«Бастауларға қайтып оралудың» дәстүрлі техникасы

Біз психоанализді қарабайыр және шығыс халықтарының «бастауларға қайтып оралу» техникасы мен сенім ­ нанымдарын салыстыруды мақсат қылып отырғанымыз жоқ. Осында ұсынылып отырған салыстырудың мақсаты, — Фрейд атап көрсеткендей адамды түсіну үшін де және, әсіресе, оны емдеу үшін де маңызды болатын «бастауларға қайтып оралудың» Европадан тыс мәдениеттерге бұрыннан ­ ақ танымал болғандығын көрсету. Космогонияны қайталай отырып дүниені жаңартуға ұмтылуға қатысты барлық айтып өткендерімізден кейін, бүл жоралғылардың негізін түсіну қиын болмайды: индивидумның оз бастауларына кайтып оралуы оның ғұмырын жаңарту мүмкіндігі деп түсініледі. «Ілкі бастауларға қайтып оралу» ор түрлі мақсатта жүзеге асырыла, және әр түрлі мәнге ие бола алады. Ең әуелі, бағышталудың жоралғыларының алдын ала қажет ететін, жақсы танымал символизм бар. Бұл комплексті біз жеткілікті мөлшерде «Мистиканың тууы» деген кітабымызда зерттегендіктен, бұл жерде бірнеше ықшам сілтемелермен шектелмекпіз. Мәдениеттің ең ежелгі сатыларынан бастап, жеткіншектерді жетпектен (инициациядан) өткізу бірқатар жоралғыларды қамтиды, олардың символикасы даусыз: сөз одан кейінгі қайта тууына ұласатын жетекшінің тумаққа айналуы жөнінде болып отыр. Бұл жағдайдағы жетпек екінші рет дүниеге келумен пара­пар. Жетпектің механизмінің арқасында жеткіншек, әлеуметтік тұрғыдан жауапты, мәдени дәстүрдің ықпалымен оянған санасы бар, қоғамның толық хақылы мүшесіне айналады. Ананың құрсағына оралу не жетекшінің лашықта қамалуы, не құбыжықтың аузында символдық түрде жұтылуы (желінуі), не Жер­ананың қарнына сәйкестендірілген киелі (құрылған) территорияға кіруі арқылы белгілене алады . Алдыменен бізді қызықтыратыны, «қарабайыр» халықтарды сипаттайтын жеткіншектер жетегінің жоралғыларымен қатар, анағұрлым күрделі мәдениеттерде де қамтитын жетпек жоралғылары бар. Бұл мотивті жетпек рәсімінің үш түрлі типін де айырып көрсетуге болатын Үндістанның мысалымен шектелеміз. Бұл әуелі, панама деп аталатын, баланы жетекшінің ықпалы мен тұлғасына жүздестіруге негізделген ғұрып. Тұқымды өсіріп шығу (вынашивание плода) және туу мотиві бүл жерде тағы да көрінеді: жетекші жеткіншекті символдық түрде тумаққа айналдырады да, оны үш түн бойына өз қарнында (құрсағында) көтеріп жүреді . Упанаяманы атқарған кісі екі мәрте туған болып есептеледі. Бұдан басқа, өзін сомаға құрбандыққа шалуға даярлап жүргендерге қатысты атқарылатын диск ғұрпы бар; ол тумақ сатысына ойша қайтып оралудан тұрады . Ең ақыры өзі хирания ­ гарбха (сөзбе ­ сөз «алтын тумақ» дегенді білдіретін) жоралғысында да назарда ұсталады. Жеткіншекті алтын вазаға кіргізеді, оны тастап шығарды ол өзі туған болып есептеледі . Осы жағдайлардың барлығында да regressus ad uterum жеткіншекті болмыстың жаңа формаларына қатысты ету, немесе оны қайта төрі ту мақсатында жүзеге асырылады. Құрылым тұрғысынан қарағанда ана құрсағына қайтып оралу Жаһанның өзінің тумақтық күйіне регрессиясы немесе Хаостың күйіне сәйкес бола алады.

Читайте также:  Ғұндар туралы слайд

Туар өмір алдындағы түнек, дүниенің жаратылуы алдындағы Түнге және жеткіншектің қамаудағы ғұмыры өтетін лашыққа сәйкес келеді. Жетпектің бұл жоралғыларының барлығы да ананың құрсауына қайтып оралуды алдын­ала ойластырады және «қарабайыр» халықтар мен Үндістан халқында мифтік модельге ие . Regressum ad uterum жетектерінің ғұрыптарымен байланысты мифтерге қарағанда анағүрлым қызықтырақ мифтер де бар. Бұл — символдық түрде емес, шын, жанды ­ тәнді күйінде regressum жасайтын Қаһармандардың, дуагерлердің немесе бақсылардың бастан кешкендері хақында баян ететін мифтер. Көптеген мифтер оз бойында мыналарды ұстап отырады: 1) қаһарманды теңіз быжытының жалмап қоюы және оның жеңімпаз түрде, әлгі құбыжықтың қарнын жару арқасында босатылып шытуы; 2) жетпекпен байланысты, ауыз қуысына немесе Жер Ананың қарнына (құрсағына) енумен іле ұқсатылатын (ассоциация), vagina dentata немесе үңгірге не тесікке қауіп ­қатерге толы жолмен түсу арқылы өту. Бүл әрекеттердің барлығы да, олардан өту арқылы жеңімпаз қаһарман болмыстың жаңа формасына ие қылатын жетпектің сынақтары болып табылады . Regressum ad uterum ді қамтитын, жеткіншектер жетегінің мифтері мен ғұрыптары келесі фактының даусыздығын ашып көрсетеді: бастауларға қайта оралу жаңа тууды даярлайды, бірақ ол бірінші, физикалық тууды қайталамайды. Бүл рухани деңгейдегі қайта туу басқаша айтқанда, сүрмектің (существование) жаңа формасына (жыныстық жетілуді, культтік жөн айтқанда, Жоғарғы Даналыққа ‘ ашылуды қамтитын) кіру түріндегі, яғни, таза мистикалық деңгейдегі туу болып табылады. Негізгі идеяның мәні мынада: тамырдың жоғарғы формасына жету үшін, құрсақ ішіңдегі дамуды және дүниеге келуді қайталау керек, бірақ ол жоралғылық және символдық түрде қайталанады; басқаша айтқанда, біз бүл жерде, психофизиологиялық белсенділікке қатысты жүріс­тұрысты емес, Жоғарғы Даналықтың (Высший Разум) мұраттарына бағытталған әрекеттермен істес болып отырмыз.

Оставить комментарий