Билер туралы бірер сөз

Қойшығара Салғараұлының «Алтын тамыр» атты роман­эссестен алынып беріліп отырған бұл үзіндіден билердің шешімі әр уақытта ту қылып ұстайтындығын, шешен билер бірінен­бірі сөз сын астыра қалса, қыңыр ойлы ғана басып түсінетінің бip қыры сипатталған. «…— Ерте кезде біздің елдің адамдары мынау Ұлытау жақтан барымталап мал алғанға ұқсайды. Мал иелері кезінде жылқысын кімдер әкеткенін білмей, кейін бірден­бірге жеткен сыбыспен сөз ұстар жақсыларын алға салып, біздің елге келіп. Содан ауылдың атқамінерлері жиналып, Тейпен биге барып: «Елдің сөзін өзіміздің ұстап, мыналарды еліне бос қайтарыңыз», — деп қолқа салыпты. Би оларға жауап бермей, бетін сипап төмен қарап, ұзақ отырып қалады. Сонда шыдамы таусылған барымташы ұстайтын бай: ­ Уа би, неге үндемейсің? Еңбегімді төлемейді деп қашып отырсың ба, елде салмақтасар кезде аталы сөз таба алмасыңды біліп, сасып отырсын ба, — депті Сонда би ауыр 6ip күрсініпті де басын көтеріп: ­ Төлемейін деп қашатындай, еңбегімді саудаға салған жерім бар ма еді, сез таппаймын деп сасатындай, айтыста жеңіліп қалған кезім бар ма еді. Мен сасып та, қашып та отырғаным жоқ. Сөз ұстап барғанмен, қарсыласымды өтірікпен ала алмайтынымды, өзімнің шындыққа қарсы бара алмайтынымды біліп, сенің арсыз ісінен ертең ағайын алдында ұяттан күйер бетімді басып отырмын, — деген екен…» «…Сыр бойында, осы өңірінде ел Қоқан хандығына бағынып тұрған заманда Арғынбай деген ауыздығына сөз, аяқтыға жол бермейтін атақты бip шешен болыпты. Алқалы топта сөз бастап, еліне елеулі, халқына қалаулы болғанымен, тағдыры оны мал мен басқа бip жарытпай қойыпты. Сол шешен жасы сексенге келіп, қартайған шағында ағайын­туғанның тілегін қимай бір үлкен дауға билік айтуға барған екен. Сонда қарсы жақтың тізгін ұстары Жайсынбай датқа деген бipey «мұрагерсіз қу бас шал, төріңнен көріп жуық қалғанда, саған сөздің керегі не» дегенді аңғартып: ­ Е­е, сөйле, кулагы жоқ шұнақ білім, құйрығы жоқ шолақ биім, — депті кекете мұқатып. Сонда Арғынбай шешен шалт қимылмен жалт қарап, аш бүркіттей саңқ етіп: ­ Уай, мына мұндар не дейді. Шұнақ деп, кедей пұлсызсың, шалаң деп, қубас — ұлсыз деп отырсың­ау. Уай жүйелі сез жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады. Сен байлық пен балаңа мақтанба. Байлық түбі — бақыл, қазына түбі — ақыл. Атадан алтау тусаң да бip жалғыздық бар. Асқа тойған кекірер, басқа толған кетілер. Ешкі егіз туып, қойдан кеп болмас, ит сегіз тауып, малдан кеп болмас. Менің құлағым шұнақ болса сұңқарлығымнан шығар, құйрығым шолақ болса, тұлпарлығымнан шығар. Құдайдың маған беретін десе баласы жоқ па, саған жібересің десе пәлесі жоқ па? — депті…»

Читайте также:  Мифтер және бұқаралық ақпарат құралдары

Оставить комментарий