Дәстүрлердің араласуы

Біз алдыңғы очеркте қауіпті, бірақ, кей жағдайларда шүбәсіз болатын әр алуан дәстүрлі формаларға жататын жоралғылық элементтердің араласулары туралы айтқанбыз; арнайы қарастыруға бұл мәселе бізге жеткілікті қызықты көрінеді, себебі, ол әр текті (соның ішінде инициациялық та) жоралғыларға ғана емес, тұтастай дәстүрлерге де қатысты. Бұл араласу «синкретизм» деп атау қабылданған нәрсемен байланысты болғандықтан, бізге, ең әуелі, дәстүрлі доктриналармен қалайда жанасатын замандастарымыздың ішінде өте көпшілігі, өздерінің бар білімпаздығына қарамастан, олардың шынайы мәнін ұғынуға мүлде қабілетсіз екендігін және, сол себепті, бұл доктриналарды тек тарихи көзқарас тұрғысынан ғана қарастырып, әдеттегідей, «синтез» және «синкретизм» ұғымдарын араластыратындығын ескере, осы термин турасындағы өз түсінігімізді нақтылап алу қажет. Бұл ескерту, ең алдымен, эзотериялық та, сондай­ақ, экзотериялық та доктриналарды араларында кейде, тіптен, ешқандай айырма жүргізбей, — «қарабайыр» зерттеулерге қатысты; осылайша, мысалы, «дінтануда», айталық, қадім заманғы инициациялық мистериялар сияқты мүлде дінге ешқандай қатысы жоқ көптеген нәрселер оқып­зерттеледі. Мұндай «ғылым» шындығында «қарабайырларға арналған ғылым» (сөздің нашар мағынасында) болып табылады және бұл факт, дін аясынан тыс тұрған, олай болса, ол (сол дін) туралы ең ұшқары ұғымға ие, адам ғана оны «ғылыми көзқарас» тұрғысынан зерттеуге қабілетті деген осы ғылым үшін бастама­негіз болған пікір­пайымды бағалауға өресі жететін баршасына айдан анық болмақ. Іс жүзінде бұл жерде тануда жаңсақ пікір тұжырмаушылыққа ұмтылыс тасасында дәстүрмен байланыстының барлығына деген жаулық жасырынған: бұндай «тарихи» тәсілдің негізін салушылар, сондай­ақ, олардың ізбасарлары дәстүрді таза адами тіршілік деңгейіне жататын психологиялық, әлеуметтік және тағы басқа элементтердің жиынтығы ретінде қарастырып, сонысымен еріксіз, ал, кейде әбден саналы түрде кез келген дәстүрлік формаларды жоюға ұмтылады. «Синкретизмнің» мәні, сөздің дәл мағынасында, алуан табиғатты, яғни, бір­бірімен біртұтас түпнегізді принцип негізінде байланыспаған, таза «сыртқы» тәсілмен бірге жинақталған элементтердің қосылысында. Мұндай қойыртпақ, бір үйме тастың тұрақ­үй болмайтыны сияқты, ешқандай доктрина болып таныла алмайды; алайда, осы әр тектес элементтердің қойыртпағы заттарға сын көзбен қарауға қабілетсіздігінен оларға үстіртін қарап дағдыланғандарды адастыруы мүмкін. Бұл азды­көпті хаосты қойыртпаққа, оны «доктрина» ретінде көрсету үшін, ең болмаса, көрер көзге тұтастықсымақ сипат беруге ұмтылатындықтан, бұл элементтердің бәрін, өз мазмұнында дәстүрлік ештеңесі жоқ болып қана қоймай, тіпті, керісінше, бастауын, сипатына қарай, таза қазіргі заманғы және қарабайыр тұжырымдамалардан алатын бірнеше негізгі идеялар төңірегінде топтастырады; бұған қосарымыз, дәл эволюция идеясы, үнемі дерлік, мұндай жағдайларда үстем роль атқарады. Сірә, іс жүзінде өзінде нашар ұғылатын және дұрыс пайдаланылмайтын терминологиядан басқа, шығыстық ешнәрсесі жоқ теософияның «шығыс дәстүрі» дәл «синкретикалық» әдіспен жасалады; өз кезегінде, көптеген, әсіресе, Каббаладан ауысып алынған, элементтерін олардың шығу тегі бойынша да, оларға қолданылатын интерпретациялық тәсілі бойынша да батыстық деп атау қиын, былайша аталатын, «батыстық дәстүрді» түзетін, француз оккультизм мектебі үшін де осыны айту әділ.

Әлбетте, «шығыстық» немесе «батыстық» дәстүр деп атауға болатындай сондай ештеңе ешқашан болмаған да; бұндай атау, қандай да бір белгілі дәстүрге қолдану үшін, тіптен, дәл атау болмас еді, өйткені, Шығыста да, Батыста да қашанда ең алуан дәстүрлік формалар болған, ал, егер, мұнда әу бастағы дәстүр жөнінде айтылып тұрса, онда ол, сөз жоқ, батыстық та, шығыстық та болып табылмайды. Сонымен қатар, түгелдей дерлік шеттен алынған мағлұматқа құрылған философиялық теориялар да бар және біз бұл жерде «эклектика» атауымен көбірек таныс «синкретизмнің» бір түрімен қайта кездесеміз; бірақ, берілген жағдай бізге оншалық қауіпті көрінбейді, өйткені, бұл жерде сөз тек философия туралы ғана, яғни, қалай болғанда да, өздерін іс жүзіндегіден гөрі зорайтып көрсетуге тырысатын қарабайырлар дүниетанымы жайында болып отыр. Бірақ, кез келген жағдайда, синкретизм еш шүбәсіз, өзінің бөле­жара «сыртқы» сипаты себебінен­ақ, қарабайырлық тұжырымдаманы танытады; оның синтезбен ортақ ештеңесі болмауымен қоймай, тіпті, оған толық қарама­қарсылықты болып табылады. Синтез дәйім кейбір принциптерге — басқаша айтқанда, тіршіліктің ішкі бірлігі болып танылатынға және шеңбер орталығымен символданатынға — негізделсе, синкретизм мұндай жағдайда қашанда оның (шеңбердің) тысқары аймағымен, өз тіршілігінің шынайы бастау көзінен қол үзген, тұйықталған «атомдар» болып табылатын бытыраңқы әрі жекеленген элементтерден құрылған таза көптік саласымен айналысады. Сол себепті, синкретизм, бәзбіреулер қаласа да, қаламаса да, қашанда аналитикалық сипатқа ие; сол себепті, синтез туралы синкретикалық әдістің жақтаушыларынан жиі ешкім айтпайды, олар өздерінің алуан текті теорияларының ақиқи дереккөзін мойындауымен өздерінің қандай да бір шынайы дәстүрдің өкілдері болып табылмайтындығын да, демек, олардың айналысып жүргендерінің кітаптардан алынған бір­ біріне қайшылықты мол фактіні біртұтас етіп зорға байланыстыратын қарабайырлардың «зерттеу» жұмысынан еш айырмасы жоқтығын мойындауға тиісті екенін өте жақсы сезінеді. Бұл ретте, алғашқылары өз синкретизмдерін үнемі синтез етіп көрсетуге ұмтылса, соңғылары мүлде қарама­қарсы әрекет қылады: ақиқи синтезбен ұшырасқанда, олар оны синкретизм ретінде көрсетіп бағады. Бұның неліктен болатынын түсіндіру оңай: қарабайырдың көзқарасымен шектеліп, олар сонысымен мейлінше жоғары рет­жосықты заттар туралы ұғымнан бас тартады және, кейбір заттар, қайткенде, олардың түсінігінен сырттап қалатынын мойындар болмағандықтан, тым күрделі заттарды тым қарапайым, бірақ, есесіне, жақсы таныс заттарға балап, төмендетуге тырысады. Кез келген доктрина бір немесе бірнеше адамның ой әрекетінің нәтижесі болып табылады деп санап әрі, қарабайырларға арналған кез келген ғылымның негізгі аксиомасына сәйкес, адамилықтан жоғары ой жүйесін таңады; олар зерттейтін дәстүрлі доктринаның ақиқаттығы жайлы мәселе олар үшін жоққа тән екенін, тіпті, айтпаса да болады, өйткені, бұндай мәселені олар «тарихқа қарсы» деп атайды. Өздері бар білімдарлығын бағыттап, ұғынып­жетпек болатын қарапайым «фактілер ақиқатынан» басым түсетін әлдене бары туралы олардың бұрын­соңды сезіп­білуі екіталай; біз болсақ, өз тарапымыздан, бұндай «зерттеу» жұмысы қандай мүддені танытатынын түсінуге мүлде қауқарсызбыз. Бұндай синтезді синкретизммен алмастыратын жалған тұжырымдаманың салдары, былайша аталатын, «шеттен алып пайдалану» теориясы болып табылатынын ескерте кету қажет, оған сәйкес, әр алуан екі дәстүрлік формада үйлес элементтердің болуы ғана бұл формалардың бірі екіншісінен туындайды деп болжауға әбден жетіп жатыр.

Читайте также:  Батыс өркениетінің алар орны

Бұл жерде сөз мүлде не барлық дәстүрлік формалардың біртұтас трансценденттік бастау көзі туралы, не олардың тұрақты беріліммен шынайы байланысы және бұндай жағдайларда қажет бейімдеу тәсілдері туралы еместігі түсінікті; осының барлығы зерттеу әдісінің шектелгендігі салдарынан қарабайыр­тарихшы назарынан мүлде тыс қалады. Бұл жерде сөз әр қилы жайттарға орай — тап осы бір дәстүр элементтерін екіншісінің тұтынуына мүлде негізсіз тарту діттелетін — дәстүрлік формалардың тікелей әрекеттестігі жағдайында құрылатын қарапайым көшірме (не, тіпті, плагиат) іспетті ұғылатын тұрпайы әрі оңайлатылған шеттен алынған мағлұматтар турасында болып отыр; дәл осы жағдайда, біз бұрын айтқандай, бұл элементтердің синтетикалық бірлігі синкретикалыққа айналады. Осылай, мысалы, эзотериялық және инициациялық салалар арасында белгілі бір сәйкестік жүргізуге ұмтылушылық нәтижесінде, оған сәйкес исламдық тасавуф Үндістаннан алып пайдаланылған дейтін, теория пайда болды; берілген теория тек әдістердің кейбір үйлестігіне негізделген, оларды қолдайтын шығыстанушылар бұл әдістердің сырттай ұқсас әрекеті олардың табиғатына орай­ақ айырмашылықты екенін, бұл мәселеге алдын ала жаңсақ пікірсіз келсе, түсіну оншалық қиын болмасын ойға да алмаған. Бұған қоса, берілген, зерттеулерде қалайша ақиқат, араларында өзара әрекеттестік атаулы, демек, бір­бірінен алып пайдаланушылық та мүлде болмайтын алуан дәстүрлік формаларда барабар не, берісі, салғастырмалы түсініктемеге ие бола алатыны жайлы мәселе мүлде талқыланбайды; бұл мәселе бұнда туындамайды да, өйткені, қарабайыр­зерттеушілер үшін ондай мәселе мүлде жоқтың қасы. Бұл ескерту әбден әділ, әйтсе де, осы зерттеушілердің, «шеттен алу» теориясынан ерекшеленсе де, сипаты бойынша соншалық қарабайыр болып қалатын, басқа сүйікті теориясы туралы еске салмай, жеткіліксіз болып табылады. Сөз «адам ақыл­ойының бірлігі» теориясы жайында болып отыр, онда бұл бірлік бөле­жара психологиялық мағынада түсіндірілген және, демек, іс жүзінде бұндай бірлік жоқ психикалық салаға жатқызылған. Қазіргі заманғы адамдар бұл алдамшы бірлік жөнінде алуан түрлі нәрселерді, оның ішінде, мысалы, бір ғана символдар бір ғана мезгілде әр түрлі дәстүрлік формаларда кездесетіндігі жайты сияқты, тіршіліктің «психологиялық» деңгейіне мүлде жатпайтын нәрселерді түсіндіру үшін өте жиі еске алады; әйткенмен, берілген теория жақтаушылары кез келген доктрина, өзге ештеңе емес, «адам рухының» туындысы болып табылады дегенге табандап тұрып алады. Өз заманында Дж. Локк та баяғыда римдіктер мен гректердің не ойлағандығын білу үшін біздің кезімізде француздар мен ағылшындар не ойлайтынын андаса болғаны, себебі, «адам қашан да және қай жерде де бірдей» деп мәлімдеуді қисынды санады; осы пікірден жаңсақ ештеңе жоқ, алайда, бұл ретте жалпы адамға қатысты дейтіндерінің барлығы шындағанда тек қазіргі заманғы еуропалықтарға ғана тән болса да, осы пікірге психологтар жиі табандап тұрып алады. Бұл «адам ақыл­ойының бірлігі» туралы гипотеза бүгінде, Локк заманындағыдан гөрі, қателігі аздау болып табылатынын, әйтсе де, мойындау қажет, өйткені, адамдар арасындағы өзгешелік, шынында да, кеміп келеді; алайда, бұның шегіне жету ешқашан мүмкін емес, әзір бұл дүние барда адамдар арасындағы өзгешелік жойылмайды да. Синкретикалық теориялардың мәліметтері дәстүрлік мәтіндерге қолданылғанда, әр тектес гипотезалық «алғашқы дерек көздерді» іздеуге негіз өзінен­өзі туындап, олардан, «шеттен алу» теориясына сәйкес, барлық шын мәнінде тіршілік ететін дәстүрлі доктриналардың шығарылуы тиіс екендігін қосқан жөн; бұндай іспетті ізденістердің бүлдіргіштік сипаты айқын болуы тиіс, олардың бірден­бір мақсаты кез келген «адамилықтан жоғары» аянды терістеу болып табылады.

Бұл, біз әлдеқашан ескерткен, кез келген дәстүрлік формаға қатысты жаулыққа толығымен сәйкес келеді, сөйтіп, енді кез келген «адами» түсініктеменің ақиқи дәстүр рухымен сәйкессіздігі туралы тұжырым жасауға да болады, өйткені, оның «адамилықтан жоғары» элементін назарға алмау оның мәнінің өзін терістеуді білдіреді. Ал, синкретизмнің дәстүр мен сәйкессіздігі, ең алдымен, кез келген дәстүрлі доктринаның мәні метафизикалық принциптер білімі болып табылатындығынан көрінеді; оның барлық қалған тараулары азды­көп дәрежеде туынды болып шығады және бұл принциптердің әр қилы шындық салаларында қолданылуы ретінде қызмет етеді, міне, бұл дәстүрдің кез келген синкретикалық шеттен алушылық мүмкіндігін жоққа шығаратын синтетикалық сипаты туралы тұжырым жасауға жол ашады. Дәл осы талдаулар тағы бір тұжырым жасауға жағдай жасайды: синкретизм дәстүрлі доктриналармен ғана сәйкессіз емес, ол, біз сөз еткен теориялардың көмегіне еш жүгінбей­ақ, бұл доктриналарды жақсы талдап­білетін және қарабайырлар ой­машығының бар шектеулілігін жақсы ұғынатын адамдарға да мүлде жат. Дәстүрмен қалай да байланыстының барлығының «сыртқы» емес, «ішкі» дереккөзі бар; сондықтан да, кімде­кім барлық дәстүрлік формалардың трансценденттік бірлігі жайлы ұғымға ие болса, мазмұндау мақсатымен немесе, егер қажеттілігі болса, қандай да бір доктринаны түсіндіру мақсатымен өзге дәстүрлерге тиісті амал­тәсілдерді пайдалана алады; бұндай пайдаланудың қарабайыр­зерттеушілердің синкретизмімен ортақ ештеңесі жоқ. Бір жағдайда түпнегізді бірлік, мейлі, тіпті, әр түрлі дәстүрлік формаларға жататын, барлық мазмұндау элементтері үшін бастапқы принцип ролін атқарады; басқа бір жағдайда бұл бірлік болмайды немесе, дәлірек айтқанда, қарабайыр­ зерттеушінің назарынан таса, ол сол себепті де, сейілтуге тек инициациялық Fiat Lux қана шамасы келер қараңғылықта құр бекер адасуға мәжбүр. Үнді дәстүрінде адам бір­біріне қарама­қайшы екі («ішкі» және «сыртқы») тәсілмен касталардан тыс қалуы мүмкін: ол не касталардан жоғары (ативарна), не олардан төмен (аварна) болады әрі алғашқы жайт қазіргі жағдайда, соңғысына қарағанда, негізінен сирек кездеседі, әйтсе де, алғашқы дәуір адамы үшін дәл бірінші жай­күй әбден қалыпты болған еді. Дәл солайша дәстүрлік формалардың ол жағында да, бұл жағында да болуға болады: адам не мүлде дінсіз жүре алады, ал, бұл қазіргі заманғы батыс дүниесінде бәрінен жиі кездеседі де, не, бұл, керісінше, мүлде дара жағдай болып табылады, ол барлық дәстүрлердің трансценденттік бірлігі турасындағы шын мәніндегі білім ала алады. Берілген жағдайда шын білім туралы айтқанда, біз ең әуелі, осы бірлік туралы теориялық ұғымдардың, тіпті, олар негізінен дұрыс болып табылса да, өзіңді адам тіршілігінің қандай да бір дәстүрлік формаға қосылып, қатаң түрде сонымен жүру аса қажетті жай­күйін жеңдім деп есептеуге мүлде жеткіліксіз болатын жайтты назарда ұстаймыз. Бұл, сөзсіз, адамның басқа да дәстүрлерді терең тануға ұмтылуға қақысы жоқ дегенді білдірмесе керек, ол тек белгілі бір уақытқа дейін тәжірибеде өзге дәстүрлік формаларға жататын жоралғылық амал­тәсілдерді қолданбауы тиіс, өйткені, бұл пайдасыз ғана емес, бірқатар себептерге орай қауіпті де. Бұл жағдай, өз бастауын белгілі бір дәстүр аясынан алатын, әр қилы инициациялық ұйымдардың «юрисдикциясы» туралы мәселені жақсырақ талдауға мүмкіндік береді: инициация, сөздің қатаң мағынасында, бұндай ұйыммен бастапқы байланыстың орнауын танытатындықтан, оны алған адам, шынында, әлі ең «басында» болады, демек, әлдебір дәстүрлік формалардан жоғары болудан әзірге алыс.

Читайте также:  Бестем ойыны туралы мәлімет

Әр алуан дәстүрлерді бұндай жағдайда бір­біріне ұқсамағанмен, әйтсе де, бір ғана мақсатқа апаратын бірнеше жолмен салыстырса болады: бұл мақсатқа бірден бірнеше жолмен қатар жылжуға болмайтындығы айқын, содан да, жолдың ең басында солардың бірін тандап алып, ақырына дейін, ешқайда бұрылмастан, жүре беру қажет, өйткені, бір жолдан екіншісіне ауысу мақсатқа жедел жетуге септігін тигізбей ғана емес, таңдап алған жолдан адастыруы да мүмкін. Бірақ, кімде­кім бір жолмен жүріп, аяғына дейін жетсе, барлық жолдардың тоғысу нүктесінде болады; ондай адам енді, егер бұл оған қажет болса, кез келген дәстүрлік формалар элементтерін пайдалана алады, себебі, ол олардың бәрін жүріп өтті және енді олар ол үшін, тегінде, бірдей, өйткені, олардың барлығы ол ендігі жетіп тұрған нүктеге әкеледі. Ол енді, оның жай­күйіне әлі жете қоймағандарға үлгі болу үшін де, қандай да бір дәстүрді ұстануына болады; бірақ, егер қажет болса, ол тең дәрежеде басқа да формаларды пайдалана алады, өйткені, олардың арасында ол үшін енді айырмашылық жоқ. Дәстүрлі формалардың бұлай бірігуі олардың, кез келген басқа жағдайда шарасыз болатын, араласуына әкеп соқпайды; бірақ, берілген жағдайда, қайталайық, әңгіме осы айырмашылықтардың барлығын шын­ақ өткерген адам туралы болып отыр: ол үшін дәстүрлік формалардың барлығы ендігі жерде жолдың аяғына қарай жүру құралдары болып табылмайды, бірақ, біртұтас Ақиқатты жеткізудің алуан тәсілдерін танытып, содан да, біздің әр түрлі адамдарға түсінікті болуы үшін әр алуан тілдерді пайдаланатынымыз тәрізді, оларды жағдайларға байланысты пайдалану қажет; дәл осы айтқан инициация тілінде «тілдер қасиеті» деп аталады да. Бұл жерде алдымыздан дәл сол синтез бен синкретизм арасындағы айырма шығады, сондықтан да, соңғысын тыңғылықты қарастыру біз үшін осыншалық маңызды болды. Шынтуайтында барлық дәстүрлік формаларды олардың бірлігінде қарастыратындар сонысымен заттарға деген, сөздің нақты мағынасында, синтетикалық көзқарасқа ие болады; ол өзін барлық заттардың түйіні, әлемнің орталығына қоюға мүмкіндік алады. Өз салыстыруымызға тағы бір оралайық: орталыққа қарай жолдың бәрінің түрлі бастапқы пункттері бар, алайда, біртіндеп жақындаса келе, олар әр түрлі жол болып қалғанымен, әйтсе де, бірігіп­тоғысатын бірден­бір нүктеге әкеледі. Егер қандай да бір себептермен белгілі бір дәстүр толымсыз болып шықса, онда, осы салыстыруды пайдаланып­ақ, бұл жол орталыққа апармайтын, бірақ, эзотериялық саладан экзотериялық салаға ауысуды жеткілікті анық нұсқайтын әлдебір нүктеде үзілетінін айтуға болады. Орталықта тұрып, бұл жолдардың барлығын, орталықты шексіз көп шеңбер нүктелерімен байланыстыратын, таралып жатқан сәулелер ретінде қарастыруға болады; осы көзқарас тұрғысынан бұл жолдардың ешбірін ендігі аяғына дейін жүріп өтуге болмайтыны түсінікті. Бұл бір­біріне қарама­қарсы екі көзқарас, орталыққа барар жолдағының және оған ендігі жетіп қойғанның күйіне сәйкес келеді; дәстүрде бұл жай­күйлер символды түрде «көшпенді» жай­күйі және «отырықшы» жай­күйі ретінде сипатталады. Дәл осы жай­күйлерді өзгеше де суреттеуге болады: таудың басында тұрған, демек, оның баурайында болып жатқанның бәрін көре алатын адамның жай­ күйі оған қарама­қарсы жағдайда, әлі тауға көтеріліп бара жатқан және тек қана өзі қозғалып келе жатқан баурайды ғана көре алатын адамның жай­күйіне қарама­қарсы; даусыз, тек біріншісінің көзқарасы синтетикалық атала алады.

Читайте также:  Көшпелі қауымдар ішінде халық жиналыстары мен би соттары

Орталыққа әлі жетпеген жан оған (орталыққа) қатысты алғанда, тіпті, ол өзін байланыстырып­балаған дәстүрлік форма көзқарасы тұрғысынан да, шет, тысқары болады; сондықтан, егер ондай адам өзге дәстүрге тиісті жоралғыларды орындап, сонысымен өзінің ары қарайғы қозғалыстарына «тірек» тауып алғысы келсе, ол онда оларды тек «сырттай» тұрғыда пайдалана алады және бұл, анығын айтқанда, мәні сол бір түрлі дәстүрлік формалардан алынған алуан тектес элементтердің араласуында жататын, синкретизм болып табылады да. Біз синкретизмнің атына айтып кеткен жалпы ескертулердің барлығы өз күшін бұнда да сақтайды; алайда, іс жайы, әзірше теориядағы синкретизм туралы сөз болғанда ол салыстырмалы түрде қауіпсіз болып қала отырып, ал, адам жоғары рет­жосық шындықтарымен тікелей жанасатын тәжірибеде синкретизм, оны тоқтауға немесе алдын ала таңдап алынған жолдан таюға әкелуі мүмкін, осы жолмен жылдамырақ алға басу үшін де ол өзге дәстүрлік форма жоралғыларына ден қойған да. Бұл жағдайды тезірек жазылу ниетімен дәрі біткеннің бәрін қатарынан қабылдай беретін, бұнысы ең тәуір дегенде, олардың өзара әсерін бейтараптандыратын, ал, сорлағанда, мүлде күтпеген және организм үшін қауіпсіз емес салдарларға әкеп соғатын науқастың жай­күйімен салыстыруға болады; бұндай нәрселер тек қана бір­бірінен жеке­бөлек тиімді әсер етеді, себебі, олар толықтай сыйымсыз болып табылады. Біздің айтқандарымыздың барлығы тағы бір тұжырымды нақтылауға көмегі тиеді: дәстүрлік формалардың араласуының аса қолайсыздығы дәстүрлі доктринаның мазмұнымен байланысты себептерден ғана емес; бәрінен де гөрі, тіпті, «техникалық» деп атауға болар тағы бірқатар себептер бар. Шынтуайтында, егер әлдекім белгілі бір мақсатқа жету үшін әбден саналы түрде түрлі дәстүрлерге тиісті жоралғыларға қатысуға ұмтылса, сонысымен, сәйкес рухани ықпалдар ғана емес, сонымен қатар, бір­бірімен үйлесімді қабыспаған, өзара қақтығысып, хаос пен теңсіздік тудырып, бұл ықпалдарды соншалық абайсыз шақырып алғанға ауыр келеңсіздіктер қаупін төндіруге қабілетті дене ықпалдары да қозғалысқа келтірілуі мүмкін әрі бұның ықтималдық дәрежесі зор; бұндай қауіпке өзіңді жете ұғынбаушылықпен ұрындыруға болмайтыны түсінікті. Дене ықпалдарының бұндай қақтығысы, қандай да бір дәстүрдің сыртқы, немесе экзотериялық, жағына жататын жоралғыларды пайдалану нәтижесінде де болуы мүмкін, өйткені, дәл осы жағынан олар бір­ бірінен мейлінше күшті өзгешеленеді, өйткені, салыстыруымызға оралар болсақ, түрлі жолдарда орналасқан нүктелердің ара қашықтығы, бұл нүктелер орталықтан неғұрлым қашықтаған сайын, соғұрлым үлкен болады. Сондай­ақ қосып айтарымыз, әр түрлі дәстүрлік формалар арасындағы осы іспетті қайшылық олар, таңқаларлығы сол, бір­біріне қаншалық көбірек ұқсас болса, соншалық күштірек болады; заттар бір­бірінен көп өзгешеленген сайын, дәл осы өзгешеліктеріне орай, олардың жанжалға түсуі қиындау болады, бұл салада да, өзге сала атаулыдағыдай, қайшылықтар, бәрінен де, бір­бірі тәріздес һәм үйлес заттар арасында туындайды. Біз бұл мәселеге бұдан артық тоқталмаймыз, жасалған ескертулер өзінің рухани дамуында бұл тәріздес сыйымсыз амал­тәсілдерді пайдаланғысы келетіндер үшін әбден жеткілікті деп сенеміз; мынаны есте ұстаған жөн, тек pyx саласында тана ықпалдар атаулыдан қорғаныс табуға болады, өйткені, осы салада ғана заттар арасындағы барлық қайшылықтар өз мағынасын жоғалтпақ; дене ықпалдары саласы әлі де артта қалмаған болса, ең сорақы нәрселер, тіптен, оларға мүлде сенбейтіндермен де болуы кәдік.

Оставить комментарий