Біз этимологиялық тұрғыдан «дәстүр» сөзі беріліс идеясынан басқаны білдірмейтінін айтқанбыз, бұндай мағына біз жарымжартылай баяндаған өз тұжырымдамамызға әбден табиғи һәм бүтіндей сәйкес келеді; бұл жерде біз үшін аса маңызды осы мәселеде, тіпті, ең болымсыз түсінбеушілікті болдырмау үшін, тек қана кейбір нақтылаулар жасай кету қажет. Түсінбеушілік мынада болуы мүмкін: егер не болса, соның бәрін, тіпті, өз сипатында мүлде қарабайыр заттарды да беруге болса, онда неге «дәстүр» туралы, ілгерідегі очеркте неше мәрте қайталағанымыздай, бұл сөздің қолданысын «сакральды» деп атау қабылданған шындық саласымен ғана шектемей, табиғаты қандай болса да, әлдеқалай берілетін заттардың баршасына қатысты айтуға болмайды? Ең басынанақ бұл мәселенің аясын біршама тарылта алар маңызды бір ескертпе жасау керек: егер біз адамзат тарихының бастапқы заманаларына зер салсақ, бұл сұрақ ол кезде, тіпті, туындамағанын көреміз, өйткені, «қарабайыр» және «сакральды» арасында еш айырма болмаған. Шынтуайтында, белгілі бір заттар өз шығу тегіне қарайақ жатқызылатын ерекше тіршілік саласы жоқ; іс жүзінде тек қана қарабайырлар көзқарасы бар, оның өзі бастапқы күйінен біртіндеп алшақтауына қарай адамзат тіршілігінің циклдік төмендеуінің ең жалпы заңдылығын білдіретіні кері кету процесінің нәтижесі болып табылады. Осы құлдыраудың басталуына дейін — циклдің алғашқы сатысында адамзат үшін табиғи болған күйде — барлық заттар дәстүрлі сипатқа ие болған, себебі, әрқашан олардың негізгі принциптермен тікелей байланысында қарастырылған, сондықтан да, «қарабайырлық» қайраткерлік, яғни, бұл принциптерден ажыратылған немесе оларды елемейтін қайраткерлік, тіпті, адамзат тіршілігінің «дағдылы» өмір атайтын саласында немесе, дәлірек айтқанда, сол кезде осы таза қазіргі заманғы ұғымға сәйкес болған саласында еш мүмкін болмаған деп айтуға болады. Және, әрине, «қарабайырлық» қайраткерлік дәстүрлі сипаты мейлінше кейінгі кезге дейін сақталған, ал қалыпты өркениеттерде бүгін де кездесетін ғылым, өнер және қолөнер саласында мүмкін болмаған; осының бәрі егер, былайша аталатын, «классикалық» қадім заман кезеңдерін назарға алмаса, «қарабайырлар» тек, біз сөз еткен кері кетушіліктің қазіргі сәттегі шегіне жеткен дәрежесін танытатын қазіргі заманғы өркениетте ғана пайда болады деп әбден анық айтуға болатынына алып келеді. Егер тек қазіргі заманғы ахуалды айтсақ, деген неліктен дәстүр ұғымы енді өз мазмұнына сол, «қарабайырлық», яғни, түпнегіздік принциптермен байланысын жоғалтқан ретінде қарастырылатын және тек сакральды салаға қатысты қолданылатын шындық салаларын тұтпайды сұрақ туады.
Бұл жерде дәстүр идеясы қазіргі заманғы дүниеде ендігі жеткілікті дәрежеде бұрмаланғандығын жай қайталау жеткіліксіз болар еді; кейбір сөздер, ұзақ қолдану нәтижесінде бастапқы мағынасын, әлденесін жоғалтып я, керісінше, қосып, өзгертетіні өте мөте табиғи; бірақ, мұндай өзгерістер үшін кез келген жағдайда біз үшін осы жайтта ерекше маңызға ие болатын белгілі бір себептер болуы тиіс. Бұндай бұрмалаулар латынның «дәстүр» сөзі пайдаланылатын тілдерге ғана таралмайды; осылай, мысалы, көне еврей тілінде — сондайақ, беріліс идеясын білдіретін — «каббала» сөзі дәстүрді дәл біз түсінетін мағынада білдіру үшін сақталады, бірақ, бәрінен жиі, әйтсе де, оның эзотерикалық және инициациялық бөлігіне, яғни, дәстүр мазмұнындағы ең жасырын һәм маңыздысына нұсқау үшін қолданылады; осы жайт біз талдап отырған мәселе қазіргі заманғы тілдердегі сөздер қолданысы туралы кез келген басқа мәселеден әлдеқайда қызығырақ әрі маңыздырақ екендігі туралы анық айтса керек. Барша айтылғаннан тұптура «дәстүр» ұғымы қолданылатынның бәрі, тегінде, әу баста қандай болса, сондай болып қалған деген қорытынды шығады; адамзаттың ілгерідегі күйінен біздің кезімізге дейін берілген нәрсе айтылып тұр. Бұнымен бірге, айта кету қажет, дәстүрдің «сакральды» сипаты қазіргі заманғы дүниеде мұндай беріліске, оны, ең алдымен, түпнегіздік принциптер саласымен, тек содан кейін ғана адам тіршілігінің барша қалған өрістерімен байланыстыра, мүлде басқа мағына дарытады. Егер кеңістіктік салыстыруларға сүйенсек, адамдықтан жоғары саласын және адамдық саланы байланыстыратын «вертикал» беріліс және адамзаттың түрлі бірізді күйлерін өзара біріктіретін «горизонтал» беріліс барлығын, сондай ақ, айтуға болады; егер вертикал беріліс «уақыттан тыс» сипатқа ие болса, горизантал беріліс табиғи түрде хронологиялық бірізді тізбекті діттейді. Бір қосарымыз, вертикал беріліс, жоғарыдан төмен қарай ғана емес, сонымен бірге, керісінше, төменнен жоғары қарай да қарастырылады, сонысымен адамзаттың жоғары ретжосық шындық болымына қатыстылығы идеясын білдіреді, бұл іс жүзінде төтенше маңызды және әрқашан барлық дәстүрлік формаларда баса көрсетіледі, себебі, белгілі бір тұрғыда адамның болмыстың жоғары күйлерімен саналы һәм тиімді байланысы осы дәстүр. Екінші жағынан, оқиғаның хронологиялық бірізділігіне сәйкес циклдік төмендеу барысында қарастырылатын горизонтал беріліс кейбір мағынада «табиғи» уақыт жүрісіне қарсы қозғалыс болып танылады, себебі, тегінде, адамның бастапқы күйіне оралу болып табылады; бұл оралу, сондайақ, болмыстың жоғарғы күйлеріне жетудің қажетті шарты болып шығады. Дәстүрдің түпнегіздік принциптері саласына қажетті тән және,сондайақ, осы саламен байланыстының бәріне, адамдықтан жоғары элементтің қатысуымен белгіленгеннің бәріне таралатын «трансценденттілік» сипатқа циклдік төмендеуде принциптердің өзгерместігі идеясын білдіретін «перманенттілік» сипатты да қосудың да маңызы бар.
Алайда, бұл ескертпе, дәстүр кейбір, белгілі бір жағдайларда әбден ақталатын, уақытша бейімдеулерге мүлде қабілетсіз дегенді білдірмейді; бүтіндей дәстүрге қатысты да мұндай өзгерістер әбден болуы мүмкін, алайда, оның мәні, оның неғұрлым маңызды қағидалары әрқашан өзгеріссіз қалады; сондықтан, егер сөз әлдебір дәстүрлік форманың қандай да бір кездейсоқ өзгерістері туралы болса, бұл барлық «кездейсоқ» өзгерістер дәл дәстүрдің іргелі принциптері саласының оның берілген жағдайда өзгерістерге жататын саласымен байланысына орай жасалғанын есте тұту қажет. «Қарабайырдың» — бұл байланыстың жоқтығы арқасында пайда болатын да — көзқарасы тұрғысынан барлық заттар тұрақсыздық пен ұдайы өзгермелік күйінде болады және одан шығуға қабілетсіз; мұндай көзқарас «қалыптасудың» аздыкөп көшірмесі болып табылады, сондықтан да, қарабайыр пайдаланатын ұғымдар мен тұжырымдамалар осындайлық ұдайы өзгермелік пен тұрақсыздықпен ерекшеленетінін аңғару қиын емес. Бұның біздің, дәстүр өз бойында тек берілуі қажеттіні ғана емес, сонымен бірге, беріле алатынды да тұтады, себебі, барша қалғандары дәстүрлік сипаттан айырылып, өзгерістерге ұшырағаны сонша, кез келген беріліс жай ғана кезекті «соқыр наным» не «ескіліктің қалдығы» болып шығады және бойында құнды ештеңе тұтпайтындығы туралы ақырғы қорытындымызға тура қатысы бар. Барлық айтқандарымыз неліктен дәстүр мен беріліс филологиялық шарттылық атаулысыз синонимдер немесе мазмұны бойынша эквивалент дерлік ұғымдар ретінде қарастырыла алатынын түсінуге әбден жеткілікті, себебі, дәстүр белгілі бір тұрғыда дәл сол беріліс болып табылатынды танытады. Екінші жағынан, беріліс идеясының дәстүр көзқарасы тұрғысынан маңыздылығы соншалық, тіпті, оған атау берудің өзі де дәстүрдің ең маңызды саласы болып табылатын эзотерикалық және инициациялық салаға жататынның бәрін тұрақты беріліп отыруы қажеттігін растай түседі; тіпті, қарапайым қисыннанақ бұл мәселе бізге айқын көрінетіні сонша, бұл реттегі тағы бір шытырманға кезіккеннің өзінде де бұған таңдануды қоймайсың.