Бекет ата мен Қырымқұл би

Хиуадағы жоғары дәрежелі діни оқу орнын үздік бағамен бітіріп шыққандықтан Атаның есімі медресе қабырғасына ойылып жазылыпты. Мұны кейін тағдыр тәлкегімен осы қалада болған атақты беріш Махамбет те, ысық Құныскерей де өз көздерімен көріп, Ата аруағына тағзым еткені әлі күнге шейін халық аузында жүр. Медресені тәмамдап, еліне қайтқалы жатқанда Хиуа жерінде қалмақ ойын естіртпек болып, қоштасуға өзімен бірге оқыған ауылдасы Қырымқұл келеді. Амандық­саулықтан кейін Қырымқұлдың негізгі арманы оқуын әлі де тереңдете түсу үшін қалып бара жатқанын білген досы: — Қырымқұл, мен біліміңді жетілдіруді құптағанмен еліңнен, қатын­балаңнан бөлек тұруыңды қош көрмеймін, – деген жолдасының сөзін естіген Қырымқұл: — Отбасымды қайда болса да асырауға мүмкіндігім жететінін білесің, маған соларды жеткізіп беруге көмектес, қызметің елеусіз қалмас, – деп қолқалайды. — Менің қызметіме ешқашан өтеу сұрап көрмегенім өзіңе белгілі. Дін жолы үшін өзіңді құрбандыққа шалып, туған еліңнен алшақ кеткелі тұрған азаматсың ғой, сол үшін көмегімді аямаспын, – деп досымен қоштасады. Уәде – Құдай аты. Елге келген соң Қырымқұлдың отбасымен сөйлесіп, қатын­баласын Хиуаға аттандырыпты. Көшерінде Қырымқұлдың тапсырмасымен әйелі біршама малын мешіт салуға септігі тиер деген мақсатпен қалдырыпты. Қырымқұл би Әнетұлы бірнеше жыл бойы шәкірт тәрбиелеп, халыққа имандылық дәнін сепкен. Өзі 1798 жылы қажылық парызын өтеуге Меккеге барған сапарынан оралмаған. Оған топырақ Медина қаласындағы пайғамбар мешітінің күн шығыс жағындағы үлкен қорымнан бұйырыпты. Бекет Ата елге оралғаннан кейін де өмірінің соңына дейін Хиуа хандығымен арадағы түрлі бағыттағы қарым­қатынасты ақылмен ұйымдастырып отырыпты. Қазақ еліндегі өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы жаппай ашаршылықта мыңдаған маңғыстаулықтар Бесқала мен Хорезмнің ойын пана тұтып, жан сақтап қалғаны белгілі. Бұл Атаның әуел баста сол елмен достық қатынаста болғанының айғағы екеніне толық дәлел болды.

Читайте также:  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖҮЙЕ ТУРАЛЫ

Оставить комментарий