Банк табыстылығын арттыру мақсатында басқару есебі мен оның элементтерін енгізу

Өткір бəсекелестік кезеңінде банк клиенттер саны өспей тұрақты қызметін қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты қаржы-несие құрылымдарының басты мақсаты пайданың тұрақты əрі қарқынды өсуін қамтамасыз ету үшін табыстылық пен тəуекелдерді басқару болып отыр. Қазіргі заман талаптарына сəйкес кез келген ұйым болашақтағы қызметін жоспарлау, талдау, бақылау жəне жетілдіру үшін басқару есебін жүргізу қажеттілігі туындап отыр. Сонымен қатар нарықтық экономика, əлемдік нарыққа шығудың міндетті шарты ретінде экономикалық даму тұжырымдарын қайта қарауды талап етеді. Басқару есебінің қалыптасуының өзектілігі, банк табыстылығын арттыруға қатысты дұрыс басқару шешімдерін қабылдау үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз ететін құрал қажеттілігі жəне Қазақстанның əлемдік нарықтық қауымдастыққа енуімен түсіндіріледі [1]. Мемлекетіміздің банк жүйесіндегі жағымды өзгерістер табыстылықты арттыру мақсатында қолда бар ресурстарды тиімді басқаруды қажет етеді. Несиелік жəне басқа да операциялардың алуан түрлілігі мен көлемдерінің артуы, банк табыстылығын арттыру үшін келісулер жүргізу басқару жүйесіне қатаң талаптар қоюда. Бұл үрдіс табыстылықтықұраушыəр элементке əсер ету бойынша іс-шаралар жиынтығынан тұрады. Осы элементтердің арасында табыстардың түрлері тəуекел нəтижесінде болатын зиян, операциондық шығындар, ресурстар құны жəне т.б. бар. Тиімді банк менеджменті үшін басқару есебінде қалыптасатын басқару ақпараты болуы керек. Тəжірибе көрсетіп отырғандай, басқару есебіне деген отандық банктердің көзқарасы жеткілікті түрде қалыптаспаған. Оның себебі коммерциялық банктердегі қаржылық есептің түбегейлі қаралануында деп ойлаймыз. Дегенмен қаржылық есеп пен басқару есебінің айырмашылықтарын ескере келе, біздің ойымызша, коммерциялық банкте басқару есебінің қажетті ұйымдастыру жəне жүргізудің əдістемелік қамсыздандырылуы құрылуы керек. Қазіргі кезде банк табыстылығы мен тұрақтылықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында менеджменттің сапасын арттыру мəселесінің өзектілігі артуда. Өнім құнымен нақтыпайданың көздерін түсіну қажеттілігі туындады. Дəл осы тапсырмалар банкте жеке есеп түрі – басқару есебін бөлуді талап етіп отыр. Банктегі басқару есебі – бұл топ-менеджерге жəне оның иелеріне банк қызметі жөніндегі негізгі көрсеткіштерді жинақтау, талдау жəне арнайы өңдеу мен ұсыну жүйесі. Басқару есебінің жүйесі банк бизнесін толығымен жəне оның жекелеген бағыттары бойынша талдауға мүмкіндік береді. 28 Банк табыстылығын арттыру мақсатында басқару есебі мен оның элементтерін енгізу… ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №4 (92). 2012 Банктегі басқару есебінің жүргізілуінің басты мақсаты – оның қызметінің тиімділігін арттыру жəне акционерлік құнын өсіру. Банктік топта басқару есебінің жүйесін енгізу қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: қызмет нəтижелері туралы жедел ақпаратты алу қажеттілігі; қызметтің жекелеген бөліктерінің салыстырмалы талдауын жүргізу қажеттілігі; ағымдағы тəуекелді басқару қажеттілігі; банктік өнімдерге баға белгілеу бойынша шешімдер қабылдау; банк қызметінің табыстылығын арттыруға байланысты шешімдер қабылдау негізі. Басқару есебі мен есептілігін енгізу басқарудың барлық деңгейінде келесі баптар бойынша аналитикалық ақпаратты қажет етеді: • банктің меншікті капиталы мен оның бөлінуі туралы; • клиенттік базаны арттыру туралы; • пайда мен капиталға əсер етуші тəуекелдердің өсуі/кемуі; • бөлімшелермен жекелеген қызметкерлерді ынталандыру туралы; • несие тəуекелінің нақты деңгейі туралы; • үстеме шығындар деңгейі мен олардың тиімді бөлінуі туралы; • ағымдағы табыстылық деңгейі жəне оны арттыру жолдары. Банк қызметінде басқару есебін енгізу үрдісін төрт нақты кезеңдерге бөлуге болады: трансферттік баға, бөлімшелердің жұмысын бағалау, банк өнімдерінің табыстылығын бағалау жəне клиенттердің пайдалылығын бағалау жүйелерін құрастыру. Банктегі басқару есебінің жүйесін құрастырудың негізгі шартыресурстардың орталықтандырылған басқару жəне жауапкершілік орталықтарын бөлу. Аталған кезеңдердің жүзеге асуы əлі де тұжырымнан нақты қолданбалы əдістемелерге дейін талқылауларды қажет етеді. Басқару есебінің мəнін айта келе, оның басты ерекшелігін атап кету керек: басқару есебі басқару үрдісі мен есеп үрдісін байланыстырады. Басқарудың пəні объектке əсер ету үрдісі немесе ұйымдастыру мақсатында басқару үрдісі жəне қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің іс-əрекеттерін қадағалау. Басқару есебі объектігежоспарлау, ұйымдастыру, қадағалау, ынталандыру жəне бақылау арқылы əсер етеді. Басқару есебі дəл осы қызметтерді жүзеге асырады. Банктегі басқару есебінің объектілерінің бірі, жоғарыда айтқанымыздай, табыстылық болып табылады. Банктік қадағалау бойынша Базель комитетінің (Базель ІІ) нұсқаулығы бойынша банк табыстылығына тікелей қатысты мəселелер қаралмаған. Бірақ банк капиталының жеткіліктілігі мəселесін түбегейлі қарастырған. Банк капиталы мен табыстылығы көрсеткіштері тығыз байланыста: бір жағынан, капитал банк дамуының қаржылық негізі, яғни банк табыстылығын қамтамасыз ететін болса, екінші жағынан, банк капиталының инвестициялық тартымдылығының өсуі – оның табыстылығын арттырады. Банк табыстылығын арттыру үшін банктің табыстары мен шығындарын тиімді басқарып, оның болжамдық-аналитикалық жұмысын бағалау қажет. Банктегі басқару есебінің құрылуы келесі тапсырмаларды шешеді: банк үшін жоспарлау тиімді үрдісін құру; жеке банк өнімдері, бизнес түрлері мен бөлімшелер шегінде табыстылықты жедел бақылау; активтер мен пассивтер құрылымдарынжедел басқару, капитал жеткіліктілігі мен тəуекел деңгейін бақылау; банк өніміне қатысты баға құрау бойынша шешімдерді қабылдау үрдісін жетілдіру; клиенттермен қарым-қатынастарды оңтайландыру; менеджерлердің жұмыс нəтижесі үшін жауапкершілігі мен ынталандырудың тиімді жүйесін қалыптастыру [2]. «Kaspi bank» сияқты бөлімшелері көп банк үшін басқару есеп жүйесін енгізу, əсіресе өзекті болмақ. Себебі басқару есебі мен есептілігінің жүйесі негізінде бірыңғай ақпараттық кеңістікті құруға жағдай жасайды, ал бұл өз кезегінде бөлімшелер қызметін басқару есебінен жалпы банк табыстылығының артуына əкеледі. Коммерциялық банктің бөлімшелер желісін тиімді басқару үшін банкте бөлімшелер қызметін жоспарлайтын жоспарларды жүзеге асыруға көмектесетін, бөлімшелер қызметінің табыстылығын жоспарлайтын жəне талдайтын, сонымен қатар жеке құрылымдық бөлімшелер деңгейінде табыстылықты басқаратын басқару жүйесін құру қажет. Банктің құрылымдық бөлімшелер деңгейінде банк табыстылығын басқаруды жауапкершілік орталықтары бойынша басқару деп атайды. ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №4 (92). 2012 Г.Е. Жүнісова 29 Банкте бұл жүйені енгізудің негізі ретінде ішкі қаржылық қорлардың трансферттік баға белгілеуі қызмет етеді. Банкте жауапкершілік орталықтар бойынша басқару жүйесін ұйымдастыру үшін келесі кезеңдердің реттілігін жүзеге асырады: банктің ұйымдастырушы-қызметтік құры лымының негізінде жауапкершілік орталықтарының жүйесі құрастырылады, қаржылық құрылым жəне қаржылық есеп орталықтарының құрамы анықталады; жауапкершілік орталықтары бойынша шығындарды тарату жəне бөлімшелер арасында табыстарды бөлу схемалары анықталады; банкте қолданатын трансферттік баға белгілеу əдістемесі анықталады; құрылымдық бөлімшелердің қызметінің нəтижелерінің талдауымен бағалауықамтамасыз етіледі. Банктегі трансферттік баға – бұл клиенттердің салымдарынан қорларды қалыптастыратын жəне оларды банк ішілік несие нарығында өткізетін тарту орталықтарының, яғни бөлімшелердің табыстарының негізгі баптары. Ал орналастыру орталықтары – сыртқы нарықтарда қорларды орналастырумен айналысатын бөлімшелер, қорлар үшін пайыздық төлемдер – тікелей операциондық шығындардың негізгі баптарының бірі. Осылайша, банкішілік ақша қаражаттарының айналымы бір ҚЖО операциондық табыстарын құраса, екіншілердің шығындарынқалыптастырады. Бұл трансферттік баға белгілеуді банктің басқару есебі үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде көрсетеді. Трансферттік баға белгілеуді енгізу банкке спрэд деңгейін бақылау құралын пайдалану мүмкіндігін береді. Қорлардың трансферттік бағасы – бұл банк ішінде бір жауапкершілік орталығынан екіншісіне бөлініп отыратын, қаржылық қорлардың ішкі бағасы. Трансферттік баға қажет: табыстар мен шығындар, шығындар тиімділігін, бөлімшелердің, өнімдердің табыстылығын талдауын жүргізу үшін; қаржылық жоспарлау үшін; бөлімшелер арасында қорларды оңтайлы бөлу; банк өтімділігі мен тəуекелдерін басқару; банк активтері мен пассивтерін басқару үшін. Жауапкершілік орталықтары бойынша басқару жүйесін енгізу банк құрылымдық бөлімшелер қызметінің табыстылығын арттыруды жəне олардың қызметін бақылауды қамтамасыз етеді. Банктің қаржылық қорларының қалыптасуы жəне пайдалануға əсері бойынша құрылымдық бөлімшелерінің қызмет ету ерекшеліктерін ескере отырып, банкте үш негізгі жауапкершілік орталықтарын бөліп қарастырады: бөлшек операциялар банкі, көтерме операциялар банкі жəне қазынашылық банк. Көп бөлімшелі банкке қатысты бөлшек операциялар банкі ретінде банк бөлімшелерін басқаруды, көтерме банк ретінде банктің бас бөлімшесін жəне бөлімшелер арасында қаражаттарды бөлуді жүзеге асыратын жəне сыртқы қаржы нарықтарынан қорларды тартатын қазынашылықты қарастырамыз. Бөлімшелер желісі тұрғындарға жəне шағын институтционалдық клиенттерге қызмет көрсететін жəне қаржылық қорларды тартушы орталығы болып табылады. Бөлімшелер желісін жеке жауапкершілік орталығы ретінде қарастыру банктің бөлімшелер желісі арқылы бизнестің табыстылығын бағалаудың негізі болып табылады. Бөлінген негізгі жауапкершілік орталықтарын ескеріп банктің ұйымдастырушылық құрылымы келесідей болды: бөлімшелер қаржылық қорларды тартумен байланысты пайда орталықтары, қазынашылық-қаржылық басқару бойынша пайда орталығы, бас банк – қаржылық қорларды орналастыру бойынша пайда орталығы. Банктің басқару есебінің, талдауының жəне табыстылықты басқару мақсаттарында құрылымдық бөлімшелер деңгейінде банктік активтер бизнес орталықтары арасында таратылады. Қызмет барысында бөлімшелер өздерінің нетто-пассивтерін сатып, трансферттік бағалар бойынша активті операцияларды қорландыру үшін қазынашылықтан нетто-активтерді сатып алады. Қазынашылық банк шегінде қаржылық ағымдарды реттейді жəне банктің қорларын орталықтандырылған қызметін жүзеге асырып, қаржылық қорларға трансферттік бағаларды анықтайды. Трансферттің бағасы қаражаттардың бағытын анықтайды. Ішкі қаражаттар болмаса, қазынашылық қаржы нарығында немесе капитал нарығынан алады. Сыртқы нарықтан алынған қаражаттар құбылмалылықтың жоғары деңгейіне ие жəне олар тəуекел бойынша түзетілген нарықтық құн бойынша бағаланады. 30 Банк табыстылығын арттыру мақсатында басқару есебі мен оның элементтерін енгізу… ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №4 (92). 2012 Бұл қаражаттар бөлшек банктің депозиттеріне қарағанда қымбатырақ, сол үшін қайта бөлінетін қорлар үшін трансферттік бағаны белгілеп алған жөн [3]. Трансферттік бағаны экономикалық тұрғыдан түсіндіру үшін банк бөлімшелерінің арасында табыстарды тарату жəне бөлімшелер, банк бойынша толығымен шығындарды бақылау тəртібін анықтау керек. Басшылыққа шығындарды басқару үшін шығындардың есеп объектісіне кететін шығындар туралы толық ақпарат қажет. Есептің мақсаты бөлімшелер мен базнес бағыттарының табыстылығын анықтау. Барлық бөлімшелер шаруашылық қызмет барысында ішкі жəне несие нарығында банктегі қаржы қорларын басқару орталығы анықтайтын, трансферттік баға бойынша қорларды сату немесе сатып алу кезінде шығындарды жұмсап, табыстарды алады. Тарту орталықтары ұсынылған ресурстар үшін табыстар қорларды тартуға байланысты шығындардан артық болғанда пайда алады. Мысалы, тарту орталығының табысы депозиттер бойынша трансферттік баға мен қорларды тарту бойынша пайыздық шығындар мен орталықтың нақты шығындарының арасындағы айырма негізінде анықталады. Ал орналастыру орталықтары пайданы активті операциялардан табыстар орталықтарын шығындарын жапқанда алады. Қазынашылық пайданы қорларды қайта бөлу кезінде актитві операцияларды қаржыландыру трансферттік бағалары қазынашылық депозиттер үшін төлейтін трансферттік бағалардан артық болғанда алады. Осылайша, банк табыстылығын бөлімшелер деңгейінде бағалау жəне басқару кезінде банктің ішкі қорларына трансферттік бағалар маңызды орын алады [4]. Пайда мөлшерінің абсолютті өсіміне қарамастан, коммерциялық банктердің табыстылық деңгейінің төмендеуі жалғасуда. Банктерге өз қызметімен байланысты шығындарды жабу барған сайын қиындап барады. Банк табыстылығының деңгейін жоғарылату мақсатында басқару есебін енгізіп қана қоймай, оны автоматтандыру қажет деп ойлаймыз. Бұл тапсырманы орындау үшін бағдарламалық өнім – Business Performance Management – BPM-табыстылықты басқару қосымшаларын ұсынғымыз келіп отыр. Батыс сарапшыларының бағасына сүйенсек, BPM-шешімдер кеңінен қолдануда, əлемдік нарықта табыстылықты басқаруға арналған қосымшалардың шығарылымымен айналысатын жабдықатушысы ретінде Intersoft Lab өте танымал. Бұл қосымшалар өнімнің өзіндік құнының толық есептеуі мен талдауын жасауға, яғнишығындардыңтиімдіқұрылымынанықтауға мүмкіндік береді. Бұл қосымшалар жекелеген бизнес түрлері, бөлімшелер мен сату каналдары бойынша несиелік ұйымның қызметінің нəтижелерін бақылап отыруға, сонымен қатар қаржылық ресурстардың пайдалануын үлгілеп, табыстылықты арттырудың мүмкіндіктерін анықтауға жағдай жасайды. Дағдарыстан кейінгі жағдайлар табыстылықты басқаруды автоматизациялауға жаңа талаптар қойды. Дағдарыстың алдыңғыжылдарыбанктерге тек басқару есебін автоматизациялап, басқару есептілігін шығару жеткілікті болса, қазіргі бəсекелестік қарқынды дамыған кезде бұл аздық етеді. Нəтижесінде, табыстылықты басқаруды ІТ-қолдауды қамтамасыз ететін бағдарламалық өнімдерге сұраныс артты. Банктегі BPM-жүйесін енгізу – көптеген факторлар əсеріне тəуелді, күрделі технологиялық жəне ұйымдастырушылық үрдіс. Сонымен қатар автоматизация банктегі қолданып жүрген табыстылықты басқару əдістемесінің мəні зор. Басқару əдістемесі – негізінде қаржылық басқару жүзеге асатын нормативтік құжаттар жиынтығы. Тəжірибе көрсеткендей, толықтылық жəне аяқталғандық жағынан əрқашан кіршіксіз болмайды. Сондықтан табыстылықты басқару ды автоматизациялау жобасын басқару əдістемесін саралаудан бастау керек. Нəтижесінде банк автоматизациялауға дайындық деңгейі жөнінде бағаланады. Сараланымды (диагностика) жүргізуді BPM -қосымшаларын енгізумен айналысатын компанияға да тапсырса болады. Табыстылықты басқаруды автоматизация лауға арналған қосымшалар банк менеджментіне: • шығындарды азайтып, тиімді бағаны қамтамасыз етуге; • бизнес-үрдістердің, банк өнімдерінің, жобалардың өзіндік құнын басқару (өнімді шығару бойынша операцияларға шығындарды нақты бағалауын алу, тиімді емес операцияларды анықтап, оларды оңтайландыруға; ISSN 1563-0358 KazNU Bulletin. Economics series. №4 (92). 2012 Г.Е. Жүнісова 31 • өткізу каналдарына шығындарды бақылауға; • құрылымдық бөлімшелердің жұмысын тиімділігін бақылауға; • түрлі аналитикалық шектерде банк табыстылығын бағалау: пайда орталықтары, банк өнімдері, клиенттерге жəне т.б. • табыстылықты арттыру мен тəуекелдерді минимилизациялау мақсатында, активтер мен пассивтердің құрылымдық үлгілерін жасауға. Бөлімдердің басшыларына: • табыстылықтың арттыру көзерін анықтау, шығындардың құрылымын бағалауға; қаржылық жауапкершілік орталықтарына: • трансферттік келісімдерді жедел талқылауға; • барлық трансферттік базаны жүргізу бойынша процедураларды автоматтандыруға; • трасферттік табыстар мен шығындарды есептеуге мүмкіндік береді. Көптеген банктердің менеджменті табыстылықты басқару бизнесті басқарудың негізгі тапсырмасы түрінде анықтайды. Табыстылықты арттырумен белгілі бір жекелеген бөлімше емес толығымен банк айналысу керек. Біздің пайымдауымызша, табыстылық банктің басқаруының тиімділігінің жетілдіру жолымен артады. Сол себепті, BPM (Business Performance Management) класындағы жүйелерді басқару шешімдерін қолдау жүйесі ретінде енгізу қажет. Банктік технологиялар табыстылық көрсеткіштеріне айтарлықтай əсер етеді. Несиелік ұйымдағы пайдаланылатын бағдарлама-технологиялық кешендер банктік бизнестің жəне оның табыстылығының артуына да, шектеуші буын ретінде де əсер етуі мүмкін. Табыстылықтың көрсеткіштерінің жалпыға бірдейлігіне қарамастан, əр несиелік ұйым табыстылығын əртүрлі басқарады. Табыстылықты басқарудың тиімді жүйесі бірнеше маңызды құрамдас бөліктерді қолдануды білдіреді. Біріншіден, бизнес бөлімшелерге анық мақсаттарды қойып, олардың орындауын қадағалайтын қаржылық жоспарлау. Екіншіден, банктің ұйымдастырушы құрылымында пайда орталықтары мен шығындар орталықтарын бөліп қарастыру. Үшіншіден, банктің жалпы шығындарын шығындар орталықтарынан пайда орталықтарына бөлу. Əрі қарай трансферттік баға қалыптастырудың тиімді жүйесін енгізу жəне соңында тəуекелдерді басқару жүйесін құру. Қазіргі банктегі табыстылықты басқару – бұл табыстылыққа тікелей əсер ететін барлық компоненттерді келісімді басқару кешені. Бұл компоненттердің ішінде инвестициялық, комиссиондық жəне басқа табыстар жəне ресурстар, нарықтық, операциондық тəуекелдер əсерінен зияндар бөліп қарастырылады. Əр аталған тапсырма бойынша өз шешу əдістері қарастырылған. Мысалы, операциондық шығындарды төмендету үшін банктің бизнес үрдістерінің аудитін жүргізген жөн. Intersoft Lab-тың «Контур» маркасының бағдарламасы – əлемдегі қаржыны басқаруды автоматизациялаудың ең кең тараған шешімі. Бизнестің табыстылығын басқару үшін арнайы дайындалған технология – корпоративтік сақтау орындары. Бұл технологияны жаңа деп айтуға болмайды, бірақ қазақстандық банктердің оған деген қызығушылығы, табыстылықты басқару мəселесі осындай өткiр тұрмағандықтан, төмен деңгейде болды. Сонымен қатар кең таралымға бұл жүйелердің жоғары бағасы да кедергі келтірді. Бүгінгі күні берілгендерді сақтау орны – банктік ІТ бағыттардың ең көп дамығаны. Мəліметтердің қоймасы негізінде табыстылықты, тəуекелдерді, өтімділікті жəне т.б. талдау бойынша жаңа басқару тапсырмалары шешіледі. Бұл жүйелердің дамыған құралдары динамикалық жəне кешенді талдауды, күрделі интеллектуалдық талдау əдістерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Контур» мəліметтер қоймасы əртүрлі корпоративтік жүйелерден қаржылық акпаратты шоғырландырып, ұйымның барлық іскерлік берілгендеріне жедел қол жетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар ол банктік есептілік түрлеріне қажетті алғашқы берілгендер мен есептелген көрсеткіштердің сақталуын қамтамасыз етеді. Берілгендерді сақтау орындарының физикалық құрылымы банк саласының берілгендерінің үлгісіне негізделген, қаржылық шоғырландыру қосымшаларымен қолданады жəне табыстылықты басқару үшін қосымшалармен пайдаланылады. Берілгендерді сақтау орны банктің бас офисінде орнатылып, көп филиалды құрылым шегінде бизнес ақпаратты басқару қызметін жүзеге асырады. Қазақстан банктеріне осы бағдарламаларды 32 Банк табыстылығын арттыру мақсатында басқару есебі мен оның элементтерін енгізу… ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №4 (92). 2012 енгізуді жəне қызмет көрсетуді Force Technology жəне «Зирван» серіктес компаниялары қамтамасыз етеді. Қазақстандық банктерден бұл бағдарламманы «ТұранАлем банкі», «Альянс банк», «АТФ банк» жəне «Цесна банк» енгізіп, табыстылықтарын басқару мақсатында пайдалануда. Intersoft Lab компаниясының BPMплатформасы «Контур» көмегімен басқару есебі жəне басқару есептілігін дайындау, банк қызметін жоспарлау, шаруашылық шығындар бюджетінің орындалуы, трансферттік табыстар мен шығындар, табыстылық көрсеткіштерін есептеуді автоматизациялауға болады. Жүйе банкті қаржылық бақылау үшiн филиалдардың бухгалтерлiк есеп мəлiметтерiнiң автоматты түрде бас банкте орналасқан мəліметтер қоймасына енгізілуін қамтамасыз етедi. Енгізу үшiн есептер жəне олардың көмегiмен басқару есептiң регистрлерiне сəйкестiкке келтiрген жəне кез келген қажеттi талдау қаржы есептіліктерін алу үшiн қосымша талдамалық ақпараттар енгiзуге болатынбухгалтерлік есептің тетiгi ұсынылады. Қазақстандық банктер табыстылықты арттырудың əртүрлі тəсілдерін қолдануда. Біреулердің əдістемелік жағын, екіншілері – берілгендерді сақтау орындарының құрылымының технологиялары мен құралдары, үшіншілерді – басқару үрдістерін жобалау жəне енгізу ойландырады. Табыстылыққа əсер етуші факторлар өте көп жəне олардың саны əр банкте таңдалған бизнес бағыты бойынша өзгеріп отырады. Банк менеджерлері табыстылықты арттыруды қамтамасыз етуге жоспарланған операцияларды жүргізудің мақсаттылығын анықтап алуы керек. Автоматизациялау банк табыстылығын арттыруға қатысты шешімдерді жедел қабылдауды қамтамасыз етеді. Ақпаратты пайдаланушылар кез келген уақытта қажетті мəліметтерге қол жеткізе алады.

Читайте также:  Жануарларды қолға үйрету және ритуалды аңшылық

Оставить комментарий