Загрузка…

БОЛОНДЫҚ ҮДЕРІС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ АҚШ-тың ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҚАҒИДАЛАРЫ

Отандық білім беру жүйесінің жаңаруы жағдайында әлемдік білім беру кеңістігіне ашық интеграцияға түсуі, шетел тәжірибесінің жағымды жақтарын сыни тұрғыдан қарастырып, ұлттық білім беру жүйесіне бейімдеп қолдануды қажет етеді. Қазақстан Республикасының әлемдік білім беру жүйесіне ену үдерісі Болон декларациясына қосылып, 2003 жылдан бастап еліміздің оқу орындарында және магистратурасында кредиттік оқыту жүйесіне ендірілуінен басталды. Қазақстанның Лиссабон Конвенциясына қол қоюы елімізді халықаралық бағдарламалар мен келісімдердің мүшесі етті. Болон процесіне қосылу ұлттық білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасауға әкелді. Бұл заң арқылы қазақстандық білім берудің жаңа мүмкіндіктері ашылды: — тұлғаларға өздері қалаған жерде білім алу мүмкіндігін беру; — кез келген ұлттық білім беру жүйесімен сәйкес келуі; — жоғары білім берудің формалары мен бағдарламаларының барлық түрлерінде қолдануы (күндізгі, кешкі, қашықтықтан оқыту, сырттай); — халықаралық сынақ ауысымын жасау мүмкіндігі; — дипломдардың жалпыеуропалық дипломдарға сәйкес келу [1]. Жоғары білім берудің жалпыеуропалық кеңістігін қалыптастыруға байланысты міндеттерді шешу Болон үдерісіне тікелей байланысты болып табылады. Болон үдерісіне қатысты еңбектерді, әр алуан пікірлерді талдау, келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді: жаһандану жағдайында Болон үдерісі–объективті қажеттілік және Еуроодақпен ықпалдастықтың нақты жолы, сондықтан, қоғамның маңызды бір жүйесі болып табылатын жоғары білім жүйесінің реформасы алдын -ала жан-жақты және терең түрде зерттеліп, жүйелі түрде, ғылыми негіздемеге сүйеніп, шетел тәжірибесін талдап, отандық білім берудің іргелі құндылықтарын сақтай отырып дайындалуы тиіс.Зерттеу барысында Болон үдерісі жайлы құжаттармен танысудан, оның еуропалық және ресейлік жоғары білім беру жүйесін түбегейлі өзгертуге ықпалы туралы еңбектерден оны қабылдауға объективті жағдайлар мен себептердің болғаны анықталды. Бұл елдердің ұлттық білім беру жүйелерінде түбегейлі өзгерістер жасауға жалпы әлемдік беталыстар мен Еуропадағы қалыптасқан жағдайлар себепкер болды. Еуропадағы жағдайларға байланысты білім беру саласындағы өзгерістердің жасалауына төрт түрлі себептер болды, олардың үшеуі білім беру саласы бойынша Еуропаның АҚШ-тан мына көрсеткіштер бойынша артта қалуына байланысты: жоғары білімі бар дайындалған мамандардың санының екі есе аздығы; елдегі шетелден келіп оқитын студенттердің саны 10 бойынша (АҚШ-та 500 мыңнан астам, ол барлық еуропалық елдерде оқитын шетел) студенттерінің санына артық, олардың оқуынан АҚШ-қа жылына 5-10млрд.доллар аралығында кіріс түседі, ғылымның дамуы, ғылыми потенциалды дамыту қарқындылығы және оның қаржыландыруы жағынан (ғылым эконoмиканы дамытудың маңызды факторы); төртіншісі еуроодаққа кірген елдердің өз потенциалдарын біртұтас экономикалық механизмге біріктіруге деген ұмтылысы. Ол үшін әр елдердегі білім жүйелерінің деңгейлерін жақындату, соның нәтижесінде Еуропа университетінің бітірушісі Еуропаның кез келген елінде жұмыс істей алатындай шаралар жасау қажет болды. Кредиттік оқыту жүйесін ендіру мен жетілдіруде жоғары білім беру саласында бәсекелестіктен табылатын АҚШ-тың болондық үдеріс жағдайындағы жоғары білім беру жүйесінің ерекшеліктері назар аудартады. Карнеги комиссиясының ұсынысы мен Гарвард, Стэндфорд, Йель университеттерінің жарғысы бойынша АҚШ жоғары білім беру жүйесінің мақсаты: білімнің дамуына ықпал ету; шығармашылық қабілеттері мен сыни тұрғыдан ойлауына әсер ете отырып жеке тұлғаның потенциалын дамыту; жаһандық шешімдер тәуелді болатын көшбасшыларды дайындау. Жоғарыдағы айтылғандар АҚШ жоғары білім беруінің ұлттық мақсаттарын анықтайды. АҚШ жоғары білім беруінің стратегиялық бағытының дамуы гуманизация, вариативті және элективті қағидаларына негізделген факультативті, таңдау еркіндігі, жекетұлғалық, бәсекелестік, икемділік пен стандарттар арқылы басқарылатын элективті- детерминанты тәсіл арқылы жүзеге асады [2]. Гуманизация қағидасы бойынша студенттің жеке тұлғасы басты рөлде болып, «оқытушы-студент» қатынасында, студенттің танымдық іс- әрекеті жетекші болады. АҚШ-та жоғары білім берудің гуманизация мәселелерінің өзекті болуына байланысты техникалық мамандықтарға гуманитарлық циклдағы, ал гуманитарлық бағытқа техникалық циклдағы пәндерді қарқынды енгізу қажеттілігін туғызды. Білім берудегі пәнаралық тәсіл білім алушыларда көзқарастарының кеңдігін, пәнаралық келіспеушілікте ақиқатты іздестіру, әртүрлі ғылымаралық саладағы қарама-қайшылықтарды шешуге, өндірістегі жағдайларды талдай білу, фундаменталды зерттеулер мен технологиялар өндірістің қажетілігі арасындағы байланыстарды, жаңалықтардың тиімділігі мен тәжірибеде қолдануға тәрбиелеуге бағытталған. Мұндай қағида білім алушының қоғам алдындағы мәселелерді тұжырымдау мен шешу ғана емес, ғылыми — техникалық рефолюцияның әлеуметтік зардаптарын алдын алуға мүмкіндік береді. Еркіндік қағидасы кредиттік жүйеде студенттің интеллектуалдық және қаржылық мүмкіндіктерін ескеруде; факультативтілікпен басқарылатын қағида оқу уақытының 30 % пайызын алатын факультативтік және таңдау бойынша курстарды меңгеруде; вариативтілік пен элективтілік қағидасы кең көлемде әртүрлі факультеттер, департаменттер, басқа ЖОО-дың факультативтік және таңдау бойынша курстардын меңгеруге; икемділік қағидасы оқытушы- кеңесші көмегімен құрастырылған жоғары білімнің тұтынушылары студент пен жұмыс берушінің спецификалық талаптарын қанағаттандыратын білім алушының жеке оқу бағдарламасы бойынша білім алуына мүмкіндік беруде көрініс табады. Білім алушының оқыту үрдісінде қазіргі және болашақтағы жоспарларына жауап бере алатын білім беру мазмұнын рационалды таңдау құқығы, сапалы жоғары білім алудағы жауапкерлігін арттырады. Неміс ғалымы Г. Хофштет бойынша АҚШ-тың ұлттық ерекшеліктері болып табылатын жекетұлғалық және бәсекелестік қағидасы маман дайындауда жағымды әсер етіп, білім беру сатысының келесі кезеңдеріне үздік студенттерді іріктеуге мүмкіндік береді. Американдық зерттеушілер Р. Петерсон мен В. Петерсон АҚШ-тың жоғары білім беруін бейнелейтін келесі негізгі қағидаларды айқындады: жалпыға ортақтық; демократиялық; үздіксіздік; икемділік; интеграция [3]. Жалпыға ортақтық халықтың білім берудің әртүрлі құрылымдары мен деңгейлеріне қатысу мүмкіндігі болып табылады. 11 Демократиялық қағидасы — білім алудағы тең құқықтық. АҚШ-та білім беру демократия қағидаларының негізінде: әйелдер мен ер адамдардың, мүгедектердің, этникалық аз құрамды халықтардың әлеуметтік теңдігін, мемлекет пен қоғамдық ортаның өміріне белсенді атсалысуды қамтамасыз ететін азаматтардың фундаменталды құқығы ретінде қарастырылады. Білім берудің негізі ретінде үздіксіздік қағидасы Дж. Дьюидің жұмыстарында қарастырылған.Дж. Дьюи, білім беру үрдісі білім алушылардың қазіргі білім алуын ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, оларда өмір бойы білім алу тәжірибесін жалғастыру қажеттіліктерін қалыптастыру керектігін басып айтты. Қазіргі кезде білім алудың үздіксіздік қағидасы нарық қоғамындағы бәсекелестіктен табылатын маман болудың бірден бір шартты ретінде қарастырылады [4]. Икемділік қағидасы білім алушылардың ақпараттық сұраныстары мен қажеттіліктеріне жауап бере алатын әртүрлі білім беру стратегияларын қолдану болып табылады. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары білім берудің мақсаты мен басым міндеттері; нақты елді мекеннің білім алудағы спецификалық қажеттіліктерінің ескеру; жекетұлғалық — білім алушылардың интеллектуалдық деңгейі мен мүмкіндіктеріне байланысты курсты меңгерудің мазмұнын,қарқынын, оқыту әдістерін модификациялау және т.б. мақсатты жүзеге асады. Интеграция қағидасы білім берудің индивидтің өмірлік тәжірибесі мен қоғамның байланысы, білім беру ұйымдарының шетелдің білім беру мекемелерімен тығыз байланыста болуда жүзеге асады. Қазіргі таңда, әлемдік білім беру жүйесінің интеграциялану проблемалары жоғары мектепте маңызды орынға ие болып отыр. Оның басты себептері, жаңа қоғамға тек қана мамандар қажет емес, ақпараттар ағымында бағдар жасай алатын, материалды, керекті білімдерді өңдей алатын, өзіндік дамуға, жетілдіре алатын нағыз кәсіптенген мамандар даярлаумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, Еуропамен салыстырғанда бірнеше онжылдықтар бойы тиімді жүзеге асып келе жатқан жоғар білім дипломының салыстырмалы қағидасын айтуға болады. Орта мектептен кейінгі көп сатылы білім беру құрылымы (бакалавриат, магистратура, докторантура) білім алушының жеке тұлғалық қабілеттерін ескере отырып білім алушының білім алу бағытын оперативті түзетуге мүмкіндік береді. Қорыта келе, АҚШ жоғары білім беруінің қарқынды дамуы гуманизация, вариативті және элективті қағидаларына негізделген факультативті, таңдау еркіндігі, жекетұлғалық, бәсекелестік, икемділік пен стандарттар арқылы басқарылатын элективті- детерминанты тәсіл арқылы жүзеге асатыны белгілі болды АҚШ — тың жоғары білім беру жүйесінің негізгі қағидаларын сараптау, жоғары білім беру жүйесінің болондық үдеріске байланысты модернизациялануы мемлекеттік білім беру саясатының әлеуметтік бағыттылығы бәсекеге қабілетті адамдық капитал жасау перспективасымен жүзеге асатынын айқындайды.

Comments

So empty here ... leave a comment!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Sidebar