Білімді заңдастыру әңгімелері

Біз бірінде саясат, өзгесінде философия басым әңгімелеудің екі ұлы нұсқасын қарастырамыз, екеуінің де қазірге тарихта, әсіресе білім және оның институциялары тарихында мәні зор. Бірінің субъекті еркіндік қаһарманы ретіндегі адамзат. Барлық халықтың да білімге хұқысы бар. Егер әлеуметтік субъект енді ғылыми субъект емес боп қалса, себебі оған абыздар мен билеушілер кедергі болған. Білімге хұқық жаулануға тиіс. Бұл әңгімелеудің Университет және Мектеп салаларынан гөрі бастауыш білім берудің саясатын басқаратыны түсінікті. Үшінші Республиканың мектеп саясаты осы болжамдардың жарқын мысалы. Егер жоғары білімге келсек, бұл әңгімелеу өзінің ықпалын шектеуге тиіс. Бұл тұрғыда Мемлекеттің орнықтылығына қажет әкімшілік және профессионалды компетенцияларды қалыптастыруды ойлаған Наполеонның қабылдаған шараларын осылай тұтас баяндайды. Демек, бұл соңғының еркіндікті әңгімелеу перспективасында легитимділікті өз­өзінен емес, халықтан алатыны назардан тыс қалады. Егер жоғары білім беру институттары империялық саясатта алдымен мемлекеттік, сонан соң — азаматтық қоғамның кадрларын даярлаушы болса, мұның мәнісі, олардың қызметі жүзеге асатын әкімшіліктер мен профессиялар арқылы ұлттың өзі өзінің еркіндігін тұрғындар арасында жаңа білімді тарату арқылы жаулап алуға тиіс. Ғылыми институттардың өзін ашу үшін де бұл тұжырымға fortiori келе береді. Мемлекет өзіне ұлт атымен халықты қалыптастыру және оны прогресс жолымен жүруге бағдарлау міндетін алған әрбір жағдайда ол еркіндіктер әңгімелеулеріне жүгіну боп шығады. Легитимацияның өзге әңгімелеуінде ғылым, ұлт және мемлекет арасындағы қатынастар мүлде өзгеше жобалануға кезек береді. Бұл 1807 және 1810 жылдары аралығында Берлин университетінің ашылу сәтінен орын алған нәрсе. XIX және XX ғасырлардың жас елдеріңде оның жоғары білім беру ұйымдарына ықпалы зор болады. Пруссия министрі оны іске асыру мәселесін қолға алғанында Фихте мен Шлейермахер жобаларының арасында басы қатты. Мәселені Вильгельм фон Гумбольдт шешті, ол «либералдығы» басым екіншіні таңдады.

Егер Гумбольдтың естеліктерін оқысақ, оның ғылыми институция жөніндегі бар саясатын «Ғылым ғылым үшін» әйгілі принципіне келтіру идеясына қызығып кетуге болады. Ол бұл саясаттың одан гөрі толық Шлейермахер айтқан және бізге қызық легитимация принципін анықтайтын түпкі мақсаты жөнінде қателікке ұрындырар еді. Гумбольдтың нақты айтуынша, ғылым өз­өзінің ережелеріне бағынады, ғылыми институция «өз­өзімен өмір сүріп, жаңарады, ешбір шектеусіз, немесе түпкі мақсат орнатусыз». Бірақ ол Университет өзінің материалын, яғни ғылымды «ұлттың рухани және ахлақты білім алуына қоюға» тиіс деп қосымша жасайды. Bildung­тың бұл эффекті танымның мүддесіз зерттеуінен қалай шығады? Мемлекет, ұлт, барлық адамзат өз­өздігінен алынған білімге немқұрайлы емес пе? Гумбольдтше, оларды іс жүзінде қызықтыратын нәрсе таным емес, «мінез бен әрекет». Министрдің кеңесшісі осылайша зор конфликт алдында тұр. Бұл арада Кант кіргізген таным мен ерік арасындағы конфликт еске түседі. Бұл тек ақиқат критерийіне тәуелді денотациялардан құралған тіл ойыны мен этикалық, әлеуметтік саяси практиканы анықтайтын және олардан ақиқат емес, әділдікті күтетін және олар ақырғы инстанцияда өзіне қажетті түрде шешім мен міндеттерді кіргізетін ғылыми білімнен тәуелсіз тіл ойыны арасындағы конфликт. Әйтсе де, Гумбольдт жобасы мақсат тұтқан және тек тұлғалардың білім алуына емес, тылым мен қоғамның толығынан заңдастырылған субъектін қалыптастыруға бағытталған Bildung үшін дискурстың бүл екі ансамблінің бірігуі қажетті нәрсе. Фихте өмір деп атаған нәрсені үш түрлі шабыттан немесе үш нұсқалы бір шабыттан нәр алғанГумбольдт Рух деп шақырады. Олар: «барлық нәрсені оригиналды принциптен шығару шабыты», оған ғылыми қызмет жауап береді; «бәрін идеалға жеткізу шабыты», ол этикалық және әлеуметтік практиканы анықтайды; «осы принциппен осы идеалды бір Идеяға біріктіру шабыты», оның айтуынша, ғылымдағы ақиқатты себептерді зерттеудің ахлақты және саяси өмірде әділетті мақсаттарды көздеумен сәйкес болмауы беймүмкін. Легитимді субъект осы соңғы принциппен негізделеді. Гумболдьт сөз арасында бұл үш түрлі шабытты «неміс ұлтының интеллектуалды мінезіне тән» деп қоса салады. Бұл кішігірім болса да өзге әңгімелеуге, яғни, білімнің субъекті халық деген идеяға жол беру. Іс жүзінде бұл неміс идеализмі ұсынған білімді заңдастыру әңгімелеуімен бір емес. Мемлекетке қатысты Шлейермахердің, Гумбольдттың және тіпті Гегельдің қауып­күмәндары осының белгісі. Егер Шлейермахер билік ғылым мәселесінде ұстанатын тар ұлтшылдықтан, протестантизмнен, қарадүрсінділіктен, позитивизмнен сескенсе, себебі, соңғының принципі титтей де болса оларда еместігінде. Білімнің субъекті халық емес, спекулятивті рух. Ол революциядан кейінгі Франциядағыдай Мемлекетте бейнеленбейді, жүйеден шытады.

Читайте также:  ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ СЮЖЕТ МӘСЕЛЕСІ

Легитимацияның тіл ойыны саяси­мемлекеттік емес, философиялық. Университеттер орындауға тиіс маңызды қызмет: «білімдер ансамблін көрсетіп, барлық білімнің негізімен бір уақытта принциптерді тану», өйткені, спекулятивті рухсыз творчестволық ғылыми қызмет те болмайды» (Шлейермахер). Мұндағы спекуляция — ғылыми дискурстың легитимациясы жөніндегі дискурс. Мектептер қызметшіл; Университет ойшыл, яғни философияшыл. Бұл философия лабораторияларда және университеттен бұрын білім беру жүйесінде сейілденіп кеткен білімдердің бірлігін қайта орнатуға тиіс; ол оны оларды бір­бірімен рух дамуының сәті ретінде байланыстыратын тіл ойынында, демек, рационалды наррацияда, немесе, одан нақтысы, метанаррацияда жасай алады. Гегельдің «Энциклопедиясы» (1817­1827) кезінде Фихте мен Шеллингте жүйе идеясы ретінде бар бұл тотализация жобасын қанаттандыруға тырысты. Дәл осы арада бір уақытта Субъект болатын Өмірдің даму механизмінде нарративты білімнің қайта оралуы белгіленеді. Рухтың белгілі әмбебап тарихы бар, pyx — «өмір» және бұл өмір өзінің бар екенінің презентациясы және тұжырымы, оның құралы эмпирикалық ғылымдарда өзінің барлық формаларында тәртіптенген таным. Неміс идеализмінің энциклопедиясы осы субъект­өмірдің «тарихы» жөніндегі наррация. Бірақ, ол жасап жатқан нәрсе мета әңгімелеу, өйткені, оның әңгімесін айтып отырған өзінің дәстүрлі білімдерінің жекеше позитивтілігімен шектелген халық та емес, және өз мамандықтарының профессионалдығымен шектелген ғалымдар қоғамдастығы да емес. Олардың орнын енді тек эмпирикалық ғылымдардың дискурстарының да, халық мәдениетінің өз ошақтарының да легитимділігін қалыптастырумен шұғылданған метасубъект басады. Бұл метасубъект олардың жалпы негізін айтып, олардың имплицитті мақсатын жүзеге асырады. Оның өмір сүру мекені — спекулятивті Университет. Позитивті ғылым мен халық тек оның арнайы формасы тана. Ұлт­мемлекеттің өзі тек спекулятивті білім арқылы ғана халықты заңды түрде әйгілей алады. Бір уақытта Берлин университетінің ашылуын заңдастыратын және оның дамуының һәм қазіргі білімнің дамуының моторы болуға тиіс философияны босату қажет еді. Жоғарыда айтылғандай, бұл университеттік ұйым XIX және XX ғасырлардағы Құрама Штаттарынан бастаған көптеген елдердің жоғары білімінің конституциясы мен реформасы үшін үлгі болды. Алайда, бұл әсте де құрып болмаған, әсіресе, университеттік ортада, философия білімнің легитимділігі жөнінде берілген шешімнің асқан өміршең әйгіленуін ұсынады. Танымды зерттеу мен таратуды мұнда пайда принципімен ақтамайды. Ғылым мемлекет және/немесе азаматтық қоғамның мүддесіне кызмет етуге тиіс деп мүлде санамайды. Адамзат өзінің мәртебесі мен еркіндігінде білім арқылы көтеріледі деген гуманистік қағиданы місе тұтпайды.

Читайте также:  “Соңғы парыз” романындағы метафоралар

Неміс идеализмі таным, қоғам және мемлекеттің бір уақыттағы дамуын белгілі Субъект «өмірінің» жүзеге асуына негіздейтін, оны Фихте «Тәңірлік Өмір» деп атаса, Гегель «Pyx Өмірі» деп атайтын метапринципке жүгінеді. Бұл перспективада білім өзінің легитимділігін алдымен өз­өзінде табады және тек білім тана айта алады мемлекет немесе қоғам бар деп. Бірақ, бұл рөлді тек, былайынша айтқанда, дәрежені өзгертіп, өз референтінің (табиғат, қоғам, мемлекет және т.т.) позитивті танымы болудан қалғанда және осы білімнің білімі болғанда, яғни, спекулятивтіге айналғанда ғана орындауға болады. Өмір, Pyx атауларымен ол өзі атаулар ұсынады. Спекулятивті механизмнің көрнекті нәтижесі барлық мүмкін референттер туралы танымның барлық дискурстары онда тура ақиқат құндылығында емес Рух немесе Өмір туралы дискурстағы өздері алатын орнына байланысты құндылығында, немесе, керек десеңіз, спекулятивті рух баяндайтын Энциклопедиядағы алатын орнына байланысты қабылданады. Соңғысы оларға бет бұрғанда өзі білетін нәрсені өзі үшін паш етеді, яғни өзін паш етеді. Бұл перспективадағы ақиқатты білім әрқашанда айтылып үлгерілген тұжырымдардан құралған және оның легитимділігін орнататын субъекттің метаәңтімелеуіне кіргізілген тура емес білім. Бұл барлық дискурстарға қатысты, тіпті, олар когнитивты емес болса да, мысалы, хұқық пен мемлекет туралы дискурстар. Қазіргі герменевтикалық дискурс ақыр аяғында танымға жататын магына бар дейтін және өз легитимділігін тарихқа, ал дәлірек айтқанда, таным тарихына сіңіретін осы негізден шыққан. Тұжырымдар өз­өздігі ретінде анонимды деп қабылданған және бір­бірін өзара қатынастарында туындататын ретінде қозғалысқа орналастырылған: спекулятивті тіл ойынының ережесі осындай. Университет, оның өз атауы көрсеткендей, ондағы шектен тыс институт. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, легитимділік мәсе­есін өзге процедура арқылы шешуге болады. Бұл арада айырмашылықты көрсеткен жон: летитимділіктің бірінші версиясы бүгінде жаңа күшке енді, ал білімнің статусы теңселіп, оның спекулятивті бірлігі жойылған. Білім өз құндылығын өз­өзінде, өзінің таным мүмкіндігін жүзеге асырған дамудағы субъектте емес, адамзатқа айналған практикалық субъектте табады. Халықты өміршең қылатын қозғалыс принципі өз­өзін заңдастыру барысындағы білім емес, өз­өзін дәлелдеудегі, немесе, керек десеңіз, өз­өзін басқарудағы ерік.

Читайте также:  ОРАЛХАН БӨКЕЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Субъект — нақты субъект, немесе, осындай ретінде болжамдалған, оның эпопеясы оған өз­өзін басқаруға кедергі жасайтын барлық нәрседен оны босату эпопеясы. Ол өзі орнатқан заңдардың әділ болатыны, олардың сыртқы табиғатқа сәйкестігінен емес, себебі, негізі бойынша заң шығарушылар заңға бағынышты азаматтар тана, сондықтан азаматтар үшін әділет болатын заңның әділеттілік беретін ерігі заңды әділеттілік шығарсын деген заң шығарушы ерігіне сәйкес болуға тиіс. Легитимацияның бұл тәсілі Кант императив деп атаған, ал бүтін оны прескриптивті деп атайтын тілдің мүлде өзге ойынына жол ашады. Ең басты нәрсе ақиқатқа тәуелді, мысалы, «Жер Күнді айналады» деген денотативты тұжырымды заңдастыруда емес, «Карфагенді жою керек», немесе, «ең аз жалақыны «икс» франк дәрежесінде сақтау керек» деген сияқты әділеттілікке тәуелді прескриптивты тұжырымдарды заңдастыруда. Бұл тұрғыда позитивты білімнің практикалық субъектке өкімдіктердің орындалуы кіруге тиіс шынайылық туралы ақпарат беруден өзге маңызы жоқ. Оған орындалатын, жасауға мүмкін нәрсені суреттеуге рұқсат берілген. Бірақ, жасалуға тиіс орындалатын нәрсеге ол ие емес. Белгілі бастаманың мүмкін болуы — бір нәрсе, ал оның әділ болуы өзге. Білім енді субъект емес ол оның қызметінде, ол ахлақтықтың шынайылыққа айналуының жалғыз мүмкіндігі. Сөйтіп, білімнің қоғамға және оның мемлекетіне қатынасы енгізіледі. Ол толығынан функционалды. Тіпті отан ғалымдар да мемлекет саясатын, яғни оның өнімдері ансамблін әділ санаған мөлшерінде, сәйкес болуға тиіс. Олар өздері мүше болған азаматтық қоғам атынан мемлекеттің өкімін қабылдамауға хұқылы, егер оны жөнсіз деп тапса. Олар бұл автономияның қоғам мен мемлекетте қалай орындалмағанын көрсету үшін тіпті өзінің ғылымын пайдалана алады. Осылайша білімнің сыни функциясы көрінеді. Бірақ, әйтсе де, оның автономды ұжым болатын практикалық субъект қойған мақсаттарға қызмет етуден өзге ақырғы легитимациясы жоқ. Біздіңше, легитимация өндірісіндегі рөлдердің осылай таралуы қызық, өйткені оның ойынша, «жүйе — субъект» теориясына қарсы метадискурстағы тіл ойынының унификациясы да, тотализациясы да жоқ. Мұнда, керісінше, практикалық субъект айтқан тұжырымдар болатын прескриптивты тұжырымдарға берілген привилегия оларды әлгі субъектке ақпарат беруден өзге қызметі жоқ ғылым тұжырымдарынан тәуелсіз қылады.

Оставить комментарий