Бірден-бір және оның меншігі

Бірдеңеден бостан болу дегеніміз тек қана: бірдеңеден арылу немесе бірдеңеге ие болмау. «Ол сонау соқыр сенімнен пәк» дегеніміз онда сол соқыр сенім ешқашан болмаған немесе одан арылған деген сөз. Біз христиандық тек терістеу, кесіп айтылған ыңғайда үйрететін, күнәсіздік, құдайсыздың, инсаниятсыздың және т.б. тұрғыдағы бостандықты жүзеге асырамыз. Бостандық ­ христиандықтың ең басты ілімі. «Бостан адамдар секілді…», «Бостандық заңдары бойынша таразыланатын адамдар ретінде сөйлеп, іс істеңдер». Бостандық христиандықтың мұраты екен деп біз неліктен одан бас тартуға тиіспіз? Жоқ, ештеңе де жоғалтылмауға тиіс ­ бостандық та қала беруге тиіс; бірақ біз оны өзіміздікі етуге тиіспіз, ал бостандық пошымында ол біздікі емес. Бостандық йен өзіндік ерекшелік арасындағы айырмашылық қандай! Көп нәрседен арылуға болады, бірақ дегенмен бәрінен емес. Құлдықта да іштей бостан болуға болады, бірақ тағы да біраз нәрседе, бірақ бәрінен емес: қожайынның қамшысынан, әмірші жүгенсіздігінен құл бостан бола алмайды. «Бостандық тек қиял патшалығында өмір сүреді!» оған керісінше, өзіндік ерекшелік ­ менің бүкіл мәнісім және менің бүкіл өмір салтым ­ менің өзім. Мен неден арылсам, содан бостанмын, ал мен өзімнің билігім жүретін нәрсеге, өзім билік жүргізетін нәрсеге билік иесімін. Мен барлық уақытта және барлық жағдайда, егер тек мен өзімнің иесі бола алатын және өзімді ешқашан өзгеге бере алмайтын болсам, өзіме өзім иемін. Мен шынында да бостан болуды қалай алмаймын, өйткені өз бостандығымды жасай алмаймын: мен тек бостандықты тілей аламын, соған ұмтыла аламын, өйткені ол бәрібір мұрат, елес болып қала береді. Нақты болмыстың бұғаулары әрбір қас қағым сәтте менің денеме өткір тістерін батыра түседі. Бірақ мен өзімдікі болып қала беремін.

Басыбайлы ретінде қожайыныма тиесілі бола отырып, бәрібір мен тек өзім туралы және өзімнің пайдам туралы ойлаймын. Рас, оның соққысы маған тиеді, бірақ мен оған өзімнің пайдам үшін төземін немесе өзімнің сырт көзге төзіміммен оны алдау, немесе өзімнің қарсылығыммен одан да жаманға ұшырамас үшін төземін. Бірақ, мен өзімді және өзімнің пайдамды бір сәтке де ұмытпайтындықтан, мен құл иеленушіні құртып жіберудің ең бірінші қолайлы сәтін пайдаланамын. Содан кейін мен оның қамшысынан құтылатын нәрсе ­ бұл тек менің соның алдындағы эгоизмімнің салдарынан құтылатын нәрсе. Бәлкім, мен құлдық ахуалында да «бостан» атап айтқанда, ­ «өзімде» немесе «оз ішімде» бостан болдым дер. Алайда, «оз бойымда бостан болу» дегеніңіз, «шын мәнінде бостан болу» деген сөз емес: «ішкі бостандық» «сыртқы бостандық» емес. Есесіне, мен іштей де, сырттай да әбден ­ ақ өзімдікі, өзіме тиесілі бола алдым. Қатыгез әміршінің билігіндегі менің тәнім азаптау мен қамшы соққысынан «бостан» емес, бірақ азаптан зар қаққан сүйек менікі, соққыдан дір ете қалатын тән менікі, сол менің тәнім шырқырағандықтан, мен шырқыраймын. Мен аһылап­уһілесем, дір қақсам мен әлі өзімдікі екенімді, әлі өзіме тиесілі екенімді дәлелдейді. Менің аяғым әміршінің соққысынан «бостан» емес, бірақ бүл менің аяғым, және ол менен бөлініп кете алмайды. Сол әмірші оны жұлып алып, қарап көрсін ­ әлі ол менің аяғым ба екен! Оның қолында менің аяғымның мәйітінен басқа ештеңе қалмайды, ол мәйіт, өлген ит қалай ит болса, сондайлық менің аяғым: иттің жүрегі соғады, ал өлген иттің жүрегі соқпайды, сондықтан да ол ит емес. Құл бәрібір іштей бостан бола алады дегенде, бұл сайып келгенде жоққа шығарыла алмайтын және ештеңені білдірмейтін труизм. Адам қандай болса да бостандық атаулыдан жұрдай етіле алады деп кім кесіп айта алмақ? Егер мен жарамсақ болсам, сонымен бір мезгілде мен басқа қисапсыз бостансыздықтан, мысалы Зевске сенуден, даңққұмарлықтан және тағы сол сияқтылардан бостан бола алмаймын ба?

Читайте также:  ЖАҺАНДАНУ КОНЦЕПЦИЯСЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР

Дүреге жығылған құл сонымен бір мезгілде христиандық емес ойлау жүйесінен, жауына өшпенділіктен және тағы басқалардан неліктен іштей бостан болмауы керек. Сонда ол «христиандық жағынан бостан, яғни ол христиандық емес нәрселерден арылған; бірақ ол абсолютті бостан ба, бәрінен, мысалы, христиандық есі ауысудан немесе тәннің ауыруынан және т.б. бостан ба?» Бірақ осының бәрі сөздің ішіндегі ұғымға қарсы айтылғаннан гөрі сөздің өзіне көбірек қарсы айтылған секілді. Бірақ сөз енжар ма, сөз, ұрандар адамдарды жігерлендірмеді ме, басын айналдырмады ма? Дегенмен алайда бостандық пен өзіңе өзің тиесіліліктің арасында, тек сөздегі айырмашылықтан гөрі ғаламат құз жатыр. Бүкіл дүние бостандықты аңсайды, бостандық патшалығын бәрі армандайды. О, шешек атқан «бостандық патшалығы» туралы, «бостан адамзат» туралы ғажайып арман! Оны кім әлпештемеді! Сонымен, арман адамдардың бостан болуы қысым, зорлық атаулыдан мүлдем бостан болуы туралы екен. Зорлық атаулыдан, шынында да барлығынан ба? Демек, олар тіпті өздеріне өздері зорлық жасамауы керек пе? Жоқ, өзіңе­өзің жасауыңа болады, бірақ бұл зорлық емес қой! Олар бәрібір діни сенімнен, инсанияттық парыздың қатаңдығынан, заңның бұлжымастығынан, «Қандай сұмдық түсінбестік!» дегеннен бостан болуға тиіс. Сонымен олар неден бостан болуға тиіс, неден ­болмауға тиіс? Тәтті бір елес сейілді, ояна салып, ұйқылы­ояу көзін сүртіп жіберіп, сұрақ берген адамға қайран қала қарайды. «Адам неден бостан болуға тиіс?» ­ соқыр сенімнен, ­ деп айғай салады біреуі. ­ Жоқты соғып не керек, ­ дейді екіншісі, ­ дін атаулы соқыр; жалпы сенім дегеннен бостан болу керек. – Жо­жоқ, Қудай сақтасын, ­ деп даурығады тағы да біріншісі, ­ дін атаулыдан безбеңіз, әйтпесе біздің бәрімізге хайуандықтың билігі жүреді. ­Бізге, ­ дейді көсемсіген үшінші біреу, ­ республика қажет, әмірші атаулыдан құтылу қажет. ­

Читайте также:  ХІХ ҒАСЫРДЫҢ 60 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЖЕТІСУДАҒЫ ОРЫС-ҚЫТАЙ ҚАТЫНАСЫ

Оның түкке керегі жоқ, ­ дейді екінші: ­ тек тағы бір әмірші ­ «билік жүргізетін көпшілік» келеді; бізге ең сұмдығынан ­ теңсіздіктен арылу бәрінен маңызды. ­ О, сорлы тендік, мен сенің плебейлік күркіріңді тағы да естіп тұрмын! Жаңа ғана менде бостандық жұмағы туралы тамаша арман бар еді, енді міне арсыздық пен жүгенсіздік тағы да ұли бастады! ­деп бірінші тағы да жабығып, «тым мол бостандыққа» қарсы семсерін көтеруге дайындала бастайды, көп ұзамай біз бостандықты армандайтындардың өзара келісе алмай, семсерлері шыңылдай бастағанын естиміз». Бостандыққа ұмтылыс барлық замандарда белгілі бір бостандықты, мысалы, ұждан бостандығын қалауға сайып отырған; бұл діндар адам бостан әрі тәуелсіз болғысы келген деген сөз. Неден ­ тәуелсіз? Иманнан ба? ­ Жоқ! Ол тек инквизиторлардан бостан болуды аңсады. «Саяси немесе азаматтық» бостандық жөніндегі жағдай да тап сондай. Азамат бостан болғысы келгенде азаматтықтан емес, бюрократиялық немесе монархиялық жүгенсіздіктен және сол секілділерден бостан болғысы келеді. Князь Меттернихтің бірде «қашанда нағыз бостандыққа жеткізетін жолды таптым» дегені бар. Граф де Прованс нақ сол кезде, «бостандық патшалығын» құрмақ Франциядан қашып шығып, былай деді: «Менің қамалуым мен үшін енді төзгісіз болып кетті; менің бір ғана ғаламат арманым ­бостандық аңсары болды да, мен тек сол туралы ойладым». Белгілі бір бостандықты көздеп ұмтылуда әрқашан жаңа үстемдікті тілеу жатады. Мысалы, революция, «өзінің қорғаушыларына олар бостандық үшін күресті деген қанат бітірер сана сіңірер болғанымен», тек сол кезде белгілі бір бостандыққа, сол арқылы жаңа «үстемдікке ­ «заң үстемдігіне» ұмтылғандықтан ғана.

Сіздердің бәріңіз бостандықты, «өзіңіздегі» бостандықты қалайсыздар. Неліктен сіздер «көбірек» немесе «азырақ» бостандық туралы дауласасыздар? «Өзіңіздегі» бостандық тек бүкіл бостандық қана бола алады. Бостандықтың бір жапырағы Бостандық емес. Сіздер толық бостандыққа, бәрінен бостандыққа жету үмітінен күдер үзесіздер ме, сіздер тіпті соны қалау ­ ақылдан алжасу деп санайсыздар ма? ­ Олай болса елес қуудан бас тартыңыздар да, өз күштеріңізді қол жетпейтін нәрсеге ұмтылудан гөрі, жақсырақ бірдеңеге бағыныңыздар. «Бірақ бостандықтан жақсы ештеңе жоқ». «Егер сіздер бостандыққа, яғни ­ сіздердің ұсақ­түйек бостандықтарыңыз туралы мен тіпті айтқым да келмейді ­ төл бостандыққа қол жеткізсеңіздер сонда қолдарыңызға не түседі? Сіздер барлығынан, өздеріңізге құлаш жайдырмайтын нәрсенің барлығынан азат боласыздар, және ғұмырыңыздың әйтеуір бір кезеңінде сіздерді қысылдырмаған нәрсе болды ма екен. Және сіздер осының бәрінен арылуға кім үшін ұмтыласыздар? Дегенмен ­өздеріңіз үшін, өйткені сіздің жолыңызда көлденең тұрған сол! Егер бір нәрсе сізге ыңғайсыз болмай, қайта өте ұнайтын болса, мысалы, сіздің сүйіктіңіздің нұр шашқан, бірақ сонымен бірге қаяусыз әмір етіп тұрған жанарын алсақ, сіз одан арылуды, одан бостан болуды қаламас едіңіз. Неліктен? Тағы да өзіңіз үшін! Сонымен, сіз өзіңізді бәрінің өлшемі мен қазысы етіп аласыз. Бостандық емес ­ «Махаббат ләззаты» сізге рахат берсе, сіз қиналмай­ақ бостандықтан бас тартасыз; бірақ, сізге бостандық неғұрлым қалаулы және ұнамды көрінген кезде, егер сіз, әрине, одағыңызды әлдене себептермен, мысалы, діни себеппен бұзудан қорықпасаңыз, тағы да бостандыққа ұмтыла бастайсыз. Өзіңізді бәрінің бірден­бір шын мәніндегі түп қазығы және кіндігі етуге сіздің батылыңыздың жетпейтіні неліктен? Сіз бостандық, өзіңіздің арманыңыз жөнінде тек күрсініп қана қоятыныңыз неліктен? Сіздің арманыңыз ­ сіздің өзіңіз бе?

Читайте также:  Марксизмнің негізгі мәселелері

Мұны қиялыңыздан, түсініктеріңізден, ойларыңыздан сұрап жатпаңыз, оның бәрі ­ «бос теория». Өзіңізден сұраңыз және өзіңіз туралы сұраңыз ­ бұл қолайлы, ал сіз бәрінің де өте қолайлы болғанын қалайсыз ғой. Бірақ біреу бұған өз Құдайының (Құдай аты аталғанда ол не ойласа, оның Құдайы сол екені түсінікті) не дейтініне құлақ асады, екінші біреу бұл туралы өзінің инсанияттық, өзінің ұжданы не дейтінін пайымдайды, үшінші біреу бұл туралы жұрт не дейтінін ойлайды, сөйтіп әркім, өзінің тәңірі ­ құдайымен кеңесіп алып (ал адамдар қоғамы ­ о дүниедегі, тіпті одан да анық көрініп тұратын, қиялдағы тәңрі­құдай секілді, өйткені «халықтың үні ­ құдайдың үні») өзінің пікірінің ырқына бағына бастайды да, өзі айтып, өзі шеше алатын нәрсеге құлақ қоюдан қалады.

Оставить комментарий