Құбылыстар деңгейлерінің дербес әдістемесі

Ғылымды жіктеудің қазіргі теориясының маңызы (атап айтқанда, Кент пен Спенсер жасап шығарған) дегеніміз — олардың Платон мен Аристотельден мұраға қалған ескі онтологиялық жіктеуден саналы түрде бас тартып, оны таза эмпирикалық пен ауыстыруға ұмтылыс жасау болды. Кентке сәйкес, органикалық емес, яғни физикалық ғылымдар барынша қарапайым және әмбебап құбылыстармен шұғылданады. Олардан кейінгі, физикалық ғылымдар зерттейтін құбылыстардың бар екенін болжайтын биологиялық ғылымдар барынша жекеше және күрделі. Ақырында бұлардан кейін органикалық ғылымдар зерттейтін мәліметтерді болжайтын әлеуметтік ғылымдар келеді. Осылайша Спенсер құбылыстардың үш деңгейі, атап айтқанда, органикалық емес, органикалық және шектен тыс органикалық (немесе әлеуметтік) арасында айырма жасады. Спенсер үшін шамадан тыс органикалық феномендер органикалық феномендердің әлеуметтік саладағы жалғасы ғана болды, демек, сондықтан да алғашқыларын шамадан тыс органикалық процестің әлдебір түріне қатыстырылған ағзалар (организмдер) туралы білім болмайынша тану мүмкін емес. Әдістемелік көзқарас тұрғысынан алғанда, ғылымдағы иерархиялық, эмпирикалық жіктеу біздерден «қажетті жағдай» мен «жеткілікті себеп» арасын ажыратуды талап етеді. Құбылыстардың төменгі деңгейі жоғарғы деңгейдің пайда болуының қажетті жағдайы болып табылады және мұның барлығына қарамастан жоғары деңгей төменнен «түсіндірілмейді» және содан шықты делінбейді. Тәжірибелік көзқарастан алғанда, жоғары деңгей феномендері олар төменгі жағдайлардан тәуелсіз «болған» жағдайда алдын­ала зерттеле алады, деңгейлер арасындағы қарым­қатынасқа синоптикалық көзқарасты осыдан кейін ғана білу мүмкін болады. Жоғарғы деңгей, онда екеуіне де тән ортақ элементтердің бар екеніне қарамастан, төменге саймайды. Дегенмен де жоғарғы деңгей эмпирикалық қызметтер мен күштерде, яғни шындықтың (нақтылықтың) төменде кездеспейтін өлшемдерінде көрінеді. Ғылымның даму деңгейіне қарай үздіксіздік қағидасы өз бойында екі ғылыми пәннің мәліметтерін және оларды зерттеу әдістерін үйлестіретін аралық пәндердің, мысалы, биохимия сияқты, жасалуына бастайды. Табиғи феномендер деңгейлерінің өзара байланыс тәуелділігі — олардың ешқайсысы да іс жүзінде төменгі деңгейлерге назар салмаса, барынша толық таныла алмайды деген соз. Бір­ бірімен мейілінше тығыз байланысты лары физикалық және химиялық құбылыстар; қазір тап осындай ажырамас байланыс биологиялық және биохимиялық процестерде бар екені белгілі болып отыр. Осылайша, психосоматикалық медицинаның даму деңгейіне қарай біздерге психикалық, мәдени және биологиялық құбылыстардың өзара тәуелділігі туралы коп нәрсе белгілі болады деп күтілуде. Бір деңгейді қарастыра отырып біздер, төменгі деңгейлерден шығарыла алмайтын белгілі бір мәліметтердің болатынына теориялық тұрғыдан жол бере аламыз. Әдістемелік инструмент (немесе методологиялық фикция) ретінде қарастырылып отырған ғылымның құбылыстарын, олар басқа деңгейлерге тәуелсіз болатын жағдайда зерттеу пайдалы. Әсіресе, бүл — арнайы зерттеу үшін жеке бөліп алуға болатын жеке объектілермен жұмыс істейтін физиктерге, химиктерге және биологтарға жеңіл түседі. Егер психологтар психологиялық феномендерді биологиялық процестерден ажыратқысы келсе, бұл мәселе күрделене түседі, өйткені, деректердің барлық жиынтығы да бір объектіге қатысты. Әлеуметтік мінез­құлық пен оның нәтижелерін зерттеумен айналысатын әлеуметтанушылар мен антропологтар да адамның нақты ағзасын (организмін) қарастырмайынша өз деректерін зерттей алмайды. Басқаша айтқанда, саяси, әлеуметтік және мәдени құбылыстар өз алдына тәуелсіз күн кеше алмайды және сондықтан да олар жеке онтологиялық деңгейлер жасайды және өз ­ өздігінен зерттеледі деуге болмайды. Көрсетіліп отырған феномендерді әдістемелік тұрғыдан дерексіз және уақытша олар тәуелді ағзалардан тәуелсіз деп есептеп, қарастырып көруге болады. Алғаш рет 1916 ж. жарияланған «Әлеуметтану және психология» мақаласында Риверс, түптің түбінде психологияда бар болмыспен қаншама байланысты болғанмен, әу бастан ­ақ дербес дами алатын әлеуметтану ғылымының тәуелсіздігін қорғады. Қоғамды зерттеудің түпкі мақсаты — психология категорияларындағы әлеуметтік мінез­құлықтың түсіндірілуі екендігіне сенімді бола отырып ол, әдіс тұрғысынан алғанда бұл екі пәнді ажырату керек деп тұжырымдайды, өйткені, осы ғылымдардың біреуінің есебін нағыз түсіндірме деп қабылдау қаупі бар. «Қазіргі кезде себеп пен салдарды ажырату қиын болғандықтан да, әрбір ғылым тәуелсіз пән бола қалған жағдайдағы кезіндегідей мүмкіндігінше оз жолымен жүруі керек». Ертеректе өзінің «Туыстық және әлеуметтік ұйымдасу» лекцияларында Риверс, өзінің этнологиялық ізденістері мысалға, қарабайыр қоғамдардағы қарым­қатынастардың әлеуметтік деректері оз кезінде Кребер есептегендей, лингвистика мен психологияның көмегімен емес, болып өткен әлеуметтік жағдайлармен түсіндірілуі қажет. Егер біз Кребердің «Шектен тыс органикалық» мақаласына қайта оралатын болсақ, мұндай онтологиялық дәйекті осындай, бірақ, мейлінше айқын байқалатын мәдениет ұғымына байланысты да көрер едік. Креберге сәйкес, «әлеуметтік» құбылыстар деңгейі «өзге бір жазықтықты», шындықтың (нақтылықтың) шұғыл, органикалық емес және органикалық деңгейлермен үш қайнаса сорпасы қосылмайтын жаңа деңгейін қажет етеді. Тарихи көзқарастан алғанда, былайша пайымдауға болады: Кребер өзінің туыс терминдерді психологиялық дәйектер мен тілдік дәстүрлер арқылы түсіндіруге ұмтылыстарына Риверс айтқан сынды қабыл алды жөне соған сәйкес, әлеуметтік феномендердің қатаң детерменизмін де мойындады. Осының бәрін еске алғанда, Риверс пен Кребердің ұстанымдарындағы айырма — біріншісінің, қанша дегенмен, әлеуметтік сала нақты мінез ­ құлықты (яғни процестер, сондай­ақ әлеуметтік өзара әрекеттесу өнімдері) қамтиды деп білген Спенсердің көзқарастарына адалдығына, ал, екіншісінің әлеуметтік құбылыстар саласын әлеуметтік өзара әрекеттесудің психикалық, мәдени өнімдерімен теңестіретініне байланысты болды. Культуралистік қатені «натуралистік қатенің» қарама қарсы бейнесі, яғни, мәдени феномендерді органикалық және психологиялық деңгейлерге «саю» деп түсіну оңайдың оңайы. Мысалы, фрейдтік қарабайыр орда және Эдиптік кем бақалдық теориясы, Лебонның туа біткен ұлттық мінездер тұжырымдамасы, сондай­ақ Ламарктың жүре біткен сапаларды мұраға алу доктринасымен мәндес аңыз теориясындағы рулық бей саналық — мұның бәрі натуралистік қателердің мысалдары немесе нәтижелері, өйткені көрсетілген сипаттамалар уақытқа және жерге орай өзгеруге бейім тарихи мәдени сапалар терминдерімен жақсы түсіндіріледі. Мәдени сапалардың органикалық натуралистік қатеге ұрынбауға тырысқан, мәдениет автономдығы теориясын жақтайтынына Кербер мен оның замандастары келесі бір орайдан шектен шығуға ұрынды да, мәдениеттің жеке бастамалардан да, адамдардың ұжымдық күш ­ жігерінен де тәуелсіз тарихи шектен тыс психикалық шындық (нақтылық) ретінде жеке дара күн кешуін жақтай отырып культуралистік қате жіберді. Кребердің «Шамадан тыс органикалық» мақаласы американдық антропологиялық әдебиеттің классикасына айналды, ал, оның «шамадан тыс органикалық» термині — (Спенсердікінен айырмасы сол) американдық ғалымдар арасында мойындалды, дегенмен де ағылшын антропологтары, атап айтқанда, Радклиф ­ Браун әлі күнге дейін бұл терминнің спенсерлік тұжырымдамасын ұстанады. Алайда, мынаны да айту керек: Кребердің абыройына орай, жалпы алғанда оның мәдениет концепциясын оның өзі сияқты Боастың оқушысы болған американдық басқа да ғалымдар дұрыс көрді. Кребердің бұл кезеңдегі ерекше жетістіктері қатарына мен, оның ең алғашқы болып мәдени феномендердің спонтанды эволюциясын және мәдени тарихтың философиясын тұжырымдағанын жатқызамын, мұны Боас та, оның оқушыларының көпшілігі де мақұлдамаған еді. Атап айтар нәрсе — Кребердің мақаласы алғаш шыққанда Боастың, Сепир, Голденвейзер, Свентон, тағы да басқалар шамадан тыс органикалық концепциясын ашық сынға алған болатын. Тұтастай алғанда бұл сын әлеуметтік және психикалық, қоғам мен жеке адамның мәдениеті арасында соншалықты бір шыңыраудың жоқтығы және мәдени тарихты зерттеу барысында адамды есепке алмау ішкі қайшылықтарға соқтыратыны туралы болды. Осыған қарамастан, мұндай қатты сын, олардың өзіне мәдениетті sui generis шындықтығы (нақтылығы — реалдылығы), ал, мәдениеттің өмір кешу тәсілін — адамның өз­өзі арқылы ұғынуға болатын жабық жүйе деп қарауларын тоқтатпады. Кребердің өзі «Антропологиясының» қайта қараған басылымында (1948) органикалық пен шамадан тыс органикалықты бұрынғысынша аяусыз қарсы қоюдан бас тарта бастағанына қарамастан, қазіргі заман антропологтарының ішінде мәдени шамадан тыс органикалықтың креберлік тұжырымдамасын ұстанатын «мәдениет танушыларға» Леви ­ Стросты, Уайтты және Гебельді жатқызуға болады. Гебель Кребердің шамадан тыс органикалыққа деген классикалық көзқарасын «психологиядағы бихевиоризмнің мұрасы» деп қате түсіндіреді.

Читайте также:  Шәкәрім Құдайбердіұлы поэмалары

Оставить комментарий