Әлде неменің шығу тегі туралы баян ететін кез келген миф космогониялық келтірімдерді қажет етеді және дамытады. Құрылым тұрғысынан қарағанда, шығу тегі хақындағы миф космогониялық мифпен парапар болады. Дүниені жарату дегеннің өзі анықтамасы бойынша жасампаздық (шығармашылық) болып табылады, сондықтан космогониялық миф жасампаздық (шығармашылық) көрінімдердің барша, сан алуан түрі үшін үлгі болар модель болып шығады. Бүл жерде сөз ғаламның, барлық құрамдас бөліктері жүйеленген, үйлескен кескінкелбеті жөнінде болып отырмағандықтан, шығу тегі туралы миф космогониялық модельді толық қайталайды және көшіреді дегенді білдірмейді. Бірақ, әлденеме жаңаның — жануардың, өсімдіктің, қоғамдық басқарудың пайда болуының өзі өмір сүріп жатқан Ғаламның болуын қажет етеді. Нәрселердің сан алуан табиғатынан туындайтын, дүниенің қазіргі қалпының қалай пайда болатындығын (мәселен, аспан жерден қалайша ажырап кетті немесе адам қалайша ажалды болып шықты) түсіндіру қажет болған жағдайда да, біз, құрылымы басқаша болған дүниенің бұрындары өмір сүргенін, оның біздің дүниеміз емес екендігін көреміз. Шығу тегі жөніндегі кез келген миф, оның дүниенің о бастауынан бері өмір сүрмегендігі тұрғысынан қарағанда жаңа деуге боларлық қандай да бір «жаңа ситуациялы» бізге береді және негіздейді. Шығу тегі туралы мифтер космогониялық мифтің жалғасы болып табылады және оны толық және аяқталған етіп шығарады: олар бүл дүниенің қалайша, қандай жолмен өзгергендігін, байытылғанын немесе жұтаңданғаның әңгімелеп береді. Сондықтан шығу тегі туралы кейбір мифтерде сөз ғаламның космогониялық құрылымын суреттеуден басталады. Тибет халықтары мен әулеттерінің тарихы Ғаламның жұмыртқадан (абақтан) қалай туған туралы еске алудан басылады. » Ілкі бастаулық бес стихия материясынан ғаламат (шликое) жұмыртқа пайда болып, осы жұмыртқаның 18 жаңа жұмыртқа шықты. Олардың ортаңғы уысында, бақыршақтың (раковина) ішінде орналасқан біреуі басқаларынан оқшаулана бастайды. Бұл жұмыртқаның қол аяқтары өсіп шығады, сосын, жетісудің (кәмілдіктің) шырқау шыңындай бес сезімі пайда болып, осы жұмыртқа, адамзаттың барша тілегінің тұлғалануы деуге боларлықтай ғажайып көркі бар жігітке айналады. Оны Есман патша деп атайды. Оның жұбайы, патшайым, магиялық сөз көмегімен оз келбетін өзгертуге қабілетті Дуан Идан есімді ұл туады» . Миф одан әрі әр түрлі әулеттердің шығу тегі жөнінде баяндайтын шежіреге (генеалогия) ұласып кетеді.
Рулардың шежіресін әңгімелейтін полинезиялық әндер де осындай үрдіспен басталады. Гавайлықтардың Кумилипо деген атаумен белгілі, патшалық әулетке тиесілі жоралғылық мәтіні осы руды тек бүкіл халықтың, бүкіл полинезиялық тайпалардың табынатын құдайларымен, және Го есіміне ие сансыз атабабалар қатарындағы «жерлік» дүниеде туып өскен тәңірі текті тайпа көсемдерімен ғана емес, аспан шырақтарымен, күнделікті «жерлік» өмірдегі кездесетін өсімдік, жануар атаулымен де бірыңғай сүрлеу арқылы сабақтастырады . Ән келесі сөздермен басталады: «Жер кенеттен өз келбетін өзгерткен кез. Аспан (жерден) ажырап кеткен кез. Айға өз жарығын беру үшін Күн шыққан кез, және т.т». Осы сияқты жоралғылық шежірелік әндер ханшаның екі ат болған кезінде шығарылып, жаттап алу үшін бишілерге үйретіледі. Ерлер мен әйелдер, билеп жүріп, осындай әндерді босанғанға шейін үздіксіз айтумен болады. Рудың болашақ басшысының тумақтық (эмбриональное) дамуы космогониялық жүйенің, ғалам тарихының және тайпа тарихының тууын қатарласа қайталап тұрған сияқты айтылады. Ру басшысына жүкті болған кезде символдық түрде адам қайта жаратылады. Және мұндай қайталау мен қайта жасау, ғалам жаратылғаннан бергі болып өткен негізгі мифтік әңгімелерді бір мезгілде жоралғылық ісәрекетте, ән айту мен билеуде актуализациялауды, еске түсіруді мақсат етіп қояды. Осындай келтірімдер мен жоралғыларды Үндістанның қарабайыр халықтарының дәстүрінен де табуға болады. Мәселен, сантал тайпасында, гуру тайпаның әр бір мүшесін ғұмырында мифтік космогониямен екіақ рет таныстырады: бірінші рет «санталдық өз қоғамының тең хұқылы мүшесіне .іші алғанда, гуру, әңгімені Ғалам жаратылғаннан бергі адамзат тарихынан бастап, нақты жоралғы кім үшін атқарылып отырған болса, сол кісінің туу тарихымен аяқтайды». Дәл осы рәсім жерлеу ғұрпы кезінде қайталанады, тек бұл жолы мұндай әңгіме өлген адамның жанының басқа дүниеге жоралғылық апарылуымен қабаттаса айтылып отырады . Гонг және байат тайпаларында, Джарти Мата мен Тхакур Деоның құрметі арналған ғұрыптарды өткізуі барысында абыз (священнослужитель), тыңдаушыларға космогониялық мифтің мазмұнын баяндай келе, олардың тайпасының дүниені жарату кезінде атқарған рөлінің елеулі болғандығын еске салады . Мунда тайпасының дуашылары (колдуны), зұлым рухтарды қуған кезде құдайлар мен рухтар үшін де, адамдар үшін де жаңа заманның бастауын негіздеген ассюрлердің мифологиялық әндерін айтады. Сондықтан да олардың ерліктерінің тарихын да космогониялық мифтің құрамдас бөлігі ретінде қарастыруға болады . Бхил тайпасына қатысты айтар болсақ, бүл жердегі ситуация сәл өзгеше. Емшілердің магиялық әндерінің тек біреуі ғана сипаты жағынан космогониялық миф болып табылады — бұл Қудай Әні.
Бірақ бүл әндердің басым көпшілігі шындығында шығу тегі туралы миф болып шығады. Мәселен, Казумор Дамор Әні барлық ауру атаулыны емдей алар деп тұспалданған болатын; ол осы тайпаның Гуджараттан шыққан Дамор деген атпен танымал әлдебір руының әлдебір территориядан Орталық Үндістанның оңтүстігіне қарай қоныс аударуы жөнінде, немесе, басқаша айтқанда, жаңа бастамалардың тарихы жөнінде әңгімелейді, мұнысы ғаламды жарату мифіне сәйкес келеді . Басқа магиялық әндер аурулардың шығу тегін ашады . Сөз шытырман оқиғаларға толы мифтер жөнінде болып отыр, олардан біз аурудың пайда болуының жайжапсарын білетін боламыз, ал бүл оқиға расында да ғалам құрылымын өзгертеді. Құлан таза айығудағы мифтердің рөлі. Бхил тайпаларында емдеу ғұрпында бір төтенше қызықты ежете бар. Дуашы сыр қостың төсегінің маңынан орын «тазартып» және, мас ұнын себе отырып мандолдың кескінін салады. Суреттің ішіне Извор мен Вханаванның үйін орналастырып, олардың өз кескіндерін де салады. Бұл кескіндеме сыр қос жазылып кеткенге шейін сақталады. Мандол деген терминнің өзі үнділік текті. Бұл жерде сөз, әрине, тантристік үнді тибет ғұрыптарында маңызды рөл атқаратын күрделі кескіндеме — маң дала жөнінде болып отыр. Бірақ маң дала — ең әуелі imago mundi: бұл бір мезгілде миниатюрадағы Ғаламның да, пантеонның да кескіні. Оның құрышшысы ғаламды магиялық жолмен қайта жасауға сәйкес келеді. Осыған орай, Бхил тайпасының дуашысы (колдун), сыр қос адамның төсегінің қасында мандолдың суретін сала отырып, тіпті сол кезде айтылатын әннің космогониялық мифке тікелей қатысы болмағанның өзінде де, осы арқылы космогонияны қайта өрбітеді (воспроизводит). Сыр қос адам, символдық түрде ғалам жаратудың замандасы болып, ілкі бастаулық гүлденудің қалпына кіреді; оның бойына in illo tempore ғаламның жаратылуын мүмкін еткен ғаламат күштер енеді. Осыған байланысты, Навахо тайпасындағы космогониялық миф пен оған ілесе орындалатын құрсақтан ілкі адамдардың пайда болуы туралы мифтің де міндетті түрде аурудан айығуына немесе бақсылыққа бағышталуға орайластырып айтылатындығын еске салуға болады. «Барлық ғұрыптар атталидің (кім туралы әндетілген болса — сол), пациенттің қаласында өткізіледі. Жай сыр қос та, мәселен, көрген түсінен кейін бойын үрей билеп, психикалық ауруға шалдыққан адам да, немесе ғұрыпты қажетсініп, жетпектен өту барысында онымен жете таныса отырып, көне кейінірек сол ғұрыптық әрекеттерді жүзеге асыру і;өне ән айту мүмкіндігіне ие болғысы келген адам да (өйткені емші, өзі сол ғұрыптан өтпей тұрып, емдеуге кірісе .алмайды) хатталу бола алады» .
Ғұрып құм бетінде, ғаламның жасалуының түрлі құдайлардың, атабабалардың және, тұтас алғанда адамзаттың мифтік тарихын символдаушы күрделі суреттерді салудан (орындаудан) тұрады. Суреттер (таңқаларлығы — олар да үнді тибеттік қандалаға ұқсас) мифтік уақыттардағы болған оқиғаларды ретретімен бірі қайталап і өрбітеді. Космологиялық мифтің оқылуын тыңдай (шыту тегі жөніндегі мифтен кейін жалғасқан) және құмдағы суреттердің көзайымы бола (созерцание) отырып, сыр қос өзін осы шақтағы және «жердік» уақыттан тыс шығарады және ілкі бастаулық молшылықтың уақытына аттанады; өткен шаққа, ғаламның бастамасына түсіп, осылайша, адамның жаратылу сәтіне қатысып отырған сияқты болады. Космогониялық миф пен аурулар мен дәрідәрмектердің майда болуы жөніндегі мифтің және магиялық емдеп жазу ғұрпының арасындағы ұқсастық тибет жанұясына жататын, бірақ бірнеше ғасырдан бері Қытайдың оңтүстік шығысында, ең алдымен Юньнань провинциясында тұрып жатқан накхи тайпасының дәстүрінде де тамаша көрінеді. Олардың аңыздары бойынша, о баста ғаламды бетер текті сүреттер (сверхъестественные существа) нугалар мен адамдар бейбіт түрде бөлісіп алған, бірақ, кейінірек, екі жақ жауласып, құтырынған нашалар Жер бетіне ауру, бедеулік және жұттың кез келген түрін тарата бастапты. Нашалар адамдардың жанын ұрлай отырып, оларды ауруға шалдықтыра алатын болған еді. Егер олардың тиісті ғұрыптың көмегі арқылы көңілін ауламаса, онда ауруға шалдыққан адам өлетін еді. Бірақ бақсы өзінің сиқырлы қарағының (Чары) құдіретінің арқасында нашаларды, олардың ұрлап алып, қамап тастаған жандарды босатуға мәжбүр ету қабілетіне ие болыпты . Бақсының өзі, тек Омба есімді Бірінші Бақсы Гаруаның қолдауымен осындай күреске мифтік уақыттарда бел байлағандықтан ғана, нашаларға қарсы күресе алатын болған. Айықтыру (исцеление) ғұрпының өзі, іс жүзінде ілкі бастаулық уақыттарда болып өткен оқиғаларды салтанатты түрде тізіп шығудан тұрады. Роктың тәржімелеуіндегі мәтінде айтылғандай, «егер гаруалардың шығу тегі туралы айтылмайтын болса, онда олар туралы әңгіме айтудың да керегі жоқ» . Сонымен, бақсы Гаруданың шығу тегі жөніндегі мифтің мазмұнын баян етеді. Қайлас тауының шыңындағы сиқырлы күштің жұмыртқаларды жаратқандығын, осы жұмыртқалардан гарудалардың туғандығын, олардың, адамзат ұрпағын нашалар жіберген аурулардан құтқару үшін төменге, жазыққа түскендігін әңгімелейді. Бірақ, Гаруда руының туу тарихын айтпастан бұрын, жоралғылық ән қысқаша түрде ғаламның жаратылуымен байланысты оқиғалар жөнінде де айтып өтеді. «Сол уақыттарда, аспан пайда болған, күн де, ай да, жұлдыздар да, өсімдіктер де, жердің өзі де өз орындарына ие болған шақта; таулар, аңғарлар, ағаштар мен жартастар пайда болған шақта, Нагалар мен айдаһарлар да пайда болған, т.т.» .
Осындай, ауруды жазып жіберуге арналған жоралғылық әндердің көпшілігі, космогониялық жүйені еске алудан басталады. Мәселен: «Ең әуелде, аспан, күн, ай, жұлдыздар, планеталар мен жер әлі пайда болмаған уақтарда, әлі ештеңе жақ кезде…» . Және, одан әрі қарай ғаламның жаратылғандығы туралы, демондардың туғандығы туралы және аурулардың пайда болғандығы туралы және, ақырында, осы ауруларды жазатын дәрі дәрмектерді алып келген Омба есімді ілкі бақсының туғандығы туралы әңгімеленеді. Басқа бір мәтін де мифтік уақыттарды еске алудан басталады: «О баста, барлығы бірбірінен ажырағысыз, айырғысыз болған, сосын Нага мен Гаруданың дүниеге келуі жөніндегі әңгімелеуге ауысады. Сосын ауру жөнінде (алдыңғы мысалдардан көргеніміздей, дәрі дәрмектің шығу тегі жөнінде мәлімет берілмеген. Ойда оны пайдалануға болмайды» дегенге сай), ұрпақтан ұрпаққа ауысып тарағандығы жөнінде, ақырында, демондар мен бақсы арасындағы күрес әңгімеленеді: «Рух тіске және ауызға, атылған жебе жөніндегі ауруды жібереді, Омба жебені жұлып алады, садақ атып, адамның денесіне ауру жібереді; Омба жұлып алады, т.т.» .