Баба рухы дем бергей

Халқымызда игі дәстүрлер көп­ақ. Бәрі — тәрбие, бәрі өнеге. Соның бірі аруақтарға арнап ас беру, есімін еске алу. 2005 жылдың тамыз айының алтыншы жұлдызы күш әулие тұтып, сыйынып жүретін, еліне ұйытқы, жеріне қамқор болған Пұсырман Қожағұлұлын (1774 — 1864) ұрпақтары болып еске алады, құрмет көрсетті, зираттың басында туыстары ойға алған шаралар өтті. Осы жақсыдан қалған тұяқ жиналып бабаға арналып салынған белгінің ашылу pәсімі болды. Аруағы ардақталып, өнегелі өмір жолы, тарихи — әлеуметтік қызметі, ерлікке пар еңбектері еске алынды. Арал мен Қазалы аудандары шекаралығында, кең де жазық, дала төciнде «Пұсырман төбе» аталған, сол төңіректегі ең биік нұралық бар. Сол жерге алдымен Пұсырман атам бастап жерленген, айналасында балаларының, жақын туыстарының сүйеп жатыр. Мен осы жиынға дайындық үстінде «Пір тұтқаным — аруақ» деген тақырыппен шағын кітапша шығардым, ас үстінде тараттым. Онда қолға түскен материалдарға қарай «Пұсырман кім болған» деген сұраққа жауап берген сияқтымын және оның өзіме дейінгі тікелей ұрпағын таратып айттым. Қай тақырыпты да ортадан, қоғамнан, уақыттан тыс алып қарауға болмайды.

Әcipece тарихи оқиғаларды, жеке тұлғалар өмірнамасын нанымды деректерсіз баяндау мүмкін емес. Пұсырман Қожағұлұлы XVIII ғасырдың аяқ шенімен XIX ғасырдың бел ортасында өмір сүрген. Осы кезеңде қазақ, жерінде, қазақ басынан өткен ауыртпалықтар, өзгерістер ол кісінің де өмір жолымен байланысты болғандығы түсінікті. Бұл қазақ елінің саяси­әлеуметтік өміріндегі іргелі өзгерістер кезеңі. Кіші жүз, кейін Орта жүз Ресейдің қол астына енген болатын. 1822 жылғы «Ciбip қырғыздары туралы устав» бойынша билік — басқару жүйесінің іргесі шайқалған, хандық жүйе жойылып, аға­ сұлтандық жүйе ендірілген еді. Бұл Ресей империясының отарлау саясатының бел алған шағы болатын. Отаршылдық саясатының қазақ ұлтының көшпелі тұрмыс­тіршілігін, салт­санасы мен әдет­ғұрпына тигізген әcepі аса ауыр болды. Атамыздың жеке­дара басын алып Қарағанда Пұсырман бай, Пұсырман би атанды. Әулиелігі мен көріпкелдігі катар жүрген. Қыдырды үш рет көргендігі ел аузында. Ол кезінде «Бай, феодал, шонжар» болып танылған үстем тап өкілдерінің қатарына жатады. Ру ішінде үстемдік жүргізген адамдар. Атамыздың діндарлығы, оқу­ бітімге қамқорлығы, заманының зиялыларымен арақатынасы туралы деректер айтылмайды.

Читайте также:  ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Тумысының ірілігі, мінезінің бірбеткейлігі, тапқыр сөз бен терең ой иесі екендігі, ортасында ақылшы, төреші адам болғандығы еске алынып жүрді. Пұсырман атамыздың образын, бейнесін көркем тілмен сомдайтындай жазушы емеспін. Алайда бар қимылынан, айтқан сөздерінен кесек мінезді кісі, бip тума бітімді пенде екенін байқау қиын емес. Ел арасында Пұсырман «Бай болды, кісі еңбегін қанады» деген сөздер айтылып жүрді. Барымтаға барғаны, пара алғаны жөнінде дәлелді әңгіме естілмейді. Ал шаруашылығында адам ұстағаны, кедейлерге жұмыс тауып бергені шындық. Олай болмаса сонша малды (санын ешкім айтпайды) қалай ұстайды. Елді егіншілікке, отырықшылыққа бастағаны ол заманда прогрессшіл кадам. Ел аузындағы кейбір орынсыз әңгімені тоталитарлық тәртіптің тегеурінімен таптық дәуірдің көлеңкесі деп білемін. Бүгінгі тәуеліздік кезінде мұндай көзқарас түбірінен өзгерді. Жанқожа батырмен құрдас, көңілдес болғандығы бұрында жазылды. Сыр бойы, Арал теңізі, Қарақұм маңындағы қазақ жерлеріне басқыншылық саясат жүргізген Хиуа, Қоқан хандықтарына, патшалық Ресейге қарсы Жанқожа батыр басқарған ұлт­азаттық күресті Пұсырман бай тікелей қолдады, демеді. Сонда ол кісі туған жерді қорғаған, бостандық пен еркіндік үшін күрескен қайраткер болып шықпай ма. Оған дәлел болатын айғақтар жеткілікті көрінеді.

Атамыз Пұсырман бай Жанқожа сарбаздарына мініс аттарын дайындаған, жауынгерлерді азық­түлік пен қамтамасыз етіп тұрған, немесе майданға тыл болу міндетін атқарған. Кенесары бастаған ұлт­азаттық қозғалысқа Кіші жүзден Жоламан, Жанқожа, Бұқарбай батырлардың қатысқаны тарихтан белгілі. Олар Кенесары ханның үзеңгілес жолдастары болды. Мен Жанқожа батырдың Кенесары ханның сенімді серіктерінің бipi болғандығын айтқалы отырмын. Көтеріліске шыққан Сырдария қазақтарының қолбасшысы Жанқожа батырдың абырой­беделін даңқы бөлек болды. Ол 1844 — 1868 жылдары 14 жылға созылған Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халық қозғалысын басқарды. Кенесары ханның шақыруымен Созақ, Сауран қамалдарын шабуға болысты. Сырдария қазақтары Жанқожа батыр туының астында Қармақшы, Қазалы, Арал маңында, Қызылқұм ішінде талай шайқастарға катысты. Жанқожа сарбаздарын жергілікті халық қолдап керек – жарақтарымен қамтамасыз етіп отырды. Жаугершілікте жүрген Жанқожаға тірек, серік болғандардың бipi Пұсырман бай атамыз екен. Бұндай қолдау­көмек еліміз бен жеріміздің азаттығы мен тұтастығы, соның жарқын болашағы жолындағы ерлік күрес үшін қажет еді. Бір қызығы, тарихи әдебиеттерде ел қорғаған, оның азаттығы үшін күрестерге, майданға елдің, тылдың көмегі жеңіске жеткізбей ме. Қай заманда, қай жағдайда болмасын қазағымыз аттан, қазанымыз оттан түспеді емес пе. «Өліге деген құрмет тірілер үшін» деген. Бұл бүгінгі қазақтар үшін жасалып жатқан шара. Атақты батыр ардақталды. Кейбіреулер «той көбейіп кетті», «көбейіп кеткен бұл қандай батырлар» деп те жүр.

Читайте также:  ИКАРИЯНЫҢ САЯСИ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ

Ұлттың туын көтерген жаужүрек жанның шығуы ұрпаққа үлгі, елге бақыт, қонған ырыс емес пе. Ел лебізді көпшілік түйіні — осы. Есте қалар есті ic болды. … Қазақ көшіп­қонып мал ізінде жүрген, өркениеттен ауылын аулақ салып жүрді десіп келді. Дәлел — қазақ құрылыспен айналыспаған, тұрақты қонысы болмаған, қала салмаған. Шығыс тарихы бұл тұжырымды жоққа шығарғаны белгілі. Жердің үсті­асты қанша қала орнын ашты. Қазақта құрылыс ісінің қаншама дамығанын белгілі адамдарға салынған мазарлардан байқауға болады. Қабырғалардың берік қалануы таң қалдырады. Балшықты жылқы қылымен бие сүтін араластырып илегені байқалады. Бұл бабаның көнерген бейітінің қалдығынан көрініп тұр. Кезінде бейіт «Сарыой» (қасындағы қол) сазын қырық биенің сүтіне араластырып, оған қырық жылқының жал­құйрығын қосып, жылқы аяғымен айдатып мықты қам кесек жасап, биіктігін бес метр етіп ерген, ішкі қабырға мен төбесі өшпес бояумен өрнектелген. Әлімнің — Кішкенесі Руы: Асанның Дәулетияры. Сыр өңірінің белгілі биі Пұсырман Қожағұлұлы 1774 — 1864. Ескерткіш қоюшылар ұрпақтары 2005 жыл деп жазылған. Ескерткіш белгі қашықтан көрінеді көз тартады. Ас алдында жиын өткізілді. Кейін «Қазалы айғағы» газетінде төмендеп хабар берілді.

Оставить комментарий