Белдеулік уақыт және оның салдары

Ілгеріге көз жүгірте отырып, біз белдеулік уақыттың сипаттамасын берген болатынбыз. Оны жасаған себебіміз, оның мәнін түсіну әлемдік тарих туралы көзқарас үшін маңызды мағынаға ие. Тарих философиясының сабақтары үшін белдеулік уақыт ең өнімді, жемісті зерттеу саласы болып табылады. Бұл уақытты екі ұлы империялар кезеңіндегі аралық фаза ретінде, еркіндікке берілген демалыс сияқты, ең ашық сана саласындағы жеңіл дем ретінде қарастыруға болады. Әлемдік тарихты белдеулік уақытпен құрылымдастыру Белдеулік уақыт адамзатты бір әлемдік тарих шеңберінде біріктіретін фермент ретінде қызмет етеді. Белдеулік уақыт жеке халықтардың жалпы адамзат үшін тарихи маңыздылығын айқын көруге мүмкіншілік беретін масштаб болып қызмет етеді. Халықтардың терең бөлінісі олардың белдеулік уақыттың ұлы ұмтылысына қатынасымен айқындалады. Біз мүмкіншіліктерді білеміз: 1. Белдеулік халықтар. Бұл өз тарихын дәйекті жалғастыра отырып, секіріс жасаған, қайтадан туылғандай болған халықтар, сонымен олар алға жылжыған адам мен оның шынайы тарихының рухани мәнінің негізін жасаған. Бұл халықтарға қытайларды, үнділерді, ирандықтарды, иудейлер мен гректерді жатқызуға болады. 2. Ортадан жарып шығу бұйырмаған халықтар. Жарып шығу өзінің әмбебап—тарихи маңыздылығы бойынша шешуші, бірақ барлық жерді қамтымаған жағдай болды. Ұмтылысқа дейін белдеулік уақытта және тіпті онымен бір мезгілде тіршілік еткен бірнеше ежелгі ұлы мәдениеттердің халықтары, сыртта қалып қалды және қатар жүргеніне қарамастан оған іштей жат болып қала берді. Белдеулік уақытқа тағы соңғы кезеңдердегі күмән келтірілмейтін белгілері бар мысырлық және вавилондық мәдениеттер жатқызылады. Олардың екеуі де адамды жетілдіретін рефлексияны білген жоқ: олар белдеулік халықтармен сабақтаса отырып, метаморфозаны сезінген жоқ, және де олардың тікелей тіршілік етуі өмір саласынан тыс болған, ұмтылысқа көңіл аударған жоқ. Олар мәні бойынша белдеулік уақыттан бұрын болған мемлекет пен қоғамдық өмірді ұйымдастыру аумағында, сәулет өнерінде, пластика мен көркем сурет өнеріңде, өзінің магиялық дінін қалыптастыруда үлкен жетістіктерге қол жеткізген ертедегі мәдениеттер болып қала берді. Алайда мұның барлығы жайлап өліп бара жатқан кезеңде болып жатты. Өзінің сыртқы тіршілігінде жаңа күштерге бағынышты бола тұра, бұл халықтар әрбір жеке жағдайда қайта туылып отыратын өзіндік ішкі мәдениетін жоғалтып алды: Месопотамияда — парсылық, кейіннен сасанидтік және ислам мәдениетіне; Мысырда — римдік және христиандық, кейіннен исламға өту болды. Бұл аталған екі мәдениеттерде — мысырлық және вавилондық — бүкіл әлемдік тарихи маңыздылыққа ие, өйткені оларды қабылдай отырып, олардан итеріліп, алшақтай отырып, олармен сабақтастыққа тереңдей түсіп, Батыс әлемінің негізін салған иудейлердің де, гректердің де мәдениеттері айқындалған болатын. Ежелгі мәдениеттер жақын арада толығымен ұмыт болды және тек біздің заманымызда қайтадан ашылды. Олар бізді өзінің ұлылығымен таңғалдырады, бірақ соған қарамастан, жат болып қала береді — бізді ажырататын олардың жасалған ұмтылыстан тыс қалып қоюы үшін болған біздің арамыздағы ашылған шыңырау сияқты болды. Мысырлық және вавилондық туындылардың ұлылығы өз түрінде қайталанбас. Алайда бізге түсінікті және жақын болған нәрселердің барлығы ілгеріге ұмтылыс жасаған жаңа дәуірде пайда болды. Кейіннен жоғалып кеткен, әсіресе Мысырдан біз сол күйі жүзеге аспаған ұмтылыстың жақындауын күту сияқты таңғажайып көріністі көреміз. Адамзат тарихы үшін негізгі, шешуші мәселе мынадай: Қытай мен Үндіні Мысыр мен Вавилонды қатар қойып салыстыру және олардың айырмашылығын тек алғашқылардың бүгінгі күнге дейін сақталғандығынан көру керек пе; немесе Қытай мен Үнді өзінің белдеулік уақытты жасауда қатысуымен өздері сол негізі олардың ежелгі ұлы мәдениеттерден принципиалды түрде ерекшелеуге алып келетін өтуді жүзеге асырғандығынан шығу қажет пе? Тағы да қайталап айтамын: Мысыр мен Вавилонды Қытаймен оның тарихының ерте кезеңінде және үшінші мыңжылдықтағы Инда даласының мәдениетімен қатар қойып салыстыруға болады, бірақ жалпы Үндімен және Қытаймен емес. Қытай мен Үнді Батысқа тек өзінің бүгінгі күнге дейін өмір сүріп келе жатқанының арқасында ғана емес, сонымен қатар белдеулік уақытта ұмтылыс жасауымен жақын болады. Бұл сұраққа берілетін жауаптардыкі сынға ала отырып, қысқаша тоқталу қажет болар. Қытай мен Үндінің Батысқа қарағанда шынайы тарихы жоқ деп санау қабылданған болатын. Өйткені тарих қозғалысты, мәннің өзгеруін, жаңаның негізін білдіреді. Батыста мүлдем әр түрлі мәдениеттер бір­бірін алмастырады: басында бұл ежелгі азиялық және мысырлық, кейіннен грек­римдік, және ең соңында герман­романдық. Географиялық орталықтар, аймақтар мен халықтар ауысуда. Ал Азияда әр нәрсе әрқашан сол күйінде қала береді; тек өз құбылысында модификациялай отырып, қауіпті сілкіністердің тереңдігіне үңіле отырып, ол өз­өзіне мәңгі тең өзгермейтін негізде, әр кезде қайта пайда болады. Мұндай жағдайда Шығыста Инда мен Гиндукуштан тарихи дамуды білмейтін тұрақтылық, батысқа қарай— тарихтың динамикалық қозғалысы орныққан деген көзқарас қалыптасады. Олай болса, ұлы мәдениеттер арасындағы шекара Парсы мен Үнді арасынан өту керек. Индаға дейін еуропалық бір адам өзін Еуропада жүрмін деп есептеуіне болады, деп пайымдайды лорд Эльфинстон (Гегель оны сөзіне сілтеме жасайды). Мұндай сипаттағы пайымдау, менің ойымша, Қытай мен Үндінің XVIII ғ. тарихи рөлімен түсіндіріледі. Лорд мүлдем Қытай мен Үндінің шынайы тұтастық мағынасын емес, өз заманының шарттарын көрген. Сол уақытта бұл екі мемлекет ең терең құлдырауға ұшырады. XVII ғ. басталған Үнді мен Қытайдағы құлдырау барлық адамдардың басына келуі мүмкін өз мәні бойынша ұлы рәміз болған жоқ па? Қытай мен Үнді шыққан азиаттық негізге оралудан қашу жайындағы сұрақтар қатерлі емес пе? 3. Кейінгі халықтар. Барлық халықтар ұмтылыс нәтижесінде пайда болған қалыптасу негізі бейбітшілік болғандарға және сыртта қалып қалғандарға бөлінеді. Біріншілер— тарихи халықтар; екіншілер — алғашқы қауымдық халықтар. Ұмтылыс әлеміндегі саяси құрылған жаңа әлемдік империялардың элементі македондықтар мен римдіктер болған. Олардың рухани жұтамдығы белдеулік уақыттың тәжірибесін бар жанымен қабылдай алмағандығымен байланысты болды. Сол себептен олар тарихи әлемде саяси жаугершіліктерге, басқаруға, ұйымдастыруға, білімді қабылдауға және сақтауға, бірақ оның жалғасуы мен тереңдеуіне қабілетті емес. Солтүстікте жағдай басқаша болды. Бұл жерде Вавилон мен Мысырдағыдай ұлы рухани кемелдену болған жоқ. Солтүстік халықтары қарапайымдылық ұйқысы ішінде қалған, алайда біз үшін қиындатылатын объективті рухани бағыттағы (Гегель оны «Норд рухы» деп атайды) мәнінде олар белдеулік уақыттың рухани әлемімен соқтығысқан субстанционалды өзгешелікке жеткен.

Читайте также:  Білім беру қызмет нарығының сегменттерін бағалау

Оставить комментарий