БА ЦЗИНЬ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

«Арман әлі қол жетпеген бірақ, орындалуы мүмкін нәрсе. Бұл жолсыз жермен адам жүріп өткен соң із қалатыны сияқты». Лу Синнің әңгі- месінен алынған осы сөздерді Ба Цзинь шығар- машылығына эпиграф етіп қоюға болады. Ол бар қажыр-қайратын салып, арманға қол жет- кізуге тырысты. Лу Синь Ба Цзиннің «қиялы ұшқыр, терең ойлы бірегей жазушы» екенін атап көрсеткен. Ба Цзинь кіршіксіз таза, жалынды сезім мен адамзат баласының киелі қасиетіне деген сенім- ге толы шығармаларын «жарқын өмірге сүйіс- пеншілік сыйлап, түнекті жек көруге итермелеу үшін» жалпы оқырманға арнаған. «Мен шығармаларымның ат төбеліндей аз қауымның ғана игілігіне жарағанын қаламаймын», — деп жазады Ба Цзинь. Адамдар үшін қайғыға батып, азап шеккен жазушы ой мен сезімінің кернеуінен асып төгілген ойларды қағаз бетіне түсіретін. Оның жазғандары жүректерге жетіп, көмек беруін өтінген хаттар толассыз келіп жататын /2, 11; 22/. «Ешкімге сенім арта алмаймын. Айналам толған дұшпан. Сіздің кітаптарыңыздан нағыз адам болудың не екенін, әлемде басқа адамдар- дың, басқа өмірдің бар екенін білдім. Енді бұрынғыдай тіршілік ете алмаймын. Біреудің бұйрығымен тұрмысқа шыққанша өлгенім ар- тық. Ұстаз, сіз адам күресу керек дейсіз… Менің күрескім келеді, не істеуім керек екенін айты- ңызшы. Бұл тығырықтан қалай шығамын?» Қарапайым оқырманның бұл хаты жазушы көтерген мәселелердің қаншалықты өзекті, халыққа жақын екендігін көрсетеді. Ба Цзиннің кітаптары көпшіліктің игілгіне айналды. «Ұзақ жылдар бойы Ба Цзин шығар- маларына оқырман қызығушылығы төмендеген емес. Әсіресе, жастарға жазушы шығармалары қатты әсер етеді. Еркіндік алу кезеңінен кейін оның кітаптарының танымалдылығы арта түсті. Ал «Отбасы», «Көктем», «Күз» романдары мен «Шығармалар жинағы» басылымы экрандалған соң, оның оқырмандарының қатары айтарлық- тай ұлғая түсті. Ба Цзинь кітаптарына қайталап басып шығарып жатты, елуінші жылдары газет журналдардың бетінде оның шығармашылығы туралы жарыссөздер тослассыз жалғаса берді. Жазушының шығармашылығына деген қызығу- шылық отанының шекарасынан да асып кетті. Оны неміс, ағылшын, итальян, жапон, поляк, әсіресе орыс тілдеріне көп аударды. Ол туралы ағылшын тіліндегі зерттеулер де пайда болды. Ба Цзиньге Ся Чжицинь өзінің Қытайдың көркем әдебиетінің тарихы кітабында жеке тарау арнады. Америкада ол туралы қызықты да көлемді, бірақ даулы жақтары да бар мақала басылды. Ба Цзинь (Ли Фэйгань) 1904 ж. 25 қарашада Чэндудағы ақ сүйек отбасында дүниеге келген. Бала жас кезінен ескіліктің қалдығынан ажырамаған шонжарлар ортасында өсті. Оған берілген тәрбие де ескіден келе жатқан салт- тарды дәріптеуді үйрететін. Кейін ол анасымен бірге түпсіз терең көгілдір аспанға құлшылық етіп, шырақ жаққанын есіне алады. «Бар жан- тәніммен құдайға табынып, жер бетіндегі әрбір жанға бақыт тілейтін едім», деп жазады ол. Ба Цзинь ата-анасынан ерте айрылады. Ана- сы он жасында, ал әкесі он үш жасында қайтыс болған. Болашақ жазушының тәрбиесін атасы қолына алады. Әулетті отбасылардың салты бойынша, сауат ашу сабақтарын Ба Цзинь жал- дамалы оқытушыдан алады. 1920 жылы ол Сы- чуань провинциялық шет тілдер мектебіне оқуға түсіп, ағылшын тілін меңгере бастады. Атасы оны банк шенеунігі етіп шығаруды көксейтін. Адамның рухын мұқалтып, ішін пыстыратын маманды болғанымен, қаржылай өмірін қамта- масыз ететін осы мамандқты игеруіне итерме- леді де. Бірақ, немересі таңдауды өзі жасады. 1919 жылғы студенттер көтерілістерінің лебі алыс түкпірлерде жатқан провинцияларға дейін жетіп, патриархалдық тұрмысты шайқалтып өтеді. Жаңа идеяларға елігіп, рухтанған он бес жасар бозбала қоғамдық өмірге белсене араласа бастайды. Ол антифеодалдық бағыттағы жур- налға тілшілік қызмет етіп, әлеуметтік өмірдің қызу жақтарында жүреді. Ол жас Қытаймен бірге өсіп, бірге қалыптасты. Жаңа әдебиетті ашырқана оқыды. Ғасыр басында Қытайға көп- теп келе бастаған шетел әдебиеті оның назарын ерекше аударды. Сол кездері ол оқыған төңке- рісшіл авторлардың қатарында А.И. Герцен, 60- 80 жылдардағы орыс революционерлері, анар- хистер мен халықшылдар, сондай ақ Ресей мен басқа да елдердің әр түрлі саяси ұстанымдағы ағымдардың әдеби шығармашылықтары. Осы оқығандары Ба Цзиньге әлеуметтік мәселелер туралы ой салғанына күмән жоқ. Ол жылдары қытай интеллигент жастары- ның арасында анархизм айрықша танымал бола- тын. Анархизмнің жастарға әсері жиырма бесін- ші жылғы революциялық төңкеріске дейін социализмнен де басым тұрған болатын. Анар- хистердің таптық езгі мен қанауға қарсы айтыл- ған жалпы тіркестер түрлі көзқарастардағы адамдарды қызықтырды. Жеке тұлға еркіндігі үшін күресе жүріп, жастар индивидуализм идеясына да елікті, феодалдық тәртіпті құлатуға үндеп, өткен шақтың құндылықтарының бәрін қажетсіз қоқыс деп жариялады. Сөйтіп, ғасыр- лар бойы қалыптасып, әбден тамыр жайған қоғамдық тәртіптерді бұзуға кірісті. Ба Цзинь Кропоткиннің жазбаларын қызыға оқыды. Ол орыс жазушсының шығармаларынан өз жүрегінде сусып-сырғып жүрген түсініксіз ойды байқайтын. Сондықтан, тез арада ол шығармалармен өз отандастарын таныстыру керек деп шешті. Ба Цзинь «Этиканың» бірінші томын аударып шықты. Көп ұзамай «Төңкеріс- шінің жазбалары» деген екінші томын да ауда- рып тастады. Аударма жұмысының оған пайда- сы мол болды. Әлемдік мәдениетке үңіле қарап, жазу мәнерін аңғаруға мүмкіндік берді. Кейі- нірек ол Платонның, Аристотель мен Спиноза- лардың, Кант, тіпті Інжілдің жазылуын бағам- дай алатын болды. Жас Ба Цзиньнің анархизм- мен әуестену деңгейін өзіне лақап ат ретінде Бакунан мен Кропаткин есімдерінен құрастыр- ғаны да аңғартады. Он бес жасында Ба Цзинь қытай анархистерінің қатарына енді. Ол құрамда 40- жылдардың ортасына дейін болды. Жиырмасыншы ғасырдың басында анархизм Қытайға екі түрлі жол арқылы енді. Солтүстікте Жапониядан, оңтүстікте Францияда білім алып жатқан қытайлар арқылы. Бұл қозғалыс Ба Цзиньге жеке тұлғаның еркіндігі деген пікір үшін ұнады. Ол жас кезінен өзін мазалаған сұ- рақтарға жауап тапқандай еді. Ба Цзинь «Мен», «менің бақытым», «менің қоғамға қатысым» деген тақырыптар төңірегінде ой толғайтын. Кейде жауапты анархизмнен таба алатындай болып көрінетін. Қытайда анархиялық идеялар халықтық идеялармен үндесіп кетті. Халықтық оймен таныстық Ба Цзиньді 19 ғасырдағы орыс жазушыларымен тоғыстырды. Олар Ба Цзинь шығармашылығына шешуші әсер берді. Кейінірек жазушы «орыс қаламгер- лерінің шығармаларын оқымағанда, нағыз жазу- шы бола аламас едім» деп жазады. Олардың ішінде алғашқы қатарларда И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой және А.П. Чеховтар табылады. Бұл жазушылардың әрқайсысы Ба Цзинь шығарма- шылығына із қалдырды. «Мен Толстойдың шы- ғармаларын алғаш рет он тоғыз жасымда оқы- дым. Ал Чеховтың кейіпкерлерін барлық жер- ден кездестіретінмін. Олармен бірге дүкенге баратынмын, шәй ішетінмін, әңгімелесетінмін. Тіпті кейде дауласып та қалатынмын.» Ба Цзиньнің орыс әдебиетіне деген қызығу- шылығы өмір бойы сақталып қалды. Кейінірек ол Толстойдың шығармаларын ғылшын, орыс, француз, неміс, жапон тіліндегі аудармаларын жинай бастайды. Пушкин, Чехов, Герцен, Горь- кийдің әңгімелерін аударады. «Анна Каренина» романының аудармасын өңдеген де өзі. Толстой мен Чехов шығармашылықтарына Ба Цзинь жеке еңбек арнайды. Бірақ Ба Цзинь Тургеневті көбірек аударады. Ол Лу Синь мен Тургеневті «ұстазым» деген. «Әкелер мен балалар», «Муму», «Пунин мен Бабурин», тағы басқа да Тургеневтің шығарма- ларын аударған. Кейде Тургеневтің әсері айқын байқалып қалады. Мысалы, «Алғашқы махаб- бат» әңгімесінде автор тақырыптың өзін Турге- невтікіндей етіп қояды. Тургеневтің повестіне көтерген тақырыбы да жақын, формасы да ұқ- сас, тіпті ол да достардың кездесіп, алғашқы махаббат туралы еске түсірулерінен бастайды. Әңгімеде Ба Цзинь жас қытай жігіті Танның француз қызына деген сезімін сипаттайды. 1927 жылдың қаңтарында Ба Цзинь Фран- цияға аттанады. Экономист боламын деп кеткен жігіт өзі де байқамай жазушы болып қалып- тасады. Парижде кешкілік мектептен француз тілін үйреніп жүріп, ол туған елін қатты сағынатын. Ол адамы аз көшеге мұңая қарап, Париждегі құ- дай ана соборындағы сағаттың дыбысын үнсіз тыңдайтын, еріксіз қаламға қол созатын /2, 19/. Ба Цзинь өз жолын бірден таба алған жоқ. Оны «қиял мен шынайы өмір арасындағы қарама қайшылықты қалай жеңуге болады?» де- ген сауал ұзақ толғандырды. Марксизм ленинзм Ба Цзинь үшін жабулы қазан күйінде қала берді. Ол Маркс және Энгельс, Лениндер жайлы оқы- ғанымен олардың пікірін қабылдауға дайын емес еді. Ол кезде ұлы француз революциясыны жарқын ұшқындары реакциялық күштердің тү- негіне сәуле түсіріп жатқан. Ол сол кездің өзінде Жан-Жак Руссоның еркіндік сүйгіш идея- ларымен таныс боуы мүмкін. Елуінші жылдар- дың соңына қарай, алпысыншы жылдардың ба- сына ол Руссо есімін өз шығармаларында бөле айтатын болды. Сондай ақ, Волтер сияқты ұлы француз революциясының қозғаушыларын «ұс- таздарым» деп қастерлей атайтын. «Мүлгіген тыныштық» жинағына енген әңгімелер циклі суреткердің рухани ізденістерінің нәтижесін көрсетеді. Марат – халықтың досы әрі жанашыры, пат- ша билігінің қас жауы. «Мараттың өлімі» әңгі- месінде оның бейнесі анық, айшықты түрде бе- рілген. Әңгіме сюжеті өте қарапайым. Әңгіме атақты революционердің өмірінің соңында бол- ған белгілі жайттарға құрылған. Ба Цзинь Марат өлімін Давид бейнелегендей етіп суреттейді. «Ол алға ұмсынды, басы бір иығында дома- лап жатты, бір қолы тақтайда, бір қолы жиекке ілібердініп қалды. Көзі ашық күйінде бақыра- йып тұрды. Кордэге қарап, «маған не істедің?» деп сұрап тұрғандай еді. Бірақ ол ләм мим деген жоқ, құлаққа ұрған танадай өлі тыныштықта қансырап үзіле берді… ». Әңгіменің әр жолы күрескерге деген сүйіпеншілікке толы. Ба Цзинь Мараттың нағыз халық досы болғанын баса айтады. Оның ойлаған соңғы ойы да халық пен республика жайы болатын. «Дантон Трагедиясы» әңгімесінде Ба Цзинь бір революциенер қайраткерлігінің екі түрлі кезеңін суреттейді. Басында Дантон адуынды, мінезі күшті «арыстан» бейнесінде. Өз ортасы оны құрмет тұтады. Беделді, іскер азамат халық- тың өзін қолдайтынын біледі. Робеспьер оған бірдеңе деуге батылы бармайды. Содан кейін Дантон тағдырынан жеңілген, өзіне деген сенім- нен айрылған адам кейпінде. Бар болғаны отыз бес жаста болса да, өмірден сыбағасыз қалғанын сезінеді. Махаббат, отбасы, достары, беделі бәрінен Дантон жұрдай болып айрылады. Кейін түрмеге түседі. Ба Цзин Дантонның өмір жолын көрсету арқылы, революцияға опасыздық жа- саушының жазаланы тиіс екенін айтады. Осындай әңгімелерді жазу барысында жазу- шыға буржуазия тарихы үлкен әсер берді. Туған елінде болып жатқан өзгерістер де ойға қалдыр- май қоймайтын. Ол шығарамаларында ұлы адамдардың өзі ұлттық мәселе болсын, қоғам- дық мәселе болсын, ешқандай мәселені күштеу жолымен шеше алмайтынын меңзейді. Бұл әңгі- мелері өз уақытындағы қатыгездік пен зорлық- зомбылыққа жауап есебінде еді. Ба Цзинь Лу Синьнің «Кішкене оқиға» әңгі- месіне ұқсас жазбасында көшеде болған жағдай жайлы баяндайды. Әкесі мен қарны аш бала жол жиегінде отырып, жарылған оржапырақ пен мыжылған қызанақ сатып отырады. Бірақ оларға ешкім қарағысы да келмейді. Бірақ кенет ұзақ күттірген сатып алушы келіп саудаласа бастай- ды. Сол сәтте-ақ полицей пайда болып, бәрінің астаң-кестеңін шығарады. Еркектің осы адамға ғана сауда жасауын рұқсат беруін өтінген жалы- нышына полицей пысқырып та қарамай, қайта бұлқан талқан болып ашуланады. «Өтініш жа- саудың орнына, құзіреті орынға сүйрей жөнел- мегеніне рақмет айт!» деп ақырады. Қалған- құтқан жемістерін алып, сатушылар кетеді. Теңіздің жағасында әкесі ұлымен қош айтысып, үйіне жібереді де, өзі толқынға кіріп жоқ болады. Мұнда Лу Синь әңгімесін көп нәрсе еске салады. Тақырыптың өзі айтып тұрғандай, «кіш- кене» оқиғаның ұқсастығы бірден көзге ұрады. Адам мен заң — мәселені шешудің жолы. Бірақ Ба Цзинь әңгімесінің айырмашылығы да көп. Лу Синь кейіпкеріне сыртынан ғана қараса, Ба Цзинь кейіпкермен бірге сезімге беріледі. Ба Цзинь болашақтың өсіп келе жатқан ұрпақ қо- лында екенін анық білдіреді. Осы айырмашы- лықтардан Ба Цзиньнің шығармашлық тұлғасы- ның қалыптасқанын байқаймыз. Ба Цзиньде халық Лу Синьдегідей жеке әре- кет етуші жақ ретінде жиі бой көрсетеді. Жазу- шылар халық туралы сөз қозғағанда жылылық пен сүйіспеншілік лебі еседі. Ба Цзинь халықты негізінен қызмет етушілер бейнесінде ұсынады. Кейде халық ретінде адамды сабап жатқанда керемет көрініс көргендей ауыздарын ашып қызықтайтын топ та болы мүмкін. Мұндай жапы көпшілікті суреттеу Лу Синьнің «Дәрі» немесе «Көпшлікке көрсету» шығармаларына ұқсады. Жалпы, екі жазушы да портрет жасаудың шебері. Бірақ осы екі қаламгердің шығармашы- лығын салыстырар болсақ, Лу Синь портретінің әлеуметтікке жақын екенін, ал Ба Цзинь кейіп- керлерінің психологиялық жақтарына мән бері- летінін мойындау керек. Ба Цзиньді шаруалар тақырыбы қызықтыр- ғанымен, кейіпкерлері көбіне көп оқыған, әулет- ті отбасынан шыққан білікті адамдар болатын. Дегенмен, басты кейіпкері ретінде жастарды айту керек. Оның махаббат, неке және әйел тақырыбына көбірек көңіл бөлетіні де содан шығар /2, 11-17/. Ба Цзинь шығармаларына антифеодалдық бояу, феодалдық қоғамы аямай сынау анық көрінеді. Ба Цзиньнің сезімталдығы оны сезім мәселесінде ізденуге итермелейді. Солай Цао Сюэцинге келеді. «Қызыл сарайдағы түс» рома- нының әсері әсіресе «Отбасы» романында ай- қын сезіледі. Ба Цзинь өзінің суреткерлік қырын аша ал- ды. Оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік жазу мәнері жеке тәжірибе, өмірден алған сабақ нәтижесінде қалыптасты.

Читайте также:  Гайнувеле және Дема

Оставить комментарий