Болашақ маманның қазақша сөйлеу тілін дамытуда ақпараттық технологияны қолдану

Опубликовано Июль 13, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Болашақ маманның қазақша сөйлБілім берудің жаңа үлгісін жасау – Қазақстандағы əлеуметтік-экономикалық өзгерістер талап етіп отырған басты міндеттердің бірі. Оқытудың жаңаша құрылуының алғышарттары маман даярлаудың біліктілік моделін қамтамасыз ететін – оқытуды демократияландыру , ізгілендіру, ізгіліктендіру, ақпараттандыру, саралау, студенттің жеке тұлға ретінде жан-жақты дамуына баса мəн беру, проблемалық, бағдарламалық оқытуды жетілдіріп, оқыту үдерісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, оны білім беруде кең қолдану жəне оқытудың нəтижелілігі. Білім беру жүйесінің кредиттік технологияға көшуінің басты мақсаты – «Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларын халықаралық тану, білім беру ұйымдарының білім алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру жəне білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету» [1]. Білім берудің осы моделіне сəйкес оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері: оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу, білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту, оқытудың интерактивті əдістерін пайдалану, оқу үдерісін қағазды жəне электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу жəне əдістемелік материалдармен қамтамасыз ету, білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді əдістерін қолдану [1]. Оқытудың кредиттік жүйесі жағадайында ЖОО-да маман даярлау жүйесінде білім мазмұнының қоғам дамуына, ұлттық танымға сəйкестігі мен ғылыми, өндірістің дамуы деңгейіне, сондай-ақ қоғамның қойып отырған жаңа талаптарына сəйкес құрылуы, ізгілік, гуманитарлық, демократияландыру бағыттары негізінде құрылуы, уəждемелік, оқу-танымдық əрекетін белсендіруді көздеу, жеке дара ерекшеліктерді ескеруге құрылған тұлғалық- бағдарлық оқытуға негіздеу, əлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылған көпдеңгейлік үздіксіз білім беру, ақпараттық білім алу мүмкіндігін кеңейту ескерілу керек. Пəндік білім беру жүйесі тұрғысынан жаңа теориялық тұжырымдардың енгізілуі, пəншілік, пəнаралық байланыстар арасындағы синтез, лингвистикалық біліктілігін арттыруға негізделуі, базалық білімнің теориялық, практикалық, кəсіби маңыздылығы, лингвистикалық білімнің теориялық ойлауды дамытуда маңыздылығы, практикалық бағытын жүзеге асыру, қатысымдық деңгейде құрылуы, сонда-ақ ікерлік дағдылар жүйесі тұрғысынан функционалдық-стильдік, қатысымдық негізде құрылуы, шындық өмір заңдылықтарымен, прагматикалық бағытта түзілуі, нəтижелік модельге құрылуы, білімді бақылаудың үздіксіздігі, əрекеттік негізде білім беру, жаттығулардың молдығы, кəсіби бағдар беру тұрғысынан болашақ кəсібімен байланыстыру, заман талаптарына сəйкес бəсекеге қабілетті маман даярлау, шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан танымдық белсенділік пен шығармашылық қабілетін арттыру, ақпараттық- мультимедиалық технологияны енгізу, өз бетімен жұмыс істеуге, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік беру, проблемаларды шешудегі өзіндік, шығармашылық қызметті қамтамасыз ету, педагогикалық үдерістің педагогикалық ынтымақтастықта жүзеге асырылатын интерактив əдістер негізіне құрылуға жағдай жасау мəселеріне баса мəн берілуі керек. Осыған орай ақпараттық кеңістікте өз бетінше білімін жетілдіру-ЖОО-ның басты міндеті. Қоғамды ақпараттандырудың басты міндеттерінің бірі — білім беру жүйесін ақпараттандыру. «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011- 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілгендей, «E-learning» — электронды оқытудың мақсаты — білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету [2]. Адамның технологиялық əрекеті негізінде адам факторының алға шығуына байланысты оқуда танымдық уəжді, қызығушылықты, серпінділікті, қарқындылықты қамтамасыз ету, оқыту үдерісін тұлғаның белсенді, шығармашылық, өзіндік оқу əрекетіне құру, кері байланыстың үздіксіз жүруі, сондай- ақ оқу нəтижелеріне жету, оқыту үдерісінің негізгі құрылымдық компоненттерінің өзара тығыз 138 байланыста жүзеге асуы, студенттің оқу əрекетінің субъектісі болуы, студент пен оқытушының арасындағы педагогикалық ынтымақтастығы, өзіндік, өзара бақылау, бағалау маңызды. Белсенді оқытуды тиімді ұйымдастырудың əдістемелік шарттары: 1. оқу мақсатын диагностикалық тұрғыдан дəл анықтау: білім, іскерлік, дағды, білікті үздік бағалау жүйесін жетілдіру: рейтингілік (мазмұндық, əрекеттік) тестілік жүйе, сөйлеу əрекетінің (тыңдалым, жазылым, оқылым, айтылым) түрлері бойынша бақылау; 2. тұрақты оқу уəждемесін қалыптастыру: оқу материалының қызықтығы, болашақ кəсібімен байланыстығы; 3. педагогикалық ынтымақтастық орнату – оқу субъектілерінің бір-біріне сенімділігі, өзара көмегі; 4. оқу тапсырмаларының студенттің ақыл-ой, танымдық белсенділігін арттыруға мол мүмкіндігі: проблемаға, пікірталасқа, эвристикаға, өзара жарысқа, мультимедиаға құрылуы; 5. даралық сипат алу: студенттің психологиялық жəне дара ерекшеліктерін ескеруге құрылған деңгейлік тапсырмалардың репродуктивтік деңгейден шығармашылық деңгейге көтерілуі, рефлексиялық басқаруға көшу; 6. үйлесімділік, ұжымдық бірлескен əрекетке құрылуы. 7. Интерактивті əдістерге (проблемалық, дебат, пікірталас, мультимедиа, кейс-стади, ми шабуылы, блиц-турнир, дөңгелек үстел, пресс-конференция, іскери, рөлдік дидактикалық ойындар, жоба қорғау, т.б.) басымдық беру. Аталған əдістер ішінде мультимедиалық əдісті жүзеге асырудың түрі- ақпараттық технологияны қолдану. Бұл мəселе білімді ақпараттандырумен тығыз байланысты. Білім беруді ақпараттандыру мақсаты — оқыту жүйесін жаңаша сапаға құруға бағыттау. Қазіргі кезеңде білім беруде жаңа ақпараттық-комуникациялық технологияларды қолдану – білім сапасын көтеруді мақсат тұтқан заман талабынан туған қажеттілік. Ақпараттық ағындардың молдығы, мазмұнының тез жаңарып, толығып отыру заманында аз уақытта көлемді ақпаратты меңгеріп, оны жинақтап, игерудің, сақтаудың, өңдеудің амал-тəсілдерін игеру қажеттігі туады Білім беруді ақпараттандыру мақсатында қабылданған мемлекеттік бағдарламалар дүниежүзілік білім кеңістігіне енуге байланысты оқыту жүйесін жаңаша құруға, білім сапасын арттыруға бағытталған. Қазіргі кезеңде білім беруде ақпараттық-комуникациялық технологияның жаңа үлгілерін қолдану – білім сапасын көтеруді мақсат тұтқан заман талабынан туған қажеттілік. Білімді ақпараттандыру- оқыту мен тəрбиелеудің педагогикалық-психологиялық міндеттерін шешуге бағытталған замануи ақпараттық технологияларды білім саласында қолданудың əдіснамалық, практикалық қолданысын жəне оларды жүзеге асыруды оңтайлы жолдармен қамтамасыз ету үрдісі. Ақпараттық құзыреттілік мазмұны: компьютер, оның құрылымдық қосалқы құралдарын, қолдану тетігін, олардың атқаратын қызметін игеру; телекоммуникациялық құрылғылардың (компьютер, телефон, спутниктік байланыс) мазмұнын, атқаратын қызметін меңгеру; өз бетінше ақпаратты іздеп табу, іріктеу, қор жинақтау, өңдей білу дағдыларының қалыптасуы; ақпараттық технологияның негізі ақпараттың электронды тəсілі, түрі, жолы болғандықтан, телекоммуникациялық ақпарат алмасу жолдарын меңгеру (e-mail – құжаттармен электронды түрде байланыс жасау, чат – веб-серверде орналасқан «мəтіндік полотнода» екі немесе бірнеше субъектінің нақты сол уақытта хабар алмасуы, веб-сабақтар веб-квестер, веб-форум веб-конференциялар — таңдауға байланысты асинхронды түрде, яғни электрондық хабар алмасу, телеконференция, іздеу немесе синхронды түрде, яғни веб-форум, чат, дистанциялық олимпиадалар т.б. түрде өтеді); оқу құралы ретінде қолдана білу (тренинг, диагностика, бақылау, бағалау, MS Power Point бағдарламасы негізінде слайдтар жасау, т.б. ). ақпараттық кеңістікте тосын жағдайларда өз білімін қолдана білуге, өз жұмысын ұтымды ұйымдастырып, жоспарлау қабілеті. Интернет — ауқымы кең виртуалды орта, ақпарат алмасу құралы, оның адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асырудағы маңызы ерекше. Бірінішіден, адамдар арасындағы on-line режиміндегі синхронды, асинхронды байланысты (e-mail, чат, форум т.б.), екіншіден, танымдық, ойын-сауықтыруды (электронды газет-журнал, т .б. қажетті материалды іздеу, оқу, танысу, білу жəне əр түрлі ойындар ойнау т.б.) жүзеге асырады. • Интернеттің дидактикалық мақсаттары: ақпарат гипермəтін түрінде ғана емес, сондай-ақ анимациялар мен дыбыс, бейнежазбалар арқылы берілгендіктен, оларды мультимедиалық сабақтарда кең түрде пайдалану; • электронды кітапханалар мен электронды энциклопедиялар, электронды анықтағыштарды т.б. тіл үйренуде тиімді пайдалану; 139 • электронды сөздіктердің мүмкіндіктерін пайдалану; • порталдарда ұсынылған тіл үйренуші тұлғалар үшін виртуалды сабақтар кешенін пайдалану; • білімді диагностикалау, тексеру, бағалауда on-line режиміндегі тестерді орындау; • оқу материалына сəйкес қажетті ақпараттық сайттар қорының банкісін жасау; • пəндік Интернет олимпиадалар ұйымдастыру; • деректер қорын құру. Интернет желісіндегі электрондық ресурстар: электронды кітапханалар, он-лайн тест, Интернет олимпиада, Уикипедия ашық энциклопедиясы, электронды дəріс, электронды сөздік, электронды оқулық, он-лайн каталогі, грамматикалық анықтағыш, автор, он-лайн ашық сабақтары. Орыс тілді дəрісханада қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар үшін «Қазақ тілі жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін» сайты ашылып, оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды. 1-сурет. Оқу үрдісінде «Қазақ тілі жоғары оқу орындарының оқытушылары үшін» сайтының бастапқы беті. Сайтта қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде (екінші тіл ретінде) оқытып-үйретуге байланысты Стандарт, бағдарлама, оқулық, оқулықтар библиографиясы, тиімді əдістеме, мақалалар т.б. оқу материалдары жинақталған. Сондай-ақ сайтта білім беру сапасын арттыруға байланысты танымдық, білім беру сайттарының мазмұны ашылып, сілтеме жасалған. Олар : sozdık.kz орысша жəне қазақша-орысша он-лайн сөздігі, «КИО -Қазақстандық Интернет Олимпида» сайты оқушының интеллектуалдық қабілетін шыңдауға арналған алғашқы бірегей жоба. Осы жоба бойынша Қазақ тілінен Интернет, яғни он-лайн Олимпиадасына қатысу. Ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу үрдісінде тиімді қолданудың маңызды қырларының бірі-он-лайн тестерге даярлау. Осы тұрғыдан келгенде, «KazTest ENT», «Temakosan 2.0» сайтындағы қазақ тілінен берілген он-лайн тестер- білімді бағалаудың автоматтандырылған тиімді түрі. Интернет желісіндегі оқу-əдістемелік құралдардың тіл үйренушінің өз бетімен білімін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы орайда қазақ тілін өз бетінше игеруге арналған «Қазақ тілі» оқулығының авторы Елене Романенко ашқан «Қазақ тілі» сайтындағы «Грамматикалық анықтағыштың» мəні зор. Сондай-ақ «Iekcia» сайтының мұғалім білімін жетілдіруде тигізер пайдасы бар. «Он-лайн- каталог» сайты бойынша сатылымдағы кітаптар каталогін танысуға болады. «Ашық сабақтар» сайтындағы қазақ тілі, əдебиет, т.б. пəндер бойынша сабақ үлгілері –жас маман үшін құнды материал. Тақырыптық тірек сөздер: болашақ маман, кредиттік оқыту технологиясы, қазақ тілін оқыту, ақпараттық технология, интернет желісі. Зерттеу əдістері: озық педагогикалық тəжірибелерді талдау, жинақтау, сипаттау, жүйелеу. 140 Нəтижелері: Ақпараттық- коммуникациялық технологияны қолдану- Интернет ресурсын дидактикалық мақсатта тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Кредиттік оқыту жүйесінде қазақ тілін меңгеру студенттің өз бетімен жұмыс істейбілу дағдысын қалыптатсруға байланыстыү Осы тұрғыдан келгенде, оқу үрдісінде сайттарды іріктеп, өңдеп, оңтайлы етіп пайдаланудың тілді сапалы меңгерде маңызы зор болып табылдаы. Оқытушылар үшін білім беру сайтын ашып, қажетті оқу м-əдістемелік материалдармен толықтырып отыру өз нəтижесін берері сөзсіз. Қорытынды: Білім беруде ізгілендіру, ізгіліктендіру, демократияландыру ұстанымдарының қамтамасыз етілуі оқыту мазмұнын ақпараттандырумен тығыз байланысты, себебі əрбір болашақ маман өз мүмкіндігіне, даярлығына, білім деңгейіне сəйкес ақпарат , мəліметтер алып, оқу танымдық кеңістігін молайтып, қанағаттандыра алады, сондықтан ақпарат көзі компьтерлік- ақпараттық технология – студенттің оқу əрекетін тиімді басқаратын, өзіндік танымына еркіндік беретін, тұлғаның əрекетшілдік əдіснамасын жүзеге асыратын, тілді қарқынды түре меңгерудегі жаңа модельдегі, жаңа бағытты пəрменді оқу құралы. еу тілін дамытуда ақпараттық технологияны қолдану

Оставить комментарий

Загрузка...