Бастауыш мектептердің бірінші сыныбына арналған жұмыс жоспары

1 — тақырып. Баланың мектептен бұрынғы өмірі. М а з м ұ н ы : Балалардың ауруы бар­жоғын тексеру, аты­жөнін білу. Мұғалім өзімен таныстыру, мектепке не үшін келгенін сұрау, оқудың пайдасын ескерту, сол туралы қысқаша әңгіме оқу. Балалардың жазғы ойындары, еңбектері не екенін білу өздеріне сөйлету. Кімнің қайда тұратынын, үй іштерінде қандай адамдар барлығын, кім не істейтінін, баланың үй ішіне көмегін сұрау. Сөйлеммен, сөзбен таныстыру балалардың бойын теңестіру «артық – кем, жоғары – төмен, биік – аласа» деген сөздерді дұрыс қолдандыру жолдарын санату, атын білдіру. Ж а т т ы ғ у . Мұғалімнің сөзін тыңдауға дағдылану. Өздерінше көрген, білгенін, байқағанын сөйлеп үйрену. Мұғалімге сұрау бере білу. Сөз сұрағанда қолын көтеру. Мектепте қалай жүріп­тұру. Оңай нәрселердің суретін салдыру. Түрлі кесте, өрнек салдыру, өлең айтқызу, жұмбақ айтқызу, ойындар ойнату. Дәптерді, қаламды, қарындашты ұстата білу. Қолдарын таза ұстау. Балаларды орынға орналастыру. Түгелдеу белгілерін тізімге қойып үйрену. Ілгері­кейін санау, оның ішіндегі сандарды ауызша қоса білу, ауызша оңай мәселе (есен) шешкізу. Балалардың бұйымнан диаграм салдыру. 2­т а қ ы р ы п. Мектеппен таныстыру (октябрьдің 7­15, 1 жұма) М а з м ұ н ы : Мектептің атын білдіру, бөлмелерімен таныстыру, кластағы нәрселердің неге керектігін түсіндіру. Мектеп қорасында, ауыз үйінде, дәретханада қалай жүріп тұруды үйрету. Класта таза ауа сақтау (шаңдатпау, тақтайды, әйнекті дұрыстап сүрту, тыныс кезінде класта бала қалмау). Мектеп құралдарын, жасауларын бүлдірмеу, реттегі ұстау, мектепте тәртіп сақтау (ойнамау, алыспау, орынға таласпау, айқайламау, жолдасының ісіне бөгет қылмау). Балалардың алғашқы жиналысын құру, сұрау қою, кезекпен сөйлету, ұсыныс қоя білдіру, тәртіпші, тазалықшы сайлау, олардың міндетін түсіндіру, тазалық тәртіп жөнінен қаулы шығару (қаулыны алғашқы кезде мұғалім өзі жазып, оқып беру керек). Сөзбен, буынмен таныстыру, бірнеше сөздерді, буындарды сөз қылып үйрету*. Буындардан сөз құрау. Сабақ қашан басталып, қашан бітетінін ұғындыру. Ж а т т ы ғ у. Класқа кірерде аяқты сүртіп жүру. Орындық, үстелдерді дым шүберекпен сүртіп, еденді сыпыра білу, желдеткіш ашу, киімді таза ұстау. Жазу, таныс сөздерді оқу. Білетін өлең, тақпақ, жұмбақ, ертегілерді айтқызу. Онға дейінгі цифрлармен таныстыру. Қосуға, алуға дағдылану. Қосу (+), алу (–) белгілерімен таныстыру. Кластағы, мектептегі нәрселермен мәселе шешкізу Саздан сурет соқтыру. Қалаған нәрселерінің суретін қағазға, тақтайға салдыру. Ән салғызу, ойын ойнату. 3­т а қ ы р ы п. Балалардың саулығын сақтау (октябрьдің 15­20, 1 жұма) М а з м ұ н ы : Балалардың бет­қолын, басы­көзін бақылау. Кір неден болатынын, кірдің зиянын, құтылу шараларын білдіру. Дененің әр мүшесін қалай таза ұстау, денені ыстық, суықтан қалай сақтау, денені қозғалыстармен шынықтыру, ауқатты мезгілімен ішу, денені мезгілімен тынықтыру. Баланың үй іші тазалығы, төсек­орын, ыдыс­сайман, бөлме таза болу. Мектеп тазалығы, шаңдатпау, түкірмеу, сіңбірмеу, киімді сілікпеу, шүберекті қақпау, класс нәрселерінің шанын сүрту. Насыбай атпау, шылым тартпау, олардың зияны. Ж а т т ы ғ у. Сөйлеу, тыңдау, оқу, өлең жаттау. 10­ға шейін көбейту, оның белгісі. Аптада неше күн барлығы, аттары. Класты сыпыру, әбзелдерді сүрткізу. Төсек­орынды, киімді қақтыру. Тырнақ алдыру. Қарындаш ұштату. Ағаштан пышақ істету. Қағаздан шабар, қоржын, қайық… бүктету. Балға, балта, орақ, саты, терезе, есік, пышақ сияқтылардың суретін салдыру. Доп, соқыр теке, ақ серек (әйгөлек), орын тап, бура қуған сияқты ойын ойнату. Қосылып ән салу. 4 та қ ы р ы п. Күзгі тұрмыс (октябрьдің 21 ­13 ноябрь, 3 жұма) М а з м ұ н ы : Күз белгілері. Ауа райының өзгерісі. Күн қысқарып, түн ұзау, жел, тұман, жаңбыр, су, малдың қиы қата ауа райының календарын жасау. Күз пісетін, құрайтын шөптер, құстың қайтуы. Хайуандар түсі өзгеруі, жаңа жүн шығуы, мал сулату, күз семіретін, аритын мал. *Сөз буын жаздыру деген мәнісі, тұтас сөз әдісімен оқытпақшы. Киіз басу. Отын дайындау. Жоңышқа, қонақ, жүгері, майкене сияқты егіндердің жиын­ теріні, бақша (сәбіз, пияз, картоп, леплеме) жиын­терін. Күздік егіс: бидай, арпа егу. Ж а т т ы ғ у. Көрген­білгенін сөйлету. Класс, мектеп ашылыстарын жасау. Балаларға жиылыс басқарту. Мәселе қойдыру. Сөйлету, қаулы шығару. Өлең жаттату, әңгіме тыңдау, жаңа сөзбен, буындармен таныстыру, жазуын үйрету. Тыныс буындарына сөз, сөйлем құрату. Қайтқан құстардың жапсырма суретін салдыру. Календарь жасау, ою­кесте сыздыру. 10­ға шейінгі көбейту, бөлу белгісі, төрт амалдан мәселе. «Артық – кем, ұзын – қысқа, кең – тар, жуан – жіңішке, терең – саяз, ауыр – жеңіл, тез – шабан» деген сөздерді қолдандыру. Егіндікке, шабындыққа серуендету, жапырақ, шөп, құрт­құмырсқа, құстарды бақылату. Егін өсімдіктерін – саймандарын көрсету. Бір тектес есімдіктер жапырағын іріктеп, қатырғы қағазға жапсырту, астына аттарын жазу, ағаштан кішкене қып жер ағаш, мала, мойынтұрық, күрек істету, балаларды жиын­терінге қатыстыру. Қ о с ы м ш а т а қ ы р ы п ш а. Октябрь мейрамы (3 күндік) 7 ноябрь – Октябрь төңкерісінің мейрамы. Мейрамды өткізу туралы жиналыс. Мұғалім баяндамасы. Класты түрлендіру, төңкеріс өлең­әндерін үйретеді. Жоғарғы класс жұмысына араластыру, қағаздан жалау істету. Жиынға қатар түзеп бару, балалардың әке­шешесін мейрамға шақыру. Ауылдық ұйымдармен қатынас жасау, сауық кешін жасап, елге көрсету, дене тәрбиесі, ойындар. Е с к е р т у . Жоғарыда төрт тақырыптың жұмыс жоспары оқытушының жетектеуімен түгел класс боп ақылдасып отырып жасалады. Бұдан кейінгі жоспарлар оқытушылардың (ел мұғалімінің) өздері одақтасып (түйсіктесіп) жасағаны. Жалпы кеңеске салғанда, аз­маз түзетілгендері де, со қалпымен кеткендері де бар. Біз тек сөз құрылысына болмаса мазмұнына көп тигеміз жоқ. 5­т а қ ы р ы п. Қысқы там (ноябрьдің 13­20, 1 жұма) М а з м ұ н ы : Қала тамдары (үйлері) мен ауыл тамдарының айырмасы: асты – үсті, есік, терезесі, кендігі, биіктігі, жылылығы. Істелетін зат жөнінен, пештің үлкен терезесінің, тақтай табанның ден саулыққа, тазалыққа пандасы. Ауыл тамдары кішкене, аласа қараңғы болғандықтан саулыққа зияны, тамдарды неден қалай, кім істегені, пештің керектігі, сандал мен пешті салыстыру. Тамдарды тазалау, есігін түзету, жаңадан там соғу, төбелері сылау, есік­әйнектерін бүтіндеу. Ата­аналар жыйылысын шақыру, қысқы тамның таза, жарық, берік болуының пайдасы туралы баяндама жасау, кеңесу. Ауылдық кеңес кооперативпен қатынас қып, қысқы тамға терезе алдыру жөнінен қам қылу. Пеш орнатуға кірісу. Мал қораны тазалау, есік орнату, жыртық­тесігін бүтіндеу, сыпырынды шығару. Ж а т т ы ғ у. Әр балаға өз тамын, өз қорасын суреттеу. Сөйлету, кемдігін тапқызу, жақсы туралы кітаптан әңгіме оқып беру, кеңесу, өлең жаттату. Тамды таза, жарық қып ұстау туралы ұран шығарту, ол ұранды үй­үйге апарып жапсыру. Сол маңайдағы балалардың тамдарын барып көру. Денсаулыққа келмейтін жерлерін ескерту. Аса нашар ауруы бар үйлердің тамын балаларға тазалаттыру, бүтіндету. Тамды, қораны таза ұстауды үйрету, пеш орнату, сандал қою, тамның ауасын жаңартып тұруды түсіндіру. 10­ға шейінгі көбейту, бөлу, 15­ке шейін қосу, алудан мәселе шығарту. Мәселе тамның кең­ тарлығы, терезенің аз­көптігі, жаман тамның зияны жөнінен болғаны жөн.

Читайте также:  Этология және этнология

Оставить комментарий