C# ортасында программалау және тілдің алфавиті

Си программалау тілдерінің тобы – көптеген есептерді сипаттауға және есептеу процестері мен мәліметтерді өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын бірталай көрнекті де ыңғайлы программалау тілдері. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары қарай жобалау, құрылымды программалау және модулдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалар құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді. Соған қарамастан Си тілі өте қарапайым тіл: оған жоғарғы деңгейлі программалау тілдеріне қарағанда ассемблерге тән кейбір құралдар кіреді.

C# дүние жүзілік әйгілі екі тілдің мұрагері болып табылады. C# объектілерді қолдану арқылы программалау парадигмасы, объектіге-бағытталған архитектураға негізделген. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді. Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады. Объектіге-бағытталған программалау негізгі 3 қасиетімен: инкапсуляция, мұрагерлік және полиморфизммен сипатталады.

C# (дыбысталуы си-шарп) – объектіге-бағытталған программалау тілі. 1998-2001 жылдары Microsoft компаниясында Андерс Хейлсбергтің басшылығымен бір топ инженерлермен Microsoft.NET Framework платформасына қосымшаларды құрастырушы тіл ретінде жасалған. Объектіге-бағытталған программалау – қазіргі программалау тілдерінің негізгі технологиясы. Бұл технологияда негізгі мүше объект болып табылады және программаның басқа бөлігінен тәуелсіз, кейбір функционалдық есептерін шешу үшін оның бөліктері де жеткілікті. С# тілінде жазылған программа мәтіндік файл болып табылады және тіл операторларынан, түсініктемелерден тұрады.

С# тілі объектіге-бағытталған программалау тілдерінің тобына жатады. Объектіге бағытталған программалау тілдерінің негізгі концепциясы – құрылатын қосымша өзара байланысқан негізгі объектілерден тұрады. Объектілер дегеніміз бірнеше рет қолданылатын программалық модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Күрделі программалар бірнеше біртипті объектілерді қолдануы мүмкін [1].

Әдіс нұсқаулардың жиынтығынан тұратын, кодтар блогынан құралған құрылым болып табылады. C# тілінде барлық нұсқаулар әдістің контекстінде орындалады. Main әдісі C# құрылымына кіретін кіріс нүктесі болып табылады және бағдарламаны орындауға жіберген кезде CLR ортасы арқылы шақырылады. Әдістер класстарда немесе құрылымда рұқсат алудың деңгейінің нұсқауымен жарияланады, мысалы айталық public немесе private, міндетті емес модификаторлар, айталық abstract немесе sealed әдістерінің және осы әдістің параметрінің тізбесінің атының мағынасын қайтарады. Барлық осы элементтер бір әдістің сигнатурасын құрайды. Әдіс сигнатурасының шамадан тыс көзқарасы бойынша қайтарылым түріндегі әдістер сигнатура бөлігі бола алмайды. Ол тек делегаттар мен әдістер арсында үйлесімділік анықталған кезде ғана сигнатура әдісінің бір бөлігіне айналады және сол сигнатураны көрсетіп тұрады. Си тілдерінің жаңалықтар жиынының енгізілуінің арқасында Си# қосымшалардың тез өңдеуінің мүмкіндігін қамтамасыз етуімен қатар, өзіне тән айқындылық пен Си тілдеріне тән әдемілікті сақтайды.

Читайте также:  Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі

Visual Studio.Net ортасы әралуан типті қолданбалар құруға арналған, мысалы, Windows-қолданба, консольды қосымша, кластар кітапханасы, веб-қолданбалар және вебсервис. Жоба құру үшін негізгі мәзірде Microsoft VisualC#2013Express–> Меню–>Файл– >Новый проект –>Тізімнен Console Applicaton (Консольное приложение) таңдап–>жоба атауын беріп және ОК батырмасын басамыз. Нәтижесінде *.cs кеңейтпесімен бір файлды жоба құрылады және мұнда бізі программаны жазамыз. Тілдің алфавиті немесе оның символдары негізгі бөлінбейтін белгілер. Олардың көмегімен тілдегі барлық мәтіндер жазылады. Лексема немесе элементарлы конструкция — өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі. Өрнек-қандайда бір мәнді есептеу ережесін береді. Оператор — қандайда бір әрекеттің аяқталған сипаттамасын береді. Күрделі әрекетті сипаттау үшін операторлардың тізбегі қажет етіледі. Операторлар құрама операторларға немесе болкқа біріктірілуі мүмкін. Бұл жағдайда олар бір оператор ретінде қарастырылады. С # тілінде блок болып фигуралы жақшаның ( { }) ішіне жазылған операторлар тізбегі алынады.

Препроцессор — программалардың алғашқы мәтінімен программа трансляторға түспей тұрып кейбір өзгерістерді жүргізуге арналған программа.

Тілдің алфавиті. С# тілінің алфавитіне кіретін символдар: Латынның үлкен, кіші әріптері және төменгі сызықша; Араб цифрлары; Арнайы символдар: {, +,*,& Бос орындық символдар: бос орын, табуляция келесі жолға өту символдары жатады. Лексема — өзіндік аты бар тілдің минималды бірлігі. Лексемалардың келесі түрлері бар: идентификаторлар, кіліттік сөздер(қызметші сөздер), амалдар белгілері, ажыратқыштар, литералдар.

Идентификатор – программалық объектінің аты. Идентификаторда латын әріптері, цифрлар және төменгі сызықша пайдаланылады. Үлкен және кіші әріптердің айырмашылығы болады. Мысалы esep деген идентификатор алайық, оны esep, ESEP, EsEp деп жазсақ , онда ол әртүрлі идентификатор болып табылады. Идентификатордың алғашқы символы әріп немесе төменгі сызықша болуы керек. Бос орындарды идентификатор алдында қолдануға болмайды. Идентификатор айнымалыны, функцияны, типтерді тағы басқаларды сипаттау кезінде құрылады. Стандарт бойынша идентификатордың ұзындығы шектелмеген, бірақ кейбір компоновшиктер оның шектеуін қажет етеді. Идентификатор қызметші сөздерге сәйкес келмеуі қажет. Сонымен қатар идентификаторды төменгі сызықшадан бастамау ұсынылады [2].

Читайте также:  Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі

Кілттік сөздер – компиляторлар үшін арнайы мағынаға ие идентификаторлар. Мысалы: byte, as, const,using,new және т.с.с. Амалдар белгілері — операндаларға әрекеттер орындауды анықтайтын бір немесе одан көп символдар. М, а+=b өрнегінде +=амал белгісі , ал а, b-операндалар. Операциялар унарлы, бинарлы және тернарлы болып бөлінеді.

Ажыратқыштар ажырату үшін немесе керісінше, элементтерді топтау үшін пайдаланылады. С# пайдаланылатын амалдар белгілері мен ажыратқыштар: 1. {} [] () . , : ; + — * / % & | ^ ! — = < > ? ++ && || << >> == != <= >= += 2. -= *= /= %= &= |= ^= <<= >>= -> Келесі кодтың бірнеше шаблондық жолдары болады. using System; using System.Collections.Generic; using System.Linq; using System.Text; namespace HelloWorld { class Program { static void Main(string[] args) { } } Main функциясының жақшаларының арасына «Hello, World!» сөзін шығаратын бірнеше код жолын қосайық. using System; using System.Collections.Generic; using System.Linq; using System.Text; namespace HelloWorld { class Program { static void Main(string[] args) { Console.WriteLine(«Hello, World!»); Console.ReadKey(); } } } Программаны компиляциялау және жүктеу үшін F5 батырмасын басу керек. Нәтижесінде сәйкес хабарлама шығады. Мысал. Екі айнымалының қосындысын экранға шығару. Нұсқа 1 using System; using System.Collections.Generic; using System.Text; namespace ConsoleApplication1 { class Program { static void Main(string[] args) { int num1; num1 = 4; int num2; num2 = 5; Console.WriteLine(num1 + num2); Console.ReadKey(); } } } Нұсқа 2 using System; using System.Collections.Generic; using System.Text; namespace MyProgram { class Program { static void Main(string[] args) { int num1; Console.WriteLine(«Enter num1»); num1 = Convert.ToInt32(Console.ReadLine()); int num2; Console.WriteLine(«Enter num2»); num2 = Convert.ToInt32(Console.ReadLine()); Console.WriteLine(num1 + num2); Console.ReadKey(); } } }

Қоғамымыздағы ғылым мен техниканың дамуы, жан-жақты дамыған адамзаттың қалыптасуын талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табуда программалау тілдерінің орны ерекше. ЭЕМ-ді адам қызметінің әртүрлі салаларында пайдалану үшін программалау тілдерін меңгеру және сол тілдерде жазылған программаларды қолдана білуі қажет. Қазіргі кезде программалау тілдерінің түрлері өте көп. Си программалау тілдерінің тобы көптеген есептерді сипаттауға және есептеу процестері мен өңдеу жұмысын жасаудың алдыңғы қатарлы механизмін құрайтын көрнекті де ыңғайлы программалау тілдері. Бұл топ тілдерінің құрылымы қолданушыға өзінің жұмысында төменнен жоғары жобалау, құрылымды программалау және модульдарды сатылап жобалау, жылдам орындалатын ықшамды программалау құру жолдарын қолдануға мүмкіндік береді [3].

Читайте также:  Компьютерлік желілер және олардың жіктелуі

Оставить комментарий