Билер соты — қазақтың «жарғы» құқығының белгісі

Қазақстан тарихындағы құқықтық тәртіптің «Алтын ғасырында» қоғамның басты, маңызды құрылымын арнайы дайындығы бар, дала құқығын жақсы меңгерген және мінсіз жеке өнегелік қасиеттері бар билер бастаған сот құрады. Олар дана ақсақалдар алдында және халықтың алдында сынақтан өтуі тиіс еді және өтті де. Билер соты көшпелі қазақ қоғамының да және әділ сотының да белгісі болды.

«Би — халықтың бірі шежіресі, заңгері, әрі заң шығарушысы» — бұл анықтама Қазақстандағы (Ақмола қаласындағы) отарлау әкімшілігінде қызмет еткен ерекше тапсырмалар жөніндегі Ресей чиновнигі И. Козловтың 1882 жылы қазақтардың әдеттік ­ құқықтық нормалары мен құқықтық құрылымдарын арнайы зерттеу негізінде жариялаған еңбегінен алынды. Автор сонымен қатар, билердің «мүлтіксіз әділдігімен табиғи дарынын» ұштастыра білгенін де жазды . Аталмыш анықтама XIX ғасырдың өзінде Ұлы Далада бірен­саран кездесіп қалатын,«Алты ғасырдың»соттық дәстүріне қатысты болып қала берді Олардың кейбіреулері тіпті «көне нысандағы» қазақ әділ сотының атағын жаңғыртуға да тырысты. Қазақтардың соттық ­ құқықтық жүйесін жақсы білгендердің барлығы осы пікірде болды. «Киргизский народный суд» деп аталатын 60 баспа табақтан астам көлемді мақаланы дайындаған зерттеуші А. Зуевтың пікірі бойынша, қазақ билерінің «дана да, парасатты» болғандығы сонша, олардың соты «көне заманның шуақты күндері болған, олардың «патриархалды өмірінің өзі сияқты таза күйде» болған . Келесі бір беделді автор Б.Н. Дельвиг қазақ билерін «әдет құқығының жалғыз сақтаушылары» деп атайды. Ал А. Крахалевтың пікірінше, «қырғыздардың (қазақтардың) сот әділдігіне қатысты көзқарасы өте қатал… Әділдіктің болуы — ең маңызды талап».

Қазақ әдет­ғұрып құқығы жүйесінде билердің мазмұны мен мәртебесіне қатысты, халықтың құқықтың санасына мықтап енген және дәстүрлі менталитетін мазмұнын құраған бірқатар қағидалар мен нормалар бар. Олар қысқа да нұсқа нақыл сөздерден көрініс тапқан: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бұрғаны — биді құдай ұрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ». Әділдік пен ақиқат, оларға жетуге тырысу Қазақ құқығы нормаларына негізделген сот ісін жүргізуге және билердің соттық шешімдерінің іргелі негізі болған, яғни: «Атанның құлы айтса да, әділдікке басынды и», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік».

«Көне нысандағы» қазақ сотын қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында өткерген көшпелі өркениет шеңберінде пайда болып дамыған құбылыс ретінде түсіне және зерделей алады. Қазақтың көрнекті тарихшысы Манаш Қозыбаев дәл айтқандай, «қазақ шын мәнінде дала перзенті еді…»». Қазақтар өздерің және өз мемлекеттілігін «Киіз туырлықты қазақ хандығы» деп атаған. «Көне нысандағы» бұл сот әрі халық соты, әрі сот төрелігі бола білген. Ол әмбебап сипаттағы дәстүрлер мен әдет­ғұрыптар институттарының нормативтік құрылымдарына, сондай­ақ таптық, топтық, касталық, жергілікті бөлінушілерден дербес биліктік нормативтік ережелеріне негізделген үнемі даму үстіндегі құқықтық кеңістікте іске асырылды.

Читайте также:  СОҒЫСТАН КЕЙІНГІ ЖАПОН РОМАНЫ

Жалпы этникалық мүдделер әдет­ғұрып құқығы нормаларынан жоғары қойылды. Бұл «әдет әдет емес, жөн — әдет» деген ережеден көрініс тапты. Сот рудың, аумақтың немесе аймақтың атынан емес, тәуелсіз бидің, әділдіктің атынан шығарылды, қазақ құқығында қысқа да нұсқа ережелерден көрініс тапқан билердің билігінің моральдық және императивтік күші болды, оның негізгі нормасы келесідей ережелерден көрініс тапты. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ», «Туғанына бұрғаны — биді Құдай ұрғаны», қазақтардағы билер сотының келесі бір маңызды ерекшелігі — біріншіден, қарастырылатын даулы істің материалдық ­ пәндік мазмұнына қарағанда рухани мазмұнына көбірек көңіл бөлінді, екіншіден — «әділеттілік» пен моральдық қағидаларды басшылыққа алу. Халықтың санасында үнемі «Ханда қырық кісінің ақылы бар, биде қырық кісінің білімі мен ары бар», «Бай мал сақтайды, би ар сақтайды» деген сөздер жаңғырып тұрды.

Осындай моральдық ­ нормативтік қағидалар әділ соттың «Алтын ғасыры» кезеңінде бидің санасында сайрап тұрды. Бұл орайда атақты Әйтеке би (1682 —1766) ұрпақтарына келесідей сөздерін қалдырған еді: «Менің өмірім — өзгенікі, өлім ғана өзімдікі болды».

Қазақ соты дауласушы тараптарды келісімге келтіруге тырысып істі шешетін, сондай­ ақ дауды шешу барысында жеке және қоғамдық сипаттағы теріс әрекеттерді жоюға тырысты. Осындай қиын мақсаттарды шешу үшін билер далалық даналар мектебінде (кітаптар бойынша емес, өмір мектебінен) оқып, данагөй ақсақалдардың алдында сыннан өтіп, өткір ойлы, шешен тілді болуы, сондай­ақ қазақ құқығының білгірлері болуы міндетті еді Тек осылай болғанда ғана билер соты өз айналасында Ұлы даладағы әділдік пен құқықтық тәртіптің «Алтын ғасырын» орната білді.

Қазақтың билері өздерінің атқаратын функциялары мен заңдық қадір ­ қасиеті бойынша Орталық Азия хандықтарындағы билерден, бері бектерден елеулі түрде өзгешеленіп. Қазақ билерінің жалпы әлеуметтік топтан, сондай­ақ үстем таптан кең байтақ түркі тілді кеңістікте болып шығуына қазақ ­ қыпшақ көшпелі өркениеті жағдайы әсер етті. Орталық Азияның тарихи қалыптасуының ортақтығына қарамастан, қазақ билері өз ортасынан бөліне білді. Қазақ ­ қыпшақтардың Ұлы Даласында билердің дамуы Орталық Азиялық аймақтың басқа бөліктеріне қарағанда басқа жолмен өрбіді. Қазақ билері негізінен соттық функциялар атқарса, көрші түркі халықтарындағы билер әкімшілік және басқарушының қасында кеңесшілік қызметтер атқарды. Қазақ билері көшпелі және жартылай көшпелі қоғамдағы соттық ­ құқықтық басқару саласындағы аталар даналығы мен білімін меңгерген топ ретінде қалыптасты.

Читайте также:  «САРЫ» ТҮСТІҢ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ТАБИҒАТЫ

Әдет құқығының нормативтік байлығын меңгеру және оны өмірде қолдана білу, шешендігі пен әділдікті қатар ұстай білуі — билердің «аттестациясының» басты шарты болды. 1820 жылдың өзінде қазақ құқығының атақты зерттеушілерінің бірі, орыстың және Еуропаның соттық жүйесін жақсы білген Д. Самоквасов «Халық санасындағы би атағы әдет құқығының билері, әрі оның тарихының белгілері болып табылатын адамдарға берілді , деп жазды. Қазақтың ұлттық мәдениетінің ірі қайраткері С. Сейфуллин XIX және XX ғасырлар аралығында өмір сүре отырып, Далалық дәстүр рухында тәрбиеленіп, билердің гүл тасы туралы келесідей жазған едік «Елдің ескіліктен екіленіп келе жатқан жол­жоба, салт, дәстүр, заң ережелерінің дәстүр жинақтарын, бұрынғылардың шежіресін, өнегелі, үлгілі сөздерін жадына көп тоқып, жатқа айтуға ұстанған, «біліп жүрген» рубасылардан көсем шыққан, өздері де тұрмыстан жұтаң қорытынды сөздерді иемденіп жұптап, ұйқастырып айта алатындай болған шешендер би атанған».

«Көне нысандағы» қазақ билерінің рөлі мен орны қысқа да нұсқа ережелерден көрініс тапты: «Бұл жақсының елі жақсы», «Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді. Қазақтардың халық ауыз шығармашылығын зерттеушілердің барлығы қазақтардың Ұлы Даласында «би» және «шешен» ұғымдары бір мағыналы, синонимдер емес. Көп жағдайда шешенді би деп таныған, ал егер шешен ақылды болса, ол биге айналған. Қазақтардағы соттық «шешендік өнер» тек сөздік байлық қана емес, дәлелдемелік және мазмұндық күшке де ие болды, ол мынандай нақыл сөзден көрініс тапты: «Сөз тапқанға қолқа жоқ». XVIII ғасырдағы атақты билердің бірі Қазыбек би туралы «Ағын судай әйгілі шешен» деген қанатты сөз бекітілген. Атақты зерттеушілердің бірі Б. Адамбаевтың пікірінше, «шешен би» түсінігі қазақтардың сөздік қорынан Жиренше шешеннің (шамамен XV —XVI ғ.ғ.) заманынан бері бөлініп айтылып келеді. Ол: «Би мен шешен» деген атаулар тіпті революцияға дейін қатар қолданылып, кейде бірін­бірі ауыстырып келген кездейсоқ емес» — дейді.

Қазақ құқығында шешендік, сөз қисынын таба білу дәлелдеу және сендірудің құралы болды. Орта ғасырлардағы қазақтарда сөз қадірі тіпті жаңа заманға дейін аса жоғары бағаланды. Бұл Ұлы Даладағы келесідей қағидалардан көрініс тапты: «Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітірер би», «Өнер алды — қызыл тіл», «Тіл жүйрік емес, билікте шын жүйрік». Заманымыздың заңғар жазушыларының бірі әрқашан қарапайым жазғанымен, Қазақстанның өткен тарихындағы соттық билік туралы келесідей жазған еді «Атақты билер өз шешімдерін шығарған кезде біздің заманымыздың судьяларына қарағанда әділдік, қадыр ­ қасиет, ар­ождан қағидаларына негізделген».

Читайте также:  Эпостың тарихилығы

Арнайы әдебиетте «би» сөзі көне түркі сөзі, ол шығыс билеушілері — хан, сұлтандар кезінде ол маңызды лауазымдық атақты билер еді. Ол әр түрлі түркі халықтарында әр түрлі тарихи кезеңдерде әр түрлі аталды — «бек», «бегі», «би». Бірақ барлық жерде бұл ұғым «билік», «билеу» деген мағынаны білдіреді және бұл атақты жоғарғы билеушілердің қасындағы есепшілер, ерекше құзырлы адамдар, идеологтар иеленді. Қазақтың «би» сөзі түріктің «билік» элементі бар жалпы атауынан шыққан. Ол терминологиялық белгі мағынасын сақтап қалған. Ал арнайы ұғым ретінде ол басқа синонимдерден өзгешеленді. Қазақ ордаларында, хандықтарында, жүздерінде және руларында, сондай­ақ Орталық Азияның қазақ ­ қыпшақ жерлері аталатын Ұлы даласында «би» ұғымы өзгеше болды, яғни ол көбінесе соттық қызметтерді атқаратын адамға қатысты айтылды.

Билер қызметі әділ сотпен тығыз байланысты адамдардың ерекше тобына жатты. Тарихи далалық жағдайда соттық биліктің екі мағынасы болды — дауларды қарастыру және құқық түзеушілік. Қазақ билері жерлер мен рулардың әкімшіліктерін бөлек, тек қана әділ билер мен заңгерлер қызметін ғана атқарды. Бұл қазақ билерінің алыс­жақын түркі тілді елдерден бек ­ билерден айырмашылығы. Билік құқықтық қызметі жеңіл болған жоқ. Би тарихи ­ құқықтық бөліммен қатар Ұлы Далада қолданылатын құқық жүйесін де жетік меңгеруі тиіс еді. Ал бұл оңай емес еді.

Қазақ құқығының нормативтік жүйесі үш сатыдан құралды: а) қысқа да нұсқа ережелерден көрініс тапқан негізгі әдеттік ­ құқықтық институттар мен нормативтік қағидалар; ә) қазақ құқығына оларды құрастырған хандар мен билердің атымен аталатын ірілі­ұсақты нормативтік құқықтық жинақтар. Ол «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті Жарғы»; б) соттық прецеденттер — көбінесе «Атадан қалған үлгі» «Биден қалған жол өнеге, жол, жоралғы сөз» деп аталатын атақты билердің биліктері. Олардың әрқайсысы қысқа да нұсқа билік, нақыл сөздерден құралған. Қазақстандағы билердің соттық биліктері қалалық және жер өңдеушілік мәдениетке негізделген құқық нормалары мен ислам құқығының нормалары қолданылатын жекелеген орталық ­ азиялық жерлер мен елдерге қарағанда зайырлы, әрі менталды болды және мемлекеттік билікке көп әсер етті. Қазақ халқының тарихи тағдыры мен мемлекеттілігінде тұтастай бір дәуірді құраған заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» соттық ­ құқықтық қатынастар өз дамуында жалпы ұлттық құндылық деңгейіне көтерілген қоғамның қалыпты жағдайын сипаттайды.

Оставить комментарий