БЕЙНЕНІҢ ҚАРАМА­-ҚАЙШЫЛЫҒЫ

Белгілі бір бейнелеудің, сипаттаудың — мағыналық бөліктің мағынасының қалай өзгеретінін бақылайық. Қазір мен жапон және қытай өнерінен мысал келтірейін. «Жалғыз ағаш» — ол түсінікті мағыналық белгілеу. «Жалғыз емен» адамға түсінікті: ол орыс халық әнінде де, Пушкиннің өлеңдерінде де, Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілігінде» де бар. Бірақ, жалғыздықтың нышандары бар. XVII ғасырдың ақыны Мацуо Басё еменді шие ағашына қарама­қарсы қояды: Шие ағашының гүлдерін байқамай Тұр айбынды Жалғыз емен. Осындай өлеңдер шексіз көп. Бірақ, ол поэзияның кедейлігі емес — ол сол дәуірдегі поэзияның жасаған таңдауы. Ол ұзақ түсіндіруге келмейтін, қысқа шумақ құрылымның ісі. Қытай поэзиясында ормандағы маймылдардың айқайы ­ ол зарығудың кәдімгі белгісі. Ли Бо — VIII ғасырдағы қытай ақыны таза өзен туралы былай деп жазады: Құстардың бейнесі — Кермедегі гүл өрнегі секілді. Тек маймылдардың Кешкі тыныштықтағы айқайы, Жарық ай астында қыдырғандар Мазасын алуда. Маймылдар айқайы — алыс түкпір, елсіздік, ол орманның үйреншікті белгісі, ол қоныстанған, бөлмелік, яғни кермедегі ернек түрінде көрінген құстардың бейнесіне қарама­ қарсы қойылған. Бірақ, «маймылдардың айқайы» штампқа айналады. Танымнан ажырататын ол құстары бар керме секілді. Мацуо Басё былай деп жазады: Маймылдар айқайын естіп сіз мұңданасыз. Күзгі желде қалдырылған Баланың жылағаны қандай екенін білесіз бе. 10 Мұнда үйреншікті бейнеге шынайы бейне қарама­қарсы қойылады, өлең жолдары бірін­ бірі тереңдетіп тұратындай және сонымен қатар поэзияны үйреншікті поэтикалықтан алып кететіндей болады. Маймыл — Жапонияда да, Қытайда да шынайылық; маймылдың беті карикатуралық болып есептеледі, бірақ маймылдарға маймыл бет пердесін кигізіп жүргізетін мейрамдар да бар: маймыл беті қайталаумен ерекшеленіп маскаға айналады. Басқа жапон ақыны үш шумақта күзгі жаңбырды бейнелей отырып, осындай ауа райында маймылдың жаңбыр жамылғысы туралы армандайтынын айтады. Сабаннан жасалған жамылғы — ол жарлының киімі. Ақын сөздерінде өзіне деген кекесін жанашырлық байқалады. Салыстырудың мықты болғаны соншалық, осы өлең басылған өлеңдер жинағы «Сабан жамылған маймыл» атауына не болды. Жаңа сюжет — жаңа кернеудің негізі тәрізді поэтикалық сөйлемше жасай отырып, бейнелер салыстырылады.

Читайте также:  ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖӘДИД МЕКТЕПТЕРІ

Оставить комментарий