Жұмыста зерттеуде қолданылған кейбір терминдерге, олардың мəндеріне байланысты көзқарас қалыптастырып, ұсыныстар жасау мақсаты қойылған. Мысалға, бəсекеге қабылеттілік, өнім сапасы, тауардың, өнімнің бəсекеге қабілеттіліктері жəне т.б. Мəселенің өзектілігі қазіргі ел экономикасы дамуының негізі, əлемдік нарыққа шығу үшін сапалы, бəсекеге қабілетті өнім өндіру қажеттілігі. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, бəсекеге қабілеттілік кез келген елдің экономикасының дамуының ерекше маңызды факторы жəне шаруашылық кешенінің ең жақсы экономикалық көрсеткіші болып табылады. Бəсекеге қабілетті экономиканы құруда сəттілікке жету қажетті əлуетті жинақтауға мүмкіндік беретін бірқатар сатыдан өтумен сипатталады. Өзгерулердің бастапқы сатысында тұрған елдер бəсекеге қабілетті тауарларды өндіретін салалардың тар шеңберінің болуымен сипатталады. Бəсекелестік артықшылықтарына, негізінен, табиғи қорлар жəне арзан жұмыс күші сияқты негізгі факторлар есебінен қол жеткізіледі [1, 4-7 бб.]. Мұнда жоғары технологиялардың болмауы төмен бағамен өтеледі. Сыртқы нарыққа шығу жаңа технологияларды жеткізетін немесе кейде басқарушылық факторларды атқаратын шетелдік серіктестермен біріккен кəсіпорындарды құру арқылы жасалады. Жоғары технологиялардың болмауы жəне экспорттық өнім түрлерінің шектелгендігі экономиканы əлемдік конъюктураныңқұбылыстарына өте сезімтал қылады. Мұндай экономика қазіргі жағдайларда сəттілікке жетпейді. Бүгінгі күнде республика бəсекеге қабілетті тауарлар өндіретін салалардың тар шеңберімен сипатталатын сатыда тұр. Жалпылама қабылданған өлшеулер бойынша, саланың үлесіне əлемдік экспорттың 25-30%-ы келетін болса, ол бəсекеге қабілетті болып саналады. «Бəсекеге қабілеттілік» сипаттамаларын, оның нарықтық стратегия мен «кəсіпорынның икемді дамуы» сапалы жаңа экономикалық категориясымен өзара байланысын зерттеуді бастай отырып, бұл ұғымды қалай түсіну керектігін анықтап алу қажет. Экономикалық ғылымда «бəсекеге қабілеттілік» ұғымы пікір тартысарлық болып табылады. Бұл бəсекелестікке қабілеттілік пен оның анықтамаларындағы елеулі айырмашылықтардың болуына себеп болады. Бірқатар отандық жəне шетелдік зерттеушілердің еңбектерін зерттей жəне олардағы ұғымдарды жүйелей отырып, біздің ойымызша ең қисынды жəне толыққанды анықтама К.А. Сагадиевпен оның соңғы жұмыстрының бірінде берілген: «ұлттың бəсекеге қабілеттілігі – бұл ұзақ уақыт бойы халықтың нақты табысын қолдай жəне арттыра отырып, халықаралық нарықтардың талаптарына сəйкес келетін тауарлар мен қызметтердің өндірісінде еркін нарықтық экономика жағдайларында ел мүмкіндіктерінің деңгейі» [2, 78-82 бб.]. Ұйымның бəсекеге қабілеттігінің ұғымын, əдетте, оныңтиімдіөндірістік-шаруашылық жəне коммерциялық қызметін қамтамасыз ете отырып, бəсекелестерге қарсы тұру, тұтынушыларды сақтау мен көбейту мүмкіндіктерін бағалаумен байланыстырады [3]. Тауардың бəсекеге қабілеттілігі, өз қатарына, М.И. Кныштің пікірінше, бұл өнімнің нақты сатып алып жатқан тұтынушы үшін тартымдылығының деңгейі [4, 35-б.]. Тауардың бəсекеге қабілеттілігі ұғымының мəнін аша отырып, К. Бейсембетовтің пікірінше, бəсекеге қабілеттілік – бұл тауардың бəсекелестің тауарынан оның нақты қоғамдық қажеттілігі, сонымен бірге оны қанағаттандыру шығындары дəрежесі ретінде ажырататын сипаттамасы [5, 47-51-бб.]. Ұсынылған анықтамаларды, жеке алғанда тауардың бəсекеге қабілеттілігін талдай отырып, анық болып тұрғаны – экономикалық категория ретінде тауардың тұтынушының қажеттіліктеріне сəйкес болу, сатылу қабілеті. Бəсекеге қабілеттілік, сападан басқа, маркетингтік, коммерциялық жəне экономикалық құрамдастардан тұрады, олар тауардың тұтыну бағасын құрайды, бұл баға сатып алу бағасы болып табылмайды, тауардың пайдалану үдерісіндегі қолдану тиімділігін көрсетеді. Осылайша, тауардың бəсекеге қабілеттілігі – жоспарлы жəне күрделі мəселе, оны шешудің дəрежесін жалпы елдің экономикасының дамуының көрсеткіші ретінде көруге болады. Өнімнің бəсекеге қабілеттілігінің деңгейіне нарықтың келесі факторлары елеулі əсер етеді: нарықтың жеке сегменттерінің еңбек сыйымдылығына сұранысты қанағаттандыру дəрежесі, бəсекелестердің болуы, тауарлардың əлеуметтік-демографиялық сипаттамалары, қамтамасыз ету жəне өткізу желісінің жəне сатудан кейінгі қызметтің дамуы. Əр тауар үшін оның бəсекеге қабілеттілігінің деңгейін бағалау қажет, бұл кейін талдау жасап, сəтті баға саясатын əзірлеу үшін керек. Сатып алушылардың мінезқұлқын зерттеу көрсетіп отырғандай, салыстыру мен таңдау үдерісінде тауарды пайдалану жəне сатып алу шығындарының пайдалы тиімділігі басқа ұқсас тауарлармен салыстырғанда артығырақ болған тауар жеңіп шығады. «Тауардың бəсекеге қабілеттілігі» ұғымының мəнін қарастыра отырып, оның «өнім сапасы» ұғымымен өзара байланысына көңіл бөлген жөн. Берілген екі ұғымның нақты байланысы олардың бірін-бірі өзара толықтыратындығы көрініп тұр, алайда көп жағдайда болатындай, бұл экономикалық категориялардың айырмашылықтарын нақты түсінудің жоқтығына байланысты, оларды ұқсастыру дұрыс емес. Е.М. Белый мен С.В. Барашковтың пікірінше, бұл ұғымдарды келесі аспектілерде қарастырған жөн. Біріншіден, кез келген тауардың бəсекеге қабілеттілігі тек сатып алушының қызығушылығын тудыратын жəне тиісті қажеттіліктің қанағаттандырылуын қамтамасыз ететін қасиеттерінің жиынтығымен анықталады, ал көрсетілген шектерден тыс шығатын көрсеткіштер бағалау кезінде есепке алынбау қажет, яғни өндіруші үшін тиімділік көрсеткіштері тұтынушы үшін жиі жағдайда маңызды емес. Екіншіден, өнім сапасының деңгейін анықтаудың қажетті элементі бəсекелестікке қабілеттілікті бағалау кезінде таңдауы біршама қиын болатын қайсыбір негіздік үлгімен салыстыру болып табылады. Үшіншіден, сапаны бағалау жəне нысандардың арнауы мен қолдану аясын ғана емес, негізгі конструктивті жəне технологиялық ерекшеліктерін есепке алып кейінгі негізделген бағалауы болып табылады. Ал негіз ретінде нақты қажеттілікті қанағаттандыра алынатын бəсекелестікке қабілеттілік жайғасымынан қарағанда, элементтік негіз, атқарымдық ұстанымдары, дайындау технологиясы бойынша айырмашылығы бар, бірақ бір қажеттіліктің түрін қанағаттандыра алатын бұйымдарды салыстыру. Төртіншіден, қолданыстағы нормативті құжаттарға сəйкес сапаның талдауын жасау тауардың бəсекеге қабілеттілік дəрежесін бағалай алмайды [6, 30-3-бб.]. Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, егер сапа деп қасиеттердің жиынтығы түсінілсе, бəсекеге қабілеттілік олардың нақты қоғамдық қажеттілікке сəйкес болуымен сипатталады. Бұл жағдайда, бəсекеге қабілеттіліктің деңгейін бағалау кезінде бір қажеттілікті қанағаттандыратын бірыңғай емес тауарларды салыстыру да мүмкін. Сапаның сипаттамалары, əдетте өндірушінің мүдделеріне сай анықталады, ал бəсекеге қабілеттіліктің сипаттамалары, ең алдымен, тұтынушының мүдделерін қорғайды. Өнімнің сапасының деңгейі мен техникалық деңгейі қазіргі өндірістің деңгейімен анықталады, ал бəсекеге қабілеттілікті бағалау үшін, оны оның қажеттіліктерінің даму деңгейімен салыстыру керек, мұнда бəсекеге қабілеттіліктің қажеттіліктердің даму деңгейінен артуы жеке сипаттамалар бойынша сатып алушымен бағаланбауы мүмкін жəне қажетті экономикалық тиімділік бермейді. Осылайша, өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру – бұл көп жоспарлы жəне кешенді тапсырма, оны шешу отандық кəсіпорындар мен жалпы ұлттық экономика үшін басым стратегиялық бағыттама ретінде саналады. Жоғарыда аталғанның бəрін қорытындылай отырып, Қазақстанның ғаламдық бəсекелестік аймаққа енуінің нақты жолы, біздің ойымызша, келесі бағыттарды жүзеге асыруда екенін айта кету керек: — кен өндіру салаларында шикізатты алғашқы өңдеу дəрежесін нығайту; жаңа технологияларды игеру, ғылымитехникалық зерттеулер, шикізаттың, материалдардың жаңа қайнар көздеріне капиталды салудан тұратын кəсіпорындардың инвестициялық саясатының бағыттарын əзірлеу; — халықаралық бəсекеге қабілеттіліктің ұлттық саясатын əзірлеу; импортты қысқарту жəне отандық тауар өндірушілерін қолдау; — қазақстандық бəсекелестік ортаның сапасының əлемдік нарықтың аналогтарының сапасымен біртіндеп жақындастыру; — акциялардың бір бөлігін шетелдік стратегиялық инвесторларға сату арқылы халықаралық дамыған желілерді пайдалану құқығына ие болу мүмкіндігі; — елде бар жоғары білікті, білімді жəне сұранысқа ие персоналды пайдалану арқылы қазіргі заманғы инфрақұрылымды дамыту. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдардағы индустриалдыинновациялық дамуының Стратегиясын əзірлеу жəне енгізу өзекті мəселе, оның мəні мемлекет экономикасының қазіргі жоғары технологиялы құрылымын құру жəне оның шикізатты бағдарлануынан жедел өту туралы белсенді саясаты болып табылады. Ең басты тапсырмалардың бірінші сатысында бəсекеге қабілетті экспортты өнімді құруға мақсатталған ғылым мен өндірістің күштерін біріктіру тұрады. Осы бағдарламаға сəйкес 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімді 2000 жылмен салыстырғанда 3,5 есе арттыру, ЖІӨ энергосыйымдылығын 2 есе төмендетіп, еңбек өнімділігін 3 есе арттыру жоспарланды [7]. Жоғарыда аталғанға сүйене отырып, бүгінде республиканың даму кезеңінде жəне тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу үшін бəсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру арқылы, отандық кəсіпорындарға талаптар кешенін ұсынады, оның сəтті орындалуына жеке алынған шаруашылық бизнес-бірліктің, сонымен бірге жалпы экономиканың атқарымдығының тиімділігі тəуелді [8]. Қазіргі жағдайда, бəсекеге қабілеттілік елеулі түрде инновацияларды құру жəне пайдалану қабілетіне тəуелді. Инновацияны пайдалану тамақ өнеркəсібі кəсіпорнының техникалықэкономикалық дамуына əсер етеді. Бұл əсерді бағалау жеке шаралардың, сонымен қатар жалпы инновациялық бағдарламаның тиімділігін анықтаудың арнайы əдістерін қолдануды талап етеді. Қазақстан экономикасы үшін бүгінгі күнде төмен инновациялық белсенділік тəн. Қолда бар ғылыми-техникалық əлуеттің сұранысқа ие болмауының басты себептерінің бірі, ғылым мен өнеркəсіп арасындағы бұрынғы байланыстардың бұзылғаны, ал жаңалары əлі жақсы жұмыс жасамайтындығы болып табылады. Сонымен қатар ғылым мен өнеркəсіп арасындағы өзара əрекеттестіктің нарықтық механизмі инновациялық қызметті нығайтуда өте маңызды. Біздің елде «Қазақстан 2030» даму бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 20032015 жылдардағы индустриалды-инновациялық дамуының Стратегиясы, Н.Ə. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы бар [7]. Үнемі салалық стратегиялар жəне даму бағдарламалары бекітіледі. Аталмыш Қазақстандық кластерлік инициатива – территориясы арқылы жəне экономикалық жағынан байланысты кəсіпорындар мен белгілі бір салаға қатысты оларға жөнелтпе ұйымдардың топтарын дамытуды жүзеге асыру. Егер кəсіпорын қызметі өнімнің ассортиментін кеңейту, сапасын жəне шығарылатын өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру, өндірістің технологиясы мен ұйымдастыруын жетілдіру мақсатында инновацияларды іздеу жəне жүзеге асыруға бағытталған болса, стратегия көздейтін барлық өзгерістер (негізгі бағдарламалық құжат, мемлекеттің келешек 10 жылда дамуын анықтайды) болуы мүмкін. Тамақ өнеркəсібі кəсіпорындарында ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізу олардың шығаратын өнімінің бəсекеге қабілеттілігінің артуымен, яғни елдің əлемдік нарықта жайғасымының нығаюымен жəне мемлекеттің жалпы бəсекеге қабілеттілігінің өсуімен байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің ең дамыған елдердің жалпы ішкі өнімінің өсуіне қосқан үлесі түрлі бағалаулар бойынша 75-тен 100%-ға дейін. Бұл инновациялық қызметтің макроэкономикалық көрсеткіштерге əсер ете отырып, жалпы мемлекет үшін маңызы бар дегенді білдіреді. Халықаралық стандарттарға сəйкес, инновация нарыққа енген жаңа немесе жетілдірілген өнім, тəжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдеріс немесе əлеуметтік қызметтердің жаңа тəсілі ретіндегі инновациялық қызметтің соңғы нəтижесі деп анықталады [9, 30-31-бб.] Инновация – бұл білімді, тапқырлықты, дарынды қажет ететін, тынбас жинақталған жұмыс, ол нарыққа бағытталу керек, оның қажеттіліктеріне басшылық ету керек. Кəсіпорын инновациялық қызметті атқару үшін, оның кəсіпкерлік атмосферасын құру жəне жаңаны жағымды мүмкіндік ретінде қабылдауға көмектесетін құрылымы мен жағдайы болу керек. Нарық жағдайында инновациялық қызметті өндірістік-коммерциялық қызметтің бөлігі ретінде қарастыруы тиіс. Жаңашылдықтарды енгізу арқылы қажетті бəсекеге қабілеттілікке қол жеткізіледі, дағдарыстық жағдайларынан өтеді. Инновациялық қызмет шаруашылық қызметтің барлық түрлері мен бағыттарының қатарында ерекше орны бар, бұл елеулі түрде оның экономикалық өсуді жəне дамуды қамтамасыз етудегі рөлімен анықталады. Қалыптасқан жағдайларда нарыққа өз өнімімен шыға отырып, кез келген кəсіпорын нарықта өз өнімін өндіру жəне сату үшін қолайлы жағдайлар жасау қажет. Бұл оған өзіне бəсекелестерге қарағанда ең қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Яғни əр тамақ өндіруші нарықтың талаптарына сəйкес, өзінің даму жолын іздестіру керек. Басқа сөзбен айтқанда, капиталды қолданудың жаңа түрлерін, өндірістің жаңа экономикалық жағынан тиімді технологияларын, өнімді тұтынушыға жеткізудің жаңа түрлерін іздеу, нарық конъюктурасын білу, кəсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін оның талаптарына бейімдеу жəне т.б. болу керек. Бұл, өз кезегінде, жаңа білімдердің, тұжырымдамалар мен тəсілдердің жетілдірілуін көздейді жəне əр кəсіпорынның стратегиясын əзірлеу қажеттілігінде өз көрінісін табады. Қазақстан халқын ұсынылатын тұтыну нормаларына сəйкес қамтамасыз ету үшін, сүт пен сүт өнімдерін жылына адам басына 405 кг мөлшерде жеткізу қажет, себебі біз жоғары деңгейді алуымыз керек, ал бұл үшін сүтті сапалы 6,6 млн тонна өндіру керек, бұл əлемдік өндірістің 0,96%-ын (684 млн тонна) ғана құрайды. Бұған тек дамудың инновациялық жолын – кəсіпорыннан ұлттық экономикаға дейін барлық деңгейлерде бəсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етудің жалғыз тиімді əдісін пайдалану арқылы жетуге болады. Сондықтан инновациялық қызметке қызығушылық тəжірибелік қолданыс сферасына айналды. Қазіргі кезде жеке кəсіпорындар мен ұйым дардың, сонымен қатар аймақтардың инновациялық белсенділігі мен инновациялық əлуеті өте өзекті мəселе болып отыр, бұл статистика қызметтері қалыптастыратын көрсеткіштер жүйесін пайдалану қажеттігін көрсетеді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының тамақ өнеркəсібінің кəсіпорындары қатаң бəсекелестік жағдайында жұмыс істеуде, əсіресе бұл шетелдік өндірушілер тарапынан байқалады. Отандық өндірушілер мен Қазақстанға импорттайтын шетелдік жеткізушілер арасында азық-түлік өнімдерін өндіру мен өткізуде бəсекелестіктің күшеюі ұлттық компаниялар мен фирмалардан отандық нарықтағы жайғасымды сақтап қалу үшін бар күшті мобилизациялауды қажет етеді. Елдің тамақ өнеркəсібінің дамуында инновациялық жəне кластерлік тəсілді қолдану қазір бəсекеге қабілеттілікті арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Тамақ өнеркəсібі – кластер құру мен инновациялық өндіріс үшін ең басымды салалардың бірі. Тамақ өнеркəсібінің бəсекеге қабілеттілігін арттыру үшін азық-түлік өнімдерін өндіру мен өңдеудің кластерін дамыту қажет. Жоғарыда аталғанның барлығын қорытындылай келе, жоғары сапалы, экологиялық жағынан қауіпсіз, импортты алмастыратын, нарықтық жағдайларда бəсекеге қабілетті өнімді шығару үшін, тамақ өнеркəсібі кəсіпорындарында техника-технологиялық деңгейді көтеру, тек қазіргі заманның емес, келешектің де талаптарына сай соңғы ғылыми-техникалық жаңашылдықтардың негізінде өнімді шығару бойынша қазіргі заманғы өндірісті құру, кəсіпорынның дамуы үшін қажетті жəне жеткілікті инвестицияларды ажырату, сонымен қатар кəсіпорындардың ғылыми-техникалық қамтамасыз етілуінің мемлекеттік қаржылық қолдауын жүзеге асыру, ұйымдастырушылықэкономикалық жəне мемлекеттік-құқықтық сипаттағы шаралар кешенін жасау қажет екенін айта кету керек. Қорытынды ретінде жаңалықтарды енгізу əрқашан да өндіріс дамуында үлкен мəнге ие болатынын айта кету керек. Қазіргі экономикада инновациялардың рөлі елеулі артып отыр. Олар экономикалық өсудің жəне бəсекеге қабілеттіліктің негізгі факторлары болып табылады. Дамыған елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, ҒТП (ғылымитехникалық прогресс) кезеңінде өндірістік күштер аясында түбегейлі өзгерістер, өндіріс факторларының жаңа үйлесімдерінің жедел ауысуы, жаңашылдықтарды кеңінен енгізу қазіргі экономикалық өмірдің қалыпты жағдайы болып келеді. Егер инновациялық тəсіл дамыған елдерде өспелі рөлді атқарса, қазіргі Қазақстанда нарықтық экономика жағдайларында бұл рөл аса жоғары.
Оставить комментарий