Белдеулік уақыттың ұмтылысынан кейінгі әлемдік тарих

Белдеулік уақыт кезеңінен бері екі мыңжылдық өтті. Әлемдік империялардағы бірлесу соңғы болған жоқ. Бұл империялар құлады: барлық үш аймақта бірінен кейін бірі жалғасып жатқан соғысып жүрген мемлекеттер кезеңі, құлдырау, халықтардың көшуі, эфемерлік жаулаулар мен тез ауысатын жаңа жоғары мәдени сәттердің кезеңі. Үш ұлы мәдени шеңберлерде жаңа халықтар пайда болды: Батыста — германдықтар мен славяндар, Шығыс Азияда — жапондықтар, малайлықтар мен сиямдықтар; олар өз кезегінде жаңа құрылымдарды жасайды. Алайда олар оны игеру мен жетілдіру арқасында қабылдаған жоғары мәдени істермен күресте жасаған болатын. Германдықтар өзінің рухани міндетін әлемде тек мың жыл бұрын басталған адамзатты жетілдіруде қатыса бастаған кезінде асырды. Осы әлеммен байланыс құрған кезден бастап олар бүгінгі күнге дейін Еуропа герман— романдық әлемі ретінде шығатын шеңберде жаңа қозғалысты бастады. Тарихи қайталанбас феномен қайтадан пайда болды. Ендігі жерде антикалық дәуір жасай алмаған нәрсе болып жатты. Адамдық мәннің жоғары кернеуі, шекаралық күйдің айқындылығы— белдеулік уақыттың ұмтылысы кезінде басталған, ал кейінгі антикалық кезеңде жойылып кеткен нәрселердің барлығы, енді тең тереңдікте және мүмкін үлкен көлемде бұның барлығы бірінші рет және өз бетінше емес, керісінше, ендігі жерде өзіндік жеке ретінде қабылданып жатқан бастапқы кезден­ақ ескімен өзара әрекеттестікте болып жатқанына қарамастан қайталанады. Адамның қолы жететін нәрселерді жүзеге асыруға қайтадан талаптана басталды. Қытай мен Үндімен салыстырғанда, Батыста драмалық бастамалар әлдеқайда көбірек болған. Демде әлсізденетін, рухани үзіліссіздіктің болуында мүлдем әртүрлі рухани әлемдердің дәйектілігі байқалады. Перғауындар, Парфенон, готикалық соборлар сияқты тарихи дәйектілік шеңберіндегі ерекшеліктер Қытай мен Үндіде жоқ. Алайда Азияда тұрақтылық болғаны жайында айту қиын. Қытай мен Үндістанда, кейіннен мәдениет пайда болған хаосқа барлығы қайтадан айналған кезеңдегі біздің халықтардың көшіп қонуы сияқты үнсіздік ғасырлары болған еді. Азияда да— Қытай мен Үндіде — мәдениеттердің шыңдары мен саяси орталықтардың географиялық орын ауыстырулары жүріп жатқан, және болып жатқан қозғалыстарды сақтаушыларға әр түрлі халықтар айналған. Еуропадан айырмашылығы көп емес, ұқсастықтар өз маңыздылығын толығымен сақтап қалды: белдеулік уақыттың шығармашылық кезеңі, оның артынша 1500 ж. Еуропа өзінің бұрын соңды белгісіз болған ілгеріге қозғалыс жолына шығады, дәл сол мезетте Қытай мен Үнді мәдениеттері құлдырау деңгейлерінде болған уақытқа дейінгі төңкерістер мен қайта өрлеулер. Белдеулік уақыттағы ұмтылыс жасалғаннан кейін және ондағы қалыптасқан рух өзінің идеялары, туындылары, кейіпкерлері арқылы естуге және түсінуге қабілетті әр біріне жеткілікті болғаннан кейін, шексіз мүмкіншіліктер сезіле бастаған кезде барлық кейінгі халықтар интенсивтілік дәрежесінен тәуелді тарихилықтарға айналады. Ұлы ұмтылыс адамзаттың белгісіз мүмкіншіліктер құпиясына енуі ретінде қызмет етті. Кез келген олармен жақындасу — салдарында — жаңа енгізу сипатына ие. Осы сәттен бастап жеке тарихи даму барысында тек қана енгізілген адамдар мен халықтар қатысады. Алайда бүл енгізу жұмбақты, шорқақ қорғалатын құпия болып табылмайды. Керісінше, ол күндізгі жарыққа ашық кезде өр қайсысына көріне отырып, келген тексерулер мен сынақтарды жібере отырып қабылданылудың шексіз тілегіне толы — бұл «ашық құпия», өйткені оны тек оған дайын тұрған ғана, кім оның көрінісі бола тұра оған қайта оралатын ғана қабылдайды. Жаңа жоралғылар интерпретация мен игеру барысында жүзеге асады. Зерделі ұластыру, өз маңыздылығымен шешетін жұмыстар, зерттеулер тіршіліктің міндетті элементі болып қалыптасады.

Читайте также:  ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨМІР АЛАПТАРЫНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Оставить комментарий