Белдеулік уақыт

Батыста философия тарихы христиандық діни ілімінің негізінде пайда болды. Августиннен бастап, Гегельге дейінгі орасан зор шығармаларда бүл сенім тарихта құдайға қадам басты. Құдайдың құдіретімен тынысым сырдың ашылу сәттері оқиға батыл бұрылыстарды білдіреді. Сондықтан да Гегель айтқан: барлық тарихи процесс Христосқа қарай жылжиды және одан келеді. Құдай Ұлы құбылысы әлемдік тарихтың белдеуі болып табылады. Біздің жыл санауымыз сол әлем тарихының христиандық құрылымының күнделікті расталып отырылуы болып табылады. Дегенмен христиандық сенім барлық адамзаттың сенімі емес, — ол тек бір ғана сенім оның кемшілігі әлем тарихына мұндай түсінік тек сенуші христианға ғана нанымды болуында. Оның үстіне, Батыста да христиан өзінің тарихты эмпирикалық жолмен игеруін бұл сеніммен байланыстырмайды. Сенім догматы ол үшін — Христиан үшін қасиетті тарих өзінің мағыналық мазмұны жағынан зиялы тарихтан бөлектенеді. Сенуші христиан да кез келген эмпирикалық объектіні талдаған сияқты Христиандық дәстүрді өзіне де талдау жасауы мүмкін. Әлемдік тарих белдеуі, егер ол жалпы бар болатын болса, тек барлық адамдар үшін, оның ішінде христиандар үшін де маңызды фактор ретінде тек эмпирикалық құбылыс болып қана табылуы мүмкін. Бұл белдеуді адамның адам болуына мүмкіндік жасаған алғышарттардың пайда болған жерінен қандай да бір діни мазмұннан тәуелсіз, соншалықты нанымды болуға болатын — егер өз эмпирикалық дәлелділігімен болмаса, да барлық жағдайда да Батыс үшін, Азия үшін, жалпы барлық адам үшін әлде бір эмпирикалық негізбен — таңқаларлықтай табысты мұндай адам болмысының қалыптасуы жүрген жерден іздеу керек, сонымен бірге, барлық халықтар үшін олардың тарихи маңыздылығын түсінудің жалпы ауқымы табылған болар еді. Әлемдік тарихтың бұл белдеуін, мүмкін, біздің дәуірімізге дейінгі 500 жылдың шамасындағы уақыттарға, біздің жыл санауымызға дейінгі 800 және 200 жылдар арасында жүріп өткен сол бір рухани үрдіске жатқызуға болатын шығар. Ол кезде тарихта ең шұғыл бұрылыс болды. Қазіргі типтегі адам сол кезде пайда болды. Осы уақытты біз қысқаша белдеулік уақыт деп атаймыз. Белдеулік уақыттың сипаттамасы Ол уақытта көптеген таңқаларлық нәрселер болды. Ол кезде Қытайда Конфуций мен Лaoцзы өмір сүрді, қытайдың философиялық барлық бағыттары пайда болды, Мо­цзы, Чжуан­цзы, Ле­цзы сияқты басқа көптеген сансыз ойшылдар ой толғады. Индияда Упанишадгар пайда болды, Будда өмір сүрді; философияда — Қытайдағы сияқты Индияда — шындықты философиялық тұрғыдан игерудің барлық мүмкіндіктері қарастырылды, тіпті скептицизм, материализм, софистика мен нигилизмге дейін; Иранда Заратустра жақсылық пен жамандықтың күресі өтетін әлем туралы үйретті; Палестинада Илия, Исайя, Иеремия мен Второисайя — пайғамбарлар сөз сахнасына шықты; Грецияда бұл — Гомердің, философтар Парменид, Гераклит, Платон, трагиктер, Фукидид пен Архимедтің кезеңдері еді. Бұл есімдермен байланысты болғандардың бәрі Қытайда, Индияда және Батыста бір мезгілде бір­ бірінен тәуелсіз пайда болып жатты. Осы дәуірде, атап өтілген үш мәдениетте жаңа пайда болғандар тұтастай алғанда болмысты, өзін өзі және өз шегін жете түсінеді дегенде келіп тоғысады. Оның көз алдына сұмдықтары мен адамның өз дәрменсіздігінің сыры ашылады. Тұңғиықтың үстіңде тұрып, ол түбірлі сұрақтарды қояды, азат етуді және құтқаруды талап етеді өз шамасының жете түсіне отырып, ол өзінің алдына биік мақсаттар қояды, өзіндік сана тереңінің абсолюттілігін және әлемнің айқындығын таниды. Бұның барлығы рефлексия арқылы өтіп жатты. Сана сананы жете түсініп, өзінің ойлау объектісі етіп ойлауды алды. Сонымен рухани күрес басталды, оның барысында әр қайсысы өз идеясын хабарлай отырып, өз тәжірибесін негіздей отырып басқаны сендіруге тырысқан рухани күрес басталды. Тым қарама­қайшы мүмкіндіктер сынға түсті. Дискуссиялар, әр түрлі партиялардың пайда болуы және өзінің қарама­қайшы бөліктерінде олардың өзара себептілігін сақтап отырған рухани сфераның бөлінуі, — осының бәрі рухани хаоспен шектесетін мазасыздық пен қозғалысты тудырды. Осы дәуірде бүгінгі күнге дейін біз соның көмегімен ойлайтын негізгі категориялар жасалды, бүгін де адам өмірін айқындап отырған әлемдік діндердің негізі қаланды. Бұл процесс көптеген адамдарды өздерінің іс­әрекеттеріне қайта қарауға, бұрын бейсаналы түрде қабылдаған барлық көзқарастар, салт­дәстүрлер мен жағдайларға күмән туғызуға, оларды қайта талқылауға мәжбүрледі. Тынық тұрақтылыққа ие болған мифологиялық дәуірдің соңы да келіп жетті. Грек, үнді, қытайлық философтар мен Будданың негізгі идеялары, пайғамбарлардың құдай туралы ойлары мифтен тым алыста болды. Сонымен рационалдылық пен рационалды тексерілген тәжірибенің мифке (логостың мифке қарсы) қарсы, содан соң трансцендентті құдай үшін, жоқ әзезілдерге қарсы және этикалық ыза­кекпен шақырылған құдайдың жалған бейнелеріне қарсы күрес басталды. Діннің этикалық жағын күшею арқылы құдайдың мәртебесі өлшеусіз көтерілді. Ал миф тіл үшін тек материал болып қалды, ол енді бастапқы мазмұнын көрсетпейтін болды да, керісінше, оны символға айналдырып, қандайда да бір мүлдем басқаға өзгерді. Осы өзгерістің барысында (шынында, мифотворчестволық өзгерісте) миф миф ретінде жойылу барысында мифтердің қайта түрленуі, оларды түп тереңінен игеру жүріп жатты. Алайда оған халықтың нақтылы сенімінің арқасында әлде бір фон ретінде езінің маңыздылығын сақтай отырып және осының негізінде келешекте сананың кең саласында қайта жеңіске жету үшін ежелгі мифтік әлем баяу болды. Адамзат болмысындағы барлық бұл өзгерістерді рухтану деп атауға болады: өмірдің алғашқы мықты бастаулары шайқала бастады, полярлық тыныштығы қарама­ қарсылықтардың тынымы қайшылықтар мен антиномиялардың мазасыздығымен алмасты. Адам енді өзіне өзі тұйықталмаған. Адам өзін өзі білетініне сенімсіз және сондықтан да шексіз жаңа мүмкіндіктерге ашық. Ол енді осы күнге дейін ешкім сұрап көрмеген, ешкім жарияламағанды естіп, түсінуге қабілетті. Құлақ естіп, көз көрмеген нәрселер енді анық бола бастады. Әлемді және өзін өзі сезуімен бірге адам болмысты да сезіне бастады, бірақ толық емес: бұл мәселе ашық қалады. Алғаш рет философтар пайда болды. Адам жеке индивидум ретінде өзі өзінен тірек іздеуге батылы бара бастады. Қытайдың тақуалары мен ел кезуші ойшылдары, Индияның аскеттері, Греция философтары және Израил пайғамбарлары боз сенімдері, өз ілімдерінің мазмұны мен ішкі құрылымдары жағынан айырмашылықтарына қарамастан, олар өздерінің мәндік тұрғысынан бір­біріне жақын. Оған әлемнен және өзі өзінен жоғары тұруға мүмкіндік жасайтын ол өзінен бастау ашты. Спекулятивтік ойлауда ол субъект пен объекттің жоғалуында, қайшылықтардың бірігуінде екіге бөлінусіз­ақ қол жеткізілетін болмысқа дейін көтеріледі. Аса биік қарқын кезінде болмыс шеңберінде өзіне өзі оралу немесе unio mystica ретінде, тәңірмен бірігу ретінде немесе өзін құдай құдіретінің құралы ретінде сезінетін нәрселер объективтендіретін, спекулятивтік ойлауда қос түсінікке немесе тіпті жалған түсінікке орын беретін құбылыс тұрғысында көрініп отырады. Бұл — тәнмен байланысқан және онымен жасырынған, өз әуестіктеріне таңылған, тек өзін өзі — көмескі ұғына отырып, азаттыққа және өзін өзі құтқаруға ұмтылатын және оны шын мәнісінде бүл өмірде идеяға қарай жоғары көтерілу қарқынында, жанның мызғымас сабырлылық күйінде, медитациялық жағдайында, оның өзі және бүкіл әлем — атымен екенін түсіну жағдайында, нирвана күйінде, даомен бірігу немесе құдай құдіретіне бас ию жағдайында иелік етуге қабілетті, нағыз адам. Өзінің бағыт алуы және сенімнің мазмұнына қарай аман қалуға бағытталған бүл жолдар бір­біріне өте ұқсамайды, бірақ мұндағы жалпылық, болмыс бір тұтастығындағы өз орнын мойындай отырып, адамның оз жеке дара тіршілігі шеңберінен шыға білуінде, осы жеке даралықпен өтуі тиіс болатын жолға оның түсуінде. Ол барлық тіршілік — игіліктерінен бас тартып, шөл далаға, орманға, тауға кетіп қалуы мүмкін;диуана болып, жалғыздықтың творчестволық күшін танып және дүниеге білімнің иегері болып, дана, әулие болып қайта оралуы мүмкін. Белдеулік уақытта кейінірек ақыл және тұлға деп аталған жаңалық ашылды. Жеке адам қол жеткізіп жатқан жетістіктер, тіпті де жалпының игілігі болып жатпайды. Ол кездерде адам мүмкіндіктерінің ұшар басы мен көпшілік арасындағы дистанция (ара қашықтық) тым үлкен болды. Дегенмен, жеке адам жеткен биіктер жанама түрде барлық адамдарды өзгертеді. Тұтастай алғанда адамзат секіріс жасайды. * * * Жаңа рухани әлемге белгілі бір әлеуметтік құрылым сәйкес келеді, оған ұқсас белгілерді біз осында қарастырып отырған барлық үш аймақтан табамыз. Бұл кезеңде көптеген шағын мемлекеттер мен қалалар өмір сүрді, бөрінің бәріне қарсы күресі болып жатты және соған қарамастан таңқаларлық гүлдену, күш­қуат пен байлықты арттыру мүмкін болды. Қытайда Чжоу династиясының әлсіз басқарушысы жағдайында шағын мемлекеттер мен қалалар өзінің егеменділігімен өмір сүріп жатты, саяси даму процестер кейбір шағын мемлекеттердің өздеріне бағындырған басқа бір шағын мемлекеттердің арқасында ұлғаюына әкелді. Эллада мен Таяу Шығыста шағын мемлекеттер, тіпті Персияның отарында болғандар да қандай да бір орталықтан тәуелсіз өз тіршілігімен өмір сүріп жатты. Индияда көптеген мемлекеттер мен жеке қалалар болды. Тұрақты қарым­қатынас үш әлемнің әрқайсысында белсенді рухани қозғалысқа ықпал етті. Қытай философтары (Конфуций мен Мо­цзы және т.б.) Элладаның философтары мен софистері сияқты және өмір бойы жиһан кезген Будда секілді, атақты, рухани өмірге игілікті орталықтарда (олар, синологтар академия деп атаған, мектептерді қалаған) бір­бірімен кездесу үшін жиһан кезген. Ілгеріде адамдардың рухани жағдайы салыстырмалы түрде тұрақты болған, өзінің көкжиегі тұрғысынан тар шеңберлігінен болған апаттарға қарамастан онда жете түсінілмеген және сондықтан да танылмағанның бәрі елеусіз және өте баяу рухани ағында қайталанып отырған. Қазір болса, керісінше, қуат өсіп әрі ол қарқынды және екпінді қозғалысқа негіз болып отыр. Бұл қозғалыс мойындалады — адамзат тіршілігі тарих ретінде енді ойланудың пәні болып отыр. Адамдар өздерінің уақытында, осы тапта, өзгеше бір нәрсенің басталатындығын біледі, сезінеді. Ал бұл, өз кезегінде, қазіргі сәттің алдында шексіз өткен шақтың болғанын түсінуге әкеледі. Адам рухы оянуының ерте сатыларында­ақ адам еске алумен толы; адам өзін дамудың соңғы кезеңінде, тіпті құлдырау кезеңінде өмір сүріп жатқандай сезінеді. Адамдар апаттың жақындығын сезінеді, түсініктен, тәрбиемен, реформаларды енгізумен көмектесуге тырысады. Олар жоспарлай отырып, оқиға бағытын бақылауға, қажетті жағдайларды қайта жандандыруға немесе жаңа жағдай туғызуға талпынады. Тарих өзінің біртұтастығы тұрғысынан алғанда әлемнің түрлі бейнелерінің бір ізді ауысымы ретінде түсініледі: не үнемі біржақтылы үрдісі ретінде, не айналмалы немесе ілгерілеу үрдісі ретінде. Адамдардың қауымдық өмірін, қалай дұрыс құруға болады, оларды қалай дұрыс басқаруға және билеуге болады дейтін сұрақтарды анықтайтын теориялар жасалуда. Реформаторлық идеялар адамдардың — іс­әрекетін өзіне бағындырады. Философтар мемлекеттен мемлекетке өтеді, кеңесші және оқытушы ретінде сөз сөйлейді, оларды жаратпайды, және сонымен бірге, оларды іздейді, олар пікір­сайысқа түседі және бір­бірімен жарысады. Әлеуметтанулық аспектісінде Вей мемлекетінің император сарайындағы Конфуцийдің сәтсіздіктері мен Сирикуздегі Платон арасында, болашақ мемлекет қайраткерлері тәрбиленетін Конфуций мектебі мен алдына осы мақсат қойған Платон академиясының арасында тікелей ұқсастық бар. Ғасырлар бойы осының бәрі болған дәуір қарапайым үдемелі дамудың кезеңі болған жоқ. Бұл жою мен жасап құру мезгілі болды. Аяқтауға қол жеткізілген жоқ. Жеке тұлғалар қол жеткізген ойлау мен тәжірибенің жоғары мүмкіндіктері жалпы жетістік бола алмады, өйткені көптеген адамдар бұл жолмен жүре алмады. Бұл қозғалыстың бастапқы кезеңінде еркіндік болған нәрсе соңында анархияға әкеп соқты. Осы дәуір шығармашылық бастамасынан айырылған кезде мәдениеттің үш саласында айқындамалы көзқарастардың белгіленуі және олардың анықталуы жасалды. Төзуге болмайтын ретсіздіктен өмірдің берікті жағдайларын туғызу жолында жаңа бірлікке деген ұмтылыс пайда болды. Аяқтау ең алдымен саяси сипат алады. Басқыншылық әрекеттер барысында бір мезгілде — Қытайда (Цин Ши­Хуанди), Үндіде (Маурья әулеті), Батыста (эллиндік мемлекеттер және imperium Romanum ) күшпен ірі құдіретті империялар құрыла бастады. Барлық жерде құлағаннан көтеріліп, ең алдымен, техникалы жөне ұйымдастырылған жоспарлы тәртіп қалыптасты. Дейтұрғанмен барлық жерде өткен дәуірдің рухы туралы елес қалды. Ол қадыр тұтудың үлгісі мен объектісі болып қалды. Оның шығармалары мен ұлы адамдары барлығының көз алдында тұрды білім беру мен тәрбиелеудің мазмұнын анықтады (Хань — әулеті конфуцианшылдықты, Ашока буддалықты, Август дәуірі — элиндік­римдік білімдарлығын құрастырды). Белдеулі уақыттың аяғында қалыптасқан әлемдік империялар мәңгі өмір сүреді деп жорамалданды. Бірақта олардың тұрақтылығы бұлдыр сағым болды. Егер белдеулі уақыттың мемлекеттік құрылымдарымен салыстырғанда бұл империялардың өмір сүру мерзімі жеткілікті ұзақ болса да, дегенмен олар ақырында құлдырауға ұрынды және ыдырады. Келесі мыңжылдықтар үлкен өзгерістер әкелді. Осы аспект тұрғысынан алғанда ұлы империялардың күйреуі мен қайта өрлеуі белдеулік уақыттан кейінгі тарихты құрады, көптеген мыңжылдықтарға ұласқан ежелгі ұлы мәдениеттердің тарихын жалғастырды; дегенмен олардың айырмашылығы белдеулік уақытта пайда болған рухани қысым сол кезден бастап адамдардың іс­әрекеттеріне жаңа белгісіздік пен жаңа мазмұн бере отырып, оларға ықпал етуін тоқтатпауында болды. Белдеулі уақытқа сүйене отырып әлем тарихының құрылымын белгілеуге талпыныс Мен келтірген бірнеше ой­пікірлер тарихи көзқарастың ақиқаттылығын түпкілікті негіздеу үшін жеткіліксіз. Осы тезиске айқындықты — немесе одан бас тартуды — тек тарихи мәліметтердің барлық жиынтығы туралы айқын түсінік қана бере алады. Оны бір ғана кішкентай кітап жасай алмайды. Менің нұсқауларым — сұрақ қоюдан және осы тезистің маңыздылығын тексеруді ұсынудан әрі аспайды. Егер біз оны ақиқат деп есептесек, онда белдеулік уақыт бүкіл адамзат барлық тарихына нұр төгіп тұрғандай болады, әрі сонымен әлем тарихының құрылымына ұқсайтын бір нәрсе көрінеді. Осы құрылымды белгілеуге тырысайын: 1. Белдеулік уақыт мыңдаған жылдар тіршілік еткен көне заманның ұлы мәдениеттерінің өшуін білдіреді. Ол оларды өзіне сіңіріп алып, сіңдіріп, — жаңаның иегері көне мәдениет халқы немесе басқа халықтар бола ма, оған қарамастан жойылуына мүмкіндік береді. Белдеулік уақытқа дейін өмір сүргеннің барлығы, мейлі вавилондық, египеттік, үнділік немесе қытай мәдениетіндей айбынды болса да, қалғып­мүлгіген, оянбайтын болып көрінеді. Ежелгі мәдениеттер тек белдеулі уақытқа кірген, жаңа бастамамен қабылданған оз элементтері шеңберінде ғана тіршілік ете береді. Белдеулі уақыттың айқынды адамдық мәнімен салыстырғанда өткен ежелгі мәдениеттер өзгеше жамылғымен жасырынғандай, сол заманның адам баласы шынайы сана­сезімге жетпегендей болып көрінеді. Керек десе, мұны Египетте («Өмірден қажығанның өз жанымен әңгімелесуі»), вавилондық өкінішті псалмалар және Гильгамеш туралы эпоста біз табатын, өз тереңдігімен таңқалдыратын, бірақ маңызды ықпал етпеген кейбір мәліметтер өзгертпейді. Діндегі, діни өнердегі және оларға сәйкесті орасан зор авторитарлы мемлекеттік құрылымдардағы монументтілік белдеулі кезеңнің адамдарына қастерлеу және сүқтану заты болып, кейде тіпті үлгі болып (мысалы, Кунфудзы, Платон үшін) келді, бірақ сонымен, сол үлгілердің мәні жаңа қабылдауында мүлдем өзгерген. Сонымен, империя идеясы, белдеулі уақыттың соңына қарай қайта күшін алып және саяси қатынаста сол кезеңді аяқтайтын, көненің ұлы мәдениеттерінен алынған. Бірақ егер бұл идея алдымен мәдениеттің шығармашылық принципі болса, ал енді ол құрып бара жатқан мәдениеттің сақтау және тұрақтандыру принципі болып келеді. Бір кезде даму күші болып қызмет еткен принцип, шынында деспоттық принцип, енді қайтадан бекітіле басталды деген пікір қалыптасады, бірақ енді саналы жете түсінген деспоттық түрде жөне қоғамды тоңазытып, қату мен мелшиуге әкелетін. 2. Адамзат сол кезде жасалған және ойланып істеген, бітіріп аяқталғанмен дәл бүгінгі күнге дейін өмір сүреді. Адам баласы өзінің әр ұмтылысында, еске түсіре отырып, белдеулі уақытқа үңіледі, сол дәуір идеяларымен рухтанды. Сол кезден бастап, Ренессанс — белдеулі уақыттың мүмкіншіліктерін еске түсіру және қайта өркендеу — рухани өрлеуіне әкеледі деп саналады. Осы бастамаға қайту — ол Қытай, Үндістан және Батыста әрдайым қайталана беретін құбылыс. 3. Әуел баста белдеулік уақыт кеңістіктік тұрғыдан алғанда шектеулі болады, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда ол бәрін қамтитын болып келеді. Белдеулі уақыттың идеяларын қабылдамаған халықтар «табиғилық» тіршілік ету деңгейінде қалады, олардың өмірі , оншақты мың және жүздеген мыңдар ғасырлар бойы көптеген адамдардың өміріндей, тарихтан тыс қалады. Белдеулі уақытты құрайтын үш өрісінен тыс адамдар не сыртта қалған болады, не осы рухани сәулеленудің үш орталығының бірімен тікелей араласуға түскен болады. Соңғы жағдайда олар тарихқа кіреді. Сонымен, белдеулі уақыттың шеңберіне Батыста герман және славян халықтары, Шығыста — жапон, малай және сиам халықтары тартылды. Табиғи тіршілік еткен деңгейдегі көптеген халықтар үшін бұндай тікелей араласу құрып кету дегенді білдіреді. Белдеулі уақыттан кейін өмір сүрген адамдар алғашқы қауым деңгейінде қалды немесе жалғыз негіздік мәні бар — жаңа қозғалысқа қатысты. Алғашқы қауым халықтары, тарих пайда болған кезеңде, тарихқа дейінгі ескіліктің сарқыттары болып келеді, оның сферасы әлдеқашан азайып, мүлдем жойылу кезеңіне — иә ол тек қазір болып жатқан — дейін жетеді. 4. Осы жерде айтылып отырған үш сфера арасында — егер олар тікелей қарым­қатынаста болса — терең өзара түсіністікте болуы мүмкін. Кездесе отырып, олардың әрқайсысында бір ғана мәселе жөнінде әңгіме болып жатқанын түсінеді. Бір­бірінен алшақтығына қарамастан, олар өз ұқсастығымен таң қалдырады. Шындығында, мұнда ортақ маңызды ақиқат ретінде объективацияға қол жететіндей нәрсе жоқ (дегенмен, бұл жалпы тек қандайда бір өзгертусіз барлық әлемге таралып және араласуға барлығын шақыратын қатал, методикалық тұрғыдан ойластырылған ғылымда ғана мүмкін); бірақ әр түрлі қайнар бұлақтардан нәр ала отырып, өз тарихымызда өмір сүріп отырған біз адамдарға қарағанда, ол шынайы және шүбәсіз ақиқат бір­бірімен ара қатынаста болады және әртүрлі мәдениеттерде танылады. Осының бәрін келесідей түрде тұжырымдауға болады: басталар нүктесі ретінде қабылданған белдеулік уақыт барлық алдыңғы және кейінгі дамуға қоса тіркелетін сұрақтар мен масштабтарды анықтайды. Оған дейін болып өткен көне дәуірдің ұлы мәдениеттер өз ерекшелігін жоғалтады. Оның иегері болған халық белдеулік уақыт қозғалысына жанасуына қарай біз үшін айғырсыз бола бастайды. Тарихқа дейінгі халықтар белдеулік уақыттан басталып келе жатқан тарихи дамуда сіңіп кеткенше дейін тарихқа дейінгі болып қала береді; керісінше болған жағдайда олар жойылып кетеді. Белдеулік уақыт басқаның барлығын ассимиляциялайды. Егер одан бастайтын болсақ, онда әлемдік тарихы уақытына қарай сақталуға қабілетті, қандай болғанда да бүгінге дейін сақталған құрылым мен бір тұтастыққа ие болады.

Читайте также:  Архаикалық және қарабайыр мәдениеттер

Оставить комментарий