БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН БАСҚАРУ

Опубликовано Июль 13, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден бастап жоғары білімді басқару саласы әр түрлі реформаларды өткерді. Десек те еліміздегі жоғары білім беруді басқару ісіне халықтың көңілі толмай отыр. Жоғары білім беру саласындағы басқару жүйесін реформаладық, өзгерттік, жаңарттық алайда, Қазақстанның ЖОО берген дипломдарын әлем елдері мойындап отырған жоқ. Әлемдік тәжірибеге зер салсақ, өз даму бағытымызды дұрыс белгілеу үшін, өзгелердің тәжірибесімен егжей-тегжей танысуымыз маңызды. Жоғары дамыған әлем елдеріндегі университеттерден үйрену үшін, ең алдымен оның басқару құрылымын жіті зерттеуіміз керек сияқты. Әрине, әр елдің және оның университеттерінің басқару жүйесінде өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Соған қарамастан, либералды демократиялық елдердің ЖОО жүйесі Америка және Еуропа үлгісіндегі деген екі басты топқа бөлінеді екен. Ұлыбритания, Германия, Франция, Жапония секілді жоғары дамыған елдерде университеттердің өзін-өзі басқару жүйесі жетілдірілгендіктен, барлығын оқу орнының ішкі мәселесі ретінде қарастырады. Нақтырақ айтсақ, университетті басқарудағы негізгі тетік – оқытушы, профессорлардың, ғылыми қызметкерлердің, қатардағы жұмыскерлер мен студенттердің қолында.[1] Біздің ойымзша қазіргі білім сапасын арттыру жоғары оқу орындарының қызметін басқару жүйесінің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты. 196 Басқарушылық шешімдерін қабылдау үшін ақпаратты қолдану және жұмылдыру, жинау, жүйесін құру, білім беру, басқару жүйесіндегі басты өзекті бағыттарының бірі болып табылады. Бұл қазіргі таңдағы жаңа білім беру сапасын басқару жүйесіндегі маңызды мәселе болып табылады. Батыстың ЖОО басқару жүйесін енгізіп жатқан Қазақстан өз тәжірибесін жоғары оқу жүйесін басқару тетігінен бастаудан бастартып әлі күнге білім сапасын арттыру тетіктерінің басқа жолдарын іздестіруде. Бірақ бұл, біздің ойымызша қазіргі жоғарғы оқу орындарын басқару саласындағы көптеген кемшіліктер мен білім сапасынның дамыған әлем елдерінің білім деңгейімен салыстырғанда айтарлықтай еместігі осының бір дәлелі деп ойлаймыз. Мысалы, АҚШ университеттерінің жүйесі мүлде өзгеше. Ондағы барлық университеттің билігі басқару кеңесі (board of trustees, regents), әкімшілік (administration), ғылыми кеңес (senate, council, house) деген үш институттан тұрады. Олардың әрбірінің өкілеттік субьектісі, құрылу ережелері, атқаратын міндеттері мен құқықтары әр бөлек. Ондағы басқару кеңесінің орны ерекше. Олар университеттің күнделікті жұмысына тікелей араласпайды. Керісінше, ғылыми кеңестің нұсқауымен ректор мен проректорларды тағайындап, ағымдағы жұмысты жүргіздіреді. Ал өздері ректораттың жұмысына бақылау жасайды. Американдық үрдісті толық түсіну үшін Калифорния университетін мысалға алайық. Атқару кеңесі (Board of Regents) 25 мүшеден тұрады. Оның 18-ін штат губернаторы тағайындайтын көрінеді. Университетті басқаратындар да, осылар. Қалған жеті мүшенің 4-ін үкіметтегі лауазымды тұлғалардан таңдаса, 2-і түлектер одағынан сайланса, 7-ші – мүше ректордың өзі. 18 мүшені бірден жергілікті үкімет тағайындауының себебіне келсек, оқу орны жергілікті үкіметтің мүлкі, әрі халыққа қызмет көрсететін маңызды нысан ретінде қарастырылатындығында. Сонымен қатар университетті жергілікті биліктен, саясаттан бейтарап етіп, оның академиялық еркіндігін қамтамасыз етуде оның маңыздылығы жатыр. Университетті саяси алаң, партиялық идеологияның нысаны деп қарау қателік болар еді. Керісінше, ол біліктілік пен қабілеттілікті (merit) қастерлеп, алға тартатын принципті (meritocracy) ұстанатын білім ордасы болып табылады. Ал біздегі заңдар мен заңдылықтарға сай ұлттық университеттерді басқару іс жүзінде Білім және ғылым министрлігінің бюрократиялық бір баспалдағы болып шығады және саяси машинаға тәуелді, қағазбастылықтан көз ашпайтын енжар ұйым ретінде көрініс табады. Қазіргі таңда Баулон жүйесіне көшкен кезде, оның ішкі қыр-сырын жетік түсінбей, механикалық тәсілмен көшірудің салдарын, міне, осыдан аңғаруға болады. Ұлттық университеттердің шынайы құрылтайшысы Білім және ғылым министрлігі емес, шын мәнінде, Қазақстан халқы (public) деп түсінуіміз қажет. Себебі, сол оқу орындарын салып, тұрғызуға жұмсалған қаржы-қаражат халықтың қалтасынан өтелді. Сонысымен де ол ұлттық университет. Олай болса, Қазақстандағы барлық ұлттық университеттердің мақсаты ұлтымызға адал қызмет көрсетіп, халқымызға жоғары білімді сапалы мамандар даярлап беру. Оны халықтың атынан ұйымдастырып, үйлестіріп отырған «команда» ол – қазақ үкіметі. Сондықтан Әл- Фараби, Қаныш Сәтбаев, Лев Гумилевтің атымен аталатыны бар, өзге де барлық ұлттық университеттер – қазақстандықтардың иелігінде және халыққа қызмет көрсету міндеті жүктелетіндіктен, олар бір ғана министрлік аппаратының «қолбаласы» болмауы тиіс. Осы себептен ұлттық университеттердің басқару кеңесін құратын болсақ, ол құрылым Қазақстан халқының өкілетті ұйымы ретінде ел азаматтарының атынан ортақ мүлікті қорғап, оған жұмсалып жатқан қаржыны қадағалауға міндетті болмақ.[2] Біздің ойымызша ұлттық университеттердің басқару жүйесі демократиялық жолмен оның басшылығы сайлану қажет. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында «болашаққа инвестиция – орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу және қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатының жетістігі үшін бәсекеге қабілетті адам капиталын арттыру» делінген. [3] 197 Біздің ойымызша жоғары оқу орындары басшыларының кәсіби біліктілігін арттыру мен менеджментін, ұйымдастыру қызметін қазіргі заман талаптарына сәйкес дамыту қажет. Қазіргі ЖОО басқарушылардың сапасыз дипломдарды бергендігі үшін жауапкершілігі ешбір заңда нормативтік құқықтық актіде қарастырылмаған. Мысалы қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша мемлекеттің бюджетіне бөлінетін грант, ЖОО өзі бөлетін грант, әр-түрлі ғылыми жобаларға бөлінетін қаржы, т.б. толып жатқан мемлекет тарапынан беріліп жатқан ЖОО көмекті сапалы білім беруге тиімді жұмсау үшін халық өкілі ретінде ЖОО басқару ректорларға Елбасы сенім білдіріп отыр. Қазіргі жоғары оқу орындарын басқарушыларға мемлекет қаржысын тиімді пайдаланып қана қоймай, сол мемлекеттің қаржысына білім алушыларды мемлекет қаржысын (грантын) ақтау үшін жұмыспен қамту мәселесін шешуге ешқандай Ректордың құлқы жоқ. Себебі Ректорларда мемлекет қаражатын жұмсап қана қоймай оған мемлекетке қажетті білікті де білімді маман даярлап, оны осы елдің мүддесі үшін қызмет атқаруына жауапкершіліктің жоқтығы деп ойлаймыз. Біздің ойымызша, егер студент осы ұлттық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін алған білімі казіргі күн талабына сай келмегендіктен немесе сапасыз болғандықтан жұмыспен қамтыла алмаса мемлекеттің және білім алушы студенттің өз қаражатын сол оқу орнынан қайтару тетігін де білім туралы заңда арнайы баппен айқындаған жөн. Сонымен қатар осы жоғары оқу орны басшысының дұрыс ұйымдастырмауы мен басқармауынан зардап шекен тараптың яғни ол мемлекет және жеке студент өзіне келген шығынды осы жоғары оқу орнының Ректорынан сот тәртібімен қайтарып алу амалдарын заң шеңберінде айқындау қажет. Бұндай заң жоғары оқу орындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен ғана шектелмей және білім алушыларды ынталандырады деп ойлаймыз. Сонымен қатар сапалы білім беруге Ректорлардың жауапкершілігін арттырады. Тәуелсіздік алған кезден бастап, қазіргі уақытқа дейін тәжірибеде ешқандай Ректор сапасыз білім бергені үшін жауапкершіліке тартылған емес, ондай сот прецеденті де жоқ, ал бұл дегенің заңдағы өрескел қателік деп ойлаймыз. Себебі Ректорлардың құқықтары, міндеттері бар да, ал сапасыз диплом, білім бергені үшін жауапкершілігі жоқ. Басшылықтың жауапкершілігі жоқ жоғары оқу орнында қандай да сапалы білім туралы айту мүмкін емес. ЖОО басқарушылардың сапасыз білім бергендігі үшін жауапкершілігі ешбір заңда, нормативтік құқықтық актілерде қарастырылмаған. Біздің ойымызша ЖОО басқарушылардың сапасыз диплом, білім бергендігі үшін жауапкершілігін заңда, нормативтік құқықтық актілерде нақтылап бекіткеніміз жөн. ЖОО басқаруда білім сапасын арттыруға байланысты құрылым болуы тиіс. Қазіргі Университеттерге қатысты мәселелер қарастырылғанда, әртүрлі шешімдер ұстаз-ғалымдардың қатысуынсыз тек қана ректордың жеке қалауымен тағайындалған ат төбеліндей лауазымдылардың бас шұлғуымен қабылданатын жағдайға жеттік. Сол ләппайшылар мәселенің мәнін терең талдап, түсіндірудің орнына, ректорды жер-көкке сыйғызбай мақтаумен, турасын айтқанда жағымпазданумен күнелтіп жүрген жайлары бар. Ондай білім және ғылым сапасында қандай бәсекелестік бедел болсын. Сайып келгенде, еліміздегі ұлттық университеттердің басқару жүйесін жетілдіру, оған шұғыл бетбұрыс жасау қажеттілігі өмірден туып отыр. Оны жасауға жоғарыда атап өткен АҚШ университеттерінің ұжымдық басқару тәсілдері тәжірибе болар деп үміттенеміз. Бүгінде бізге үлгі болып отырған Америкада ХІХ ғасырда университет деп атауға тұрарлықтай оқу орны болмаған екен. Ал бүгінде әлемдегі ең ұлы мәртебелі 30 университеттің 20-сы осы елден табылатындығы. Мұндай ірі жетістіктің кілті университеттерді басқару құрылымының жетілгендігінде болса керек. [4] Қазақстандағы ЖОО басшыларын тағайындау жиырма жыл ішінде айтарлықтай нәтиже бермегендіктен, біздің ойымызша Ректорды, деканды, кафедра меңгерушілерін сайлау жүйесіне көшіру арқылы білім жүйесін басқаруды жетілдіру арқылы ғана сапалы білім беру жүйесін ұйымдасыруға болады деп ойлаймыз. 198 Білім беру сапасын бағалау жүйесін дамыту «Білім беру туралы» Заңын, 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік Даму бағдарламасын басшылыққа алады. «Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі – білім беру сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қажеттіліктеріне сәйкестігін белгілеудің институционалдық құрылымдары, рәсімдері, нысандары мен әдістерінің жиынтығы» — деп Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 1-бабында көрсетілген.[5] Қазіргі Қазақстан Республикасының білім туралы заңы білім беру сапасын басқаруды жетілдірмейінше, елімізді сапалы біліммен қамтамасыз етуге қауқары болмасы анық деп ойлаймыз. Біздің ойымызша білім беру сапасын бағалау жүйесін стандарттарға сәйкстендіріп қана қоймау қажет. Білім беру сапасын бағалау ЖОО берген дипломның нарықта сұранысқа ие болуымен бағаланғанда ғана сапалы білімге қол жеткіземіз. Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды – делінген Қазақстан Республикасының білім туралы заңының 55-ші бабының бірінші тармағында.[6] Бірақ қазіргі таңдағы білім сапасын бағалаудың бірыңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын басқару жауапкершілігін арттыру туралы ереженің қажеттігі туындап отыр. Білім беру сапасын басқару, білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған құрылымдар жалған ақпаратты жинау мен жариялаудан әріге аса алмай отыр. ХХІ — ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу — көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті — әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», — деген болатын [1]. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты – білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты өсімі үшін сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту» — көзделген болатын. [5] Біздің ойымызша білім сапасын артыру үшін сайланған ЖОО басшысына төмендегі өзекті деген мәселелерді қарау барысында аса ден қоюды ұсынар едік, олар; — Білім саласындағы жариялықтың жоқтығы ЖОО оқытушы құрамының ғылыми зерттеу жұмыстарын, жас мамандар, доктаранттар, магистранттар мен студенттер өз шығармашылық зерттеу жұмыстарын, мақлаларын БАҚ, газет, журналдар бетіне тегін жариялауға жағдай жасалып мүмкіндіктер берілуі тиіс. Жас ғалымдар өздерінің шығармашылықтарын жариялай алмағандықтан кім үшін, не үшін жазатыны түсініксіз. Жақсы ғылыми мақалаларға бәйге жарияланып жас ғалымдарды ынталандыру мақсатында қосымша қалам ақы қарастырғанымыз жөн. Мемлекет тарапынан заң бойынша шегелеп 199 бекіткенде ғана ЖОО білім мен ғылым саласындағы білім сапасындаған өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын айқындауға септігін тигізер еді; — Бакалаврият студенттерінің білім сапасын артырудың жолы оқытушының беделі мен рөлін арттыру болып табылады. Студенттің тәртібі мен білім үлгеріміне қарай жоғары орнынан шығару құқығын тек оқытушыға ғана беру тиіс. Себебі оқытушы алдындағы студенттен күніге бетпе бет отырып жұмыс жасағандықтан ол студенттің психикасын, психологиялық жағдайын, білім деңгейі мен үлгерімін, тәлім-тәрбиесін, қабілетін басшымен салыстырғанда өте жақсы біледі. Оқытушы өзінің әр түрлі әдіс-тәсілімен студенттің білім деңгейін, үлгерімін тексеріп бағалап қана қоймай, сонымен қатар, білім сапасына жауапты тұлға болғандықтан студентті оқу материалын меңгермесе, оқу үлгеріміне лесе алмаса, тиісті кредит материалын игермендігіне анық көзін жеткізсе онда студентті, кейінге қалдыру немесе оқудан шығару құқығы берілуі заңды. Бұл ерекше құқықты тек қана оқытушы иемденуі тиіс. Дау туған жағдайда немес студент оқытушы шешімімен келіспеген жағдайлар былайша шешілуі тиіс. Студентке сабақ беретін оқытушылар құрамынан тұратын комиссия құрып, дау мәні сонда талқылануы тиіс. Ондай жағдайда комиссия шешімі орындалуы кажет. Комиссия шешімімен де студент келісреген жағдайда жоғары тұрған басқарушы органға жүгінуі тиіс. Оған да келіспесе сот тәртібімен шешілуі тиіс. Ректор, проректор, декан, кафедра меңгерушісі тікелей студентпен қоян-қолтық жұмыс жасамағандықтан және олар басқарушылық, ұйымдастырушылық, қадағалау, бақылаушылық қызметті ғана атқарғандықтан тек тәрбиелік мәні бар шараларды қолдану, ата-анамен жұмыс жасау, студенттік топтармен, ұйымдармен бірлесе отырып студентті тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу мақсатында жұмыс жасау керек. Егер студент қоғамға қарсы қылықтар мен қылмыстар жасап ол тиісті мемлекеттік органдарда қаралып сот шешімі шықса онда бұл студентті оқудан шығару тек осы ЖОО басқарушы органдарының құзыретінде болуы керек. Сондықтан, біздің ойымызша, ЖОО басқарушылардың құзыреті мен қызметін, өкілеттіктерінің ара жігін айқындайтын жаңа, бүгінгі күн талабына сай келетін концепция қажет. Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың мемлекеттiк бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тiлдерiн сақтай отырып, ұлт бiрлiгiн нығайтудың аса маңызды факторы ретiнде мемлекеттiк тiлдiң кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететiн үйлесiмдi тiл саясатын жүргізу болып табылады.[7] Біздің ойымызша, қазіргі жоғары оқу орнының студенттері, магистранттары мен доктаранттарға ағылшын және басқа да шет тiлдерiн оқып-үйренудің әдiснамасын жетiлдiру және стандарттау, тiлдi оқытудың инфрақұрылымын дамыту, тiлдi оқыту процесiн ынталандыру, тiлдердiң лексикалық қорын жетiлдiру және жүйелеу арқылы, тегін ақысыз оқытылуы тиіс. Сонда ғана Қазақстандық ЖОО білім сапасын арттыруға болады. Себебі дамыған елдерде ағылшын тілін білмеу немесе жеткілікті түрде меңгермеу проблемасы дәл біздің елдегі секілді ағышлын тіліне деген қажеттіліктері жоқ. Олар өз тілдерімен бірге ағылшын тілін де орта мектепте, жоғары мектепте толығымен меңгерген. Бұл Боулон жүйесіне еніп отырған жас тәуелсіз біздің елімізде ағылшын тілін орыс тіліндей (85%) деңгейде жалпы халық меңгермеген. Сондықтан бұл мәселеге көңіл бөлінбесе, онда тіл білмейтін көптеген талантты жастардың ғылыми капиталы пайдаланусыз қалады.

Оставить комментарий

Загрузка...