Бодандардың бостандығы туралы

Бостандық дегеніміз не. Бостан адам болу деген не. Бостандық дегеніміз қарсыласудың (қарсыласу деген қозғалуға сыртқы кедергілер деп білемін) жоқтығы деген сөз және бүл ұғым парасатқа ие мақлұқтарға да, парасатсыз мақұлықтарға да, жансыз заттарға да бірдей дәрежеде қолданыла алады. Өйткені егер бірдеңе ол қандай да бір сыртқы дененің қарсылығымен шектелген белгілі бір кеңістік ішінде ғана қозғала алатындай байланысқан немесе қоршалған болса, онда біз осы бірдеңе одан әрі қозғалу бостандығына ие емес дейміз.

Осы секілді қамап тасталған немесе қабырғамен, шынжырмен тежелетін тірі мақұлықтар туралы, сондай­ақ жағалаумен немесе ыдыспен тежелетін, өйтпесе үлкен кеңістікке жайылып кететін су туралы біз әдетте олар осы сыртқы кедергілер болмаса қозғала алатындай қозғалу бостандығына ие емес дейміз. Бірақ егер қозғалысқа кедергі заттың құрылысының өзінде болса, мысалы тас қозғалмай жатса немесе адам сырқаттан төсек тартып жатса, онда біз әдетте бүл зат бостандықтан емес, қозғалу қабілетінен айрылған дейміз. Сөздің осы өзіндік және ортақ қабылданған мағынасына сәйкес бостан адам ­ қалағанын істеуіне ештеңе кедергі жасамайтын адам, себебі ол өзінің тәндік және ақылдылық қабілеттері жағынан соны істей алатын адам.

Бірақ егер бостандық, сөзі дене болып табылмайтын заттарға қолданылса, онда бүл дегеніңіз сөзді теріс пайдалану, өйткені қозғалу қабілетіне ие емес нәрсе кедергіге ұшырай алмайды. Сондықтан, (мысалы) жол ашық дегенде жолдың ашық екендігі емес, онымен кедергісіз қозғалатын адамдардың бостандығын есте ұстаймыз. Ал біз бостан сый дегенде, мұңымызбен сыйдың өзінің бостан екендігін емес, тарту жасауға қандай да болсын заңмен немесе шартпен мәжбүр етілмеген тарту жасаушының бостандығын айтамыз.

Дәл сол секілді біз ойымызды ашық айтқанда, бұл дауыстың немесе айтылудың бостандығы емес, айтқысы келгенін басқаша айтуға ешқандай заң міндеттемейтін адамның бостандығы. Ақыр соңында ерік бостандығы сөзін пайдаланудан, ерік, ниет немесе тек бейімділік бостандығы жайында емес, адамның бостандығы жайында ғана қорытынды жасауға болады, ол бостандық оның өзінің еркі, ниеті немесе бейімділігі еліктіретін нәрсені істеуде кедергілерге ұшырамаудан ғана құралады.

Читайте также:  АУ­ДАР­МАДАҒЫ БАЛАМА­ЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Оставить комментарий