Дәстүр және дәстүршілдік

Біздің заманымыздың ең айшықты сипаттарының бірі көптеген заттардың фальсификациясы болып табылады, бұл өздігінен қазіргі заманғы дүниенің жойылуына әкелмегенмен де, бірақ осы процестің әзірлік кезеңі ретінде өте­мөте қарастырыла алады; бәлкім, бәрінен артық, бұл тіл фальсификациясынан, яғни, бастапқы мағынасы бұрмаланатындай, оның үстіне, кездейсоқ емес, қоғамдық ой жүйесін белгілі бір тұрғыда өзгерту үшін, әбден мақсатты түрде бұрмаланатын, — кейбір сөздерді дұрыс пайдаланбаушылықтан көрінеді. Бұнда ендігі жерде көптеген сөздер бастапқыда иеленген мағынасын табиғи көрінер түрде жоғалтып, тек сыртқы пішінін сақтап қалатын солдары бар азғандық туралы ғана айтып қоюға болмайды; бұл жерде әңгіме ендігі сөздер өздеріне ешқандай қатысы жоқ және тіпті, кейде сөздің қалыпты мағынасына кереғар заттарға қолданылатын «бұрмалау» туралы болып отыр. Бұдан, ең әуелі, қазіргі заманғы дүниеде жер­ жерде үстем сол бір интеллектуалды араласушылықтың (былықтың) айқын белгісін көрген жөн; бірақ, бұл араласушылықтың өзі, бұл дүниенің бүкіл кері кету процесінің тасасындағы кейбір күштерге аса қажет екенін де ұмытуға болмайды; бұндай ой «дәстүр» ұғымын, оны өз тұжырымдамаларында пайдалануға ұмтылатын, адамдардың бір­бірімен мүдде байланыссыз заңсыз­жөнсіз қолдану әрекеттері туындап жататынын байқағанда пайда болатыны заңдылық. Бұндай жағдайларда көп ретте жай ғана түсінбеушіліктен­ақ зардап шегетін кейбір адамдардың оң ниетіне сенбеуге негіз жоқ екені түсінікті; ақиқи дәстүрлі рухқа ие баршасына қатысты замандастарымыздың білімсіз надандығы толып­жетілгені сонша, оған ендігі таңданбаса да болар; бірақ, бұнымен бір мезгілде осы жаңсақтықтар мен теріс түсіндірмелер тым жиі, құдды, әдейі осыншалық «жоспарлы» түрде ұйымдастырылғандай болып табылатыны сонша, осы барлық, бір қарағанда, кездейсоқ ауытқушылықтар қазіргі заманғы дүниеде үстемдік ететін және әлдеқалай, сөздің шынайы мағынасындағы, дәстүрмен байланыстының баршасын талқандауға бағытталған белгілі бір иланымдардың нәтижесінде туындамайды ма екен деген сұрақ еріксіз туады. Тағы бір қайталаймыз, тұтастай қазіргі заманғы дүние менталділігі өзінің ең мәнді мінездемелерінде көптеген жүзжылдықтар бойына толастамай келе жатқан және қазіргі заманғы адам санасының айырым белгілерінің күллі ансамблін алдын­ала айқындайтын тап сол жаппай ұжымдық иланым нәтижесі ретінде қалыптасқан. Бірақ, бұл иланым қандайлық күшті әрі қитұрқы болмасын, азғындау мен хаос күйі айқын болары сонша, адамдар одан әрі оны аңғармай қоймай, сөйтіп, бұл «жаңалыққа» жауап қатуға қабілетті болып, күллі қазіргі заманғы дүние қатерге қалатындай сәт күндердің күнінде туатынын толықтай жоққа шығаруға болмас; шамасы, бұл күнде ахуал сондай сәтке өте жақындап қалды және де, айта кеткен жөн, әлдебір «жасырын» заңдардың әрекетіне орай, бұл материалистік дүниетанымның бүтіндей үстемдігі тән болған қазіргі заманғы дүниенің кері кетушілігінің таза негатив фазасының аяқталуымен сәйкес келеді. Ең әуелі, сөз болып отырған, сол бір күтулі «қарсы әрекетті» бәсеңдетуге бағытталған барлық «дәстүр» идеясын бұрмалау әрекеттерінің түп тамыры дәл осында жатыр; тек бір қарағанда бұл жерде себеп ретінде көрінетін надандықтың өзі сол негативті фазаның заңды салдары болып табылады: дәстүр идеясы ұмыт болғаны соншалық, барша адал ниетімен оны тануға ұмтылушы қай жаққа бағыт ұстарын мүлде білмей, қолына түскен кез­келген жалған идеяны ақиқатқа балауға дайын.

Читайте также:  ӨСІМДІКТЕРДІҢ ФИТОПАТОГЕНДЕРГЕ ҚАРСЫ ҚОРҒАНЫС РЕАКЦИЯЛАРЫ

Ең берісі, ол алданғаны және белгілі бір уақытқа дейін бөлісіп келген сенімдері кезекті қате болып шыққаны туралы өзіне есеп беруге қабілетті; бұл да қандай да бір дәрежеде «қарсы әрекетке» ұқсайды, бірақ, егер іс тек түңілумен шектелсе, онда ол ешқандай шын нәтижеге әкеле алмайды. Бұл қазіргі заманғы өркениет атына ең әділ сынды кезіктіргенде, әсіресе байқалады, бірақ, бұл сынның артынан сауығу үшін соншалық болмашы ем ұсынылады да, осының бәрі нәтижесінде баланың ойыны ғана болып шығады; бұның бәрі, аз­кем болса да, терең танымдар туралы куәландырарлықтай шын мәнісінде ештеңе жоқ, былайша аталатын «академиялық» жобалар. Мұндай жағдайларда қалыпты ахуалды қалпына келтіруге бағытталған ең лайықты һәм мақтаулы күш­әрекет қазіргі заманғы дүние өркениетінде хаос пен араласушылық­былықтың таралуына тек одан сайын септесетін іс­қайраткерлікке оңай айналып кетуі мүмкін. Біз сөз етіп отырған адамдар өте­мөте негізделген түрде «дәстүршілдер» атала алады, себебі, оларға, шынында да, дәстүрлі рет­жосық туралы ешқандай шын болымды білімсіз­ақ, сол дәстүрлі рет­жосыққа ең адал ниетті ұмтылыс тән; дәл осы білімсіздік «дәстүршілдіктің» кез келген түрінен, керісінше, ондай білім тән және ондай білімсіз мүлде мүмкін емес шынайы дәстүр рухын айыруға жағдай мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, «дәстүршіл» өте­ мөте қарапайым зерттеуші бола алады, сондықтан да, оған өте жиі таңдаған жолынан ауытқу қаупі төнеді, өйткені, ол жалғыз­ақ дұрыс бағыт көрсете алар принциптер білімін меңгермеген; әлбетте, егер ол өз жолында мұндай жағдайда, бейне, оның зерттеулерін аяқтауға бөгет жасау үшін әдейі құрылған өзіндік тұзақ ролін атқаратын белгілі бір жалған идеяларды кездестірсе, ол қауіп күшейе түседі. Бұл идеялардың билігі іс жүзінде мүлде алдамшы және дәстүрді қалпына келтірудің кез­келгені мүмкін болмайтын шартымен ғана ұсталып тұра алады, ал, бұл шарт қазіргі заманғы өркениеттің кері кету процесінің біз жоғарыда таза негативті деп атап кеткеннен кейінгі кезекті фазасына өту сәтінде, әсіресе, маңызды бола түседі. «Дәстүр» сөзін пайдалануда кез­келген шектен шығушылық және бірінші кезекте, бұл сөз «салт» немесе «әдет» сөзінің синонимі ретінде қарастырып, сонысымен адам тіршілігінің ең төменгі деңгейіне жататын, сондықтан да, қандай да бір терең мағынадан жұрдай заттармен араласып келетін ең өрескел бұрмалаушылық қазіргі заманғы дүниенің осы жаңа фазаға өтуіне қалай да септесуі кәдік. Бірақ, бұрмалаудың басқа да, неғұрлым қитұрқы, содан да, неғұрлым қауіпті тәсілдері бар; олардың бәрі, қалай да болса, дәстүрді таза адами деңгейге дейін түсіреді, мұның қасында, шынтуайтында, керісінше, дәстүрге бойында адамылықтан жоғары рет­жосық элементтерін тұтатынның ғана қатысы бар.

Читайте также:  Современное состояние аграрного сектора Республики Казахстан

Негізінде дәстүр және онымен байланысты болатын баршасының анықтамасы туындайтын ең маңызды және мәнді белгі­ сипат дәл осында тұнған; әлбетте, қазіргі заманғы дүниені алдамшы ұғым­түсініктің билігі астында ұстап қалу үшін ғана емес, оны инфраадами сала бағытында одан әрі итермелеп жіберу үшін де дәл осы элемент кез келген құнмен қабыл алынбауы тиіс. Қазіргі заманғы дүниеде табиғаттан тыс ғажаптықтың бәрін саналы да, сондай­ақ, бейсаналы да терістеу қаншалықты маңызды роль атқаратынына көз жеткізу үшін өздерін «дін тарихшылары» атайтын адамдар қандайлық табандылықпен дәстүрлік формаларға қатыстының бәрін таза адами факторлармен түсіндіретініне қараса жеткілікті; берілген жағдайда бұл факторлар психологиялық, әлеуметтік я тағы қандай болып табыла ма, мүлде маңызсыз, себебі, мүмкіндігінше көбірек адамдарды жаңылдыруға ғана арналған осы сансыз көп теориялар бәрін тіршіліктің адамдық деңгейіне әкеп тіреуге ұмтылыстан таңбай келеді де, соның нәтижесінде ендігі дәстүр идеясының өзінде оны дәстүрлік сипаттан толық жұрдай заттардан ерекшелендіретін ештеңе қалмайды. Егер де өз бастауын тіршіліктің таза адами деңгейінен алатын заттар дәстүрлі ретінде анықталмаса, бұндай жағдайда бүгінде қарабайырлар сондай жиі айтатын ешқандай «философиялық» не «ғылыми» дәстүр ешқашан пайда болмас еді; әлбетте, мысалы, қазіргі заманғы Батыстағыдай дәстүрлі әлеуметтік ұйым атаулы жоқ жерлерде мүмкін болмайтын «саяси» дәстүр де болмас еді. Сонымен бірге, бұл тек біздің заманда дәстүр идеясын әлдебір бұрмалаушылықтар ретінде жер­жерде пайдаланылатын қолданыстардың кейбіреуі ғана; егер, біз сөз етіп кеткен, «дәстүршілдер» өз күш­жігерлерін осы жалған салалардың біріне бағыттаса, олардың барлық бұл әрекеттері мұндай жағдайда оңай бейтараптандырылып, мүлде залалсыз нәтижелерге әкелетіні түсінікті. Шынтуайтында, тіпті, «дәстүр» ұғымы өз тегінде дәстүрге қаншалық мүмкін, соншалық жаулықтағы заттарға қолданылатыны да болады: жиі «гуманистік» немесе «ұлттық» дәстүрлер туралы айтқанда, «гуманизм» адамилықтан жоғары баршасын терістеу ретінде туындайтынын, ал «ұлттардың» құралуы орта ғасырлардың дәстүрлі әлеуметтік ұйымын жоюға көмектескен құрал болып табылғанын сезіп­білмейді де. Егер күндердің күнінде «протестанттық» дәстүр туралы естісек, тіпті таңқалмауға да болар, осыдан кейін ерекше «қарабайырлар дәстүрі» немесе, мысалы, «революциялық» дәстүрдің пайда болуын күту ғана қалады; ақыр аяғында, материалистер де өздерін, бұндай жағдайда бойына жалпы өткенге тиесілі жататын барша заттарды тұтар дәстүрдің қорғаушысы жариялай алады. Біздің заман адамдарының көпшілігі жеткен ақыл­ой аралас­былығы деңгейінде бір­бірімен ең айқын түрде үйлеспейтін кез келген сөздер тіркесімдері ендігі ешкімді де таңдандырмайды, таңдандырса, бұл осы үйлеспеушілік туралы бір сәтке болса да ойлануға мәжбүр етер еді.

Бұл бізге тағы бір маңызды ескертпе жасауға мүмкіндік береді: адам дүниенің барынша нығаюы фазасы өтіп кеткен осы уақытқа қарай ендігі айқын бола түскен өзін қоршаған хаосты аңғарып, әлдеқалай оған қарсы әрекет көрсеткісі келгенде, бұл қарсылықты тиімсіз етудің ең жақсы тәсілі оны қандай да бір ілгерідегі, сондықтан да, бұл хаос әлі оншалық байқала қоймаған сол бір кері кетушілік процесінің тым арыға кетпеген стадиясына қайта бағдарлау болмай ма? Кез келген «дәстүршілдік» табиғи түрде өзін «анти қазіргі заманғы» қозғалыс деп жариялауы тиіс, бірақ, даусыз, бұдан ол әлі өз тегінде таза қазіргі заманғы, тек бұл жолы өз дамуының неғұрлым ерте сатысында алынған идеяларды әлдебір формада сіңірген болуын қоймайды; біз қазіргі заманғы деп атайтын дүниеде ешқандай, тіпті, кездейсоқ та, ауытқушылықтар мүмкін емес, себебі, оның ең басынан бүгінгі күнге дейін онда болып жатқандардың барлығы айнымас шарасыздықпен бірінен соң бірі келіп отырады. Бұл жерде тағы мынаны қосуға болады: қазіргі заманғы дүниенің кері кетушілігі процесіне кез келген «қарсы әрекетті» бағытынан айыруға мүдделі күштер өз әрекеттерінде әлі, ең болмашы дәрежеде болса да, дәстүрлік формалармен байланысын сақтайтын ұйымдардың ішіне енетін күштермен таңқаларлықтай сәйкеседі; екі жағдайда да өзге жағдайларда бұл күштерге салмақты қарсылық көрсете алар қоғамдық институттарды бейтараптандыру бірдей нәтижесіне қол жеткізіледі. Алайда, бұл жерде тек бейтараптандыру туралы ғана айтуға келмейді, өйткені, бұл институттар ерте ме, кеш не, біреулердің епті амалымен өзара қақтығыстырылып, толассыз күрес қатынастарына түседі, бұл күрес тартысушы екі тарапта шын — ақ ниетпен қарсы шығатын қазіргі заманғы дүниенің біржола күйреуіне алып келеді. Бұл қақтығыстарда қайсыбір тарапты жақтау шарасыз түрде ақымақ болып қалуды білдіреді, себебі, шындығында, өзін қалай атаса да, қазіргі заманғы дүниенің кез келген институтының әрекеттерін біз жоғарыда айтып кеткен антидәстүрлі ықпалдар алдын ала айқындап қойған; бұл жағдайларда осы ықпалдардың көзге көрсетпей бағыттауындағы күреске араласу ақыры күні бұрын анықталып қойған ойын ережесін қабылдаумен тең болар еді. Біз бұдан әлдебір жалпы заңдылық қорытып шығарғымыз келмейді, бірақ, әйтсе де, бұл күрес қоғамның дәстүрлі ұйымының ақиқи принциптеріне, бір қарағанда, дәл осы принциптер осы жерде қарсылық нысаны болып табылса да, еш қатысы жоқ екенін айтуымыз керек; бұрынырақ ешқашан принциптер жайлы осыншалық айтпаушы еді, осы күндері бұл сөзді жиі әрі үнемі дерлік соған татымсыз, тіпті, кейде, керісінше, жалпы принцип атаулының жалпы терістеуі болып табылатынға қолданады. Біз бұл жерде сол бір жалпы тілді бұрмалау тенденциясы аясында сөзді пайдалануда шектен шығудың тағы бір мысалын көрдік, бұның ең айқын мысалы келесі очеркте ерекше тоқталғалы отырған «дәстүр» сөзінің мағынасының толық бұрмалануы болып табылады.

Читайте также:  З.Шашкин романдарындағы әйелдер образы

Оставить комментарий