Бестем ойыны туралы мәлімет

Опубликовано Март 30, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 3 (1 голосов)

 

Бестем немесе бестемше аталатын ойынның қазақ халқында барын іздеп тауып, ережесін қалпына келтірген зияткерлік ойындарды зерттеуші, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушы, спорт шебері, математик Серікбай Тілеубаев екенін атаған абзал. Зияткерлік ойындарды зерттеуші, ғалым Мақсат Шотаев өзінің іргелі мақаласында (Түркологиялық зерттеулер. Жауапты редактор Сағидолда Г. – Астана, «Сарыарқа» баспа үйі, 2012. – 506 бетте) қазақтың бестем (бестемше) және қырғыздың ұйымтуды ойындарының атауларында ерекшелік болғанымен, олардың тақта құрылысы ұқсас екендігін келтіреді. Екі ойынның ережелерінде аздаған ерекшеліктер болса да, ойынның мазмұны, мақсаты бір­біріне өте жақын. Бестем ойыншылары болып 4 жастағы балдырғандар да болғандықтан, жұтылып кетпестей ойын тасы мейлінше ірі болғаны маңызды. Алайда, бұл ойынның тақтасы әлі күнге жасалып, айналымға түскен жоқ. Ойынның барынша қарапайым әрі тоғызқұмалаққа қарағанда тақтасы да мейлінше шағын, отау саны екі еседей аз болғандықтан, бұл ойынды тарату мен дамытудың мүмкіндігі де, маңызы да зор. Бестем әсіресе, балабақшалар мен бастауыш сыныптарға кеңінен таратып ойнату арқылы баланың арифметикалық қабілетін ашып, зердесін шыңдауға мүмкіндік береді. 1). Ойын екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншы – бастаушы, ал оның қарсыласы қостаушы аталады. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Қарсыластар алма­кезек жүрістер жасайды. 2). Ойын «Бестем тақтасы» аталатын арнаулы тақтада ойналады. Ойында домалақ немесе екі жағы дөңес табақша тәрізде тастар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он тік және екі көлденең ұяшықтардан тұрады. Екі ойыншыға тиесілі тақта тарабының әр жағында 5 отау және бір­бірден қазан болады. Қазанға әр ойыншы ұтып алған тастарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1­ден 5­ке дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 5 тас салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының 5 отауында барлығы 25 тас болып, ойынға жалпы 50 тас қатысады.

Оставить комментарий

Загрузка...