iRef.kz

Басқару жөніндегі жалпы ұғым

Басқару дегеніміз – бүкіл халық өздері дүниеге келіп, тәрбие алған елде молшылықта, еркіндікте бейбіт өмір сүре алуы үшін тиесілі қара жерде бөліп­жармай жақсылап орналастыру және адамзат тегінің ерекше заңдар мен ережелерді бұлжытпай орындау ғұрпы. Елді басқаруда үш бірдей құрамдас бөлік болады, олар: заңдар, жарамды мансап иелері және сол заңдарды дұрыстап орындау. Біріншіден, әрбір оқиғаға және адамдардың әрбір дерлік қарекетіне сай келетін заңдар болуы тиіс; өйткені бір заң жылдың барлық мезгіліне бірдей қолданыла алмайды, есесіне жылдың әр мезгілі мен әрбір қоғамның өзінің ерекше заңдары бар, олар тиісті тәртіпті қолдап отыруды көздейді. Мәселен, жер жырту мезгілі бар және дұрыс түсінілген заңдар бүл жұмысты реттеп отырады; сондай­ақ, жер өнімін жинап алу мерзімі бар және мұны дұрыс сақтауды талап ететін заңдар бар. Сонымен қаяусыз басқару дегеніміз әрбір қадамға немесе затқа тиісті салмағы мен мөлшерін беретін қарекеттерді дұрыс ретке келтіру, ал мұның өзі тәртіпсіздіктің алдын алады. Сүлеймен айтқандай, әр нәрсенің өз сәті бар: уәде беру мен міндеттеме алу мезгілі және олардың орындалғанын көру мезгілі бар; соғыс кезінде тиісті бір тәртіп, бейбітшілік кезінде тиісті бір тәртіп болады; әрбір маусымның, әрбір мезгілдің өзіне сәйкес заңы немесе тиісті ережесі болмақ және мұның өзі дені дұрыс үкіметті құрады, ал ол болса дүниені тиісті тәртіппен ұстайды.

Екіншіден, жарамды мансап иелері болуға, олардың рухы елдің орнатылған заңдарын өзінің ырқы секілді орындай алатындай, еркөкіректік пен атаққұмарлықтан өзіне артықшылықтар талап етіп, бостандық ережелерінен жоғары қоймайтындай момын, ақылды және ашқарақтық атаулыдан таза болуға тиіс. Өйткені дұрыс жасалған заңдар басқарғанда, басқарудың дені дұрыс болады, ал мансап иелерінің ырқы заңнан жоғары тұрса, мұндай басқару тажалды сырқатқа ұшыраған дей беріңіз. Үшіншіден, сол заңдар мүлтіксіз орындалуға тиіс; үкіметтің шынайы өмірі дегеніміз де осы, өйткені басқарудағы нағыз тәртіп мансап нелерінің заңнан тыс ырқында емес, мансап иелерінен тыс заңдар емес, орындаудан тыс олардың екеуінде де емес:осынау үш жәйт қол ұстасып қатар келсе ғана, басқарудың дені дұрыс; ал үшеудің кез­келген біреуі жетіспесе, басқару дәрменсіз.

Пікір қалдыру