Загрузка…

БИОТЕХНОЛОГИЯ АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНА ПАЙДАСЫ

Биотехнология саласы астық дақылдарын және ішкі нарықтағы астық саудасын басқаруда, қолдауда және ауыл шаруашылығын дамытуда үлесі зор. Сарапшылардың пайымдауы бойынша 2003 жылдан бастап әлемде биоотын өндіру мен пайдалану өндірісінің өсуі бірқалыпты екені байқалады. Сонымен қатар, АҚШ жүгеріден өндірілетін «этанол» отына жанармай орнына және оның қоспасы ретінде қолдану кеңінен танылған. Европада биодизель өндірісі кеңінен тараған, яғни шикізат ретінде – рапс, пальма, күнбағыстың әртүрлі майлары қолданылады. Биодизель жанармай орнына және оның қоспасы ретінде пайдаланылады [Абулов, 2003]. Ауыл шаруашылығын дамытуда және ішкі астық тауар нарығын басқаруда мол азығы мен биотын және азық-түлікке қажетті қоспаларды алу үшін астықты қайта өңдеу саласының маңызы зор болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде 20-30 пайыз азық-түлік сапасы пайдаланушыға кетсе, ал қалғаны қалдық. Астық дақылдарының өнімін көтере отырып, өндірістің құрал- жабдықтарында өсіруге болады, жаңа биотехнология өндірісінің әдісімен әртүрлі өнімдер алуға болады. Астық дақылдарының қайта өңдеу технологиясын кешенді ұсыну ең басты мақсаты: крахмал, сағыздық және тағы басқа өнімдер алуға болады. Қазіргі уақытта астық дақылдарын кешенді және қайта өңдеу саласы өндірістің экономикалық тиімділігін жоғары деңгейде арттыра отырып және перспективті бағыттардың бірі болып табылады. Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институтында зерттеу жұмыстарының нәтижесінде әртүрлі астық дақылдарының шикізаттарынан крахмал және сағыздық алу зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Әртүрлі сортты бидай, арпа, сұлы және күріш өнімдері алынған крахмалдан сүт қышқылы, крахмалдық сірне, глюкоза-фруктозалық сироптар, т.б. өнімдер алу зерттеулері жүргізілді. Аталған жұмыстарға микроорганизмдер биотехнологиясының көмегі зор. Мысалы, сүт қышқылын алуда Lactobacillus delbruckii және бациллалардың ферменттері қолданылды. Крахмалдық сірне және глюкоза-фруктозалық сироптардың алу натижесі микроағзалардың амилолитикалық ферменнтері көмегімен жүргізіледі. Сонымен, биотехнологияның астық дақылдарын қайта өңдеу саласында маңызы өте зор екені күмән тұдырмайды.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar