Загрузка…

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЫҢ ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ

Ел басымыз Н.Назарбаев: «… жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе — білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани және әлеуметтік-адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», — деп бүгінгі маман қандай болуы керек соған орынды тоқталды [1]. Расында да бүгінде еңбек рыногы талапты білімге емес, маманның құзіреттілігіне қоятындықтан кәсіби білім беру стандарттары да құзіреттілік тілінде қалыптастырылуда. Құзіреттіліктің білім мен ғылым саласына енгізілуі маманнан теориялық білім қорын, оны қолдану біліктілігімен қоса көптеген зерттеу міндеттерін шешуді талап етеді. Құзіретті бағыт маманның білім мен іскерлікті меңгеруін ғана емес, оларды кешенді түрде қолдануын мегзейді. Сондықтан бүгінде болашақ педагогтың бойында кәсіби құзіреттіліктің барлық түрлерінің нышандары, алғы шарттары қалыптасуы қажет. Компетенцияны, оның қалыптасуын, Еуропаның алдында тұрған талаптарға (демократиялық ашық қоғамды сақтау, мультилингвизм, еңбек рыногындағы жаңа талаптар, кешенді ұйымдардың дамуы, экономикалық өзгерістер және т.б.) жауап ретінде Г.Халаж (G.Halasz) қарастырған. В.Хутхамер өзінің баяндамасында Еуропа Кеңесінде қабылданған «жас еуропалықтар білуге тиісті» 5 (бес) негізгі компетенцияларға тоқталады: Саяси және әлеуметтік компетенция, жауапкершілікті қабылдауға қабілеттілік, топ болып шешім қабылдауға қатысу, кикілжіңді күштеусіз шешу, демократиялық институттарды қолдауға және дамытуға қатысу. Көпмәдениетті қоғамдағы өмірмен (тіршілікпен) байланысты компетенциялар. Әр түрлі мәдениеттегі, тілдегі, діндегі адамдарға деген құрмет. Әлеуметтік тіршілік пен қызметке өте қажетті ауызша және жазбаша коммуникацияны игеруге байланысты компетенция. Оларды игермегендерге әлеуметтік оқшаулану қаупі бар. Қоғамдағы ақпараттандырылудың күшеюімен байланысты компетенция. Ақпаратық технологияларды меңгеру, олардың қолданысын түсіну. Өмір бойы білім алуға, оқуға қабілеттілік. Ғылыми айналымда түйінді компетенцияның 10 түрі жүйеге келтірілген: 1. Адамның өзіне тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас субъектісі ретінде қарау компетенциясы. 2. Адамның денсаулығын сақтау компетенциясы: салауатты өмір салты туралы білім және оны сақтау, темекі тарту, ішімдік ішу, нашақорлық, СПИД-тің қауіптілігі туралы білім; жеке бас гигиенасы және оны сақтау; адамның дене мәдениеті, өмір салтын таңдаудағы еркінділік пен жауапкершілік; 3. Әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы компетенция: тұрмыс тіршіліктегі құндылық, мәдени құндылықтар (сурет, әдебиет, өнер, музыка), ғылымдағы құндылықтар, өнеркәсіп; қоғамның және өз елінің мәдени дамуының тарихы, діндер; 4. Интеграциялық компетенция: білім құрылымы, білімді ситуациялық-адекватты белсендіру, кеңейту, жинақталған білімді қосымша жетілдіру; 5. Азаматтық компетенция: азаматтың құқығы мен міндеттері туралы білім және оны сақтау; еркіндік және жауапкершілік, өзіне сенімділік, азаматтық борыш; мемлекеттің рәміздері (ту, ән ұран, ел таңба) туралы білімі және мақтанышы; 315 6. Адамның өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту, жеке тұлғалық және пәндік рефлексия компетенттілігі: өмір мәні; кәсіби даму; тілдік және сөздік даму; ана тілі мәдениетін және шет тілін меңгеру. 2. Адаммен әлеуметтік сфераның әлеуметтік әрекеттесуіне қатысты компетенция:  әлеуметтік әрекеттестік компетенциясы: қоғаммен, қауымдастықпен, ұжыммен, отбасымен, құрбыларымен, серіктестерімен кикілжіңді болдырмау, ымыраластық, толеранттылық, өзгелердің нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, статусына, роліне қарамай қабылдау және оларға деген құрмет;  Қарым-қатынастағы компетенция: ауызша, жазбаша, диалог, монолог, мәтінді қабылдау; дәстүр, салт, этикет туралы білім және оларды сақтау: мәдениетті қарым-қатынас; іс жүргізу, бизнес-тіл; коммуникативті міндеттер. 3. Адамның іс-әрекетіне қатысты компетенциялар:  Танымдық іс-әрекет компетенциясы: танымдық міндеттерді қою және шешу, стандартты емес шешімдер, проблемалық ситуациялар – құру және шешу, продуктивті және репродуктивті таным, зерттеу; интеллектуалдық іс-әрекет;  Іс-әрекет компетенциясы: ойын, оқу, еңбек; іс-әрекет тәсілдері мен құралдары; жоспарлау, проектілеу, модельдеу, болжау, зерттеу іс-әрекеті, әр түрлі іс-әрекет түріне бағдар;  Ақпараттық технология компетенциялары: ақпаратпен құлақтандырылу, қайта қорыту, өңдеу (оқу, конспектілеу), массмедиялық, мультимедиялық технологиялар, компьютерлік сауаттылық; электронды және Интернеттік жүйе технологияларын меңгеру [2]. Осы компетенциялар адамның мінез-құлқында, іс-әрекетінде көріне отырып оның жеке тұлғалық сапалары мен қасиеттеріне айналады. Барлық компетенцилар жинақтала келе компетенттілікке айналады. С.И.Ожегов сөздігінде құзіреттілік қандай да бір саладан хабардарлық, жете білушілік [3]. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде құзіреттілік – белгілі бір саланы жетік білуші, өзінің білімі жағынан мәселені шешуге, ол жөнінде пікір айтуға құқы, уәкілдігі бар адам [4]. Құзіреттілік социумда ғана қалыптасатындықтан әлеуметтік болып табылады. Негізгі компетенциялар социумда адамға қалыпты тіршілікті қамтамасыз ететін жоғарыда берілген компетенциялар; Кәсіби және оқудағы құзіреттілік адамның кәсібі мен оқуы барысында қалыптасады және көрініс береді; Әлеуметтік (тар мағынада) құзіреттілік адамның қоғаммен, социуммен, басқа адамдармен өзара әрекетінде сипатталады. Белгілі бір аймақтағы құзіреттілік – осы аймақ көлеміндегі материалды білім мен қабілеттілікке сәйкес меңгеру және осы аймақтағы негіздемеге орай өзінің көзқарасын еркін білдіру мен әрекет ету. Әйтседе, болашақ маманның бойында кәсіби құзіреттілік түріне жатқызылатын этнопедагогикалық құзіреттілік белгілері болуы аса маңызды. Өйткені болашақ педагог этнос субъектісін дайындайды, қалыптастырады. Этнопедагогикалық құзіретті педагог:  маманның ұлттық тұрғыда ойлай алатын;  халық, туған жер, кіндік қаны тамған жер, ата-мекен, ата-жұрт, Отан деген ұғымдарды қамтитын ел ұғымын меңгерген;  халық бұқарасының тәжірибесін меңгерген, мемлекет, Отан, ұлт, халық, отбасы, ру, тайпа ұлыс туралы объективті көзқарасы бар, өзіндік ұлттық ерекшелігін бейнелей алатын;  халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылай алатын;  халықтың мәдениетінің, өнерінің, фольклорлық шығармалары мен ұлттық салт- дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік мән-мағынасын меңгеріп, оны өз өмірінде қолдану жолын білетін және т.б. маман. 316 Этнопедагогикалық құзіреттілікті анықтайтын қасиеттер: Ұлттық мінез — ұлттың барлық психикалық ерекшеліктерінің жиынтығы; әр ұлттың ішкі рухани дүниесінің негізгі бір компоненті, ол жеке адамның мінезі секілді, бірсыдырғы тұрлаулы және тұрақты сипат. Ұлттық сана – белгілі бір ұлт өкілі ретінде индивидтің өзі туралы салыстырмалы түрде тұрақты, ұғынылған және қайталанбайтын жүйе; ұлттан ұлтты айыратын, тарихи себептердің ықпалымен қалыптасқан субъективті құбылыс. Ұлттық өзіндік сана – ұлттық қоғамдық шындықты өзінше қабылдап, оны салт-дәстүр, ұлт тілі, ұлттық өнер арқылы білдіруі. Ұлттық намыс — өз ұлтының «Мен» дегізерлік қасиеттерін қызғыштай қорғайтын, ұлтты іргелі, жоғары деңгейге көтеруді аңсайтын да қолдайтын, ісімен де күшімен де ұлтық намыс туын көтеріп, қара басын керек болса мәңгілікке жолдайтын қарекет; ұлттық мінездің құрамдас бөлігі. Ұлттық намыс – ұлт өкілдерінің атамекенін, тілін, тегін, салт-дәстүрін ерекше қадірлеп, оның абыройын кір жуытпай, қызғыштай қоруы. Ұлттық дүниетаным – ұлттық болмыс көрінісі, саяси, адамгершілік, эстетикалық, діни наным-сенім, тәрбие, тарихи сана, басқа да дәстүрлі мәдени-рухани көзқарастар жүйесі; Ұлттық білім – білім мазмұнындағы ұлттық дүниетаным. Этнос туралы білім ол — ол ұлттық немесе этностық тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мәліметтер мен білімдер жиынтығы; кең мағынасында алғанда халық бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзқарастарының, идеяларының, мәдени ойлау жүйесінің, әдет- ғұрыптарының, дәстүрлерінің жиынтығы туралы көзқарас. Этностық мінез-құлық – ру, тайпа, этностық қауымдастағы адамдардың ішкі жан дүниесінің ортақ бітістері. Ол адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі мен ірі топтары болып саналатын этностың, ұлттың, халықтың тіршілігі мен әлеуметтік жағдайының тұтастығы арқылы танылады. Этностық мінез-құлық ерекшеліктері, әр этносқа тән мінез- құлық ерекшелігінің болуы және оған жергілікті географиялық-климаттық жағдайлардың әсер етуі заңды құбылыс. Мінез-құлық бітісі географиялық жағдаймен, шаруашылық кәсіппен, тұрмыс-тіршлікпен, салт-дәстүр нормаларымен байланысты қалыптасып жетіледі. Этностық мінез-құлық өзгермейтін құбылыс емес. Қазақ этносы мінезіне тән белгілер: ұлтжандылық, әдептілік, қанағатшылдық, балажандылық, ұстамдылық, шешендік, бауырмашылық, сабырлық, кішіпейілділік, намысшылдық, жомарттық, қанағатшылдық, қонақжайлылық, мейірімділік, саналылық, ізгілік, имандылық, қауымдастық. Айта кететініміз осы қазақ этносына тән белгілер педагогикалық іс- әрекетті атқаруға да өте қажет қасиет-сапалар. Этнопедагогикалық құзіреттілік қалыптастыру үшін, бірінші, жалпы моральдық нормалар мен ұсыныстардың әр түрлі ұлт әдет-ғұрыптарындағы түп-нұсқасын білу керек. Екіншіден, ұлттың адамгершілік жүйесі ерекшелігін көрсету қажет. Үшіншіден, теориялық аспектідегі жалпы адамзаттық және ұлттық адамгершіліктің байланысын қарастыруымыз қажет. Сонымен, этнопедагогикалық құзіреттілік дегеніміз — тұрмыс тіршіліктегі, мәдениет пен ғылымдағы құндылықтарды, қоғамның және өз елінің мәдени дамуының тарихын меңгергендікті айғақтайтын әлемдегі құндылық-мәнділік бағытындағы компетенциядан; дәстүр, салт, этикет туралы білім және оларды сақтаудан тұратын адаммен әлеуметтік сфераның әлеуметтік әрекеттесуіне қатысты компетенциядан, азаматтың құқығы мен міндеттері туралы білім және оны сақтау, еркіндік және жауапкершілік, өзіне сенімділік, азаматтық борыш, мемлекеттің рәміздері (ту, ән ұран, ел таңба) туралы білімі және мақтанышынан тұратын азаматтық компетенциядан және кәсіби дамудан, өмір мәнін және ана тілі мәдениетін меңгеруден тұратын адамның өзін- өзі жетілдіру, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту, жеке тұлғалық және пәндік рефлексия компетенияларынан тұратын күрделі құзіреттілік құрылымы. 317 Этнопедагогикалық түсініктер мен фактілерді жан-жақты меңгерген, халықтың көптеген ғасырлар бойы жинақтаған тарихи-мәдени құндылығын тасымалдауға теориялық және практикалық дайын, этнопедагогикалық және қазіргі педагогикалық теориядағы көзқарастарды біріктіре отырып оқушыларды тәрбиелей, білім бере және дамыта алатын педагог этнопедагогикалық құзіретті маман. Өз тәжірибесінде халықтың дәстүрлерін, отбасы дәстүрлерін, ауызекі шығармаларды, өнерін, халықтың тәрбиелік әдіс-тәсілдерін, ұлттық ойындарды және т.б. орынды қолдана алу іскерлігі қалыптасқан педагог этнопедагогикалық құзіретті маман. Демек, этнопедагогикалық құзіретті болашақ педагог этнопедагогикалық білімнің қажеттілігін педагогикалық әрекетті ұйымдастыру үшін, оқушылардың бойында ұлттық қасиеттерді қалыптастыру үшін сезінген адам, ұлттық құндылықтың мәнін толықтай түйсінген адам. Болашақ маманның этнопедагогикалық құзіреттілігі: ұлттық тәрбие, ұлттық әдебиет, ұлттық салт-дәстүрлер, жазу мәдениетіндегі этнопедагогикалық ойлар, ұлттық болмыс, діл, тіл, ұлттық мәдениет және өнер, ұлттық дүниетаным, ұлттық ойындар және т.б. арқылы қалыптасады. Бұл, бүгінгі болашақ педагогтың өзінің педагогикалық іс- әрекеттерінде этностың материалдық және рухани өмірінде көрініс тапқан халықтың тәрбие туралы көзқарастарын, этнопедагогиканы, этникалық қоғамды зерттейтін педагогиканы, жалпы мәдени тәрбиенің бір бөлігін құрайтын дәстүрлі педагогикалық мәдениетті тірек етуде мүмкіндіктері мол деген түсінік береді. Олай болса, қазіргі жаңа қоғамды жаһандандыру жағдайында болашақ педагогтың этнопедагогикалық құзіреттілігінің әлеуметтік-педагогикалық мәні өте жоғары мәселе.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar