Бақсылыққа бағыштау салтындағы «айналу жоралғысы»

Бақсылыққа бағыштау (бағышталу) ғұрпы да іс жүзінде «хан сайлау» ғұрпын қайталайды. Мәселен, буряттардағы бақсылық бағыштау ғұрпы былайша суреттеледі: В день совершения обряда посвящения народ собирается к назначенному месту, где садят в землю девять берез по три в ряд и украшают их шкурами девяти разных животных. Готовящийся сидит на войлоке перед березами; старый шаман несколько раз поливает ему голову холодным тарасуном, а товарищи хлещут его по голове ветвями до тех пор, пока он не задрожит. …Тогда поднимают его на войлоке к березам и он, уцепившись за ветви (ср. со «выскакиванием на березу» у древне­тюркских правителей. — прим. автора статьи), окружает каждую березу три раза…» 1515 . Мұнда да бақсылыққа бағышталушы үміткер айналу процесі кезінде бір межені («М» нүктені) үш рет басып өткенде ғана бақсы бола алады. Ол да «мәңгі бақсының», «бақсылық бастаудың», «барлық өткен, келер, осы бақсылардың жиынтығына» уақытша ғана ие болады. Тек бұл ғұрыпта «К» (кіндік) нүкте рөліне қайың ағашы ие болып тұр (тоғыз қайың — іс жүзінде бір қайың), мұның өзі кіндіктің символикасының нақтылануына қатысты кейінгі зерттеулерімізге қажетті егжетей (деталь) болып табылады. Іс жүзінде үш­үштен қатарластырылған тоғыз қайың мен оларға ілінген тоғыз тағының терісі бір айналымның тоғыз бөлігі немесе тоғыз сатысы болып саналады. Яғни, әр айналым жасаған сайын, бақсы меже­нүктеден өте отырып бір тағының кейпіне ие болады, осы қисын бойынша ілкі қайың бір мезгілде тоғыз кейіпті болуы тиіс. Осындай сандық символиканы алдыңғы мысалдардағы «хан сайлау» ғұрпы мен «мүшел» есебіне де қатысты болар деп тұспалдауға болады.

Читайте также:  Грант иелерінің тізімі «Егеменде» сейсенбіде жарияланады

Оставить комментарий