Библиялық мифтердің және әлемдік мифологияның ұқсастығы

Біз енді тура және таза ғылыми гипотеза ретіндегі құтқарушы құрбан тақырыбын бітірдік. Әрине, біз дискуссияларымыз өте тез өтті; олар тек жобалау сипатта ғана болды, бірақ біздің болашақ оқырмандар енді нені ұстану керек екенін біледі. Бізді жаңа тақырыптар, немесе одан гөрі бізге таныс ақиқаттың жаңа, қызықты көріністері шақырады. Енді біз құрбандық тетіктердің тірлік етуі және олардың діндерді, мәдениеттерді және адамзаттың өзін тудырудағы 274­20 рөлі толық анықталған және орныққан заттай сөйлейміз. Іс жүзінде мен әңгіме гипотеза жөнінде екенін ешқашан ұмытпаймын, бірақ біз зерттеуге тиіс нәрселер бізге онан сайын өткір айғақтар берген сайын менің ол жөнінде ұмытуым мүлде беймүмкін. Енді біз иудео­христиандарға назар аударайық; кейін біз бізді қазіргі дәуір жөніндегі ойларға әкелетін психопаталогиямен айналысамыз. Бізді сіз Пико делал Миранд ол а, немесе әмбебап адам ойынын ойнап отырсыз деп айыптауы мүмкін; және бұл модадан шыққан азғыру және оны түсіну үшін оған қарсыласу керек. Ал іс жүзінде әңгіме мүлде басқа жөнінде. Өзін қызықты ретінде гоминидтер мен алғашқы қауымдық дін деңгейінде көрсете алған гипотеза біз жаңа ғана (нән адымдармен) жүгіріп өткен аймақпен ол зор болса да шектеле алмайды. Бұл гипотеза біз көретініміздей бізді көкжиекті одан сайын кеңейтуге мәжбүр қылады; өйткені тек осы әмбебап көкжиектен туындағанда ғана ол өзіндік өз мәніне ие болады. Бірақ, менің қауіптенетінім, онда оны мойындамасқа болмас болар. Егер біз Ескі Өсиетке (Ветхий Завет) жүгінсек, әсіресе, оның ең көне бөліктеріне, біз бірден өзімізге үйреншікті негізге тұрамыз және ешнәрсе өзгермеген екенін еріксіз түсінеміз. Біз бірден өзіміз таныған үш маңызды сәтке тап боламыз: 1) барлық қоғамдастыққа таралған талас­тартыс арқылы азу, айырмашылықтар мен иерархиялардың өшірілуі; 2) бөрі бір ұжымдық зорлыққа қарсы; 3) тиымдар мен ритуалдарды жоспарлау. Бірінші сәтке әлемді жарату, Бабыл мұнарасын жасау, Содом мен Гоморраның азуы жөніндегі мәтіннің алғашқы жолдары тәуелді. Сол сияқты «Босудағы» Мысырдың он қатері Софокл жазған Фивадағы обамен тең. Топан су да дағдарыс метафорасының бір бөлігі. Бұл бірінші сотке өте жиі кездесетін ағайындылардың немесе Қабыл мен Абыл, Жақып пен Исайя, Жүсіп және оның он бір ағасы сияқты егіз жаулар тақырыбын байланыстыру керек. Екінші сәтті де белгілеу қиын емес. Дағдарыстың шешілуі, жіктелуге қайта оралу әрқашанда зорлық арқылы, немесе екі агайындының біреуін қуу шешімінде жүзеге асады. «Болмыс» және «Босудың» барлық зор сахналарында қуғындау немесе ежелгі өлтірудің тақырыбы немесе квази­тақырыбы бар. Бұл әсіресе жердегі жұмақтан қуылу жағдайында көпе көрінеу көрінеді; зорлыққа бірінші жүгінген Құдайдың өзі, ол Адам ата мен Хауа ананы өзінен алыс қуып, адамзатты жаратады. Исаактың Исайяға емес Жақыпқа беретін батасынан біз тағы да ағайынды жаулар арасындағы таласты зорлап шешумен істеспіз және айырбастың өтірік сипаты ашылса да, шешімнің негізін бұзбайды. Бұл дәйек мұндай шешімнің кездейсоқ сипатына назар аударғандай. Ақыр аяғында құрбанның кім болғаны маңызды емес, әйтеуір құрбан болса болды. «Жақыптың періштемен күресі» аталған сахнада әңгіме күштері тең болғандықтан ұзақ уақыт анықтаусыз болған Двойниктер таласы жөнінде. Жақыптың қарсыласы алдымен адам аталған, тек осы қарсыластың жеңілуі, жеңімпаздың іы қууы одан Құдайды жасайды, сосын Жақып одан бата сұрап, батасын алады. Двойниктер күресі нәтижесінде олардың біреуі қуылады, демек, дүниеде тәртіп пен бейбітшілік орнайды. Барлық бұл сахналарда ағайындылар мен ұқсас тұлғалар қатынастары о баста шешімсіз сипатта, оны зорлап қуғындау ақырлайды, Жақып және Исайя жағдайында онда әділетсіздік те кездеседі. Сирек құрбан бітістіру мен құтқаруды әкелгесін, ол қоғамдастыққа өмір бергесін бәрі өлімге кесілген әлемде жалғыз тірі қалғанның тақырыбы одан өзге ешкім өлмейтін топтан шығарылған сирек құрбан тақырыбына тең. Бұл олемнің қайта тірілуін орнату үшін топан судан жалғыз құтылған Нұх кемесі. Бұл Содом мен Гоморраның жойылуында жалғыз құтқарылған Лот және оның жанұясы. Түз бағанасына айналдырылған Лоттың әйелі бұл хикаяға сирек құрбан әуенін қосады. Енді екіншіден туындайтын үшінші сәтке, яғни тиымдар мен құрбандық шалу рәсімдерін орнатуға, немесе піштіруге көшейік. Бұл аспект жөніндегі аллюзиялардың негізқалаушы тетік жөніндегі аллюзиялармен қосылуы мүмкін. Ысқақтың құрбандық шалу сахнасында, мысалы, құрбандық шалу талибы одан кейін орынбасар құрбан, Құдай жіберген тоқтымен қанағаттану үшін ең қымбат жан, адаммен, байланыстырылады. Жақыптың батасында әкеге құтқарушы тамақ ретінде ұсынылған лақтар тақырыбы ол құрбандық дағдысы және әңгімені өзге тақырыптармен бірге болса да бір дәйек құрбандық шалу қызметін айқын көрсетеді. Ысхақ осы лақтардың түбіті арқасында Жақыпты Исайя деп қабылдайды және сөйтіп жақып әкесінің қарғысына ұшырамайды. Барлық бұл мифтік әңгімелеулерде біз дағдыны немесе қоғамдағы және тіпті тұтас табиғаттағы тәртіпті қайта орнатуды табамыз. Әдетте ол әңгімелеудің аяғында орналасады, өзгеше айтқанда, гипотеза логикасы мәжбүр қылатын жерге, бірақ сонымен бірге, шектен тыс жағдайларда, бастауда, әлемді жарату әңгімелеуінің басында. Нұх жағдайында бұл финалды реорганизация тек қана топан судан кейінгі бірлікте емес, сонымен бірге табиғи түрледің прототиптерінің барлығының кемеге орналастырылуында, яғни ол әлем Құдайдың қалаған үлгісімен көбейтілетін жүзбелі жіктеудің нағыз жүйесі. Сонымен қатар Жақыпқа оның тәңірленген двойнигін қуғаннан кейін ұсынылған ережелер сияқты Ысхақты ауыстырған тоқты құрбандығынан кейін Яхвенің Ибраһимге берген уәдесін еске салуға болады. Бұл екі соңғы жағдайларда есімді ауыстыру процесстің негізқалаушы сипатын белгілейді. Ж.­М.У: Бұл уақытқа шейін сіз библейлік мифтердің өзіңіз бұрын айтқан мифтермен ұқсастығы көрсеттіңіз. Бірақ сіз Библия мен мифологиялар арасындағы айырмашылықты қуаттамайтын ба едіңіз? Р.Ж.: Қазір мен бұл айырмашылыққа көшемін. Егер мен алдымен ұқсастықтар жөнінде айтсам, одан қаймықпайтынымды және бұл тақырыпты үнсіз қалдырғым келмейтінін көрсеткенім. Библияның алғашқы кітаптарының барлық әлемде кездесетін мифтермен ұқсастығы ол шүбәсіз. Мен қазір сіздерге оның тек ұқсастықтар ғана екенін көрсетемін. Бұл мифтердің библиялық нұсқасы мүлде ерекше, міне, осы ерекшелікті мен анықтауға тырысамын.

Читайте также:  Қазақстан XIX ғасырдың бірінші жартысында

Оставить комментарий