БОЛОН ҮДЕРІСІ – ЖАҺАНДАНУ ФОРМАСЫ

Болон декларациясына қол қойған кез-келген елдің білім беру жүйесі жаһандану жағдайында төл халқының тарихына, мәдениетіне және рухани өміріне, ана тіліне сүйіспеншілік пен құрмет қалыптастыратын ұлттық ерекшелікке тән. Басқаша айтсақ, дамыған елдердің білім беру жүйесі – өз халқының нағыз патриоттарын қалыптастыруға негізделген. Осыған байланысты біз дүниежүзілік білім сахнасына бір жағынан әлемдік өркениетті байытатын, екінші жағынан ұлттық білім беру моделін жетілдіруге жаңа көкжиек ашатын, өзімізге тән мәдени және рухани құндылықтармен енуіміз қажет. Білімнің ықпалдасуы түрлі мақсаттарды көздеуде: шетел студенттерін ақылы бөлім негізінде оқытуының қаржылық тұрғыда өсуі және диверсификациялануы; оқу бағдарламаларының кеңейуі, өз студенттерімізді шетелдік серіктес-оқу орындарында оқыту, білім сапасының артуы және мұғалімдер мен студенттердің халықаралық білім алмасу негізіндегі бірлескен зерттеулерінің нәтижелілігі. «Білім беру саласын модернизациялау білімнің базалық құрамдылығын сақтауға бағытталуы тиіс және оларды үздіксіз жаңартып, толықтырып отыру қажет. Ең тәуір білім беру жүйесі жақсы оқитын оқушы мен нашар оқушының арасындағы айырмашылықтың жоққа таяулығы болып саналады», — деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсеткендей, білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту, білім беру мзмұнын жаңа мәдени бағытта жаңарту қажеттігі туып отыр [1]. Дүние жүзінде білім берудің әр түрлі жүйесі мен түрі бар екені белгілі. Атап айтсақ, еуропалық, америкалық, жапондық, кеңестік (ресейлік) және т. б. Оларда мемлекеттік деңгейде білім берудің тиімділігінің, оның экономиканың дамуына оң әсер ететін ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қалыптасқан жүйесі бар. Дегенмен, ХХ ғасырдың соңында дүние жүзінде барлық салаларда ықпалдасу үдерісі кеңінен дамып келе жатқанын білеміз. Сондықтан халықаралық білім беру кеңістігін құру, әр түрлі елдің ұлттық білім беру жүйесінің заман талабына сай озық үлгілерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан жақындастыру арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесін құру қажеттігі туындады. № 1 (86) 2012 41 Осы тұрғыдан алғанда, жоғары білім жүйесін халықаралық деңгейде интеграциялау бағытындағы құнды шешім болып табылған 1997 жылғы Лиссобон конвенциясы. Қазақстан бұл құжатты басшылыққа алып, оқу жүйесіне ұтымды түрде пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Ал 1998 жылы Батыс Еуропаның 4 елі (Германия, Италия, Франция, Ұлыбритания) білім берудің жүйелері мен құрылымдарын сәйкестендіру жөнінде Сорбон декларациясын қабылдаған болса, 1999 жылы Еуропаның 30-ға жуық елінің білім беру өкілдері Болон декларациясына қол қойды. Бұл декларацияға сәйкес 2010 жылға дейін Еуропалық білім берудің бірыңғай жүйесіне көшу көзделген болатын. Отанымыздың білім беру жүйесіндегі ізденістері мен бастамалары әлемдік білім кеңістігіндегі ықпалдастықты арттыру мен сапаны көтеруге бағытталған. Білім беру нормаларын өзара мақұлдау жөніндегі Лиссабон конвенциясын, жоғары білім саласы мен құрылымындағы бірізділікке қатысты Сорбон декларациясын қолдап, белсенді араласуға талпыныс жасаған мемлекеттердің арасында Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси-экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл – білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында істеліп жатқан қадам. Европа мемлекеттері қолдап, бүгінде Ресей де қосылып ықылас білдіріп отырған Болон декларациясының негізгі қағидалары қандай, кредиттік технология деген не, оның қандай артықшылығы бар? Біріншіден, азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында және халықаралық бәсекелестік жағдайында Европа білімінің беделін көтеру үшін біртұтас білім мен ғылым мәртебесін қабылдау; Екіншіден, білімнің бакалавр, магистратура, PhD докторантураға негізделген үш сатысын бекіту; Үшіншіден, оқу процесін ұйымдастыру мен білім үлгерімінің қорытындысын бағалау бойынша еуропалық кредиттік жүйені енгізу; Төртіншіден, Еуропа елдері мен университеттері арасында профессорлар мен студенттердің тәжірибе алмасуын өрістету; Бесіншіден, оқу үрдісін Еуропалық сапа деңгейіне көтеру; Алтыншыдан, жоғары оқу орындарында халықаралық аттестаттау мен аккредиттеуді жандандыру. Болон үдерісінің қағидалары сонымен қатар білім бағдарламасының салыстырмалылығы мәселесін шешетін және академиялық ұтқырлықтың кеңеюіне көмектесетін сынақтың бірліктер жүйесін дайындау мен қолдануға мүмкіндік береді [2]. Болон үдерісі — жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпыеуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі [4]. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық — жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына сәйкес Болон декларациясына қосылу ерекше маңызға ие. Онда «Сапалы жоғары білім беру халықаралық талаптарға сәйкес болуы тиіс» деп нақты міндеттер көрсетілген. Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы шешімді 46 елдің өкілдері бірауыздан қолдады. Сөйтіп, Қазақстан Болон үдерісіне 47-ші қатысушы-ел болды. Алғашқы еуропалық университеттің отаны — Болонья қаласының құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж.) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық үдеріске 40 ел мүше болды. Мүше- мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон үдерісі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон үдерісінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, ұлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон үдерісі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресми заңдық тұрғыда Болон үдерісі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі «бакалавр-магистр» формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді. Болон үдерісі еуропалық жоғары білімге төңкеріс жасады десе де болады. Болон үдерісі 1970 жылдардан бастау алады. Сол жылдары еуропалық одақтың министрлер кеңесі білім саласындағы ынтымақтастыққа қол қойған болатын. Ал 1998 жылы Париждегі Сорбон университетінің 800 жылдығына жиналған Еуропа елдерінің білім министрлері құрлықтағы білім мен ғылымның әртүрлі жүйесі оның дамуына кедергі келтіреді деген шешімге келіп тарасты. Сол кездесуде «Сорбон декларациясы» жасалды. 1999 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы 42 жылы Италияның Болон қаласында 29 еуропалық елдің өкілдері бас қосып, «Болон декларациясын» қабылдады. Бұл үрдіске ТМД мемлекеттерінен Ресей 2003 жылы, Украина 2005 жылы енсе, 2010 жылы Будапештте Қазақстан да толыққанды мүше мемлекет ретінде таныстырылды. Орталық Азия мемлекеттері ішінде бірінші болып енуіміз үлкен жетістік болып табылады. Ресей Болон үдерісіне 2003 жылы еуропалық елдер білім министрлерінің Берлин кездесуінде қосылды. 2005 жылы Берлинде Болон декларациясына Украина білім министрі қол қойды. Енді 2010 жылы Будапештте Қазақстанның Болон декларациясына қосылуы туралы түпкілікті шешім қабылданды. Біздің еліміз – еуропалық білім кеңістігінің толыққанды мүшесі болып танылған алғашқы орта азиялық мемлекет [3]. Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасуы жөніндегі жұмыс бірнеше жылдардан бері жүргізіліп келеді. Айталық, 2007 жылы Университеттердің Ұлы хартиясы обсерваториясының Бас хатшысы доктор Андрис Барблан оқытудың несиелік технологиясы бойынша алғашқы халықаралық семинар өткізді. Сонда Қазақстан университеттерінің меморандумына (Тараз декларациясы) еліміздің 18 жоғары оқу орны қол қойған болатын. Тараз декларациясы Еуропалық Университеттердің ұлы хартиясының принциптерін ұстанады. Бұл құжат университеттердің қоғам өміріндегі рөлін арттыра түсуді көздейді. Болон үдерісі (Болондық қайта құрылулар) – жоғары білім министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003). Болон үдерісі – жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің бірыңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі. -Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату; -ұлттық білім жүйелерін жақындастыру; -жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көпдәрежелі жоғары білімді енгізу; -академиялық кредиттер жүйесін қабылдау; -білім сапасын бақылау; -студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту; -нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу — Болон үдерісі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады. Болон үдерісінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың наурызында Қазақстан Болон декларациясына қол қойды. Қазақстанның Болон үдерісіне қатысуының негізгі мақсаты болып – оның негізгі принциптерін жүзеге асыру арқылы Қазақстанның жоғары білімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру [4]. Болон үдерісіне енуде Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болады. Қазақстан өзіне алған міндеттемелері бойынша 2020 жылға дейін келесі іс-шаралар атқарылуы тиіс: «ашықтылықты» қамтамасыз ету, бір типті білім циклдерін кең ауқымды тарату арқасында барынша жоғары түрде салыстыру, бірыңғай білім несиелерінің жүйесін енгізу, алынып отырған біліктілікті арттыру мамандықтарының бекітілген қалыптарының бірдей болып келуі және екі жақтылығын қабылдау, мамандардың білім сапасын қамтамасыз ететін дамыған құрылымдарды құру және т.б. Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары білім жүйесінің Болон үдерісіне қатысушы мемлекеттердің білім жүйесіне барынша ұқсас, жақын болып келуі бойынша айтарлықтай үлкен жұмыс атқарылуда. Болон үдерісінің негізгі қағидаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда жоғары оқу орындарының қызметін реттеу және өткізліп жатқан реформалардың тиімділігін бағалаушы құрылым құру қажеттілігі туындады. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығының шеңберінде Болон үдерісінің институты құрылды. Институт миссиясы: Болон үдерісінің қағидаларын жүзеге асыра отырып Қазақстанның жоғары білім сапасын және бәсекеге қабілетілігін жоғарлату. Мақсаты: Болон үдерісінің негізгі қағидаларын Қазақстанның жоғары оқу орындарында енгізу мен тарату, Болон үдерісінің тиімділігін бақылау Институттың негізгі міндеті: — Болон үдерісiнiң қағидаларын iске асырудың шетел тәжiрибелерін талдау және оның Қазақстан болмыстарына бейiмделуі; — Болон үдерісiнiң қағидаларын iске асыруы бойынша Қазақстандағы шаралар жүйесiн құру; № 1 (86) 2012 43 — Қазақстандағы Болон үдерісінiң дамуы, халықаралық талаптарды есепке ала отырып, құрылымы мен мазмұнын өңдеу арқылы жоғары оқу орындарының қызметiн үйлестiру; — бiлiм бағдарламаларының үйлестіру әдiстемелерін құру; — қазақстандық және халықаралық еңбек нарығының қажеттіліктеріне және дублин дескрипторларына сәйкес көп деңгейлi бiлiм беретiн бағдарламаларын өңдеу бойынша кеңестер, семинарларды өткiзуі; — салыстырмалы жалпы еуропалық әдiстері мен бiлiм сапасының бағалау белгiсiн өңдеу; — сапалы бiлiм алу мүмкiндiгі туралы азаматтардың сенiмдi деректермен қамтамасыз ету; — жоғары бiлiмнiң сапасын айқындау бойынша ЖОО-ды және мүдделi ұйымдарды әдiстемелiк қамтамасыз ету; — жоғары оқу орындарының қызыметкерлерін жаңа бiлiм беретiн ортада жұмыс жасауға үйрету; — оқу процесіне және академиялық мойындау бойынша ECTS жүйесін енгізу мақсатында жоғары оқу орындарына кеңес беру және нормативтік құжаттаманы енгізу; — жалпы еуропалық стандарттарына сәйкес ұлттық мамандық шеңберін құрастыру мен оқу нәтижелерiн анықтауға арналған жұмыс берушiлермен өзара әрекеттесу бойынша жоғары оқу орындарана кеңес беру [5]. Тұтастай алғанда Болон үдерісі жолына қосылған университеттердің басты міндеті студенттерге білімді бүкіл өмір бойы жинақтау екендігін жеткізу болмақ. Бұл орайда Елбасы Н. Назарбаевтың «Кейбір мемлекеттік оқу орындарына айрықша мәртебе беру туралы» 2001 жылғы 5 шілдедегі Жарлығының маңызы зор болды. Бұл жарлықпен ұлттық университеттерге бұрынғыдан гөрі кең құқықтар берілді. Бұл жоғары оқу орындарының басшылары Президент Жарлығымен тағайындалатын болды. Мұның өзі сонымен қатар оқу орындарына жоғары жауапкершілік жүктейді. Қазақстанның дамуының жаңа кезеңі еліміздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру мақсаттарына бағдарланған. Соған сәйкес ұлттық білім моделі әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырылуы, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар даярлауды қамтамасыз етуі тиіс.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar