Библиялық мифтердің ерекшеліктері

Алдымен біз мәтіні Иерусалимдік Библиядан алынған Қабыл хикаясына тоқталайық. Еркек Хауаны, өзінің әйелін көрді; ол жүкті болып, Қабылды туды, және ол айтты: «Мен Яхведен еркекті қабылдадым». сонымен бірге ол Қабылдың інісі, Абылды туды. Содан Абыл ұсақ малды бағып, ал Қабыл егіншілікпен айналысты. Уақыт өтті және бір күні Қабыл Яхвеге егіншілік өнімдерін, ал Абыл, өз тарапынан, отарының жаңа төлін және олардың майын сыйға тартты. Сонда Яхве Абылдың сыйын жақсы қабылдады да, бірақ Қабылды және оның сыйын қабылдамады және Қабыл шектен тыс ашуланып, ұнжырғасы түсті. Яхве Қабылға айтты: «Сен неге ашулысын және ұнжырғаң түскен? Егер сенің ниетің жақсы болса, онда неге басыңды көтермейсің? Бірақ егер ниетің жақсы болмаса, сенің табалдырығында күнә тұрған жоқ па? Ол сені тосқан жасырын аң, сен оны жеңуге тиіссің!» Сол арада Қабыл өзінің інісі Абылға айтады: «Бері шығайықшы»; және олар айдалада болғанда Қабыл өзінің інісі Абылға тап беріп, оны өлтіреді. Яхве Қабылға айтады: «Сенің інің Абыл қайда?» Әлгі былай ДСІІ жауап береді: «Мен білмеймін. Әлде мен өзімнің інімнің күзетшісімін бе?» Яхве опынады: «Сен не жасадың? Енді сенің ініңнің қаны маған жер астынан жалбарынады! Енді сені қарғыс алсын және сенің қолыңнан сенің ініңнің қанын қабылдау үшін ауызын ашқан топырағы нәрлі жерден қуыласың. Егер сен егіншілікпен айналыссаң, ол енді саған жемісін бермейді: сен енді жерді кезген кезбеге айналасың». Сонда Қабыл Яхвеге айтады: «Менің жүгім тым ауыр. Қарашы! Сен мені топырағы нәрлі жерден қуасың, мен сенің көз алдыңа көрінуден қашуға тиіспін және сөйтіп мен жерді кезген кезбеге айналамын: бірақ бірінші кез болған мені өлтіреді!» Оған Яхве жауап береді: «Ал егер біреу Қабылды өлтірсе, одан жеті есе еш алынады» және сөйтіп Яхве оны бірінші кез болған тиіспеуі үшін Қабылға белгі қойған. Қабыл Яхвенің жүзін көруден алыстап, жұмақтың шығысындағы Нод жеріне қоныс тепті. Қабыл өзінің әйелін көрді, ол жүкті болып, Енохты туды. Ол қала салушы құрылысшы болды және қалаға өзінің ұлы Енохтың атын берді. Енохтан Ирак туды, және Ирак Мехуэлді туғызды, және Мехуэл Метусхелді, және Метусхел Ламекті туғызды. Ламек екі әйел алды: біріншісінің аты Ада, ал екіншісінің аты Цилла болды. Ада Явалды туды: ол шатырда тұрып, мал бағушылардың бабасы болды. Оның інісінің аты Ювал еді: ол лира мен сыбызғыда ойнайтындардың бабасы болды. Өз кезегінде Цилла Тубал­Қабылды туды: ол жез бен темір жөніндегі барлық ұсталардың бабасы болды; Тубал­Қабылдың қарындасы Наама еді. Ламек өзінің әйелдеріне айтады: «Ада мен Цилла, естіңдер менің даусымды. Ламектің әйелдері, менің әңгімемді тыңдаңдар: Мен ол мені жаралағаны үшін адам өлтірдім, Ол маған соққаны үшін бала өлтірдім. Қабыл үшін жеті есе өні алынбақ, Бірақ Ламек үшін жетпіс жеті есе!» (Быт.46 1­24) Адамдар жер үстін толтыра бастағанда және олардың қыздары туғанда, Құдайдың ұлдары адамның қыздарын өздеріне тең деп тапты және ұнатқанының бәрін әйел қылды. Яхве айтады: «Менің рухым адамда шексіз қорланбасын, өйткені ол тән; оның өмірі тек жүз жиырма жылға ұзарсын». Ол күндері және онан кейін Құдайдың ұлдары адамның қыздарымен қосылғанда жерде Нефилимдер болды; олар өткеннің каһармандары, атақты адамдар. Яхве адам зұлымдығының жерде ұлғайғанын және өз жүрегінің күні бойы жаман нәрсе жасағанын көріп, жерде адамды жаратқанына өкінеді және өз жүрегінде қайғыланады. Және Яхве айтады: «Мен жер үстінен өзім жаратқан адамдарды өшіремін және олармен бірге жануарларды да, андарды да һәм аспандағы құстарды да, өйткені мен оларды жаратқаныма өкінемін» (Быт. 6, 1­7). Қабыл туралы миф, көргеніміздей, классикалық түрде берілген. Ағайындылардың біреуі өзгесін өлтіріп, қабыл қоғамдастығын құрады. Яхве жөнінде неге ол өзі өлтіруді жаратпаса да, қылмыскердің сұрауына жауап береді деп жиі сұрайды. Әлгі айтады: «Бірінші кез болған мені өлтіреді», және Яхве жауап береді: «Сонымен бірге егер біреу Қабылды өлтірсе, одан жеті есе ош алынады». Құдай өзі араласып, негізқалаушы өлтіруге жауап ретінде өлтіруге қарсы заң шығарады. Бұл араласу, меніңше, бұл арада барлық өзге жердегідей шешуші өлтірудің негізқалаушы сипатын ашады. Ал негізқалаушы деген жіктеуші де дейді,міне сондықтан әлгіден кейін бірден мынаны естиміз: «Және Яхве бірінші кез болған оған тиіспесін деп, Қабылга белгі қойды». Мен мұнан әдеттегідей миметикалық дағдарыс пен жаппай талас­ тартыстың алдын алатын жіктеуші жүйенің негізі қалануын көремін. ГЛ: Осыған ұқсас өлтірумен мыңдаған қоғамдастықтар өзінің өзіндік қалануын байланыстырады. Мысалы, Ұрым. Ромул Ремді өлтіреді және Ұрым қаласы қаланады. Екі мифте де бір ағайындыны өзгенің өлтіруінде бірдей негіз­қалаушы және жіктеуші құндылық бар. Двойниктердің қастандығын жаңа қоғамдастықтың тәртібі ауыстырады. Әйтсе де екі миф арасында мифологияның әдеттегі қағидалары контекстінде назар аудармауға болатын, бірақ біздің контекстте толығынан құрбандық тетіктеріне олар кездейсоқ болғасын және, демек, олар жөніндегі білімдікке негізделген антропология контекстінде зор айырмашылық бар. Ұрым мифіндегі Ремнің өлтірілуі, мүмкін, өкінішті шығар, бірақ ол құрбанның ақтаулы қылмысы. Рем Ромул к аланың сырты мен іші арасында сызған идеалды шекараны ұстанбады. Өлтірудің себебі бір уақытта күлкілі де, өйткені қала өлі тірлікте жоқ және соған қарамастан өте қуатты көне тіпті түбегейлі деуге болады. Қаланың тірлік етуі үшін (шарға ұсынылған ережелермен ешкім жазасыз ойнай алмау керек. Сөйтіп, Ромул ақталады. Ол бір жағынан құрбан келтіруші болса, бір жағынан ұлы абыз; демек, ол Ұрым билігін бірден барлық формаларында бейнелейді. Заң шығарушы, соттаушы және жауынгерлік қызметтер діншілдіктен; мұнда бәрі аралас. Қабыл жөніндегі мифте, керісінше, оның хұқығы тіпті бірдей болса да, Қабыл ол құдайды естігенмен анайы адам өлтіруші ретінде бейнеленген. Алғашқы өлімнің адамзат мәдени дамуының басында болуы библиялық мәтінде қылмыскерді немесе қылмыскерлерді еш ақтамайды. Өлімнің негізқалаушы сипаты тіпті библиялық емес мәтіндерден гөрі айқын белгіленген, бірақ мұнда мүлде өзге нәрсе, арлы пікір бар. Құдайдың адам өлтіруді жаратпауы оны мүлде өзгеше қарастыруға жетелейді. «Сенің інің, Абыл, қайда?» Библиядағы этикалық өлшемнің маңыздылығы жақсы таныс. Алайда, түсініктемелер оның қатаң анықтауға онша талпынбауы, әсіресе, ең көне болмаса да, біраз көне дәйектерге сүйенуге талпынған мәтіндер деңгейінде. Меніңше, Макс Вебер бұл арада бәрінен көп табысқа жеткен. Оның «Ежелгі иуадаизм» деген үлкен аяқталмаған жұмысында ол библейлік жазушылардың әрқашанда ар­ұят жатынан құрбандарға жақтас болуын байқаған. Макс Вебер өзінің бұл байқауына таза социологиялық және мәдени мон береді. Ол құрбандарға пана болу ниетін иудаизмге тон мәдени атмосфераның ерекшелігі деп санайды және оның себебін ол еврей тарихындағы сансыз анаттардан іздейді. Оның ойынша, бұл халықта оны қоршаған мысырлықтар, ассириялықтар, бабылдықтар, парсылар, гректер, ұрымдықтар сняқты үлкен империялар қалаушы халықтармен тең болатын зор тарихи жетістіктері жоқ болуымен түсіндіреді. Демек, оны мифологиялық және діни мәтіндер тұрғыдағы мүмкін нәтижелер қызықтырмайды. Ол үшін олар жой құрбандық пайдасындағы нанымдар. Біз әлгіде тана суреттеген құрбандық антропология контекстінде бұл немқұрайлық енді беймүмкін. Егер мифологиялық мәтіндер бір уақытта дұрыс және қате қоғамдастықты негіздейтін ұжымдық зорлықтың айнасы болса, егер ол өтірік емес, бірақ құрбандық тетік тиімділігінің өзі өзгерткен шынайы зорлық жөніндегі есеп беру болса; егер миф ақырында қуғыншылардың өз қуғындауын ретроспективті көруі болып шықса, онда құрбанның жағына шығып, оның күнәсіздігін жариялап және оны өлтірушілерді айыптаған перспективаның өзгеруін біз маңызсыз бір нәрсе деп айта алмаймыз. Егер миф түбі мүлде себепсіз емес палачтардың құрбанның күнәліліғына және сонымен бірге тәңіртектілігіне сенімімен өңделген мәтін болса, егер мифтер өзгеше айтқанда ұжымдық өлтіру бітістірген қоғамдастықтың көзқарасын бейнелесе (олар бірауыздан тәңірінің өзі үшін қалаулы әрекеттің заңдылығына және киелілігіне сенеді) және бұл арада бас тарту, сын, немесе зерделеу беймүмкін, онда кұрбанды ақтайтын және қуғындаушыларды әшкерелейтін позиция өз өзінен болатын және тек сыни және әшкерелеуші түсініктемелерді талап ететін нәрсе емес. Бұл позицияның жаңғырығы мифологияда да және ұжымдық өлтірудің жасырын негізі өзімен әкелетін ритуалдарда да, тиымдарда да, діни трансценденттілікте де бар. Бірте бірте олардың бәрі мәдени формалар мен құндылықтарға айналады, тіпті бір қарағанда мифтен тым алысы да. Ж.­М.У: Осының бәрі Қабыл жөніндегі мифте бар емес не, ол қанша қарабайыр болса да? Р.Ж.: Егер әңгімені жітілеу зерттесек, библейлік дәріс бізге зорлықта туған мәдениет зорлыққа қайту керек дейді. Алдында біз жарқын мәдени шарықтауға куәміз; техника ойланып табады, шөл далада қалалар өре тұрады, бірақ өз ішінен туындаған негізқалаушы өлтіру мен және хұқықтық шектеулер мен нашар тоқтатылған зорлық кең таралады да, үздіксіз айналымға айналады. Егер Қабылдың жеті құрбаны Ламектің қолында жетпіс жетіге айналса хұқықтық жазалау, құрбандық шалу, немесе кек жөнінде айтуға бола ма? Г.Л.: Шынында да әңгіме көпе көрінеу түрде ажыратусыз зорлықтың жұқпалы таралуы жөнінде. Р.Ж.: Топан су өзіне барлық айырмашылықтардың алапат айқынсыздығын, құдай ұлдары және адам қыздарының тәртіпсіз жыныстық қатынасынан туған дәулердің пайда болуын кіргізетін үздіксіз айналымға орналастырылады. Барлық мәдениет дағдарысқа ұшыраған және оның жойылуы құдайдың жазасына ұқсас өзі одан негізқалаушы өлтірудің уақытша құндылықтары арқылы өсіп шыққан зорлыққа қайтадан қайтқан процесстің жазмышты ақыры ретінде көрінеді. Негізқалаушы және аздырушы зорлыққа қатысты Қабылдың хикаясы талассыз мифологиялық мәнденулеріне қарамастан иудаистік емес мифология үшін өте жоғары әшкерелеуші құндылықтарға ие. Библейлік әңгіменің сыртыңда әмбебап мифологиялық үлгіге сәйкес деп санауға болатын мифтер түр. Құрбан күнәсіз және өлімге негізделген мәдениет басынын аяғына дейін қылмыстық сипат сақтайды, ол сипат сосын оның өзіне қарсы шығып зорлықшыл бастаудың тәртіптенген және құрбанданған құндылықтар біткен сәтінде оны жояды деген ұстаным, әрине, еврейлік редакторлардың ниетіне, олардың сыни араласуына телінуі тиіс. Мәселе мұнда негізсіз болжамда емес. Абыл Библия көрден шығарған құрбандардың ұзын тізімінде ең алғашқысы және ол оған барлық ұжым бірігіп таққан күнәдан босатылған. «Сенің ініңнің қаны маған жер астынан жалбарынады, естисің бе?».

Читайте также:  Теориялық әдептілікті қорғау

Оставить комментарий