Батыс әлемінің ерекшелігі

Егер еуропалық сана бұрын өзіне жат ретінде гректер мен иудейлерге тән барлық адамзат тарихын ысырып тастап отырса және өзінің рухани өмірінен тыс тұратын барлық нәрсені этнография аумағына ысырып, осы мәдениеттер туындыларын этнографиялық мұражайларға тығып тастап отырса, онда бұл бұрында қарастырылған көзқараста белгілі бір ақиқат бар. Тіпті Қытай мен Батыс мәдениеттері арасында әлі күнге дейін жақындық байқалып тұрған кездің өзінде де (кейіннен олар әр бағытта дамыды) осындай ауытқулар болған. Соған қарамастан, қазіргі біздің әлемімізбен салыстырғанда б.д. 1500 ж. дейін жеке мәдени салалары арасындағы ұқсастықты байқамауға болмайды. Алайда соңғы ғасырларда шынымен де қайталанбас нәрсе пайда болды: оның ғылым мен техникадағы нәтижесі. Ол әлемде жан­жақты өзгерістер әкелген тарихта есте қаларлықтай төңкерістер жасады. Ғылым бұрын­соңды болмаған мүмкіншіліктер мен қауіптер алып келді. Біз 150 жылға жуық өмір сүріп келе жатқан техника ғасыры соңғы он жылдықта шырқау шегіне жетті және оның болашақта қандай жетістіктерге жететінін болжау қиын. Осы салдардың тек біразын ғана сезінеміз. Елемеуге болмайтын, барлық тіршіліктің жаңа негізі жасалды. Ғылым мен техника роман­германдық халықтарда пайда болды. Олар нақты әлемдік, адамзаттың ғаламдық тарихының бастамасын құрады. Батыс ғылымы мен техникасының даму нәтижесін қабылдаған халықтар сонысымен өздерін адам табиғатына тән қауіп­қатерге ұшыратты. Не себептен ғылым мен техника екі ұлы мәдениеттерде емес, Батыста пайда болды деген сұрақ туындайды. Кейінгі кезеңдерде байқалған Батыс белдеулік уақыттың өзінде ерекшелікке ие болған ба? Белдеулік уақытта кейін ғылымда өзін көрсете білген қандай алғышарттар жасалынған. Батысқа қандай да бір ерекше белгілер тән болды ма? Батыста жаңашылдық ретінде көрініс тапқан, дамуға түбегейлі өзгерістер енгізген нәрсе жалпылықты қамтитын принципке сүйену керек еді. Толығымен оны тану мүмкін емес. Бірақ осы Батыстың ерекшелігін түсінуге мүмкіншілік беретін кейбір белгілер бар шығар. 1. Географиялық сипатынының өзінде Батыс белгілі ерекшеліктерге ие. Қытай мен Үндінің тұйықталған құрлығына қарағанда, Батыстың жері өзінің сан алуандығымен сипатталады. Түбектерге, аралдар мен шел далалардың базистерге бөлінуі, орта мұхит аймақтары мен биік таулар тізбегі жағалаулардың ұзаққа созылуы өз әрекеттерінде бір бірімен алмастыру барысында тарихты жасаған халықтар мен тілдердің көп болуымен үйлесім тапқан. Батыстың халықтары мен мемлекеттері өзгеше бейнеге ие. Батыстың рухани ерекшелігін тағы бірнеше белгілермен сипаттауға болады. 2. Батысқа саяси еркіндік идеясы таныс. Грекияда, шындығына келетін болсақ, басқа еш жерде болмаған еркіндік қысқа мерзімде ғана болды. Еркін адамдардың бірлестіктері әмбебап деспотияның, халықты жарылқаушы жаппай ұйымдастырудың басқыншылығына қарсы тұра білді. Сонымен, полис батыс санасындағы еркіндіктің ­ реалдылығымен оның еркіндік идеяларының негізін салды. Қытай мен Үнді мұндай саяси еркіндікті білмейді. Ол біздің бүкіл тарихымызды жандандырып отыр және Батыстың барлық ұмтылыстары байланысты. Ұлы бетбұрыс VI ғ. Грекиядағы ой бостандығы, адамдардың тәуелсіздігі полис еркіндігінің пайда болған кезінен басталып, одан кейін парсы соғыстарында еркіндік айқындалып, аз да болса өзінің шарықтау шегіне жетті. Әмбебап абыздық мәдениет те емес, орфиктер мен пифагоршылдардың ілімі де емес, еркін мемлекеттік бірліктер грек рухын конституциялаған және адам үшін үлкен мүмкіншіліктермен бірге қауіптерді де ала келді. Содан бері әлемде еркіндік мүмкіншілігі пайда болды. 3. Еш нәрсе тоқтата алмайтын рационалдылық барлығына жеткілікті логикалық ойлау мен эмпирикалық мәліметтердің дәйекті күшіне ашық болады. Грек рационалдылығы шығыс санасынан математиканың негізін салуға және формалды логиканы аяқтауға мүмкіншілік беретін әйгілі дәйектілігімен ерекшеленеді. Жаңа заман рационалдылығы толығымен Шығыс санасынан орта ғасырдың аяқ кезінде ерекшелене бастады. Ғылыми зерттеу бұл жерде ерекше саланың соңғы қорытындыларына сын көзбен қарауға бағытталған шексіз жолмен жүреді. Қоғамдық байланыстар саласында құқықтық мемлекеттің заңды шешімдерін көруде, адамдардың өмірлік әрекетін есептеу шегінің мүмкіншіліктеріне жету талпыныстарын жасайды. Шаруашылық кәсіпкерлікте нақты есеп әрбір қадамды айқындайды. Сонымен, Батыс бұрын­соңды болмаған рационалдылықтың шекарасын барынша айқындылықпен және күшпен таныған болатын. 4. Тұлға болмысының пайымдалған ішкі тереңдігі ежелгі еврейлердің пайғамбарларда, грек философтарында, римдік мемлекеттік қайраткелердің барлық кезеңдерде өлшемі болып есептелген «қолданылмайтындыққа» ие болады. Бұл софистерден бастап табиғатты адамдық қоғамдастықтан бөліп, бос кеңістікке кетуіне әкеліп соқты. Батыс адамы өзінің жоғары дәрежелі еркіндігінде еркіндіктің шекарасы бей болмысқа кететіндігін түсінген. Өзіндік болмысының ерекшелігінде ол қандай да бір абсолюттік «Мен» ретіндегі жалғанды көруге үйреніп, адамның өзін негіз әрі жаратушы деп санап, толығымен өзіне негіздеу мүмкін деп есептеді. 5. Батыс адамы үшін әлем өзінің шындығында қажетті түрде тіршілік етеді. Батыс әлемі басқа мәдениеттер сияқты адам мәнінің ыдырайтынын біледі: бір жағынан оның жабайылық өмірі, екінші жағынан, әлемнен алшақ мистика; бір жағынан, адам еместер, екіншіден — әулиелер. Алайда Батыс осындай ыдыраушылықты болдырмауға тырысады, әлем құрылымының өзінде шығу жолын табуға, ақиқатты идеалды патшалықта пайымдау ғана емес, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, идеялардың көмегімен шындықты қажетті деңгейге дейін көтеруге тырысады. Батыс әлемді өзінің қалыптастыруы керек екендігіне кәміл сенеді. Ол өлем реалдылығының мәнін, танымды; пайымдауды, әлем шындығын өзінде жүзеге асыруды мақсат етіп қойған мәнді сезеді. Әлемді есептен шығаруға болмайды. Өйткені адам өзін одан тыс емес, керісінше әлемде жүзеге асырады. Сонымен әлем шындығын тану мүмкін болды. Қасіретнамалық бір мезгілде шындыққа да, санағанда айналады. Батыс қана қасіреттің не екенін біледі. 6. Батыс басқа мәдениеттер сияқты жалпыға бірдей бейнені жасайды. Бірақ бұл жалпыға бірдейлілік бұл жерде көптеген институттар мен көріністердің қатаң догматтығында қатып қалған жоқ және де касталық жүйе немесе космостық тәртіп билік ететін өмірге жетелемейді. Батыс әлемі қандай да болмасын бір мәнде тұрақты болмайды. Батыстың шексіз динамикасының қозғаушы күштері бүл жалпылықты жаратын тыстаулардан шығады. Кейбір жағдайларда ол жаңа өмір мен әрекеттің болуын мүмкін етеді де, содан кейін оларды жойып жібереді. Адам табиғаты бұл жерде кейде жалпылық мойындамайтын биіктерге жете алады. Алайда мұндай биіктер жарқыраған маяктар сияқты, Батысқа көп өлшемді бағыттар береді. Осыдан Батыстың үнемі уайым­қайғы ішінде, қанағатсыздық бұғауында болуы және аяқталған нәрсеге көңілі толмауы байқалады. Сонымен, бір қарағанда кездейсоқ болып көрінетін жағдайларда шегіне жеткен күштену нәтижесінде мүмкін емес болып көрінетін мүмкіншіліктер пайда болды. Мысалы, сондайларға әлсіз қарсылас империялардың саяси күйзелістер күйіндегі иудейлердің пайғамбарлық дінін жатқызуға болады. Сондай әлемнің шегіндегі солтүстік мәдениетінің саяси күштерінің гүлденуі және қандай да болмасын мемлекеттік шектеулерге қарсы тұратын Исландия эпостары. 7. Батыс өзінің еркіндігі мен либералдығына қарамастан, тек Інжілге (оның ішінде исламға) негізделетін сөзсіз сенімнің ақиқаттығымен мойындату үшін бар күшін жұмсауға дейін жетті. Мұндай тарихи дамудың сипатын ұзағынан айқындайтын принцип ретіндегі жаппай талаптанулар тек Батыста ғана болған. Алайда кейіннен мұндай талап қою энергиясы адамдардың ішкі күшін күшейте отырып, сонымен қоса, Інжілден келе жатқан көптеген діни ілімдер мен сенімдерге бөліну нәтижесі ретінде және шіркеу мен мемлекетке бөліну салдары ретінде белгілі шекараларда тоқтатылып отырған жағдай маңызды болды. Бір күштің талаптарының басқа талаптармен қақтығысында тек қана фанатизмге ғана емес, сонымен қатар барысында өз өзінен жаңа сұрақтар пайда болып отыратын қозғалыстарға алып келген. Батыстағы бір күштің билігі пайда болмағаны, ал мемлекет пен шіркеу үнемі бәсекелестікте болып, ымырашылдықтың арқасында ғана жұмсартылып отырған жаппай талап қоюларды ұсынады, мүмкін бұл үнемі рухани және саяси күш салудың арқасында Византиядан Қытайға дейінгі барлық шығыс империяларынан Батысқа оның ерекше рухани энергиясын, оның еркіндігін, ізденістерге деген бейімділігі мен жаңалықтар ашуға деген қабілеттілігін берді. 8. Жалпыға бірдейлікпен тұйықталған, бірақ үнемі жалпылыққа бағытталған әлемде, сыртқа тысқарылап жарып шығатын жөне ақиқат ретінде мойындалатын, ал тарихи діни ақиқатқа деген тартылыс өзіне оны да, басқаны да жинақтайтын әлемде, кернеу шегіне дейін жету керек. Осыдан өзінің логикалық тұйықтауға дейін, толық айқындылыққа дейін, принциптер түсінілетін және терең ішкі күрестің позициялары анықталатын барлық мүмкіндік альтернативаларды шығаруға дейін жеткізілетін Батысқа тән шешімталдылық шығады. Шешімталдылық өзін Батыста болып жатқан нәрселердің бәрі күшпен талап етілетін бірнеше нақты тарихи сәттердің күш салуын көрсетеді, — мысалы, христиандық пен мәдениет арасында, мемлекет пен шіркеу, империя мен жеке халықтар арасында, католик діні мен протестант діні арасында, теология мен философия арасындағы кернеу. Кез келген мұндай қарсылықтар дереу шешілмеген мәселе деп есептеледі. 9. Шиеленіскен әлемі бір мезетте Батыста болып жатқан әйгілі өзіндік ерекшеліктері бар жеке­даралықтардың көптігінің — яғни, еврей пайғамбарлары мен грек философтарынан бастап ұлы христиандық ойшылдар мен XVI­ XVII F.F. қайраткерлерге дейін болу фактісінің алғышарттары мен салдары болады. Және, ең алдымен, бұл Батыс өмірінің ерекше құбылысы болып табылатын жеке­дара сүйіспеншілікпен бітпейтін қозғалыстағы шексіз өз­өзіне үңілу күші. Бұл жерде шексіз рефлексия мен адамдар арасындағы қарым қатынастың мәнін және нағыз шынайы ақыл­ ойдың шегі жарықтатылатын тереңдіктің ашылу дәрежесі құрылған. Батыс өзінің жеке басының шындығын ұғынды. Ол тек бір біріне қарама­қайшы билеуші адам типін ғана емес, көптеген бір біріне қарама­қайшы типтерді жаратты. Барлық қасиеттерді бойына сидыратын адам жоқ, әрқайсысы осы шындықтың ішінде болады, ол қажетті түрде онымен байланысқан және жекеленген. Сол себептен де ешкім бір тұтастықты тілей алмайды. Батыс пен Шығыс. Шығыс және Батыс әлемі. Үш тарихи даму сызықтарының — Қытай, Үнді және Батыс арасында параллель жүргізе отырып— біз еуропалық талаптанып отырған толық үстемдіктен бас тарттық. Алдыңғы бөлімде біз бірде бір еуропалық азат бола алмайтын еуропалық сана­сезімге тән белгілерді көрсеткен болатынбыз. Дамудың еуропалық типі ғана қазіргі кезде барша әлемге еуропалық қасиеттер беріп отырған техника ғасырына алып келуі және де рационалдық ойлау ендігі жерде жалпыға бірдей таралуға ие болуы осы үстемдіктің белгісі. Шындығында, қытайлықтар мен үнділер еуропалықтардан өзінің құқықтарын көрсетуде кем болған жоқ. Бірақ әр түрлі мөдениеттердің әлемнің орталығы болуға ұмтылыстары басқа мағынаға ие болады. Батыс әлемі бастапқы гректердің заманынан бастап, Батыс пен Шығыс арасындағы ішкі полярлық шеңберінде конституцияланған. Геродоттың кезінен бастап Батыс пен Шығыс әлемінің арасындағы қайшылықтар өзін жаңа сипаттарда көрсететін мәңгілік және бастапқы қайшылық ретінде түсініледі. Сонымен бұл қайшылық шындыққа айналды, өйткені рухани шындық өзі туралы білетініне ғана ие. Гректер Батыс әлемінің негізін салды және бұл әлем үнемі өзінің көзқарасын Шығысқа бағыттан отырғандығынан тіршілік етеді, онымен бөліністе бола тұра, оны түсініп одан алшақтап кейбір белгілерді алып, өңдеп, онымен күреседі және де бүл күресте билік кезекпен бір жақтан екінші жаққа өтіп отырады. Сөз жай ғана гректер мен тағылардың арасындағы қарама қайшылық туралы емес. Мұндай ұқсас қарама­қайшылық өз мәні бойынша, қытайлықтардың, үнділер мен мысырлықтардың басқа халықтарға деген қатынасынан байқалады. Батыс пен Шығыс бөлінісінде Шығыс таңғалдырарлық күш болып, саяси және рухани күш болып, білім мен тартылыс күші болып қала берді. Мұндай қарама­қайшылықты рухани әлемнің толығымен ыдыраушылық формасы ретінде қабылдауға болады. Pyx өмір сүреді, қозғала бастайды, жемісті болып шарықтау шегіне дейін жетеді, тек қана өзін қарама­қайшылықта сезінген кезінде ғана өзін күресте табады. Алайда бұл жердегі қарама қайшылық тарихи сипатқа ие, оның мазмұнын жалпы нысанға алып келуге және соңғы анықтамалармен шектеуге болмайды. Ол ғасырлар бойы өтіп келе жатқан терең тарихи құпия секілді. Әр түрлі модификацияларда бастапқы полярлық ғасырлар бойы өзінің өмірлігін сақтап қалған. Гректер мен парсылар, Рим империясының Батыс және Шығыс империяға бөлінуі, батыс және шығыс христиандық, Батыс әлемі мен ислам, Еуропа мен Азия (ол өз кезегінде Жақын, Орта және Қиыр Шығысқа бөлінеді) — міне бір­бірін дәйекті түрде алмастырып отыратын осы мәдениеттер мен халықтар бір­бірімен жақындасатын және алшақтайтын шеңбердегі қарама­қайшылықтардың бейнелері. Дәл осы шеңберде Еуропа үнемі конституцияларын отырған, ал Шығыс болса, осы қарама­қайшылықты Еуропадан алып, оны еуропалық сипатта қабылдады. * * * Объективті тарихи талдау Батыстың әлемді қалыптастырудағы Батыс ықпалының үстемділігін байқайды, бірақ, сонымен қатар, оның аяқталмағандығын және жеткіліксіздігін көрсетеді, сол себептен Шығысқа қатысты сұрақтар әрқашан жемісті және жаңаша болып тұрады. Олар былай дейді: олардан бізге жетіспейтін қандай нәрсені табуға болады? Біз қарапайым етіп жіберген ол жерде қандай шындық пен ақиқат бар? Біздің үстемділігіміздің құны қандай? Батыстың уақыт тереңдігіне кететін нақты және ұзақ тарихи дәстүрі бар екендігінде еш күмән жоқ. Ешбір әлемде дәл Мысыр мен Қос өзен жағалауын мекендеген елдердікіндей ежелден келе жатқан тарих жоқ. Соңғы ғасырларда Батыс жер шарының барлық мемлекеттеріне өз таңбасын қойды. Батыс өз тарихы мен жаратылысының бай және айқын бөлінісіне ие, бұл жерде ең рухани саладағы ең ірі күрес жүріп, ең ұлы адамдардың көбісі осы жерден шыққан болатын. Осы позициялардан жолға шығып, біз өзімізге мынадай сұрақ қоямыз: біз Батыста ғылым, рационалды әдістер, жеке­даралық өзіндік сана, мемлекеттілік, капиталистік шаруашылық экономикасы саласында жасалғандарды Шығыстан таба аламыз ба? Осы сұраққа жауап іздей отырып, біз Шығыстан Батысқа ұқсас нәрселерді іздей бастаймыз да, не себептен мұндай жетістіктер онда өз дамуын таппады деген ойға келеміз. Бізге Азияда маңызды жаңа еш нәрсе жоқ сияқты көрінеді. Мұның барлығы бізге белгілі, ерекшелік тек басым бөліктерде ғана байқалады. Еуропалықтардың өзіне деген сенімділігі басқа бөтен нәрселерді — қайшылық ретінде батыстың қарастырып кеткен мәселелерін талқылап жатыр — мойындағанның өзінде де Шығыстан біз бастапқылықты емес, тек өзімізге жақын нәрселерін ғана танимыз деп есептейді. Соған қарамастан, Азия өзінің шынайы мәніне тек біз Еуропа өз кереметтілігінде нені жоғалтты деп сұраған кезінде ғана ие бола алады. Азияда бізге жетіспейтін және біз үшін маңызы өте зор нәрсе бар! Олардан бізге рухымыздың тереңдігіне көмілген сұрақтар келеді. Барлық біздің жаратылысымыз үшін, жасай алғаш нәрселер үшін, бүгінгі кездегі біздің белгілі бір орын алып отырғанымыз үшін біз өз құнымызды төледік. Азия біз үшін қажетті толықтырушы қызметін атқарады. Біз тек өзімізге ұқсас нәрселерді ғана тани алатын болғандықтан, мүмкін біз ең алдымен айнадағы бөтен нәрсе болып көрінетін рухымыздың тереңдігінде жасырын жатқандарды тани алатын шығармыз. Тек өзіміздің үлкен кендігімізге ие болған кезде ғана біз түсіністікке жетеміз, өйткені сол кезде біздің жанымызда ұйықтап қалған нәрселер қайта гүлдейді. Қытай мен Үнді философиясының тарихы ендігі жерде біздегі бар нәрсені ешбір қажетсіз қайталай беретін пән немесе қызықты әлеуметтану заңдылықтарын үйретуге мүмкіншілік беретін шындық болмайды; бұл философияда бізге қатысты, бірақ бұрын­соңды болмаған бір нәрсе табамыз, ол біздің жүзеге асыра алмаған мүмкіншіліктерімізді ашып, бізде потенциалды түрде ғана болатын — басқа адам мәнінің негіздерімен кездесуге итермелейді. Және дәл осы жағдайда тарихи экзистенцияның өзінің негізгі белгілерін көру қажет. Әлемдік тарих Батыс Еуропаның мәдени саласымен тұйықталған деген шартсыз сенімділік құлады. Ендігі жерде Азияның үлкен әлемін тарихи емес халықтардың және мәңгілік әрекет етпейтін аймағы ретінде қарастыра алмаймыз. Әлемдік тарих әмбебап. Және егер оның шеңберлерін тарылтатын болсақ, онда адам бейнесі толық және шынайы болмайды. Алайда Азияны оның барлық кереметтілігінде және өсер ету күшімен қабылдай отырып, біз оның бұлыңғырлығын әсірелей отырып, адасушылыққа тез түсуіміз мүмкін. Сонда Азия кішкентай ғана Еуропамен салыстырғанда, өзінің кең ауқымды кеңістігінің күшімен көрініс табады. Хронологиялық түрде ол барлық адамдар шыққан жалпылықты қамтитын негіз болып табылады. Ол өлшеусіз, өзінің көлемі мен адамдар саны бойынша өте күшті— ұзаққа созылған және баяу қозғалатын бір нәрсе. Бұл аспектіде грек мәдениеті Азияның шекарасында пайда болған құбылыс ретінде, ал Еуропа — Азияның аналық шеңберінен ажыраған ежелгі бөлік ретінде сипатталады. Бұл қай жерде, қай кезде және қандай жағдайдың нәтижесінде болды деген сұрақ туындайды? Еуропа өзінің ерекше белгілерін жоғалтып, Азияға қайта оралады деп болжауға бола ма? Егер Батыс әлемі Азияның кіндігінен шықса, онда ол бастапқы кезде рухани тепе теңдікті сақтап қалу қаупімен шартталған, ал содан кейін әр кездегі қауіптілікті түсініп, Азияның тереңдігіне қайта оралған адамның еркіндікке жасаған батыл қадамы ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл қауіптілік бүкіл әлемді, соның ішінде Азияны да өзгертіп және талқандап отыратын жаңа техникалық жағдайларда жүзеге асуы мүмкін. Сонымен Батыс еркіндігі, тұлғаның маңыздылығы, Батыс категорияларының кендігі, сананың ашықтығы жойылады. Оның орнына мәңгі азиялық негіз орнығады: тіршіліктің деспотиялық формасы тарихтан, шешімді қабылдаудан бас тарту — азиаттық фатализмдегі рухты тұрақтандыру. Сонымен, Азия өзіне Еуропаны жинақтайтын әмбебап, мәңгілік өмір сүретін және ұзаққа созылатын күшке айналады. Азиядан шығып, оның тереңдігіне қайта оралатын нәрсе — өзгермелілік болып табылады. Алайда визиондық көріністерге толы өлім туралы қарама­қайшы бейнелер тек бір сәтте ғана пайда болуы мүмкін. Шындығына келгенде олар әділетті де және дұрыс та емес. Қытай мен Үндінің үш мыңжылдық тарихы да осы Азияның тереңдігінен шығу талпынысын дәлелдейді. Мәселе бұл жерде Еуропаның Азияға деген ерекше қатынасы жайында емес, керісінше, соз әмбебап тарихи процестердің құбылыстары туралы болып тұр. Мұның барлығы Азияның өзінде болып жатыр. Бұл— адамзаттың шынайы тарихқа жасаған жолы. Азияны тарихи шындық болуды қойып, реалистік анализ барысында ыдыраған белгілі бір аңыздық принциптің көрінісі ретінде қарастырады. Еуропа мен Азияны қарама­қарсы қоюды метафизикалық түрде гипостаздауға болмайды. Қарсы жағдайда ол өте қорқынышты құбыжыққа айналуы мүмкін. Аңыздық бейне ретінде ол тек тұтастықты танудағы тарихи нақты және рухани айқын белгі болып табылған кезде ғана шифр ретінде пайдалы болуы мүмкін. Жөне де мұндай шифр болып бүкіл Батыс тарихынан өткен Азия мен Еуропаның қарама­қарсы қойылуы болып табылады.

Читайте также:  Шәкәрімнің ақындық ортасы

Оставить комментарий