Coлтүcтiк шығыс Қазақстанның неолит ескерткіштері

Соңғы он жыл ішінде жас археологтармен бірқатар тамаша жаңалықтар ашылды: Қарқаралы мен Балқаш өңірі даласында А. Г. Медоев, Қарағанды ауданында, Сарысу бассейнінде және Бетпақдалада М. Н. Клапчук, Павлодар Ертіс өңірінде JI. А. Чалая. Жаңа зерттеулер материалдарынан мынаны ұғуға болады, Ертістен Торғай даласына дейінгі кең алқапта қоланың пайда болу қарсаңында аңшылықпен, балық аулау және мал шаруашылығына байланысты микролиттік мәдениет және макролиттік мәдениет дамыған. Кетпен тәрізді мықты еңбек құралының пайда болуы (Сарысу, Бөрі бас, Тұзды ­ сай өзендерінің ауданы) сонау көне дәуірде ­ ақ, құрылыс ісіне және кетпенді егіншіліктің бастамасы салынғанын дәлелдейді. Б.з.д. IV мыңжылдықта неолиттік шаруашылық дәстүрлерінің негізінде Орталық Қазақстандағы ежелгі тайпалардың өмірінде төңкеріс жасаған металдық мәдениеттің нышандары пайда болады. С. С. Черников пен Л. А. Чалаяның зерттеулерінің көрсетуінше, неолит тұрақтарының көп бөлігі Ертіс аңғарында, Усть ­ Нарымнан Черноярск кентіне дейінгі оның жағалауы бойымен, сондай­ақ, Ертіс, Сілеті, Есіл және Нұра өзендерінің арасында орналасқан. Неолит құралдарының алғашқы жинағы 1925 жылы Г. А. Попов пен Қарағандының маңындағы Нияз тауынан басталатын, оған Шідерті өзенінің құятын орнынан алыс емес Жалаулы өзенінің батыс жағалауында жасалды. Қазіргі уақытта осы өзеннің арнасымен қарама­қарсы Ертіс­ Қарағанды каналы өтеді. Жалаулы көлінен тік негізінің ұзындығы — 6,7 см, ені — 1,5 ­ 2,3 см нефриттен жасалған жебе ұшы табьшды6. Сонымен қатар Павлов кентінің маңында, Павлодар қаласынан 90 шақырым 20 солтүстік­батысқа қарай 1937 жылы ұзындығы ­7,1 см, ені ­ 2,5 см пішіні ұзынша келген, ашық ­ қоңыр түсті яшмадан жасалған сапты жебелердің ұштары жиналды. Барлық жиналғандар Семей өлкетану мұражайына тапсырылды. 1954 жылы гидрогеологтар Н.Н. Владимировпен және С.М. Мұхамеджановпен неолит тұрақтарының топтары ашылды. Көбенсай7 сайындағы тік жарда орналасқан тұрақтан 30 шақты кішкентай тілікшелер жиналды. Оның жартысын қыстырмалар, ұшты қырғыштар­16, доғалданған қырғыштар­2, яшмадан және кварцталған құмдақтан жасалған, екі жақты өңделген жебе үштары­6 (оның ішінде екеуі сапты, үшеуінің негізінде ойығы бар), призмалық нуклеус және неолит керамикасының майда сынықтары құрайды. Екінші тұрақ Сілеті теңіз көлінің сол жақ жағалауынан және үшіншісі — Көкшетау облысы, Қызылту ауданы, Жаңасу өзенінің жағасынан табылды. Барлық тұрақтанған яшмадан, кремнийден, кремнийленген мергельден жасалған бір үлгідегі құралдар жиналды. Осы түрлерінің пайда болған жері атап өткен тұрақтардан 60­80 шақырым оңтүстікке қарай орналасқан. Олар дайындаған құралдар мен материалдардың ұқсас түрлері осы үш тұрақтың бір заманда өмір сүруге тиісті деп тұжырымдауға негіз береді және авторлар олардың мерзімін неолиттің соңы және қола дәуірінің ерте кезеңі деп дұрыс белгілейді. Алғашқы қауымның даму үрдісі өте баяу өтті, тіпті феодализм тәрізді салыстырмалы түрде қарасақ неғұрлым дамыған қоғамның біржарым ­ екі мыңжылдықты қамтитын тарихы бар. Ертіс­Қарағанды каналының трассасын геологиялық зерттеудің нәтижесінде табылған материалдар (1963­ 1966 жж.) далалық неолит мәдениетінің кең­байтақ дала кеңістігіне таралуын дәлелдейді. Павлодар, Ақмола, Қарағанды облыстарының даласы бойынша өтетін жолдың бойынан геолог Б.Ж. Әубәкіровпен жер астына көмілген тұрақтар мен шеберханалар табылды. Олардың жарым бөлігі неолитке (V­VI мыңжылдық) тиісті. Тұрақтардың мәдени қабаттарынан Б.Ж. Әубәкіровпен 3000 ­ нан астам құралдар мен жоңқалар жиналды. Олардың барлығы Қ.И. Сәтбаев атындағы АН ҚазССР Геология ғылымдар институтында сақтаулы. Бота құл, Бестөбе, Төрт құдық кен орындарында экспедициялық жұмыстар жүргізу барысында геолог P. A. Борукаевпен Сілеті өзенінен неолит тұрақтарының мардымды бөлігі табылды. Р.А. Борукаевтың ауызша хабарламасы бойынша, неолит дәуірінің аса қызықты ескерткіштер тобы Сілеті өзенінің орта және төменгі ағысында орналасқан. Осы ескерткіштер қатарына неолит тұрақтары Самай ­ Қатын және Күшік жатады. Р.А. Борукаев маған өте нәзік кремнийден жасалған жебе ұштары мен қысқа сапты найзаларды, қырғыштарды және тілікшелерді көрсетті. 1953 жылы В.Д. Солочинскиймен жел эрозиясы себебінен ашылып қалған Есіл өзенінің оң ағысы, Дамсы өзенінің ежелгі жағалауынан тұрақ анықталды. Ол тұстан көтерме материалдар жиналды: нуклеустар, пышақ тәрізді тіліктер, жебе ұштары, қырғыштың ұштары. Осы тектес жинақтар Д.И. Чекменевпен Есіл даласында Шойындыкөл көлінің маңында, М.Ф. Никитинмен Бестөбе кентіндегі Терісаққан өзенінен 50 шақырымдай батысқа қарай жасалды. Жинақтар Целиноград облыстық өлкетану мұражайына түсті. 1961 жылы М.Н. Клапчукпен Батпақ су аңғарында неолит және қола дәуірлерінің тұрақтары анықталды және зерттелді. «Неолит тұрағы № 6» ­ деп көрсетілген жинақтар жасалды, олардың арасында алып ұшты қырғыштар (3), пышақ тәрізді тіліктер (2), әр түрлі сынықтар мен жаңқалар бар. Батпақсу тұрақтар тобымен Қарағанды теміржолы, Шоқай станциясынан 3,5 шақырым оңтүстік ­ батысына қарай Шоқай тұрақтар тобы хронологиялық түрде байланысты. Топ М. Н. Клапчукпен 1961 жылы ашылды. Ол жерде неолит дәуірінің жарқын бейнесі болар 4 тұрақ орналасқан. 35 заттан тұратын кремний бұйымдары жиналған. Олардың арасында 13 пышақ тәрізді тіліктердің қалдықтары бар.

Читайте также:  Күй жанрының дамуы мен ерекшеліктері

Оставить комментарий