Бостандық заңы

Бүгіндері беймаза жүректер нағыз бостандықтың не екенін іздеп шарқ ұруда, ол бостандықсыз әлемде ағылшын республикасы орнатыла алмайды. Нағыз бостандық адамның қорекпен қоса, өмір сүруге қажеттің бәрін алуынан, басқаша айтқанда, жерді пайдаланудан тұрады… Адам бір нәрсе үшін ғана – дейді Сүлеймен, – жерді және оның жемістерін алаңсыз пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін еңбек етеді (Экклезиаст, 2,24)… Үлкен жолдың бойындағы қарақшыдан бастап, таққа қонжиған корольге дейін бәр­бәрі бір­бірінен жерді қару күшімен болсын, алдап­сулап болсын тартып алуға тырыспай ма, өйткені олар өз бостандығы – молшылықта, құлдығы – кедейлікте екенін көріп­біліп жүр… Егер қорек тауып бере алмаса, адамға тәннің не керегі бар. Сондықтан адамның өз бауырының жерін тартып алуы – езгі мен құлдық, жерді алаңсыз пайдалану – нағыз бостандық.

Үкіметтің екі түрі бар: корольдік үкімет және республикалық үкімет. Корольдік үкімет жерді сатып алу мен сатудың алдамшы өнері арқылы басқарады да, соның салдарынан ол шайқас қайраткеріне айналады, оның қолы баршаға қарсы, баршаның қолы оған қарсы көтерілген… егер оның жұдырық құқығындай тірегі болмаса, ешқандай тәртіп те болмас еді, себебі ол халықты езіп­жаншып отырған жаулаушының тойымсыз менмен еркінің көрінісі ғана… Шынына келгенде, бұл үкіметті өзінің кіші бауырларынан жерді күшпен алып, оны күшпен ұстап тұрған үлкен жолдың бойындағы қарақшылар үкіметі деп дұп­дұрыс айта аламыз… Бұл корольдік басқарудың ұлы заң шығарушысы адам жүрегін жаулап алып, бауырлардың бірінің екіншісіндегі жерді түгел қолға түсіріп, соған емін­еркін қожайын болуға итермелейтін дүниеқоңыздық; бұл Абылды өлтірген Қабыл… Корольдік үкіметтің орнатылуы халықты ортақ бостандық жолынан ортақ құлдық жолына алдап түсіріп жіберген саяси қулыққа телінуге тиіс. Өйткені, жер баршаның ортақ игілігі болып тұрғанда, корольдік дүниеқоңыздық ешқашан өз билігін орнықтыра алмайды.

Республикалық үкімет жерді сатып алу мен сатусыз басқарады, нәтижесінде ол бейбітшілік қайраткеріне, бастапқы тыныштық пен бостандықты қалпына келтірушіге айналады. ол байларға, даналарға, күштілерге қандай қорек берсе, езілген дәрменсіз, қарапайым жандарға да сондай қорек береді. Егер бүл үкімет өзінің ныспысы секілді іс жүзінде де әділ болса, құлдық пен езіп­жаншу атаулыны түп­тамырымен құриды. Республикалық үкімет таққа орныққанда, оның алдында тирания немесе қанау құйрығын қысып кетеді. Егер нағыз республикалық бостандық жерді алаңсыз пайдаланудан тұратын болса, асқа жарамсыз тұз секілді бауырларды жер бетіндегі бостандығынан айыратын барлық заңдар мен ғұрыптар түп­тұқиянымен лақтырып тасталуға тиіс.

Заңдар өсіп шығатын екі тамыр бар. Бірінші тамыр ­ ортақ молшылық, мұнда әрбір адам өзгені бөліп­жармастан, өз қамын ойлағандай, оның да жағдайын ойлайды. Бұл – басқару дарағының тамыры, әділеттілік пен бейбітшілік заңы, тәжірибе негізінде ортақ молшылық үшін қажет барлық жекелеген заңдар осы дарақтың өркені мен бұтақтары. Адамзат баласы сан алуан болғандықтан, олардың арасында надандықтың ұлғаюы мүмкін, сондықтан осынау бастапқы заң әрбір адамның жетекшісі, көсемі болу үшін оның жүрегіне жазып қойылған, мұндайда егер бастықтың көзін дүниеқоңыздық пен менмендіктен шел қаптап, надандыққа бой алдырса, оған бағынышты адам оның жолдан тайғандығын айта алады.

Екінші тамыр – жеке молшылық: кейбір бастықтар қара басының пайдасын, жайлы тұрмысты, сый­сияпатты, байлықты, жер бетіндегі бостандықты іздеп, билік пен жер байлығына ие жандарға жарамсақтанады, олар бейбітшілік, бостандық, өзінің дәрменсіз ес жимаған бауырларының молшылығы жөнінде қам жемейді. Бұл – тирания мен әділетсіздік заңы дарағының тамыры. Және дүниеқоңыз үкімет бір бауырдың екіншісін қанауы үшін ойлап тапқан барлық жекелеген корольдік заңдар – адамдар үшін құлдық, көз жасы, мұң мен кедейлік солардан – солардың бәрі тирания дарағының өркені мен бұтақтары.

Читайте также:  Тіл лингвистикасы және сөйлеу лингвистикасы

Жаулап алушылар корольдер мен олардың тираниялық заңдары езіп­жаншып, жерді алаңсыз пайдаланудан шеттеткен барша адам тамақ пен киімге қажет нәрсенің бәрін емін­еркін себуге енді мүмкіндік алуы үшін парламент айрықша бастықтарды тағайындауға және республика жеріне алаңдамай тұқым себу туралы заңдар шығаруға тиіс. Заңдар жерде жұмыс істейтіндерге қорғаныш, жалқауларға жаза болуға тиіс. Бірақ біреу­міреу былайша сұрап қалуы да мүмкін: республикалық жер деп нені айтамын? Менің берер жауабым мынадай: жаулаушылар мен озбыр корольдер бұрын оның тұрғындарынан тартып алған, енді сол қанаушылардың қолынан Англияның қарапайым халқының жеке күш­жігері мен ақшасы арқылы оның қолына қайтарып берілген бүкіл жер республиканыкі. Өйткені бұл жер олардың қанымен суарылған. Олар және олардың ұрпақтары оған тумысынан құқықты және енді бостан республиканың заңдарымен ол қайтадан жеке адамдарға берілмеуге тиіс. атап айтқанда барлық монастырьлер жері республиканың жері, ол бұрын Англияның қарапайым адамдарының қанымен Папаның билігінен қайтарылып алынған болатын, бірақ корольдер халықтан сол жерлерге құқығын тартып алған­ды. Әрі қарай бұл – тәж бен епископтық қолында болған, патшалық құрған тирандардан жақында қайтарылып алынған, парктары, ормандары бар пайдаланылатын барлық жерлер, сол тирандар қарапайым адамдар сол жерлерді еркін пайдалана алмасын деп, олардың мойнына мырзалар мен ақылмандарды отырғызып қойған болатын. Әрі қарай, барлық қоғамдық және қоғамдық деп аталатын, кедейлердің де үлесі болуға тиіс бос жатқан жерлер. Бірақ ол жерлер үшін жалдау жұмысын талап еткен және кедейлердің үй салып алмауын немесе өздерінің рұқсатынсыз қоғамдық жерге тұқым сеппеуін қатты қадағалаған помещиктер ондай жерлерге қарапайым халықты жақындатпады. Қарапайым халық мырзаларға, дәл бір жаулап алушыларға төлегендей, жалдау ақысын, айыппұл, кіру ақшасын, алым төлеуге тиіс болды. Немесе осынау қоғамдық жерлерді бай ленлордтар ме фригольдерлер өзінің кіші бауырларынан тартып алып, ол жерлерге қой мен iріқарасын қаптатты. Сондықтан көп жерлерде кедей адам сыр да ұстай алмайтын, себебі оны шоп ұрлап қана .и ырай алатын…

Бұл құлдық емес пе, дейді халық, өйткені кейбіреулер өз бауырларынан қайыр сұрауға, күндік ақы үшін олардың ауыр да лас жұмысын істеуге, не аштан өлуге, не ұрлық істеуге, жолдан таюға мәжбүр болып, жер бетінде тұруға тиіс емес а мам секілді асып өлтіріліп жүр, ал Англияда жер қазіргіден он есе көп халықты асырап­бағуға жетеді… Бірақ сіз былай деуіңіз мүмкін: «Жер өз бауырларыңызға тиесілі емес пе? Өз үлесіңізді талап етіп, сіз басқаның құқығын құртуға тиіс емессіз». Ал мен бұған былайша жауап берем: «Жер – не жаратылу құқығымен, не жаулап алу құқығымен соныкі. Егер ол жерді менікі емес, жаулап алу құқығымен өзінікі деп санаса, онда бұл – не, корольдің қарапайым халықты жеңгендігінің жемісі, не қарапайым халықтың корольді жеңгендігінің жемісі. Егер ол корольдік жаулап алудың негізінде жерге таласса, мұндай корольдер талқандалып, аласталады, оның құқығы жойылады. Егер оның жерге құқығы қарапайым адамдардың корольді жеңгендігінен туындаса, онда менің де, өз бауырым секілді осы құқығым бар. Өйткені, бауырым менсіз, мен бауырымсыз корольді аластай алмас едік; тек екеуміз бірігіп қана, ақшаның күшімен және өз қайратымызбен бір­ бірімізге көмектесу арқылы жеңіске жеттік. Осылай қазіргі азат етілген жерге сол жеңістің пәрменімен, әділет заңының негізінде бауырыммен бірдей құқыққа иемін»…

Читайте также:  КОМПЛЕКСТЕ ЕСЕПТІҢ ОРЫНЫ

Бірақ бір адам екіншісінен байырақ болуға тиіс емес пе? Бұған ешқандай мұқтаждық жоқ, өйткені байлық адамдарды тәкаппар, паң етеді, өз бауырларын езгіге салуға итермелейді және соғыстың себебі болады. Бірде бір адам өз еңбегінсіз немесе оған көмектесетін өзгелердің еңбегінсіз бай бола алмайды. Егер жақындары қол үшін бермесе, ол ешқашан жылына жүздеген, мыңдаған пайда беретін дәулет жинай алмайды. Егер оның жұмысына өзгелер де көмектессе, бұл байлық оның өзі секілді, өзгелерге де тиесілі ғой; өйткені сол байлық оның өз еңбегі секілді, өзгелердің де еңбегінің жемісі. Бірақ барлық байлар өзінің емес, өзгенің еңбегі арқылы жақсы тұрмысқа жетіп, ішіп­ жейді, жарқырап киінеді. Бұл байлар үшін абырой емес, масқара, өйткені алғаннан гөрі берген неғұрлым сауапты іс. Ал байлар қолында бардың бәрін еңбекшілер қолымен тапқан, беретіні ­ өз қолымен тапқаны емес, басқалардың тапқанынан жырымшылап қана алған нәрсе. Демек, олардың жер бетіндегі тірлігі адал емес, арам…

Парламент қаналған халықтың тумысынан берілген құқығын пайдалануына кедергі жасап келген және жасап отырған барлық ауыртпалықтың шынымен жойылуын қадағалап отыруға тиіс… Парламент сауда – күнәһар іс, сатушылар мен сатып алушылар – республика бостандығы мен тыныштығының дұшпаны деп жариялауға тиіс. Өйткені парламентті халық өзінің дәрменсіз жерінде көмектессін деп қажетіне қарай сайлады. Сондықтан да парламент халықтың бір бөлігін кедейшілікке ұшырататын немесе оны екінші бөлігіне құлдыққа салатын қауіпті байқаған бойда, халықты бұдан сақтандыруы керек. Өйткені ол – елдің көзі; бірақ халықты өздері жаңа ғана шыққан батпаққа қайта жетелейтін, сөйтіп оны құрдымға жетелейтін көздер шын соқыр. Егер күні туып, жер қанаушылардың билігі мен заңдарынан азаттық алса, парламент оның бостандығын күзетіп, өзінің келісімімен жердің сатылуына не сатып алынуына жол бермеуге тиіс, қайтадан бұлай етілсе ол құлдыққа тап болады. Жер мен оның жемістерін сату да, сатып алу да болмауға тиіс. Өйткені, король үкіметі тұсында сатып алу мен сату көмегімен алаяқтар аңқаулардың тумысынан біткен құқығын ұрлап алды, жерді басқаныкі емес, өзімдікі деп жариялап, сол арқылы бүгінде көптеген адамдар тап болған кедейшілік пен қайыршылықты туындатты. Және де ақылдылар ессіздерге, күштілер әлсіздерге көмектесуге тиіс болғанымен, ақылдылар мен күштілер әлсіздер мен қарапайымдарды ажалға итермелейді… Адалдық – қазына, бірақ соны ұстанатындар қайыршы боп өледі, деген мақал рас боп шықты. Неліктен солай? Себебі сатып алу мен сату алдаудың қорегі. Бұл – жаулап алушылардың заңы, кітап кеміргіштер мен екі жүзділердің әділеті. Сөйтіп, осынау алаяқтар әдетте жерді басқарушыларға айналып шыға келеді… Өйткені бастық, басқарушы болатындар ақылды кедей емес, әрқашан бай, өзі тартып алған жерге құқығын бекіту үшін өзгелерді өзі мен өз жолдастарына қарағанда кедейшілік, құлдық бұғауында ұстайтын алаяқ. Сондықтан бостан республикада сатып алу мен сату болмауға тиіс, ешкім де өз бауырын өзіне жұмыс істеуге жалдамауға тиіс. Жер әрбір отбасының еңбегімен өңделуі, оның жемісі жиналып, қоймалар мен албарларға тасып алынуы тиіс. Егер әлдекім немесе бір отбасы астыққа яки өзге де азық­түлікке мұқтаж болса, олар қоймаға барып, оз қажетін ақшасыз алатын болсын. Егер олар мініс атына зәру болса, жазда олар даладағы, қыста көпшілік атқорадағы қараушылар қолынан мініс атын алады; барар жеріне барып келгесін бір тиын да төлеместен, атты алған жеріне қайтып тапсырады. Егер әлдекім тамаққа немесе қорекке мұқтаж болса, дүкендегі қасаптан оз керегін ақшасыз алады немесе қой отарына, ірі қара табынына барып, сатып алмай­ақ отбасына керек малды тегін сойып алады, бірақ басқаға сатпайды. Барлық жер байлығы мына негізде ортақ мүлікке айналуы і и іс: жерді баптау және ондағы барлық жұмыс барлық отбасылардың ортақ еңбегімен, сатып алу­сатусыз атқарылады.

Читайте также:  7-ШІ ҚЫСҚЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ ТУРАЛЫ

Қала мен ауылдың бәрінде қоймалар тұрғызылып, оларға барлық жер өнімдері және ісмерлер қолынан өзге де заттар жеткізілуі керек, ол жерден жеке отбасы мен әр адамға қажетіне қарай өз керегі беріліп тұрады. Немесе біздің елде өндірілмейтін немесе өндіруді қаламайтын заттарға алмастыру үшін кемелерге тиеліп, басқа елдерге жөнелтіледі. Өйткені ел ішіндегі диқандар мен ісмерлердің бүкіл еңбегі және өзге елдермен барлық қатынас қоғамдық мүлік пайдасына жүргізілуге тиіс. Және де әрбір адам ортақ мүлікке жұмыс істейтіндіктен, олардың әрқайсысы қоймадағы азық­түлікті өзінің қанағаты мен бақытты өмірі үшін, сатып алу мен сатусыз, ештеңеден қысылмастан, емін­еркін пайдалана алады. Тамағы тоқ, киімі бүтін, басында баспанасы болса, өзі жақын­жуығының ортасында отырса, өмірін еңбекпен өткізген жанға бұдан басқа не керек? Рас, обыр, менмен, хайуан секілді адамдар көпті қалайды, ол нәрселер не көз алдында жатуы тиіс, не өзінің әздіктігімен әлгі заттарды бүлдіреді, ал бүл кезде өзге бауырлары осы дүниелердің жетіспеуінен қайыршылықта жүргенін елеп­ескермейді. Бірақ бостан республиканың заңдары мен адал бастықтары мұндай пақырлардың жөнсіз қылығын ауыздықтап отыруға тиіс… Әрбір адам оз жақынының үйін өзінікіндей санап, олармен бір отбасындай бірге тұруы қажет пе? Жоқ; жер мен қойма бардық отбасына ортақ болса да, әр отбасы қазірге дейінгідей бөлек тұруға тиіс; үй, әйел, балалар, үйдің сәнін келтіретін мүлік, оз отбасының қажетін өтеуге адам қоймадан не алса, соның бәрі – олардың бейбіт мақсатта қолдануы үшін осы отбасының жеке меншігін құрайды. Егер біреу­міреу өзгенің келісімінсіз оның әйелін, балаларын не үй мүлкін тартып алса, не үйінің шырқын бұзса, ол республикалық үкіметтің дұшпаны ретінде жазасын тартады. Обырлық пен менмендіктен өзге бұл бостандықтың жауы жоқ, шынына келгенде бостандық – біреу басқа жөнінде бірдеңе істемек болса, оны басқаның өзі жөнінде істеуіндей етіп атқаруды қалауы. Оның жауы өздерінің дұғаларында, құлшылық етуінде, ризашылығы мен ораза ұстауында өздерінен басқа адал ешкім жоқ секілді құдайға бар жақсы сөзін арнайтын адамдардың өшпенді де даукес екіжүзділігі болады. Ол­ол ма, олар өздері жатпай­тұрмай құлшылық ететін құдайды қастерлемейтін адамдар қауымынан ат­тонын ала қашып, оларды абақтыға тығып, өлім жазасына кеседі. Онда тұрған не бар! Құдай мен Христос біздің пікірімізбен келісетін адамдарға ғана емес, біздің пікірімізбен келіспейтін дұшпандарға да сүйіспеншілікті уағыздайтын мәңгілік заңды орнатты, бұл заң бойынша ішер асы мен киер киімі болса, адам соны қанағат тұтуы керек. Бұл сіздер үшін сынақ: сіздер оның заңдарын орындауда құдай мен Христке адал боласыз ба немесе олар тірілген кезде, нағыз бостандықтың, әділет пен бейбітшіліктің шаранасын құртып жібересіз бе? Сіз, бәлкім, енді түлкібұлаңға салынып, бізді Египетке қайтармақ боларсыздар, соныңыздың өзімен­ақ Христтың табаны жаншыған әзәзіл жыланның ұрығының бір бөлігі екеніңізді аңғартасыз. Немесе сіз арман қуған жүрегі таза бала екеніңізді, жаныштаған король билігін – әзәзілдің басын жұлып тастауға және жер бетінде мәңгілік әділет пен тыныштық орнатуға көмектесетін Христ денесінің мүшелері екеніңізді дәлелдерсіз.

Оставить комментарий