БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТІЛ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ

Халық тәлімі ең алдымен түн ұйқысын төрт бөліп, тал бесікті тербеткен аналық мейірім мен махаббатқа толы әлдиі – бесік жырын, айтылуға оңай, ойнақы тақпақтарды айтқыза отырып, ананың балаға деген ыстық мейірімін, үміт-сенімін бала бойына сіңіріп, ата-ана алдында баланың қарыздар, борышты екенін түсіндіруді мақсат етеді. Мектепте тілді оқыту ісінде ана тілі пәнінің үлесі орасан зор. Бұл үлес түпкі мақсатына, мазмұнына, ерекшелігіне тікелей байланысты. Ана тілі пәні бойынша оқушыларды өмірге баулу жөніндегі міндеттер тілдің негізгі қоғамдық қызметіне, атап айтсақ, түпкілікті коммуникативтік байланыс, қатынас құралы ретінде және экспрессивтік ( әсер, ықпал етуге, дәнекер болу) қызметіне орай жүзеге асырылады. Олай болса, ана тілі пәні балаларды ауызша да жазбаша да 95 толық сауатты, тілді еркін пайдалана білетіндей етіп шығаруды түпкілікті нысаны етіп ұсынуы қажет. Жастарды жан-жақты білімді, мәдениетті азамат ретінде тәрбиелеудегі негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың жалпы тілін дамыту және жоғары дәрежедегі тіл мәдениетін жетілдіру болып қала береді. Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту мен тіл мәдениетін жетілдіру, олардың ана тілінің байлығын меңгерудегі рөлі, тіл дамыту мен тіл мәдениетін қалыптастырудың методикалық жолдары туралы Қазан революциясынан көп бұрын-ақ орыстың ана тілінің ғылыми әдістемесін жасаушы ғалым-педагогтері Ф.И. Буслаев, И.И. Срезневский және К.Д. Ушинский т.б. баға жетпес пікірлер ұсынған болатын. Олардың еңбектеріндегі ана тілін үйретудің басты негіздері – практикалық жұмыстар мен жаттығулар, көрнекі құралдар оқушылардың сөйлеу және жазу тілдерін дамытуға арналған. Ф.И. Буслаев ана тілін оқыту процесінде оқушыларды сөйлеу тіліне дағдыландыруға айрықша мән берді. Ол ана тілін оқыту ісін таза теориялық тұрғыда жүргізуге болмайтынын ескертеді. Оқушыларға жазба жұмысымен де көбірек айналыстыру керек дей келіп, ол жазбаша орындалатын жаттығуларды үш түрге бөледі: біріншіден, оқушыға жоспар жасату, оны ойландыру қажет екіншіден, мазмұндау, ойын баяндай білуге үйрету үшіншіден, өз бетінше әңгімені, оқиғаны баяндауға, шығарма жаздыру қажет деген талаптар қояды. сурет 1 Жазбаша орындалатын жаттығулар «Мектеп оқушыларының тіл мәдениетін арттыру, оларды ана тілін жетік білуге баулу ана тілі сабақтарының, сондай-ақ ана тілінде жүретін барлық пәндердің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Жасыратыны жоқ, қазақ мектептерінде бұл мәселе әлі де жөнді көңіл бөлінбей келеді», — деп Қ.Жарықпаев өте орынды айтқан.[1;12] Тіл дамыту және стиль мәселесін зерттеуші Р.Әміров бастауыш сыныптардан бастап оқушыларды стильдік дағдыларға тәрбиелеуді талап етеді. «Ұлттық тіл бірнеше стильдік түрге сараланады. Тіл неғұрлым жетілген сайын қоғамдық қызметі өсе келе, оның стильдік тармақтары молая түседі. Біздің заманымызда қазақ тілінде көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, публицистика стиль, ауызекі сөйлеу стилі т.б. дами түсті. Тілдің стильге саралануы оның жұмсалу ыңғайына, қоғамдық қызмет өресіне, міндетіне байланысты. Ғылыми стильде ғылым-білімге қатысты терминдер көп жұмсалады. Оның есесіне экспрессивті эмоциональды сөздер, грамматикалық формалар аз кездеседі. Ауызекі сөйлеу ерекшеліктеріне әсер ететін – оның диалог түрінде жұмсалуы. Онда эмоциялы сөздер, грамматикалық форма жиі 96 қолданылады, сөйлем мүшелерінің орны ауысады, қыстырма сөйлемдер көп ұшарайды. Шәкірттер тілін жаттықтыра отырып, оның сөздік қорын молайта түсу, оның бойына сөз маржаны тізу – мұғалімнің, ең алдымен, тіл шеберлігін талап етеді, — деп жазады Р.Әміров.[2;114] Мектеп бағдарламасында оқушылардың тілін дамыту мәселесіне ерекше назар аударылған. Бұл өмір талабынан, тұрмыс қалауынан туған нәрсе. Жалпы, қауымның мәдениеті көтерілген сайын өмірдің сан-саласында қолданылатын тілдің мәдениетін де көтеріп, сөйлейтін, я жазатын адамның ойды әрі айқын, әрі жатық, әрі мәнерлі етіп құрауын қалайды. Бұл үшін, әрине, оқушының тілін ауызша да, жазбаша да дамытуды жас кезден бастап қолға алу қажет. Тіл арқылы ойды қабылдау, сезінудің жолдары түрлі-түрлі екендігі белгілі. Біріншіден, тіл туралы білім мен дағды ұзақ мерзімде бірте-бірте жинақталу арқылы дамиды. Екіншіден, балаланың басқа адамдармен қарым-қатынасы, табиғатты бақылау арқылы сөздік қоры молыға бастайды. Яғни, күнделікті есту, айту сияқты практикалық жұмыстармен баланың алғашқы синтаксисі артады, байланыстырып сөйлей білу қабілеті дамиды. Оқушының ойы мен тілін дамыту жұмыстарында: әсіресе шығарма мен мазмұндама жазуда, белгілі ойға мәтін құрастыруда, шығарма мен мазмұндама жазуда, белгілі ойға мәтін құрастыруда, тағы басқа жұмыстарда анализ әр уақытта синтезден бұрын жүреді. Анализден бұрын келуі синтезге жол ашады. Бұдан анализ стилистиканы оқыту жұмыстарында үнемі бұрын жүреді деу емес, анализдік әдіс үйрету, мәлімет беру кезінде синтезден соң да қолдана береді. Мысылы, оқушы сөйлемдегі сөздердің ойды жеткізудегі нақтылығы мен дұрыстығын анықтауда немесе даяр мәтінді стилистикалық мақсатқа байланысты талдау жасауда синтезден соң анализ пайдаланылады. Тіл мәдениетін арттырудың психологиялық негізі бірнеше кезеңдерден тұратындығы байқалады. Бірінші кезең оқушылардың белгілі жағдайға байланысты тілдік құралдарды қолданудың дұрыс, бұрыстығын сезінуі немесе байқауы. Бұл кезеңде, тілдік құралдарды, әсіресе сөздерді, сөз тіркестерін қолдана білуге баулу қажет. Екінші кезең – алғашқы теориялық ұғамдармен таныстыру. Бұл кезде оқушылардың ойлау жүйесінің күрделенуі мен тілдік құралдарының қолдануына басты назар аударылады. Атап айтқанда, тілдік қателер ойды жеткізу, басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудың түрлі формалары, тілдік құралдардың оған сәйкестігі немесе байланыстылығы сияқты ұғамдар үйретіле бастайды. Үшінші кезең тіл мәдениетін арттыруды меңгеру. Бұл кезеңде оқушылар теориялық немесе практикалық жұмыстар арқылы стилистикалық құралдарды меңгереді. Бұл кезде оқушының ойлау жүйесі біршама жоғары дәрежеде дами түседі. Сурет 2 Тіл мәдениетін арттырудың психологиялық негізі кезеңдері Қазақ мектептеріндегі ғылым негіздерін игерту ана тілі арқылы жүргізіліп, оқушының дүние танымын, ой өрісін, тілін ауызша, жазбаша сөйлеу икемділіктері мен дағдысын дамыту тілдің қалыптасқан заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан мектепте ана тілін оқыту арқылы тіл заңдылықтарын жете меңгерту, әдеби тіл нормаларында ауызша сөйлеп, ойын еркін жеткізе алу мен сауатты жаза білу міндеттері, яғни ана тілін дамыту арқылы оқыту талап етіліп отыр. Тіл дамыту жұмысы мектепте үздіксіз және белглі бір мақсатта жүргізіледі. Әлбетте, «…қазақ тілінің жүйелі курсы негізінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, ой-өрісін кеңейту, дамыту және өз ойын анық, дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу, дағдыландыру мақсаты көзделеді. Баланың ауызша тілін дамыту үшін ең алдымен қарым-қатынас жасауға, сөйлеу әрекеті дағдысын қалыптастырып, сөйлеу икемділігін жетілдіру қажет. Т.А. Ладыженская ана тілі сабақтарындағы сөйлеу негізгі мақсаты оқушылардың «шындыққа жанасымды нақтылы сөйлеуін тудырып, қарым-қатынас қажеттілігін қанағаттандыру»,-деп біледі. Демек, қарым- қатынасқа үйрету дегеніміз сөйлеу әрекетіне жаттықтыру болып табылады. К.Аханов: «Тіл дамытуды айтайын дегенді дәлме-дәл, ашық, айқын, әсерлі түрде жеткізіп беру. Ол үшін тілді, әсіресе, оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен экспрессивті қызметін жан-жақты меңгеру», — деп біледі.[3; 152] Тікелей мектеп оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, мәселесіне келсек, бастауыш сыныптан бастап бір сабақты «ертегі сабағы» немесе «ертегілер елінде» «шешендік шиырлар» деп апта сайын өткізсе дұрыс болар еді. Тіл сабақтарында мазмұндама, шығарма жазу, шығармашылықпен айналысу, қабырға газетін шығару сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда елеулі әсер ететін фактор. Мұнда айта кететін жай – шығарма мен мазмұндама жазу нағыз жетісті әдіс болып табылады. Қандай да бір тақырыпта шығарма жұмысын жазу үшін бала сол тақырыпқа байланысты өз бетінше материалдар іздейді, ата- анасының, жоғары сынып оқушыларынан сол жайлы сұрастырады, пікір алмастырады. Баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру оның өзі өсіп, өмір сүріп отырған ортасымен қандай қарым-қатынаста болумен тығыз байланысты. Қоршаған ортамен тығыз байланыс қай кезде болады? Ол белгілі бір мәселе жайында оқушылардың өзара пікір таласы кезінде болады. Пікір таласты бала қалай түсінеді, мәселе сонда?! Өз ойын бала қалай жеткізеді, ойы жүйелі ме, толық айта алды ма? Алдымен соған мән беру керек. Баланың кішкентай кезінен бастап ойлауы мен сөйлеуін қалыптастыра білуі өскенде көрініс береді. Қазіргі «үлкен» адамдардың, мемлекет басшыларының сөйлеуіне назар аударып қараңызшы, «жанағы», «манағы», «сосын», «мысалы», сияқты қыстырма сөздердің бастауы қайда жатыр? Әдеби кештер, әр түрлі мәдени шаралар, жарыстар өткізу арқылы баланың тек ой өрісін ғана кеңейтіп қоймаймыз, сондай-ақ оның сөйлеу, ойлау мәдениетін қалыптастырамыз. Кейінгі жылдар жемісі – оқушыларға риторика, яғни «шешендік өнер» сабағы жүргізіледі. Әрине бұл қуанарлық жай. Шешендік өнерге баулу, сөзбен сендіруге уйрету, шешендердің сөзінде, өзін де тану балалар үшін керек дүние-ақ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін бере білу, аталы сөзге құлақ түру ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі салт. Халқымыздың ертегі, аңыз-әңгімелері, мақал-мәтердері, жұмбақ жаңылтпаштары ойнақы, жеңіл тілмен беріледі. Тіл сабақтарында өтілетін тақырыпқа сай халықтық шығармалардағы (жұмбақ, өтірік өлең, аңыз-әңгімелер), сөз өрнектері шәкірттер түсінігіне лайықты, тілге орамды, жаттауға жеңіл болып келеді. Халықтық шығармалардың сан алуан түрлерін төменгі сынып оқушылардың жас еркешелігіне сай сұрыптап пайдалану, мән- мағынасын түсіндіріп, жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын арттырады. 98 Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзі дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді, кейбір тілі келмей бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Тіл дамытуда мақал- мәтел мен фразеологизмнің сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрату тілге көрік береді. Халықтың қанатты сөздерін оқыту, оның мағынасын түсіндіру жақсы әдетке үйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді. Ахмет Байтұрсынұлы тілді дамытуда тиімді деген әдіс-тәсілдердің әр түрін ұсынған. Әдіскер-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қағидалары мен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры молая түседі.[4;16] Бүгiнгi қолымызға жиналған мәлiмeттeрдi саралай кeлгeндe шeшeндiк сөздeрдiң көлeмiнiң тым аyқымды, iшкi жанрлық түрлeрiнiң дe алyан түрлi eкeндiгiнe, классикалық әдeбиeттiң кeлeлi мәсeлeлeрiн шeшyдe кәдeгe асып жатқан шығармалар eкeндiгiнe көз жeткiздiк. Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқытудың негізгі мақсаты –бастауыш сынып оқушыларының өз ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын, жауаптаса алатын тұлға деңгейіне көтеру, яғни ұлттық шешендік сөйлеудің айла амалдарын шешендік өнердің сыр мен сымбатын, тапқырлықты, шешендік сөздерде қолданылатын тәсілдерді бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру. Оқушылардың тіл мәдениетін арттыруда шешендік сөздерді пайдаланудың орны ерекше. Шешендік сөздерді оқыту арқылы тіл мәдениетін қалыптастыруды ғылыми- практикалық баспасөз беттеріндегі оқушылардың тіл мәдениетін арттырудың ана тілі сабағында ұйымдастыру іс-тәжірбиесі талқыланды. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастыру туралы сөз қозғағанда ең алдымен мұғалімге назар аудару керек. Оқушының тіл мәдениетінің қалыптасуында мұғалімінің алар орны ерекше. Мұғалімдер күнделікті сабақ беру үрдісінде шешендік сөздерді орынды жерінде ойын дәлелдеуде дәнекер етсе, оқушыларды тілге шебер ойы орамды болса мәдениетті сөйлеуге тәрбиелейді. Әдебиеттер 1. Жарықпаев Қ. «Қазақ психологиясының тарихы» Алматы, «Қазақстан» 1996 жыл. 2. Әміров Р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде Тіл мәдениеті және баспасөз. – 1972. – 114-124 б. 3. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп. – 1973. -622 4. Ладыженская Т.А. Анализ устной речи учащихся ІІ-III классов Изд. АПН. РСФСР 1963. вып. 1, 5. Байтұрсынов А. Ақ жол—Алматы: Жалын, 1996. —16 бет

Оставить комментарий