БІЛІМ АЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЖҮЙЕНІ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗУ

«Қазақстандықтар өз балаларын оқыту үшін ақша жинауға және мемлекет тарапынан бонус алатындай мүмкіндікке ие болуы керек» [1]. Бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауы кезінде айтқан сөзі. Еліміздегі жоғары және техникалық білімде жинақтау жүйесін енгізу білім және ғылым министрлігінің ықпалымен алдағы 2-3 жыл ішінде іске асырылуы тиіс. Бұл жүйенің барысы жайлы айтпас бұрын алдымен осыған байланысты экономикалық терминдерге қысқаша анықтама берсек. Несие — экономикалық серіктестер арасындағы ссуда нысанындағы келісімшарт, яғни мүлікті немесе ақшаны жеке немесе заңды тұлғаға пайыз төлеу және қайтарылудың мерзімін ұзарту шартында беру. Ол қайтару, мерзімдік, төлем, материалдық қамтамасыз ету және дифференциалдылық қағидаларымен қызмет етеді [2]. Болашақта енгізілетін білім саласындағы жинақтау жүйесі де осы қағидаттарды негізге ала отырып жұмыс жасайтын болады. Білім саласында жинақтау жүйесін енгізу мәселесі қоғамда туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қозғалып отыр. Себебі мектеп бітірген түлектердің барлығы мемлекеттен бөлінетін оқу грантына ие бола алмайды. Қазіргі таңда барлық білімгерлердің 139 тек 22% ғана мелекеттік грант иегері [3]. Бұл көрсеткіш көршілес Ресей Федерациясы және басқада экономикасы дамыған елдер арасында өте аз көрсеткіш. Оқу грантының саны шектеулі болғандықтан, орта немесе жоғарғы оқу орындарында оқуға ынталы түлектер ақылы университеттерде, колледждерде түседі. Алайда оқу ақысын төлеу кейбір отбасыларға қиынға соғады. Сол себепті мемлекет әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, осы жүйені енгізуді ұсынып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, АҚШ-тағы жинақтау жүйесі қазақстандық білім саласындағы жинақтау жүйесіне үлгі ретінде алынып отыр. Бірақ екі елдің жинақтау жүйесі арасында көптеген өзгешеліктер бар. Бұл әр елдің экономикалық құрылымына байланысты. Екі елдің жинақтау жүйесіндегі өзгешеліктерді мынадан көруге болады. Мысалы, АҚШ-та баласының білім алуы үшін банктен депозит ашқан американдық отбасылар мөлшерлемесі өте жоғары болып саналатын салықтан босатылады [4]. Ал қазақстандық жүйеде екінші деңгейлі банктен ашқан депозит дивиденттерінен тыс, мемлекеттік бонусқа ие болады деп жоспарлануда. Білім саласындағы жинақтау жүйесін енгізу барысында елімізде бар тұрғын үй – құрылыс жинақтау жүйесін үлгі ретінде алуға болады. Тұрғын үй – құрылыс жинақтау жүйесі бойынша салымға банк 2 пайыз жылдық сыйақы есептейдi (жылдық тиiмдi мөлшерлемесі 12,7 пайызға дейiн). Сонымен бірге, көтерме салымның 20 пайызы көлемiнде жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысы тағы бар [5]. Халық бұл жүйенің механизмін меңгерген және оның жұмыс жасау тәртібін анық біледі. Сондықтан елімізде бар механизмді қолдану халықтың жаңа жүйені тез игеріп, қабылдауына жеңіл болады. Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалып жатқан білім саласындағы жинақтау жүйесі механизміне тоқталатын болсақ. Кез келген отбасы еліміздегі екінші деңгейлі банктердің бірінен баласына депозит ашады. Бұл депозитке банктен сыйақы аударылып отырады. Мемлекет өз тарабынан мұндай жинақтауларды қолдай отырып, жыл сайын сыйақы аударып отырады. Бұл депозиттердің өзге депозиттерден ерекшелігі оның мақсаттылығында. Яғни ол тек қана білім алуға және белгілі бір балаға ашылатын депозит. Бала университет қабырғасында оқыған уақытта банк оған ақша аударып отырады. Егер жинақталған қаражат мақсатты түрде жұмсалмайтын болса, мемлекет өз бонусын қайтарып алады. Кей жағдайда белгілі бір себептермен бала оқуға түсе алмауы мүмкін. Бұл кезде депозиттегі ақша сол отбасындағы басқа балаға аударылады. Алайда мемлекеттен берілетін бонус алынып тасталынады. Дегенмен, білім саласындағы жинақтау жүйесін енгізуде кейбір кедергілер бар. Ол тұрғындардың жаңа жүйені қолдамау қаупінің болуы. Сол себепті үкімет бұл жүйенің халыққа түсінікті әрі қолжетімді болу үшін заңнамаға мұндай салымдарды кепілдендіруге байланысты өзгертулер енгізуі қажет. Білім саласында енгізілгелі отырған жинақтаушы жүйенің артықшылығымен қатар кемшіліктері де жоқ емес. Оны 1- кестеден кестеден анығырақ көруге болады. 1 кесте — Білім саласындағы жинақтау жүйесінің салыстырмалы сипаттамасы артықшылықтары кемшіліктері 1. Білім депозитіне банк сыйақысымен 1. Тұрғындардың білім саласындағы қатар мемлекеттік бонустың болуы; жинақтау жүйесін қолдамау қаупінің болуы; 2. Жинақтау жүйесінің мақсаттылығы; 2. Тұрғындардың табысының төмен 3. Білім алуда тұрғындардың мемлекет пен деңгейде болуынан депозитке ақша аудару несиеге тәуелділігін төмендетеді; жағдайының жоқтығы. 4. Орта таптағы отбасыларға қол жетімді болуы; 5. Білім депозитінің пайыздық мөлшерлемесінің өзге депозиттердің пайыздық мөлшерлемесінен ерекше болуы. Ескерту: автормен құрастырылған 140 Көріп отырғанымыздай, білім саласындағы жинақтау жүйесінің кемшіліктеріне қарағанда артықшылықтары басым. Білім және ғылым министрлігі жаңа жүйенің механизмін әлі құрастыру үстінде. Механизмді жасау барысында, менің ойымша, кемшіліктерді болдырмау жағына көп көңіл бөлінуі және еліміздің білім жүйесі, банк жүйесі, жалпы тұрғындардың тұрмыстық, сауаттылық деңгейі көбірек ескерілуі қажет. Ол үшін ең алдымен: Біріншіден, тұрғындар жаңа жүйе жайлы толық хабардар болуы қажет, сонымен қатар олардың ұсыныстарын да ескеру маңызды; Екіншіден, білім депозитінің пайыздық мөлшерлемесін тұрғындардың табысына сәйкестендіре отырып белгілеу керек; Үшіншіден, білім саласындағы жинақтау жүйесі халықтың көпшілік бөлігіне арналуы және төменгі тапты да қамтуы керек. Себебі, статистикалық мәліметтер бойынша орта тап өкілдерінің үлесі 65 пайыз, ал жоғары тап пен төменгі таптың үлесі сәйкесінше 15 және 20 пайызды көрсетіп отыр [3]. Сонымен, Қазақстан Республикасындағы білім саласына жинақтау жүйесін енгізудің болашағы зор. Әрі бұл жүйе халықаралық тәжірибеде сынақтан өткен және елімізде мұндай жүйенің үлгісі тұрғын үй – құрылыс жинақ жүйесі бар. Біздің студенттердің, яғни болашақ ата-аналар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде олардың 77 пайызы бұл жүйені қолдайтындарын білдірді. Сондықтан алдағы 2-3 жыл көлемінде енгізілгелі отырған бұл жүйе Қазақстанның білім жүйесін жетілдіруге, жоғары білімі бар мамандардың санының артуына зор үлес қосады деген сенімдеміз. Сонымен қатар, алдағы тұрған маңызды мәселе осы жүйені практикаға енгізу шараларын жасау. Айта кететін болсақ халыққа кең түрде осы жүйені түсіндіру және оны жан-жақты зерттеу арқылы қалыптастыру үрдістерін анықтау, қызмет ету механизмін ойластыру, оның орындалу тәртібін енгізуді қажет етеді.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar