Батыс әлемінің тарихы

Жалпы аспект. Қытай мен Үнді тарихында нақты бөлініс, нақты бір қарама қайшылықтары немесе бір бірінде әр түрлі күштер мен дүниетанымдар қарсы қойылып жататын рухани күрестің айқындылығы байқалмайды. Батыс әлемі Шығыс пен Батыс арасындағы полярлықты өзін басқаларды ерекшелендіретін, одан тыс тұратын ғана емес, сонымен қатар өзінде осы полярлықты сақтап жүруші әлем ретінде сезінеді. Батыс әлемінің тарихы былайша бөлінеді: дейінгі соңғы мыңжылдықтың ортасына дейінгі Вавилон мен Мысырдың үшінші мыңжылдығы. ­ белдеулік уақыттың ілгеріге жылжуға ұмтылысы негізіндегі мыңжылдық, иудейлер, грек пен парсылардың, тарихы. Б.д. дейінгі соңғы мыңжылдықтың ортасынан бастап,біздің дәуіріміздегі бірінші мыңжылдықтың ортасына дейінгі кезеңде Батыс саналы түрде конституцияланған болатын. Біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығының ортасында дүние Батыс пен Шығысқа бөлінгеннен кейін, 5000 жылдық үзілістен кейін, б.д. X ғ. Батыс әлемінде мыңжылдықтар бойы созылып келе жатқан роман­германдық халықтардың жаңа Батыс тарихы басталады. Шығыста Константинополь XV ғ. дейін үзіліссіз Шығыс империясының мәдени орта иығы болып қала берді. Мұнда исламның негізінде және Еуропа мен Үндінің үнемі сабақтасуының негізінде, қазіргі Алдыңғы Азия Шығысы қалыптасты. Осы мыңжылдықтар барысында Батыс ешқандай алға жылжулар мен өзгерістерден қорықпай, өзінің жолымен жүре берді және Қытай да, Үнді де жасай алмаған әлемге үлкен радикалдылық алып келді. Тілдер мен халықтардың көптік дифференциациясы Қытайда да, Үндіде де кем болған жоқ. Алайда оларда бүл дифференциация бір­бірінен пластикалық бөлініс, дербес жүзеге асырушылық күресінің негізі, жеке бірліктердегі тұтастықты жаруға дайын тұрған тарихи әлем құрылысы болған жоқ еді. Белдеулік ретіндегі христиандықтың мәні. Батыс санасы үшін тарихтың белдеуі — Иса пайғамбар. Христиандық, христиан шіркеуі, бір кездері болған адам рухының ең бір ұлы әрі жоғары ұйымдасушылық нысаны болып табылады. Иудейліктерден мұнда діни импульстер мен алғышарттар келген болатын. (тарихшы үшін Иса — иудей пайғамбарлардың ішінен, өзінің олармен байланысын түсінетін соңғысы болып есептеледі); гректерден — философиялық ауқымдылық, айқындылық жөне ой күші; римдіктерден — шындық саласындағы ұйымдастырушылық, даналығы келген болатын. Осылардың бәрінен бұрын­соңды ешкім ойламаған біртұтастық пайда болды; бір жағынан, Рим империясының синкреттік әлеміндегі соңғы күрделі нәтиже болса, екіншіден, жаңа діни және философиялық тұжырымдамаларымен қозғалған тұтастық, олардың көрнекті өкілдерінің бірі Августин еді. Христиан шіркеуі небір қайшылықтарды біріктіруге, осы кезге дейін ең бір жоғары деп есептелген жәдігерлерді жинақтауға және жойылмайтын дәстүр ретінде сақтауға барынша қабілетті болды. Алайда тарихи түрде христиандық өзінің мазмұны бойынша да, сол сияқты өзінің шынайылығы бойынша да — даму деңгейінің кейінгі нәтижесі. Кейінгі кезеңдерде христиандық негіз әрі бастау ретінде қабылданғандықтан, Батыстың тарихи түсінігінде антикалық дәуірдің пайдасына жоспарларда біраз өзгеріс— жылжулар болды,— осындай жылжулар Үнді де, Қытайда да болған еді. Бүкіл орта ғасыр үшін Цезарь мен Августтың Перикл мен Солонға қарағанда, Вергилийдің Гомерге қарағанда, Дионисий Ареопагит пен Августин Гераклит пен Платонға қарағанда, маңызы әлдеқайда басымырақ болды. Бастапқы, шынайы белдеуге кейіннен оралу толық бола алмады, тек жеке феномендер ғана ашылды. Мысалы, орта ғасырларда Аристотель мен Платонның ілімдері қайта ашылып, пайғамбарлық діншілдіктің тереңдігі өзінің көрінісін әр түрлі протестанттық сенім бағыттарында тапты, XVIII ғ. аяғында неміс гуманизмі грек мәдениетіне қайтадан бет бұрды. Алайда Еуропаға Батыс христиандықтың тек рухани ғана емес, сонымен қатар саяси ықпалы да болды. Оның бейнесі ретінде салыстырмалы сәйкестік қызмет ете алады. Біздің дәуіріміздегі III ғасырдан бастап, ұлы догматикалық діндер — бірлікті құраушы саяси факторға айналды. 224 жылдан бастап, Ирандық дін — Сасанидтер империясының негізі; Константиннің билік құрған кезінен бастап, христиан діні — Рим империясының негізі; VII ғасырдан бастап ислам — араб мемлекеттерінің негізі болды. Ежелдегі салыстырмалы еркін мәдени байланыстарға қарағанда, бүл гуманистік әлемде, әр түрлі мәдениеттер арасында енді үлкен алшақтық байқалды. Соғыстар бір мезгілде Византия мен Сасанидтер династиясы арасындағы, Византия мен арабтар арасындағы діни соғыстарға айналды; кейіннен бүл батыс мемлекеттерінің арабтармен жүргізген соғысы және ең соңғысы крест жорықтары барысындағы әскери әрекеттер. Осы өзгеріске ұшыратылған әлемде византиялық христиандық басқа догматикалық діндерден ешбір ерекшеленген жоқ. Византия да белгілі бір дәрежеде теократиялық мемлекет болған. Батыста жағдай басқаша еді. Бірақ шіркеу міндеттері тура сондай болды. Алайда олар жүзеге аспағандықтан, шіркеу де күреске араласуға мәжбүр болды, ол тек рухани өмірдің тереңдеуіне ғана ықпал еткен жоқ, сонымен қатар зайырлы билікке қарсы тұра отырып, еркіндіктің факторына айналды. Шіркеу бұл жерде еркіндікті жақтаушыларды шіркеудің қарсыластары болуына да ықпал етті. Барлық ірі мемлекет қайраткерлері діншілдер болды. Сол кезеңдегі саяси билік мәселелерін шешуге ғана емес, сонымен қатар дін мен эпосты мемлекет пен өмірдің барлық салаларына енгізуге бағытталған, олардың ерігінің күштері орта ғасырдан бастап батыс еркіндігінің қайнар көзіне айналды. Батыстың құрылуындағы үзіліссіздік. Көптеген қақтығыстар, күйзелістер мен толық құлдырауларға қарамастан, Батыс мәдениетін қалыптастырудағы үзіліссіздік жоғалған жоқ еді. Жоқ дегенде, қабылдау нысандары мен схемалары, атаулары мен формулалары мыңжылдықтар бойы сақталып келген. Тіпті, өткенмен саналы байланыс үзілген күннің өзінде де белгілі бір үзіліссіздік қалып отырды, ал одан кейін дамуда үзіліссіздікті саналы түрде жаңарту қайта басталды. Қытай мен Үнді әрдайым өз өмірлерінде өткенді жалғастырып келеді, Грекия, керісінше, осы шеңберден ауытқып, оған мүлдем жат шығыс халықтарының өткенінен бастау алды, ал солтүстік халықтар болса— мәні бойынша жат Орта мұхит мәдениетінен шыққан еді. Батыс үшін ол үйреніп қайта өңдеп, жетілдірген оған алыс халықтардың өткеннің үзіліссіз келе жатқан сабақтастығы ретінде пайда болған бастапқылық тән. Батыс антикалық дәуір мен христиандықтың негізінде пайда болды; онда басқаны да ол кейінгі антикалық дәуірдің герман халықтарына берген бейнесінде қабылдаған болатын. Тек кейіннен ғана бара­бара қайнар көздерге, інжілдік діндерге және грек мәдениетіне қайта оралу болды. Сципиондар кезінен келе жатқан, оз тармақтарында барлық Батыс тарихынан өткен және бүгінгі күнге дейін жеткен гуманизм сана мен білімділіктің нысанына айналды. Батыс әлемі білімділікті қалыптастырудағы үзіліссіздікті қамтамасыз ететін: католиктік шіркеу мен imperium Romanum, әмбебап кристаллизация жасаған. Бұл екі институт үнемі құлдырау қаупінде тұратын, бірақ соған қарамастан, қайта құрастырылып алатын еуропалық сананың негізіне айналды. Алайда құрылымдылықтың біртұтас әмбебап нысандарын жасау және жалғастыру беталысы Қытайдағы конфуциандықта сияқты рухани өмірдің қатып қалуына әкелген жоқ; керісінше, мұнда үнемі еуропалық халықтар шығармашылық кезеңдеріне жететін, кейіннен барлық Еуропа мәдениетіне қорек болатын өзгерістер болып отырды. Итальяндық Ренессанс өзін антикалық дәуірдің өрлеуі ретінде, неміс Реформациясы— христиандықтың өрлеуі ретінде қарастырылған. Шынымен де, уақыт өте келе, екі жағдайда әлемдік тарихтың белдеуін қайтадан терең тануға алып келді. Сонымен қоса, олар, ең алдымен, осы қайта жаңғыруға дейін басталған, жаңа Батыс мәдениетінің бастапқы қалыптасу кезеңі болды. Батыс ұлы адамдардың көптігімен, поэзия жөне бейнелеу өнеріндегі қайталанбас құнды шығармаларымен, маңызды діни өзгерістермен жөне ғылым мен техника салаларындағы жаңа ашылыстармен сипатталады. 1500­1830 ж.ж аралығын қамтыған әлемдік тарихтың сол кезеңін біздің рухани өміріміздің алғышарты деп есептеу керек.

Читайте также:  Мәдениетті қанша адам жасайды

Оставить комментарий