БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ-ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 14- желтоқсандағы Қазақстан халқына жолдауында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымызкерек. Бізге оқыту әдістемелерін жаңғырту және білім берудің онлайн-жүйелерін белсене дамыта отырып, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді және құралдарды қарқынды енгізуге тиіспіз» деп көрсеткен. [1,1 б ]. Бүгінгі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Мұндай маңызды зор сипатты жеке тұлға бойына қалыптастыратын бірден-бір білім беру деңгейі – орта білім беру деп есептесек, оның құрылымдық сатысының бірі- бастауыш мектептің де орны ерекше. Қазақстан Республикасының білім беру стандартында да білім берудің басты міндеті логикалық ойлауды дамыту екендігі атап айтылған. Бүгінгі таңда оқыту процесін ақпараттандыру және біртұтас әлемдік ақпараттық кеңістікке ену бағыттарын жүзеге асыру үшін қашықтықтан оқыту жүйесін енгізу мен оның құралы ретінде мультимедиалық электрондық оқу бағдарламаларын жасау қажеттілігі күн сайын артуда. Бастауыш сатыдағы кезең оқушының логикалық ойлау жүйесін дамытудың, қалыптастырудың өте ыңғайлы кезеңі. Соған сәйкес бүгінгі таңда ақпараттық-коммуникативтік технологияның жетістіктерін тиімді пайдалана отырып, электронды оқу-ойындық бағдарламалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру олардың субъект ретіндегі дамуының алғы шартының бірі болып саналады. 400 Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді, дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсатты бағытталған түрде басқару, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.Логикалық ойлау – ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты байқалады. Біріншісі сатыда әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Бұл жерде оқу материалдарын талдау көрнекі құрал әсер ету жоспарында басым болады. Мұнда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді. Ойлауды дамытудың екінші сатысы мұғалім балаларға игерілетін мәліметтердің жекелеген элементтері арасындағы болатын байланысты көрсету үшін ерекше мүмкіндік жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемі ұлғая береді. Оқу материалдарын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауға тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. [2] Оқу еңбегінің қаруы — ой. Логикалық жеке пікір мен өзіндік талдау біртұтас. Бұл талаптар ой мен іс -әрекеттің негізгі өзегі болып келеді. Ол үшін әр адам өз орынында еңбек өнімділігін арттырып қана қоймай ,оның сапасын қалай өсіру керектігін ойластырғаны жөн. Осы тұрғыда психолог – ғалымдар Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, С.П.Рубинштейн, т.б. «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау» дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді. Бастауыш мектеп оқушысының теориялық ойлау қабілетінің дамуын П.Я. Гальперин былайша қарастырады: «бала мектепте оқи бастағанда, белгілі бір шамада дамыған нақты қабілетіне ие болуы керек. Оның санасында ғылыми түсінік қалыптастыру үшін оны әр затқа дифференциалды түрде қарай білуге үйретуіміз тиіс»,-дейді зерттеуші-заттың солай аталуына байланысты өзіне тиесілі маңызды белгілері бар екендігін көрсетуіміз керек.[3] Д.Б.Элькониннің пікірінше, бастауыш сыныптарды аяқтай келе, балада меңгеру , классификация, сараптама және синтез тәріздес логикалық ойлаудың операциялары қалыптасады. 3-сыныптың соңына қарай, оқушы сараптама жасаудың құбылыстар мен түсініктердің арасындағы байланыстарды сипаттайтын құрамдас бөліктерін үйренуі тиіс: қарама –қарсылық, функционалды тәуелділік, бөлік пен тұтастық.[4] В.В. Давыдовтың пікірінше, оқыту үрдісіндегі оқушылардың логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру өзіндік мақсат емес, ол – белсенді тұлғаны тәрбиелеу құралдарының бірі.[5] А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын дамыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсетті. Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады: ойлаудың икемділігі,тереңділігі мен ауқымы, сынилығы, мақсаттылығы, жалпылығы, дербестілігі, нақтылығы және дәлдігі. Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық әлеуетін дамытуға көмектеседі. Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу процесінде жетістікке жету ғана емес, сонымен қатар жеке тұлғаның жан-жақты дамуына да көмегін тигізеді. Ойлау процесінің дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселенің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады. [ 6] Педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс, бұрыстығын тексерту, бір мәселенің өзін түрлі жолдарымен шешуге үнемі бағыттап отыру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, 401 есептер шығарту, шығармалар жаздырту – баланың логикалық ойлауын дамытудың тиімді жолы. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады: қызығушылығын арттыру, ойлау мен қабылдауды дамыту, шығармашылық ізденіске баулу. Осы айтылғандардың барлығын ақпараттық технология мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, электронды оқу-ойындық бағдарламалары негізінде шеберлікпен, кәсіби біліктілікпен жүзеге асырылса, онда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.Себебі, электрондық оқулық ақпараттың толық, тиімді, қол жетімді, көрнекі түрде ұсынылған әдісі болып табылады және кәдімгі оқулықтардан ақпаратты көшіру, көбейту, тарату мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни электронды оқулықтардың негізгі дыбыстық фрагменттерден, мультифликация және видеофрагменттерден тұратындықтан, оларды дайындау оңай болмаса да, оқулықта тіл жетпейтін кезеңдер оңай түсіндіруге болады.[7] Осы тұрғыда бізэлектронды оқулықтардың жасалуына қойылатын талаптарды басшылыққа ала отыра,оқушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытуға бағытталған арнайы «Допты қақпаға дөп түсір» атты тақырыпта төрт блокты қамтыған оқу-ойындық электрондық оқу бағдарламасын құрастырдық.Электронды оқу-ойындық бағдарламаның мақсаты оқушылардың танымдық процестерін, логикалық ойлауын дамыта отырып, алған білімдерін тереңдету, қолдану дағдысын жетілдіру; салауаттылық тәрбиесін беру. Бастауыш сынып оқушыларының(4-сынып) логикалық ойлау жүйесін зерттеу мақсатында біз төмендегі әдістемелерді жүргіздік: Көрнекі-бейнелеп ойлауды зерттеуге арналған«Тӛртіншісі артық» әдістемесі, көрнекі-әрекетті ойлауды зерттеуге арналған«Контурдысызу»әдістемесі және «Вербалды-логикалық ойлауды зерттеуге арналған» әдістеме.[8] Зерттеу жұмысы Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы №36 гимназияның 4- сыныптың (19 оқушы) оқушыларымен жүргізілді. Көрнекі-бейнелеп ойлауды зерттеуге арналған «Төртіншісі артық» әдістемесі. Мақсаты: оқушылардың көрнекі-бейнелеп ойлау деңгейін анықтау. Зерттеу қорытындысы төмендегідей нәтиже көрсетті: Электронды оқу-ойындық бағдарламаларды қолдану барысындамұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөліп, әрбір баланың деңгейін анықтап, олардың мүмкіндіктеріне сай жеке тапсырмаларды орындауларына бағыт-бағдар беруге қол жеткізеді. Мультимедиялық технологиялар мұғалімдерге дәстүрлі оқыту жүйесінің бұрынғы тәсілдерінен бас тартып, еңбек етудің интеллектуалдық түрлерін пайдалануға мүмкіндік туғызып, оқу материалдарының басты көлемін бұрынғыша беруді азайтып, жаңа тәсілдің жақсы жақтарын кеңінен пайдаланады.Сондай-ақ бұл бағдарламаны тақырыптарды қайталау (еске түсіру), бекіту (есте сақтау) сабақтары кезінде де қолдануға болады. «Допты қақпаға дөп түсір» электронды оқу-ойындық бағдарламасын қолдану арқылы логикалық ойлауды дамытуда төмендегідей нәтижелерге қол жеткіземіз: Ø Өз іс-әрекетіне мақсат қояды. Оны іске асыру технологиясын нұсқауға сай жүргізеді. (Сайыста жеңіп шығу үшін қарқынды іс-әрекетке кірісу); Ø Тапсырмаларды шешу қадамдарының логикалық және уақытша бірізділігін сақтайды; Ø Алынған өнім сипаттамаларын салыстырады, қорытады, өз іс-әрекетіне қызығушылығын көрсетеді; Ø Ұсынылған ақпараттың белгілісі мен белгісізін бөледі, тапсырмаға сәйкес қажеттісін бөліп алады. 404 Ø Тапсырмаларды орындауда қай ақпаратты біледінемесе білмейді, соны анықтайды; Ø Берілген ақпаратты қарапайым құрылым аясында жүйелендіреді, қорытындысын жасайды. Ø Үлгіде берілген мәтінді рәсімдеу нормаларын сақтай отырып, сұрағын қосымша графикада баяндайды.Нақтылау мен түсінуге берілген сұрақтармен жұмыс жасайды. Қазіргі мектеп жүйесі өзіне үш міндет қояды:белгілі бір білімдер жүйесін меңгерту;ақыл-ойын дамыту,танымдық ниеттерді туғызу. Осы үш міндетті бір уақытта шешудің негізі-меңгерілетін білімдердің мазмұны мен оқыту тәсілдерін бір-бірімен тығыз байланыстыра отырып,оқытудың қиындықтарын жеңу. Оқыту процесіндегі осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, логикалық ойлау жүйесі дамыған және өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, өмірге белсене араласатын тұлға қалыптасады.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar