Болгария мен Қазақстандағы cаяси PR –дың даму тарихы

Опубликовано Июль 13, 2016 by Damir

Рубрика Рефераты

 

Print this page

rate 1 звезда rate 2 звезда rate 3 звезда rate 4 звезда rate 5 звезда
Рейтинг: none, В среднем: 0 (0 голосов)

 

Саяси PR-дың дамуы мен қалыптасуы ұзақ уақытты талап ететін үдеріс екені белгілі. Паблик рилейшнз сән мен қызығушылық немесе еліктеушілік емес, белгілі бір әлеуметтік экономикалық қажеттіліктердің негізінде, әлемнің жаңа шапшаң дамып келе жатқан сұраныстарына жауап 199 № 3 (76) 2010 ретінде қалыптаса отырып, қандай да бір жаңа жағдайлар, өзгерістер пайда болған сайын тез арада, міндетті түрде оңтайлы шешімін табуға деген құлшыныспен пайда болған. Қазақстанда Public Relations, яғни қоғаммен байланыс деген атау біздің сөздік қорымызға тәуелсіздік жылдарында еніп, бүгінде кеңінен қолданылумен қатар арнайы мамандық ретінде оқытылып, қоғамдық-саяси, әлеуметтік, коммерциялық, бизнес сияқты әртүрлі салаларда қарқынды жұмыс жүргізе бастады. Жалпы PR түсінігіне әлем ғалымдары мен зерттеушілері әртүрлі анықтамалар бергенін білеміз. Айталық, Ұлыбританияның қоғаммен қатынас институтының құжаттарында: «Саяси PR дегеніміз мекемелер мен бұқара халық арасындағы түсіністік, жағымды қарым- қатынас жасау және оны қолдауға бағытталған нақты жоспар бойынша үзіліссіз жүргізілетін үрдіс», — деп анықтайды [1, 16]. Саяси PR-дың нақты бір мемлекетте дамуы туралы сөз қозғайтын болсақ, онда әлеуметтік институт және институционалдау белгілері байқалатын қоғаммен байланыс жайлы айтқанымыз дұрыс болады. Себебі аталған белгілердің бірі ретінде саяси PR қызметі PR базисті субъектісінің тиімді коммуникациялық ортасының болуы ғана емес, мамандықтың, атап айтқанда, білім беру құрылымдарының болуы, осыдан барып қоғаммен байланыстың ғылыми зерттеулері болуы қажет деген мәселе туындайды. Сондай-ақ саяси PR-дың институционалдандырудың белгілерінің бірі ретінде қоғаммен байланыс қауымдастықтарының нақты, қабылданған, белгіленген кодекстерге сай жұмыс жасауы мен өз қызметтерінің шеңберін кеңейтуін айтуға болады. Сондықтан саяси PR қоғамдастықтың қажеттіліктерін өтеу мақсатында жұмыс жасай отырып, легитимді әдіс тәсілдерді қолдану арқылы тиімді, ашық коммуникация орнату, белсенді қарым қатынас жасау, кері байланыс орнату қызметтерін атқарады. Осы аталған қоғаммен байланыстың қызмет түрлерін айта келе, бүгінгі күнде саяси PR-дың дамуы мен қалыптасуы жағынан алғанда салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып өзін көрсете білген Болгария Республикасындағы қоғаммен байланыстың тарихы турасында сөз қозғаймыз. PR мамандығы Болгарияда пайда болғанына екінші онжылдықтың жүзі болды, ал әлемдегі PR теориясының пайда болғанына екінші жүзжылдықтан да асып кетті. Қоғаммен байланыс барлық әлемде он тоғызыншы ғасырдың басында дами бастаса, социалистік елдерде PR мамандары ресми түрде тек он шақты жылдар бұрын жүйенің өзгеру жағдайында пайда болды,– деп 2001ж. Қоғаммен байланыс Еуропалық конфедерациясының бас хатшысы (CERP) Т. Барат атап өткен болатын. Т. Барат постсоциалистік елдердегі қоғамдық коммуникация саласындағы мынадай негізгі мәселелерді атап көрсетеді [2,4]: • Ескіформатты ойлау мен өмірлік ұстанымдар, менталитет және феодалдық қоғамға тән жүріс тұрыстық нормалар; • Мәнсіз коммуникационды стратегиялар. Бұл компаниялар арасындағы және бір ұйым ішіндегі мүдделердің, мақсаттардың, міндеттердің әртүрлілігінен байқалады. • PR қаржылық базасының әлсіздігі. Көп жағдайда қоғаммен байланыс шығындары жалпы маркетингтік мақсаттардың сметасымен бірге қарастырылады. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Болгариядағы қоғаммен байланыс қай салада болмасын дұрыс бағаланбады. Қоғаммен байланыс басқа да постсоциалистік елдердегідей көптеген қиындықтарға ұшырады, бұл саладағы этикалық нормалар болғанымен де, сақталмады. «Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, өмір сүруге құқығы бар мамандықтар дегеніміз — үнемі тәжірибеленіп отыратын, зерттелетін және соған сәйкес арнайы басылымы бар мамандықтар»–деп атап көрсеткен осы сала мамандарының бірі З. Райков [3, 25] . Осындай мақсаттар мен міндеттерді басты орынға қойып, PR-мамандарын оқыту, үйрету, арнайы курстар мен мамандықтарын ашуға деген қажеттіліктер туындайды. Енді осы елдегі қоғаммен байланыс саласындағы білім беру мәселелеріне тоқталып кетеміз. Ең алғаш рет арнайы PR курсы, 1989-1990 жж. Кл. Охридский атындағы София Университетіндегі журналистика факультетінде студенттерге әлеуметтанушы, доцент Здравко Райков дәріс оқылған болатын. Осы кезден бастап қоғаммен байланысқа деген ашық қажеттіліктер мен сұраныс туындай бастады. 1991 ж. Жаңа Болгар университетінде «Бұқаралық коммуникация» департаменті ашылып, Софияда эксперимент түрінде үшжылдық PR мамандығы ашылды, оны аяқтаған студенттер «маман» біліктілігін иеленетін болды. 1992 ж. осы университетте PR мамандығы студенттерінің ұйымдастыруымен «Прайм Ейджънси» атты бірінші жеке меншік болгарлық PR агенттігі ашылды. 1992 ж. София техникалық университетінде «қоғаммен байланыс» мамандығын оқытатын еркін факультет ашылған болатын, онда «қоғаммен байланыс» мамандығын 5 семестрден тұратын 200 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы факультативті оқыту түрі белгіленген. «Қоғаммен байланыс» мамандығына толық көңіл бөліп, даму процесі Кл. Охридски атындағы София Университетіне 1993 ж. ЮНЕСКО эксперті, маман Чарлз ван дер Стратен мен Роджър Хейз келіп, кафедралар ашуы үлкен қадам болды. Осы арқылы бұрынғы социалистік елдер Болгария, Украина, Ресей Федерациясы елдерінің барлығында кафедралар мен мамандықтар, курстар ашылып, алғашқы қадамдарын жасаған болатын. Бұл қоғаммен байланыс саласындағы алғашқы болғанмен де, нық және үлкен жетістікке қол жеткізгендей еді. Осындай алғышарттар негізінде Болгариядағы PR саласындағы білім беру мәселесі алға қойылды. Сондықтан да біз Болгариядағы ЖОО-дағы PR саласындағы білім беруде даму мен қалыптасуды басты екі кезеңге бөлеміз: 1) 1989-1995 жылдар 2) 1996-2000 жылдар. 1989–1990 жж. З.Райков журналистка және бұқаралық коммуникация факультетінде паблик рилейшнз арнайы курсын ұсынады. Курс бірден студенттердің назарын өзіне аударады. 1992–1993 жж. журналистка және бұқаралық коммуникация факультетінде қоғамдық коммуникация, паблик рилейшнз және жарнама жеке пән ретінде қалыптаса бастады. Бұл оның екітіліп, әрі қарай дамуына профессор, д-р В. Кунчев, доцент, д-р Х. Кафтанджиев, доцент, д-р Т. Петев, доцент, д-р П. Деянов и д-р Р. Маринов сынды мамандар жұмыс жасаған болатын. 1994 жылдан «Қоғамдық коммуникация» мамандығына қабылдау жүргізіле бастады. Оқу жоспары АҚШ пен Еуропа елдерінің ұсынған оқу стандарттарына негізделе отырып жасалған болатын. 1994 ж. ЮНЕСКО бас директоры Ф. Майор мен София Университетінің ректоры профессор, доктор И. Лилов пен журналистика факультетінде ЮНЕСКО-ның «Коммуникация және қоғаммен байланыс», кафедрасы ашылып, оны доцент, д-р Петев басқарған болатын. Белгілі PR мамандары да студенттерге өз курстарын ұсына бастады, профессор, д-р Р. уркарт (Вена университеті), профессор, д-р Г. Бентеле (Лейпциг университеті), профессор Я. Летонен (Юваскюла университеті, Финляндия), профессор Т. Мийхан (Глазго Университеті) және басқалары. Келесі жылдары «Қоғаммен байланыс» Варна «Черноризец Храбрый» еркін университетінде ашылды. PR курстары бүгінгі күнде барлық болгарлық университеттерде оқытылады. «Қоғаммен байланыс» мамандығы Болгария Республикасы жоғары оқу орындарының білім беру біліктілік дәрежелерінің мемлекеттік регистріне енгізілді. Осыған сәйкес қоғаммен байланыс бакалавры және магистрі академиялық дәрежелері беріле бастады. PR бағдарламасы бойынша халықаралық кәсіби байланыстар кеңейе түсті, мәселен, 1997 ж. EURUPREA, IPRA сияқты басқа да халықаралық ұйымдармен байланыстар орнатылды. PR популяризациясына елдің әртүрлі аймақтарында ұйымдастырылған семинарлар, жазғы мектептер, тренингтер әсер еткен болатын. Бұл жерде доктор Р. Маринов, З. Райков, профессор, д-р Е. Сотированың, доцент, докторра М. Петров, доцент, доктоа П. Деянов сияқты мамандардың атқарған қызметін айтып өтуге болады. 1999 ж. PR мәселелеріне көңіл бөлген «Паблик рилейшнзтің еуропалық тенденциялары» атты жазғы мектеп болды. Бұл шараға IPRA президенті П. А. Эрво қатысқан болатын. Осыдан ақ бұл шараның қаншалықты маңызы мен деңгейін көруге болады. Олар көбінесе саяси, дағдарыстық және мемлекеттік органдардағы қоғаммен байланысына ерекше көңіл бөлді. 90-шы жылдардың ортасынан осы саланың мерзімдік басылымдары дами бастады. 1995ж. бірінші болгарлық кәсіби журнал «Пъблик рилейшънс және жарнама» басылып шықты. Журналдың басып шығарушылары – Г. Калагларски және З. Райков (бас редактор) болды. Онда оқырман қауымға мазмұнды, ғылыми дәлелді, кәсіби білімді дамытуға арналған кеңестер үсчынылған болатын. Журналда медиажоспарлау, коммуникативті стратегиялар, имиджмейкерлік, саяси маркетинг, жарнама мен паблик рилейшнзтегі технологиялар, қоғамдық пікірдің қалыптасу мәселелері қарастырылды [4,40]. 1998 ж. «Пъблик рилейшънс және жарнама» журналы «Обществена комуникация» деген жаңа атпен шыға бастады. 1995 – 1997 жж. «Връзки с общественотта» («Қоғаммен байланыс») атты журнал басылған, оның бас редакторы доктор Т. Дронзина болды. Ол шығарылған уақытта ғызықты мақалалар саяси және бизнес-коммуникациялар мен басқа да материалдар жазылған. 1991- 2001 жж. аралығында Болгарияда PR-қызметтерін ұсынған 260 компания тіркелген болатын. Жеке нарықтағы қоғаммен байланыс саласы қызметінің негізгі бағыттары: БАҚпен қарым қатынас, корпоративті, саяси, дағдарыстық PR болып табылады. 201 № 3 (76) 2010 Коммуникациялық ортаның өзгеру себептері тек саясатқа ғана байланысты емес, ол экономика, мәдениетке де тікелей байланысты болып келеді. Трансформация жағдайындағы қоғамда коммуникация саласындағы өзгеріс өте қажет болып табылады. Себебі екі жақты байланыс осыған байланысты жүзеге асатыны белгілі. Мәселен, Болгарияның ірі PR-агенттіктері кейінгі жылдары өз қызметтерінің сапасы мен диверсификациясы жағынан өте улкен өзгерістерге ұшырады. Оның басты көрінісінің бірі ретінде олардың әлемдік коммуникациялық топтар мен желілерге енуі болып табылады. Болгарияда қоғаммен байланыс саласындағы халықаралық деңгейдегі агентіктер мен компаниялар арасында Mmd CEE (Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі жетекші PR агенттік) өз жеке офисін ашқан. Ал бүгінде Болгариядағы саяси PR біршама дамып, әлемнің саяси PR нарығында өз орнын алуға тырысуда. Осының барлығына елде жүзеге асып отырған PR тәжірибесі мен ас ірі көлемді де жоғары деңгейлі ұйым «Болгариядағы қоғаммен байланыс қауымдастығы» (БДВО) дәлел бола алады. PR саласындағы зерттеушілердің айтуынша, Болгариядағы қоғаммен байланыс қауымдастығының дамуына сол қауымдастықта қызмет атқаратын кәсіби мамандар үлкен үлес қосты, онын ішінде қоғам мен билік, халық пен мемлекет арасында тығыз байланыс орнату арқылы да жетістіктерге жетті. Бұл ұйым басқа да елдердің PR мамандығын оқытудағы, саяси PR білімін, біліктілігін арттыру мен жетілдірудегі тәжірибесіне сүйене отырып негізін қалады, сондай-ақ PR мамандығының бүгінгі күнгі атына сай қалыптаса білді. Бұл жетістіктердің барлығы Болгария қоғаммен байланыс қауымдастығы мүшелерінің арқасында десе де болады. Болгария қоғаммен байланыс қауымдастығына әрбір адам мүше болуына хақысы бар, яғни кез келген PR-ға қызығушылық танытатын, PR-мен айналысатын адамның мүше болуына болады, бірақ ол адам міндетті түрде Болгариядағы қоғаммен байланыс қауымдастығы принциптерін, талаптары мен ережелерін орындап, оның алдыға қойған жоспарын жүзеге асыруға бірден-бір атсалысуы қажет. Осыған қарап-ақ біз бұл ұйымның ашық-жария, еркін екенін көріп отырмыз. Осындай мүмкіндіктер негізінде қоғаммен байланысты біршама дамыту алға қойылған. Қауымдастық арқылы барлық бұқара халықтың бірігіп қоғаммен байланысты дамытуы, қалыптастыруы мен үн қосуға жолы ашылады. Осыған ұқсас ұйым ретінде біздің елдегі PR-шы клубын, Ресейдегі Ресей қоғаммен байланыс Ассоциациясын (РАСО) айтуға болары еді. Осы аталып өткен қоғаммен байланыс ұйымдар саяси PR-мен айналыса отырып, қоғамның барлық саласындағы байланысты орнатуға ат салысып жүргені олардың атқарып жатқан қызметтерінен білеміз. Бірақ біздегі елдегі PR-шы клубы басқа да қауымдастықтар мен ұйымдар сияқты ашық- жария және қол жеткізерліктей ыңғайлы да емес, одан ақпарат алу, еліміздегі қоғаммен байланыс жайлы толық, жан жақты мағлұмат алу оңай емес. Мүмкін бұл жағдай елдегі PR-шы клубының ғана емес, жалпы елімізде аяққа енді тұрып келе жатқан PR-қызметі мен мамандығының өтпелі кезеңін бастан кешіріп отырғандығынан болар деп ойлаймыз. Болгария қоғаммен байланыс қауымдастығының (БҚБҚ) қалыптасып дамығаны соншалық, тіпті республикада оның аймақтық филиалдары да ашылған. Осы филиалдары арқылы тек ел астанасында ғана емес, Болгарияның барлық аймағындағы ұйымдарын, ондағы мүшелерін біріктіретін бейформалды құрылым болып табылады. Қысқа мерзім ішінде БҚБҚ он бір аймақтан Болгарияның Пловдив, Варна, Бургас, Русе, Стара Загора, Благоевград, Плевен, Добрич, Шумен, Търговище, Хасково сиқты басқа да қалалардан кәсіби мүшелері арқылы басқарып отырады. 2000 жылдың өзінде 350 мүшесі болған. Қоғаммен байланыстың бұл кәсіби ұйымы өз өкілдіктерін жан-жақтан ашуды 2005 жылдан бастап белсендендіре бастады. Келесі кезекте БҚБҚ-ның дамуы осы ұйымда қызмет атқаратын кәсіби мамандар көмегімен және халық сенімі негізінде қалыптаса бастағаны туралы айтылады. PR-дың кәсіби мамандануы мен қалыптасуы процесіндегі аса маңызды міндеті – PR мамндарының жоғары кәсібилігі. Оның ішінде маманның жалпы қалыптасқан қоғамдық принциптер мен жүріс-тұрыс нормаларын, сондай-ақ осы мамандықтың бекітілген моральдық кодексін бұлжытпай орындауы болып табылады. Болгарияда алғаш рет бірінші болып саяси PR саласындағы кәсіби ұйым–Болгария қоғаммен байланыс қауымдастығы ашылған болатын. Бұл ұйым ерікті түрде құрылған және экономикалық сипатта емес, оның ең басты қамтитын саласы саяси қоғаммен байланыс, маркетингтік коммуникация және жарнама саласымен байланысты мамандарды жинақтады, сондай-ақ осы сала бойынша оқу орындарында сабақ беретін теоретиктер мен тәжірибеде жұмыс жасайтын мамандарды өздеріне тартты. БҚБҚ–ның бірінші төрағасы болып доцент, доктор Тодор Петев тағайындалған болатын, 1998- 202 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 2001 жылдары Соня Алексиева, 2002 -2005 жылдары Нели Бенова-Димитрова болса, 2006-2008 жылдары аралығында бұл лауазымды орынды Асен Асенов иеленсе, бүгінде оның төрайымы Милена Атанасова сайланған болатын. Кәсіби маман Галин Бородиновтың жүргізген зерттеуі бойынша 1997 жылы қауымдастық мүшелерінің саны 70 адамнан тұрған. Оның 59 % әйелдерді құраса, ең жоғары жас ерекшелгі 31-40 жас аралығындағы адамдардан тұрады, 91% жоғары білімді, 22% адамда екі жоғары білімі бар, ал 13 % әртүрлі сала бойынша ғылым докторалары болып табылады. Гуманитарлы мамандық иелері 75% құрап отыр. Егер де кәсіби мамандығы жағынан қарастыратын болсақ, қызмет атқаратын адамдардың ішінде 24% журналистер, 13% жарнамашылар, 10% PR-тәжірибесіндегі мамандар, ал 13 % ешқандай тәжірибесіз келіп қызмет атқарған адамдардан тұрады, бұл студенттер мен жаңа бітірген түлектердің де үйренуіне жол берілетінін аңғартады. Сауалнама бойынша 24 % жоғары оқу орында сабақ береді немесе басқа да ғылыми құрылымдарда қызмет атқарады [5]. Осылайша дамып бастаған қауымдастық бүгінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Қауымдастық халықаралық ынтымақтастық орнату саласында да біраз жетістерге жеткен, мәселен ЮНЕСКО-ның «Комуникация және қоғаммен байланыс» кафедрасымен, «Св. Климент Охридски» София Университетімен, Жаңа Болгар университетімен тығыз байланыс орнатып, «Реклама-Экспо» көрмелеріне де қатысып отырады. 2001 жылы PR саласындағы ең жоғары марапатты жеңіп алады, алдағы 2010 жылы байқаудың 10 жылдығына орай да қоғаммен байланыс саласындағы байқаулар мен іс-шаралар ұйымдастырылмақ. 2006 ж. бері БҚБҚ бастамасымен ең өзекті мәселелерге байланысты дөңгелек столдар, тәжірибелік PR шаралары, ұйымдастырлып отырады, елдегі барлық PR мамандары мен PR мекемелері этикалық норманы сақтау мәселесі бойынша сертификаттарды алған болатын. Себебі этикалық, моральдық нормаларды сақтау негізінде, әрбір маман, әрбір ұйым беделі мен мерейін ұстем етіп, атақ-даңқын асыра алатыны сөзсіз. Осы мәселеге біздің қазақстандық қоғаммен байланыс мамандары да басты назар аударатын болса, өзіндік ерекшелігі мен ұлттық, елдік, халықтық ерекшеліктерді ескере отырып және Болгарияның тәжірибесін ала отырып дамытқан жағдайда анағұрлым жемісті де сәтті болар еді. 2009 жылдан бастап жаңадан Болгар қоғаммен байланыс конфедерациясы (БҚБК) құрылған болатын, ол негізінен алғанда 3 ұйымды біріктіреді, ол — Болгария қоғаммен байланыс қауымдастығы (БҚБҚ), имиджмейкерлер мен РR саласындағы мамандарының Асоциациясы (ИМАГИНЕС) және Болгарлық комуникация бойынша академиялық асоциация (БААК) ұйымдардан тұрады. Болгария қоғаммен байланыс қауымдастығының (БҚБҚ) алға қойған миссиясы [6]: • PR тәжірибешінің этикалық және жоғары кәсіби стандарттарын бекіту; • Еуропа және барлық әлемдегі бұқаралық коммуникация саласындағы білім беру, зерттеулер жүргізу және тәжірибелік тұрғысынан жетілдіру жағын популяризациялау; • әлеуметтік нарықтағы сұраныстарды және заманауи қоғамдағы қажеттіліктірді есепке ала отырып, оқу бағдарламалары мен біліктілік бағдарламаларын жасауға қатысу; • Шетелдермен ақпарат ағымы аясындағы тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады. Ал бұл ұйымның негізгі қызметтерін атап өтсек: • Болгарияның PR-мамандарын біріктіру, басын қосу; • Ұлттық және халықаралық деңгейдегі ұйымдармен, бірлестіктермен ынтымақтастық орнату, саяси PR тәжірибешінің этикалық және жоғары кәсіби стандарттарын бекіту; • Кәсіби мамандар мен академиялық ортамен, яғни білім беру саласындағы мамандармен, студенттермен тәжірибе жүзінде жұмыс жасайтын мамандар арасында байланыс орнату, қоғаммен байланыстың өзіндік жеке ғылым және пән ретінде, сондай-ақ қосымша тәжірибелік кәсіптік мамандық ретінде дамуына көмектесу, атсалысу мәселелерін қарастырады. Қазақстандағы қоғаммен байланыс жайында сөз еткенде, ең басты ерекшелігі ретінде оның әлсіз зерттелуі мен мамандар арасындағы ортақ пікірдің жоқтығын айтуға болады. Қоғаммен байланыс нарығының қалыптасудың басты себептерінің бірі-демократиялық негіздерінің жариялануы, адамның құқықтары мен сөз бостандығына кепілдіктің берілуі, нарықтық қатынастардың дамуы, бәсекелестік, ашық қоғамның орын алуы. PR-қызмет нарығының басты қозғаушы күші — нарықтық экономика, ал бұқаралық баспасөздің дамуы, ақпаратты қатаң бақылау тәртіптерінің жойылуы, саяси тәртіптерінің өзгеруі өмірге жаңа үрдістерді әкелді. Бәсекелестік ортада өзінің тауарлары мен қызметтерін ұсынған кәсіпорын немесе мекеменің нарықтың белгілі бір үлесін ұстап қалу үшін, халық арасында қошемет пен жоғарғы беделге ие болу керектігі белгілі. Бұл 203 № 3 (76) 2010 саяси PR деп аталатын ақпараттық ағымдарды басқару технологиясы арқылы мүмкін болады. Жарнама саласындағы жаңашылдықтар, медиатехнологиялар, сапасы жағынан әлдеқайда күшті болатын жаңа тауарлардың нарыққа келуі бизнес иегерлерінің бұқараның назарынан тысқары қалмауға күш салуға итермелейді. Зерттеуде отандық PR -қызмет нарығының қалыптасу кезеңдерін атап өтеміз. Жалпы алғанда, PR -нарығының қалыптасу уақытын үш кезеңге бөлуге болады. Ендігі кезекте осы қоғаммен байланыс дамуындағы кезеңдерге тоқталып өтсек, онда шартты түрде былай деп бөлуге болады: Бірінші кезең — отандық PR -нарығының пайда болуы (1991-1995 жж. арасы). Мемлекеттік құрылымдарда баспасөз орталықтарының ашылуы, кәсіпкерлік іс-әрекеттің дамуы бірінші отандық PR-фирмаларының ашылуына әкелді. Бұл ұйымдар қарапайым PR-қызметтерді ұсынып, қоғаммен байланыс әрекетін жарнамалық қызметпен бірге дамытады. Бұл кезеңді институционалдық кезең деп айтуға болады. Яғни PR институтының алғашқы белгілерінің көріне бастауы, қоғам мен бұл институт арасындағы кәсіби орта және қарым-қатынастың бірте-бірте пайда болуы. Мысалы, 1994 ж. Қазақстан баспасөз клубының, ал 1995 ж. «PR & Ргоmоtіоn Сеntral Аsіа» агенттігінің құрылуын айтуға болады. Экономикалық реформалар тоғысында көптеген ұйымдар қоғаммен байланыс қызметтерін қажетсінеді. Жас қазақстандық ақпарат саласы саяси-ақпараттық технологияларды өз қызметіне енгізе бастады, сондықтан негізінен белсенді түрде жарнама құралдары қолданылады. Қоғаммен байланыс қызметтерін ұсынған ұйымдар тұсаукесер рәсімдерін, баспасөз мәжілістерін өткізіп, БАҚ-пен қарым-қатынас орнатып, PR -технологиялардың әдіс-тәсілдерін пайдалана бастайды. Ұйымдар мен мекемелерде жарнамалық және PR-қызметтерін үйлестіру арқылы танымалдықтарын арттыра бастайды. «Таза» пиармендер немесе PR-технологтар негізінен шетел PR -агенттіктердің қазақстандық өкілдіктерінде ғана немесе шетел кәсіпорындар мен корпорациялардың бұқарамен байланыс, маркетинг немесе жарнама бөлімдерінде болған. Олар алғашында тек PR саласындағы кеңес беру, БАҚ-қа мониторинг жүргізу, жарнамалық кампанияларды ұйымдастыру, радио, теледидар, мерзімді басылымдармен байланыс орнату, фирмалық стильді әзірлеу, патент мәселелерін шешу, журналистерді аккредитациялау, фирма және жоғарғы топ менеджерлерінің имиджын құру мәселелерімен айналысқан. Екінші кезең — өсу және орнығу кезеңі (1996-2000 жж.). Қазақстанның PR-агенттіктері шетелдік тәжірибені игеріп, сол білімді отандық жағдайларға бейімдеп, кешенді PR -шаралар мен ақпараттық кампанияларды өткізе бастайды. Әсіресе саяси консалтинг белсенді дамып, ресейлік пиар-технологтарының семинарлары мен шеберлік курстары жиі кездесетін болды. Аталмыш кезең институционализация субьектілерінің құрылуы, бұқарамен байланыстың дамуын анықтайтын жеке ұйымдардың қанат жаюымен сипатталады. Осы уақытта заң-құқықтық негіздері құрылып, PR және жарнама әрекетін реттейтін заңдар мен заңнамалық актілер қабылданды. 2003ж. қабылданған ҚР «Жарнама туралы» Заңы, 1999 ж. ҚР «БАҚ туралы» Заңы, ҚР «Тауар таңбалары және тауар шығарлған жерлердің атаулары туралы» Заңы, ҚР «Патент туралы» Заңы, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996), «Авторлық қүқық жэне аралас құқықтар туралы», «Ақпараттандыру туралы» Заңдар PR саласының құқықтық және этикалық талаптарға сай әрекет етуіне тікелей әсер етті. Бұл жылдары Қазақстанда жаңа кәсіби PR -агенттіктер құрылады, атап айтсақ, 1995 ж. «Ренессанс» коммуникативті менеджмент агенттігі, 1997 ж. «PR-manegment» агенттігі пайда болады. Бұл уақыт ішінде олар көптеген компаниялар үшін қызмет етіп, ауыл шаруашылық, өндіріс, заң жэне жарнама саласындағы ұйымдар үшін жан-жақты PR кеңес беріп, имидж бен абырой-беделді қолдауға көмек көрсетті. Мұндай жағдайлар PR-нарығының бірте-бірте өсіп келе жатқанын көрсетеді. 1999 жылы Астана қаласында «PR -Орталық» атты PR және жарнама агенттігі «Центр Деловых инициатив» компаниясының құрамында жеке қызмет ретінде пайда болып, орталықтың әр түрлі жобаларына PR-қолдау көрсетіп, соның ішінде жан-жақты PR -бағытындағы қызметтер атқара бастады. Сол уақыт ішінде қазіргі заманғы PR және жарнама саласындағы бір топ кәсіби мамандар қалыптасты. Ал 2002 ж. бастап PR -департаменті орталықтың жеке дербес ұйымы ретінде құрылды. Бұл ұйымның атқаратын қызметтері сан алуан, атап айтсақ, жарнамалық кампаниялардың жоспарларын әзірлеу жэне жүзеге асыру, сайлау кампаниялар, саяси консалтинг, ақпараттық-сараптамалық зерттеулер, жарнаманың тиімділігін бағалау, тауар, қызмет, брендті жылжыту стратегиялары, дағдарыстық PR, мәдени, қоғамдық-саяси, спорт жэне 204 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы өзге де жобаларды ұйымдастыру, халықаралық көрмелерді рәсімдеу, идеологиясын әзірлеу болып табылады. «ЦДИ» компаниясының Қазақстанның барлық аймақтарында, сондай-ақ Беларусь, Ресей, Қытай (Үрімші), Өзбекстан, Түркменстан, Пәкістан, Түркия, Ауғанстан елдерінде өкілдік немесе серіктестік компаниялары жұмыс істеп келеді. «ЦДИ» компаниясының ұйымдастыруымен Қазақстанға Рим Папасының ресми сапары, Қазақстан халықтарының спартакиадасы, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту бағдарламасы, халықаралық, республикалық көрмелер, жәрмеңкелер, және басқа да ірі оқиғаларға кәсіби Центр Деловых инициатив -қолдау көрсетілді. Үшінші кезең 2001 жылдан басталады, PR дамуындағы сапалы үрдістерімен сипатталады. Бұған қалыптасып жатқан ақпараттық нарық пен өзгеріп жатқан бұқара санасы өз ықпалын тигізді. Қаржы пирамидаларының нәтижесінде пайда болған жарнамалық серпілістің сәл бәсеңдеуі, ПР- консалтингтік агенттіктер қаржы салымы мол саланың бірі болғандықтан сайлау капаниялар тәжірибесінің кеңеюі мен күрделенуі байқалған. Сапалы өзгеріске PR саласы бойынша бірқатар жоғарғы оқу орындарында «Қоғаммен байланыс» мамандығының ашылуын атап өтеміз. 2001 жылы ҚР Білім жэне Ғылым Министрлігінің білім беру тізімінде аталмыш мамандығының пайда болуы елдегі оң сапаның көрсеткіші болғаны айғақ. Бұл уақытта ПР-агентіктердің кәсіби желісі дамып, жаңа субьектілер пайда болды. Ерекшелік ретінде РК-компаниялар Алматы қаласында, яғни өңірлік қаржылық бизнес орталығында қарқынды дамып отыр. Бұл кезекте 2001 ж. құрылған Рrоmо Gгоuр сommunications, 2002 жылы ашылған «Репутация» комуникативті технологиялар Орталығы, басқа да агенттіктер корпоративті PR, басқарушы комуникацияларды қалыптастыру, имиджді түзету және әзірлеу, дағдарыстық PR, БАҚ-пен байланыс, саяси консалтинг, саяси, экономикалық, мәдени, спорт және өзгеде жобаларды жүзеге асыру, кешенді PR және ақпараттық қамсыздандыру, іс-шараларға ақпарттық қолдау көрсету, саяси кеңістікті талдау сияқты толыққанды қызметтер жүйесі ұсыныла бастады. Сөйтіп, Қазақстанның PR ұйымдары ірі коммерциялық және саяси жобаларды іске асыра бастайды. Дәлел ретінде Қазақстан баспасөз клубының ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, БҰҰ, ЮСАИД, Еуразия қоры, Дүние жүзілік банк, Фридрих Эберт атындағы Қор, Майкрософт, Еуразия қоры сияқты халықаралық және донорлық, трансұлтты корпорациялардың тапсырыстарын сәтті өткізеді. Аталмыш ұйым баспасөз мәжілістерін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде ұйымдастыруы елдегі PR кәсібилігінің өсуін айғақтайды. Қазақстанда қоғаммен байланыс институтының жеке әлеуметтік саяси мәнді қызметтері пайда болды. Бұған PR — әрекетін ағарту, жарнамалау және жылжыту қызметтері жатады. Жаңа мамандықтың әлеуметтік, экономикалық, мәдени, саяси рөлін, мәнін көрсету, оның ақпараттық қоғамды құрудағы үлесін ашық анықтау PR-зерттеушілердің алдында тұрған зор міндет болған еді, солардың бірі — қазақстандық PR-ң «туған күнін» атап өту. Соған қатысты 2003 жылдың 15 мамыр күні «PR -ң туған күнін» тойлау жөнінде шешім ұйғарылды. PR-күнін атап өтудің басты мақсаты елде қоғаммен байланыстың өркениетті нарығын дамыту, коммуникаторлардың әлемдік қауымдастығымен бірлесу, Қазақстанда бүл мамандықтың абырой- беделін көтеру және танымал ету болып табылады. Тұңғыш рет барлық PR -мамандардың кәсіби мерекесі ретінде тойланған бұл шаралар корпоративті кездесулер, семинарлар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер, сапарлар, қазақстандық PR нарығының әлеуетін көрсетуге арналған. Бұл кезекте жаңа PR -технологияларды ұғынуға, PR мамандар мен клиенттер арасында іскерлік байланыстар орнатуға, бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі. Ал бүгінгі күнде бізде әлі де болса қолға алынып, шешімін енді ғана тауып жатқаны белгілі. Мәселен, жақында ғана біздің ЕҰУ- де «Телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс» кафедрасы ашылып, енді мамандық мәселесі қолға алына бастады. Жақында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-мен Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс бағыты бойынша мамандар дайындау бойынша келісім орнатылды. Жоғары оқу орындары арасындағы өзара байланыс студенттермен, магистранттармен алмасу, оқытушылардың тәжірибеден өту дегенді білдіреді. Сондай-ақ ресейлік және шетелдік кәсіби электронды БАҚ қызметкерлерін дайындайтын Халықаралық телевизия және радиохабар тарату академиясымен келісім орнатылды [7]. Отандық саяси PR институтының, паблик рилишейшнз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, даярлау мазмұнның беделін түсіретін, сенімін жоятын бірқатар күрделі қиындықтар бар екені белгілі. Ол ең алдымен, PR саласындағы білім беру мәні мен мазмұнын бұрмалау, білімді оқытушылардың тапшылығы, PR пәні бойынша отандық әдебиеттердің аздығы, қазақ 205 № 3 (76) 2010 тілді оқулықтардың мүлдем болмауы, PR мамандығының халық арасында жат қылық, түсініксіз құбылыс ретінде қабылдануы сияқты мәселелер. Отандық ұйымдардың саяси PR қызметтері әлі де бірбеткейлі сипатқа ие болып отыр. Әрине, Қазақстандық саяси PR алдында көптеген шешілмеген мәселелер әлі де бар. Бірақ мамандықтың қайта осы жылдың сәуір айындағы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен мамандықтар классификаторына енгізілуі, бірқатар университиеттерде қоғаммен байланыс кафедраларының ашылуы, көптеген конференциялар мен семинарлардың жиі өткізілуі, Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастықтың (НАСО) қызмет етуі, 2008 жылдың 17-маусымында қабылданған Қазақстан Республикасы қоғаммен байланыс саласындағы кәсіби және этикалық принциптер кодексі сияқты іс шарараларға қарап, бұл саланың одан әрі дамып, өркен жаятынына деп сенеміз. Саяси қоғаммен байланыстың қалыптасуы оның басқа да түрлерінің дамуына жол ашады, саяси қоғаммен байланыс тек теория жүзінде ғана емес, елдің өмірінде елеулі орын алып саясатта да өз орнын табуда.

Оставить комментарий

Загрузка...