Бақыт мәнінің өзгеруі туралы

Біздің өміріміздің тәжірибесі мен шындығын бөлшектенген түрінде елестетемін, айталық, қанша адам болса, сонша өмірлік тәжірибе, соншама өмір шындығы бар. Ондай жағдай далалық, рулық, қауымдық, ұжымдық дәуірде болған емес. Онда өмір шындығы бір арнаға тоғысты, екіншісінде адамның еркінен тыс мәжбүрлеу, соттау орын алды, рулық­қоғамдық шындық бір адамға жүгінген шындықтан әлдеқайда әділ болды. Енді ұлы қауымдық шындық жоқ. Қыспаққа алатын кезең келмеске кетті. Ал сол кезде жылдар жылыстап өтіп, жас ұлғайғанымен адамдар ойлана алмады. Өзіңнің ойыңа алғаныңды жүзеге асыра алмай, әрекетсіздікке бой алдыру орын алды. Бұл кезең тек бақытсыздық емес, бақыттың мүлдем болмағанын көрсетеді. Бос өткен уақыт демеске амалық жоқ. Солай өмір текке өте беретін бе еді деп те ойлайсың. Мені сонда ештеңе істеуге болмайтындығы таңғалдырған, тіпті сол кеңістікте өз өміріңнің басқа кезеңіне де өте алмай қор болдың. Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық жағдайларын су қоймасының көлденең қимасындағы көріністің жай­күйімен салыстыруға болатын сияқты: бақыт — судың күн тиетін бет жағы; бақыттың болмауы — лайланған, мұнартқан тұсы, бақытсыздық — күкіртті сутегі сіңген түбіндегі қара түскен боялған шөгінді. Біздің көбіміз өз өмірімізді сол бақыттың болмайтын кеңістігінде өткіземіз, лайланған суда ештеңені көрместен, бей­берекет алға ұмтыламыз, онда өткір бір нәрсеге соқтығысамыз не шортанның шабуылына ұшыраймыз. Бақыт деген болмысты сезіну, өзінде шындықтың барын білу. Бақыттың болмауы ­ өз бағыт­бағдарың болмауы, Бақытсыздық — тірі өліктің жай­күйі. Бақыт болмысты білдіреді, бақытсыздық болмысқа қарсы құбылыс, олардың арасында өздеріне ортақ ештеңе де жоқ, оларды бақыттың болмауы — ақыл­ойдың бос кеңістігі ғана бөліп жатыр. Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық ­ тұрақты таңылатын нәрсе емес, бірақ оны өткінші деп те айта алмайсың. Бақыттың болмауы рухты төмендетпей қоймайды, ол жеке түрінде көрінбегенімен әрқашан да әлдебір нәрсені көлденең тартады; бақыттың болмауында қандайда бір кемшілік орын алады, ол — тәуелділік, екіжүзділік. Бақыттың болмауынан кемшілігін кесіп өтпей, лайдан жүзіп өте алмайсың. Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық әрқашан сапалық күйдің өзін­өзі сипаттауы. Бақытпен қоса кейде торығушылық, қажушылық та қоса жүреді, ал бақытсыздық жеңіл түрде болуы мүмкін, яғни қарын тойғызып, тоғышарлыққа ұрындырады. Бақыттың болмауы — бұл метафизикалық кеңістік, оны «ешқайда» деп атайды; бақыттың болмауы — «ешкім де емес» деген адамға берілетін метафизикалық атау. Бақытсыз болса, тіршілік етпейді, тас салынған қап тәрізді жерде домалай береді, Ол қанша өмір сүрсем, соншама осындай ауырлықтан арыла алмаймын деп ақталады. Бірақ ондай жүк шын мәнінде жоқ, яғни тіптен жалған нәрсе, ол өзінің дүниеде жоқ арқалаған тасына деген шын берілгендік шайтанның жетегінде жүргенмен бірдей. Менің бақытым немесе бақытсыздығым дүниеден толықтай тәуелсіз болуы мүмкін емес, дегенмен ол менің еңбегіме немесе жалқаулығыма байланысты айқындалады. Бақыт: өз бетіңше әрекет ету, рухыңның мықты болуы, өжеттік, демек бұл жеке қасиеттерден туындайды, ал бақыттың болмауы ­ бұлдыр нәрсе. Өзінде бақыттың болмағанына дүниені кінәлі санайтындар бұл әлдекімнің зұлым күшінің әсерінен деп біледі. Ұжымшылдық дәуір аяқталғаннан бастап дүниені бақыттың болмауы билеп алды. Дәуірлер арасындағы шекара ирек тәрізді: екі адам қатар тұр делік, оның бірі ұжымшылдық елесімен өмір сүреді, оның тамағы тоқ, көйлегі көк, бәрін қанағат тұтады, ал екіншісінің ұйқысы қашқан, мазасы жоқ, баспанасыз, қалтасында ақшасы болмайды, бірақ бұл туралы ол ешкімге тіс жармастан ішкі дербестігін бекем ұстайды. Олар бір тілде сөйлейді, бір мәселені талқылайды, сыртынан қарап оларды бір­бірінен ажырата алмайсың, бірақ олардың арасында иректеліп жатқан шекара бар, бұл адамдар әр тарихи дәуірдің адамдары, олар бір­біріне қарама­қарсы бағытта бара жатыр: толық адам елес жойылмай қоймайтын өмірдің теріс ағымына қарай, ал мазасыз үміт күткен өмірге қарай жүруде. Оның біріне өмір сүру жеңіл әрі жақсы болып көрінеді, ал екіншісі үшін өмір қиын да азапты. Дәуірлер арасындағы ирек шекараны жасайтын біздің өздеріміз, әрбір адам өзінің әрбір жасаған әрекетімен тарихи ирек шекараны жасайды. Міне, біздің әрқайсысымыз өз бетімізше шекара жүргіземіз, бірақ біз оны географиялық шекара ретінде көре алмаймыз, оның үстіне қай адамның көне заманға, кімнің жаңасына жататындығын ажырата білмейміз. Бақыт болмайтын аумақ Бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық туралы ой­толғамдар, егер осылар арқылы үнемі болатын жеке ұмтылысқа — айқындық пен ішкі реттілікке бастамаған болса, онда құр білгішсінуден әрі аса алмас еді, ал оны буддизмде нұрлану деп атайды. Мынау дүниеде бірде­ бір адам, бірде­бір ханзада адамзатқа тән нұрға бөлену бақытының бұйыратындығын не бұйырмайтындығын алдын ала біле алмайды, ал біздің орнымыз бен уақытымызда адамдардың көбінде бақыттың болмауы күні бұрын айқындалып та қойған. Сондықтан біздің орнымыз бен уақытымыз дегеннің өзі өркениеттің алмасуы, яғни ұжымшылдықтың жеке дербестікке орын мен уақыт бойынша ауысуы, біздің бәріміз, бұрын ұжымшылдық елесінің жетегінде жүргендер осы орайда бақыттың болмайтын аумағында болды. «Халықтың тағдырын тірілерге қарағанда өлгендер әлдеқайда көбірек басқарады», «Өлгендер тірілердің бірден­бір тіршілік ету негізі». Біз олардың жіберген қателіктерінің зардабын шегеміз, біз олардың қол жеткізген игіліктерінен өз еншімізді аламыз». Біздің рухани негізіміз болып табылатын ата­бабаларымыз рулық, және қауымдық ұжымда өмір сүрді. Біздің әрқайсысымызда ата­бабалар өмір­салты мен діни сенімдерінің белгілер сақталған. Ата­бабаларымыз атпен жүрсе, ал қазіргі жігіттер машинамен ойқастайды. Жаз жайлауы, күздігі, қыс қыстауы әр жерде болып, ондаған жүздеген шақырым қашықтарда үнемі көшіп­қонып жүретіндер ұрпағына тапжылмай бір орында тұратын қала тірлігіне үйрену оңай емес шығар? Дала табиғаты мен дала мінезі қанымен бойына сіңген адамға бұл торға түскен торғайдың кейпін елестетіні анық. Бақыттың болмауы ­әрине, ақылға сыйымсыз нәрсе. Мен ойымды ұштай түсу үшін метафизикалық құбылыстарды геометриялық сұлбалар арқылы бейнелеуге тырысамын. Жерде табаны дөңгеленген пирамида тұр делік. Бақыттың болмайтын дүниесі оның осы табанында жатыр. Біз бәріміз пирамиданың табанын таптап, жартыкеш шындықтың бақыт болмайтын аумағында жүреміз. Бұл әділдік еместей болып көрінеді, өмір бойы сол бақыт болмайтын аланда болу дұрыс емес. Бірақ дүние солай құрылса, одан қашып құтыла алмайсың. Ақиқат пен бақыттың әділдігі жайдан­жай келе қоймайды. Пирамида көкке шаншыла орналасқан. Оның ұшар басы Құдай деп аталады. Терең білім де, толық түсіністік те, зор құдырет те сонда болады. Пирамиданың ұшар басында Будданың, Сократтың, Христостың, Мұхаммедтің, Канттың рухтары бар. Құдай идеясы — адамзат ұлыларының жиынтық иедеясы, Құдай идеясында өмірдің адамзаттан тыс шындығы, адамзаттан тыс күші және жекелеген адами даналық бірігеді, жазу мәдениеті пайда болғанға дейін адамдар осы байланыс құдыретін мойындады, олар Құдайға қорыққаннан немесе тілегін күту үшін табынған жоқ, Құдайда адамның ақыл­санасына жұмбақ болатын құдыреттің көптігіне, адамның Құдайды өзіне жақын көретіндігіне байланысты табынды. Бақыттың болмауы құдайсыздықты білдіреді. Біз бақыттың болмайтын кезеңінде бақыттың болмайтын су қоймаларындағы амеба мен инфузорияларға (микроскоппен қарағанда ғана көрінетін жалғыз клеткалы жәндіктер) ұқсап кетеміз. Бірақ әрбір амебада әмбебап өмір екпіні бар, осы тұрғыдан алғанда әрбір бақыт болмайтын аумаққа әмбебап шындықтан әлдебір нәрсе жеткендей болады. Бақыт болмайтындағы шындық пен бақыттың шындығында іштей бір ұқсастық бар, ал оның айырмашылығына келетін болсақ, бақыттың болмайтындығының шындығы өмір сүруге күш бере алмайтын шындық болса, ал бақытты шындық өмірдің қайнар күші, олар сырт қарағанда бір­бірінен ажыратылмайды. Амебалар мен инфузориялар құдайсыз. Бақыттың болмауы өзінің құдайсыздығымен бақыт болмайтынды қинай түседі. Судың лайлануы, бағыт­бағдарда айырылу, аяқ астынан болатын қауіп­қатер, жойылмайтын қорқыныш — әркімге де жақсы таныс, сол әркім де Жаратушы о баста әділетсіздік көрсетті, ол адамды алмайды деп түсінеді. Ал бақыттың болмауы не екендігін, бақыттың болмауына малтығудың не екендігін мен өте жақсы білемін. Бұл құлдыққа айналудың жай­күйі. Біз мынау дүниеге періште күйінде келеміз, алғашқыда адамзатқа сыйға берілген бостандықта тыныстап, сосын біртіндеп құлдыққа айналдыратын бақыттың болмауы алаңына өте бастаймыз. Жаңа адамның құлдыққа мойынсұнуы — ауыр затты жерге тастағанда төмен құлайтындығы сияқты бұл да алдын ала кесіліп­пішіліп қойылған құбылыс. Бізді табиғи түйсіктер, ата­анамен қатынастар, жұбайлар, заттар, ақшалар құлдық жағдайға итермелейді. Дүниеде не болса соның бәрі (жақсы кітаптан басқасы) осындай күйге түсіреді. Мен дүниенің құлы ететін заттардың күшін жиі кездестіремін, сондықтан мен заттың саналы түрдегі жауымын, сондықтан затты әбден тозғанша пайдаланамын. Тек өзіңнің қадіріңді өзің білу ғана адамды бақыттың болмайтын лайынан суырып шығарады. Бірде бір адам екінші біреуге «сен бақытты болуға лайықтысың» деп айтпайды. Қайта керісінше пікір білдіреді. Жақын адамың сенің бақытты болғың келетіндігіне өзінің көзқарасын сыпайы түрде немесе тұспалдап жеткізеді. Дүние солай жаратылған, бір адам екінші адамның қадірін біле бермейді. Ешкімде де басқа адамның қадіріне жетуге көмектесетін құрал жоқ. Ал біздің қарым­қатынас — тіршілік ету құралы, оның өзі бақыттың болмайтын аумағындағы сияқты азаптанушылықтан көрінеді. Бақыттың болмауында шындық бар, бірақ сол шындықтың өзі жоқ та екендігі анық. Маған айтқандардың бәріне сенемін, қарым­қатынастарға да сеніммен қараймын, бірақ мен ешкімнен ешқашан жүрекжарды сөзді күтпеймін. Бақыттың болмайтын кеңістігі. Біздің денеміз өмір бойы сонда болу тағдыры жазылған. Ал бақыт болмайтынның тұнығы — бесік, үй және көр. Дүниенің қалай құрылғанын түсіну үшін өмірдің 2/3­ін сүру керек деп реніш білдіргім келгені бар! Енді ондай реніш білдіретін райымнан қайттым, өйткені, бақыттың болмауы маған үй де емес, көр де емес екен. Мәдениет екпінінің күші Дала мәдениеті, қауымдық мәдениеттің күні өтіп мәдениетке дейінгі кеңістікке айналады. Егер мәдениеттердің гүлденген бақытты кезіне және көпшілік­діни нанымдардың бақыттың болмау кезіне қарайтын болсақ, онда біз мәдениет қабаттарының арасында жатқан мәдениеттің бос кеңістігін көреміз. Бірақта мәдениеттер кезеңдері арасында көзге көрінбейтін байланыс бары байқалады. Дала мәдениеті мен дала мәдениетінен кейінгі кезең арасында көзге ілінбейтін байланыс бар, мұндай байланысқа осы шығарманы жатқызсақ та болар еді. Дала мәдениетінен кейінгі мәдениет әлі бола қойған жоқ, ал қазір дала мәдениеті болса жоқ, бірақ мен мәдени болмыс ретінде аралық кезеңді зерделеп қараймын: дала мәдениетінен кейінгі кезең ақиқатқа айналған кезеңде осы жолдар туралы біреулер әлі айтатын болады: сондай­ақ осы мәтіннің дала мәдениетінен кейінгі талпыныстардың бірі болып табылатыны анық. Мәдениет — бұл ешқандай формальды бірлестік емес, бірақта адамдардың адам болуға бір жерден бір уақытта басталатын біріккен ұмтылысы; бұл ұмтылыс ішкі табиғаты жағынан үйлесімді, сондықтан да ол заңды құбылыс. Ол адамдар қолынан жасалған ғажайып туындылардан көрінеді, бірақта мәлімет түсінігінде керемет адамға айналудың қиын екендігін түсіне білу керек. Өзінің кереметтігіне қарай ұмтылыстағы екпін жеке адамнан тыс болады, бірақта ол ой­санада әбден пісіп­жетілмейінше ілгері қарай қозғала алмайды. Қолдан шыққан керемет дүние болып көрінетін мәдениет жеке дербестік екпінен тыс құрылады, бұл бұйымдар тау мен көлдің керемет болуы себепті кереметке айналады, ал сөз арқылы жасалатын мәдениет шын мәнінде нағыз адамзат мәдениеті. Сөзбен көмкерілген ақиқат сұлулығын жасайтын адам шындығында ұлы құбылыс. Сөзден құрылған сұлулық тау мен өзеннің сұлулығынан бір де кем түспейді, адам сөзбен өрнектейтін шығармасында құдаймен теңеседі. Өмір болмысын ішіне жинаған құмыра бейнесін көз алдымызға елестетіп көрелікші. Бейнелеп айтсақ, оның мойнына топтан жеке бөлініп шыққысы келген, өзіндік идеясы бар адамдар тектен тек жиналмайды. Ал құмыраның мойнына жету өте азапты жол, тіпті оған баратын жол жоқтай көрінеді, бірақ осыншама қиындықтан сытылып шығатын уақыт келеді. Өмірдің мәнін ашып көрсететін бір отандасымызды кездестірудің өзі неге тұрады. Біздің өмірімізді бір­бірімен салыстыруға болмай, әрқайсысымызды әртүрлі зат қызықтырады, бірақ бізді уақытты бірлесіп өткізуге деген ұмтылысымыздың тәжірибесі біріктіреді. Құмыраның ұзын мойнын қалыптастыратын мына біздер, бізсіз, біздің тәжірибемізсіз ешқандай құмыра болуы мүмкін емес; құмыра бейнесі — біздің дербес уақытымыз қалыбының бейнесі. Біз бақыт болмайтын аумақтан шықтық, бізге тағдыр одан шығуға жазды. Басқалар туралы ештеңе айта алмаймын, «көпшілік дәуірі» деп аталатын орын мен уақыттан, көпшіліктен сытылып шықтым, Егер мен бұрын ақсүйек болып тусам, «көпшілік психологиясын» тастап шыққан болар едім, мұның өзіндік мәнісі бар екендігі сөзсіз. Қалыпты өмір ағымында бәрі де қалыпты болады, ешқандай кездейсоқ оқиға кездеспейді. Егер мен көптің бөлігі болсам, енді оны бөлігі емеспін, мен енді жекеше тірлік етуге бет бұрдым, мен бұдан былай көпшілік тәрізді тіршілік етуді қоюға міндеттімін, менің тәжірибем әлі орнықпаған, ол «көпшілік дәуірінің» принципті түрде аяқталғанынан көрінеді, көпшілік біртекті бола алмайтын дәрежеге жетті, көпшілік бақыт, бақыттың болмауы, бақытсыздық деп аталатын қабаттарға бөлінді, бұрынғы көпшілік енді көпшілікке жатпайды. Енді мені құмыра мойнына итермелеген күшке қайта оралайын — қайда, не үшін бара жатқаным өзіме белгісіз — мен тек оның өзімнің ғана күшім еместігін, қозғалысқа түсуге бел буған батылдығым ғана еместігін білемін. Бірақ, егер көпшілік көпшілік болудан қалған жағдайда (көптің бөлігі елеулі айырмашылықтарға ие бола алмайды), жоғары қозғалу төменге қарай қозғалуды да білдіруі тиіс; жоғары қарай қозғалу — жарқын өмір идеясына ұмтылу (оптимизм), төменге қарай қозғалу — өмірдің мәнін теріске шығару (арсыздық), бұл адамзаттың тіршілігінде біздің көз алдымызда болып жататын үйреншікті құбылыс екендігі белгілі. Өзім сыйлайтын өзге адамдар бір­біріне ұқсас келеді. Мен де оларға ұқсаймын. Олардың бірде­біреуі құмыра мойнының дербес уақыттың бейнесі ретінде, құмыра мойынының жарқын өмірдің идеясын ұстанғандар жиналатын оқшау түс екендігі ретінде әңгіме айтқан емес. Мен ескі танысымның өзін ұзақ жылдар бойы танып­біле алмадым, өйткені, бостандық идеясын білмеген болатынмын. Біздің өмірлеріміз бір­біріне мүлдем ұқсамайды, біздің көз алдымыздағы түсініктер біздің еркіндіктеріміздің қаншалықты ұқсас екендігін көруге кедергі жасайды. Ал біздің сол еркіндіктеріміз де бір­біріне ұқсамайды, салыстырмалы түрде айтсақ, Азияның, Еуропаның, Африканың музыкаларының бір­біріне ұқсамайтындығы сияқты болады. Ондай музыкалар бір­біріне ұқсамағанымен, бәрібір музыканың аты музыка. Біздің еркіндіктер шын мәнінде әмбебап еркіндік болып табылады. Мен өзім құрметтейтін адамдармен пікір таластырмаймын. Өйткені, жекелеген еркіндіктер бір­біріне қарама­қайшы келе алмайды. Ал жекелеген еркіндіктер ортақ әмбебап қасиетке тез беріледі. Еркіндік идеясы — қызмет ету идеясы, ол баяғыдан белгілі болғанымен мен оны жақында түсіндім. Мен адал дәстүрлі тәрбиеленген адаммен сөйлескенімде айтысуға уәж таппаймын. Әңгімемізде біздің еркіндіктер бір­бірінен басым түспейді. Қазіргі дәстүрлі тәрбиеде қызмет ету идеясы жоқ, онда адамның еркі өте төмен. Қызмет етуге адамның еркін дәстүр алмастырады — біздің ата­бабаларымыз әрқашанда солай істеген. Оны басқалардың орындауын қалады. Дәстүр адамды елей алмайды. Қазіргі дәстүрлі тәрбиеде таңдау жоқ: яғни, дәстүрге қызмет ету керек пе, жоқ па, ол арасы ажыратылмайды. Қазіргі заманғы дәстүрлі тәрбие алушы дәстүрлілік идеясына қызмет етеді. Бірақ оған қызмет етуді дәстүр талап етпейді, керісінше бұл жеке еріктің ісіне айналады. Қазіргі заманғы дәстүрлі тәрбие алушы дәстүрлілікте қызмет ету идеясын ұстанады. Бірақ дәстүрліліктің өзіне қарағанда кем түсіп жатады. Бұрын мен кейбір дәстүрлі ұстанушылармен қалай жеңіл тіл табатындығымды түсінбеген болатынмын, енді түсіне бастадым. Бұл еркіндіктің басым күші. Еркіндікті философияға айналдырудың қажеті жоқ. Егер олай істейтін болсақ, онда еркіндік жоғалады. Сол себепті еркіндік өмірден, күнделікті тіршілік етуден бөлінбейтін құбылыс. Еркіндік өзіңнің пайымдауыңа байланысты әртүрлі болады, бірақ еркіндікке еркіндік тән. Ол оны бір тамшы сумен, шелектегі сумен, теңіздегі сумен салыстыруға болады, өйткені, оның ішкі мәні бір. Күнделікті тіршіліктің ақиқаты Мен қазір басымнан кешіп отырған интеллектуалдық қозғалыс дүниенің ақиқаты екендігін және ол жеке нақты адамнан тыс болатындығын білдіреді. Сонымен қатар кез келген парасатты адамның көзі жетпейтіннің бәрі шындық. Мәселе бұл әмбебап шындықтың қай бөлігі екендігінде. Адамдардың көпшілік ортасынан жаңа ғана шыққан біздер алғашқыда шындық жолына бағыт аламыз, бірақта бұл орайда біздің сөздеріміз бен идеяларымыз Конфуцийдің сөзіндей шындыққа жанасады. Бірақ шындық үнемі даму үстінде болады. Конфуцийдің сөздері көшедегі ақылгөйсіген адамның сөзінен ерекшеленеді — олар бізге алыс қиырдан шындық ағыны ретінде келсе, ал көше ақылгөйшісі табалдырықта тұрып білгішсінеді. Өмірдің барлық шындығын білу мүмкін емес, бірақ шындық жолымен жүруге болады. Шындықтың көшбасшысынан кейін қалғанның өзінде де шындық жолының аты шындық.

Читайте также:  Ортағасырлық арабтілді перипатетизм

Оставить комментарий