді. Мұндай жағдай бұл фирмаларға дайын өнімді тасымалдауға, шикізатты жəне құрама бұйымдарды жеткізуге кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Экономикалық бірлік негізделетін аймақта жалпы артта қалушылық жағдайында «жеке» əлеуметтік инфрақұрылымның элементтерінің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отыру қажеттілігі экономикалық агенттердің шығындарын елеулі түрде көбейтеді. Бұл жағдайды есепек алмау теріс əлеуметтік салдарларға əкелуі мүмкін: жұмыс күшінің ағылуы, фирма персоналы мен басшылығы арасындағы келіспеушілік, компенсациялық төлемдер, т.б. 16 Вестник КазНУ. Серия экономическая, №5 (87). 2011 Факторлардың төртінші тобы – аймақтық билік құрылымдарының экономикалық қызметті реттеу қағидаларын (принциптерін) сипаттайтын факторлар. Бəсекелік реттеу жағдайында реттеу принципі индикативті (көрсеткішті) жоспарлау жүйесі болуы мүмкін. Көрсетілген аймақтық сипаттағы факторлар жекелеген экономикалық агенттердің бəсекелік артықшылығын қалыптастырып, оны ұстап отыруға қажет жағдайды анықтайды. Сонымен қатар уақытта аймақта негізделетін барлық салалардың бəсекеге қабілеттілігі үшін қажет жағдайларды қалыптастыратын детерминант қарастырылуы керек.Территориядағы аймақтық детерминанттардың жиынтығы экономикалық агенттердің бəсекеге қабілеттілігіне елеулі əсер ететін кəсіпкерлік климатты қалыптастырады. Кəсіпкерлік климат елдегі бəсекелік артықшылықтың жоғары деңгейін қалыптастыруға қажет қолайлы (немесе тиімсіз) жағдайды жасайды /3/. Агент биліктік құрылымдардың аймақтық саясаттарына белсенді əсер ете алмағандықтан оның негізгі қызметі аймақта бар түрлі ресурстарды қолданудың рационалды əдістерін іздеуге бағытталуы тиіс. Бəсекелік артықшылықтардың деңгейін көтерудің экономикалық бірліктердің орналасу аймағының өндіріс факторлар нарығымен байланысты болуы міндетті емес. Мұндай нарық ретінде елдің басқа аймағының немесе басқа елдің нарығы болуы мүмкін. Əрбір жеке жағдайда экономикалық бірліктің өз миссиясын сəтті орындауы үшін қажетті нарықтың артықшылықтарын толығымен талдау керек.

Оставить комментарий