Батыс өркениетінің алар орны

Бәлкім, бұл дәйектің теориялық сипатына байланысты бізге қарсы шығатындар да табылар. Абстрактілі қисын тұрғысынан қарағанда, ешбір мәдениет өзге бір мәдениет туралы шынайы пікір айта алмайды, өйткені, ол өзін айтпай тұра алмайды, сөйтіп, олардың берген бағасы күмәнсіз релятивизм болып қалады. Десе де, жан­жағымызға қараңыз; бір ғасыр бойғы сіздердің ақыл­ойдан тұрғызған барлық сарайларыңыз құлап жатқанына назар салыңыз. Өз ішінде томаға­тұйық болып қала алмайтын барлық өркениеттер, бірінің артынан бірі араларында жалғыз біреуі — батыс өркениетінің үстемдік құрып отырғанын мойындап жатыр. Бүкіл әлем біртіндеп оның техникасын, өмір салтын, сауық құру әдісін, тіпті киімін де өзіне алып жатқанын байқап отырған жоқпыз ба? Диогеннің өздігінен жүру арқылы қозғалыс болатынын дәлелдегені сияқты Азияның ұланғайыр даласындағы қалың халықтан бастап, Бразилия мен Африканың ну ормандарындағы ұмытылған тайпаларға дейінгі адамзат мәдениетінің аяқ алысы тарихта болмаған бірауыздылықпен өркениеттің бір түрі өзгелерінен үстем тұрғанын дәлелдеді. «Жеткілікті дамымаған» елдер халықаралық бас ­ қосуларда өздерін батыс танып жатыр деп емес, батыс тануға жеткілікті мүмкіндік бермей жатыр деп байбалам салып келеді. Біз осы тұста пікірталасымыздың ең нәзік жеріне тоқталамыз; адамзат өркениеттерінің қалауына қарсы олардың ерекшелігін сақтауға талпынудың еш қисыны жоқ. Бұған қоса, этнолог үшін батыс өркениетінің әмбебап тануы сияқты феномендерге баға беру өте қиын. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, үстем өркениеттің болуы — тарихтағы ерекше факт; осы тектес оқиғаларды тарихтан іздеуге тура келеді, бірақ, бізге ол туралы ештеңе белгісіз.

Читайте также:  Жүсіп мерген туралы ертегі

Оставить комментарий